Орындаған: Сакиева Ахлима Топ: Арнайы педагогика 2курс Қабылдаған



Дата24.09.2022
өлшемі16,17 Kb.
#40060

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

4 ОМӨЖ


Тақырыбы: Медициналық-психологиялық-педагогикалық комиссия: зерттеу әдістері
Орындаған: Сакиева Ахлима
Топ: Арнайы педагогика 2курс
Қабылдаған: Туретаева Г.И.


Ақтөбе 2022
1.МППК-ның мақсаты мен міндеттері және оның ұйымдастыруы.
2.МППК-ның әдістамалық негіздері.

МППК-ның негізгі қызметі психиканың немесе денелік дамуында ауытқушылығы бар балаларды арнайы мекемелерге дифференцияланған тұрғыдан таңдау жасауға бағытталған. МППК балалардың емдеу-профилактикалық мекемелерге жолдама бойынша ұсыныс береді, сонымен қатар балаларды әлеуметтік қамтамасыз ету мекмелеріне жолдамалық ұсыныс береді, өйткені денсаулыұ және интеллект жағдайына байланысты олар жалпы мектептерде оқи алмайды.


МППК-ның міндетіне дамуында жеңіл ауытқушылықтары бар балаларға білім беру, тәрбиелеу, емдеу мәселелері бойынша педагогтар мен ата-аналарға кеңес беру жатады.
Арнайы мекемелерге жолдаманы тек МППК береді. Комиссия толықтай медициналық-педагогикалық-психологиялық және логопедиялық зерттеу жүргізіледі. Егер бала мектепке барып жүрген болса, МППК-ның келесі міндетіне үлгермеушіліктің себебін анықтау, дефект құрылымының сипаттамасын құру жатады. Егер бала мектепке әлі бармаған болса, онда мамандар оның оқуға даярлығын анықтайды. Мұнда оның физиологиялық және әлеуметтік жетілуін, интеллекттуальдық даму деңгейін,эмоциональды ерік сферасының ерекшелігі қарастырылады.
Балалардың үлаендердің көмегін қалай қабылдайды және берілген тапсырмалар бойынша жаңа білік пен дағдыны қалай басынан кешіріп жатқанын анықтап алу маңызды.
Жолдама беріледі:

  1. «дебильдік деңгейдегі олигофрения» диогнозы бар, соның ішінде Дауна ауруымен ауратын балаларға;

  2. бас миының инфекциялық, интексикациялық және басқа да постнатальды зақымдардың әсеріне табиғи деменциясы бар балаларға;

  3. бақылаудағы балалардың күндіз немесе түнде жиі құлап қалу жағдайында көрінетін эпилепсиялық деменциясы бар балаларға;

  4. шизофрениялық деменциясы бар балаларға.

МППК облыстық, қалалық білім беру бөлімінде ұйымдастырылады. Комиссия құрамына кіреді:

    • төрағасы - басты міндеті комиссияның отырысын жоспарлау мен ұйымдастыру болып табылады;

    • балалар психиатры,баланың жағдайын медицина тұғысынан қарайды, бас миы орталық жүйке жүйесінің қабыну көздері мен күрделі ауруларды жояды, баланың психикалық жағдайын зерттейді;

    • офтальмолог - баланың көру мүшелерін зерттеуші;

    • дефектолог – баланың спихикалық және денелік дамуында аномалиясы бар жоғын анықтайды;

    • психолог – баланың жеке ерекшеліктерін анықтап, оның тұлғасына мотивациялық, мінез-құлқысына және интеллектуальдық деңгейіне мінездеме жазады;

    • логопед – баланың артекуляция мүшелерінің, сөйлуінің, сөздік қорының жағдайын зерттейді;

    • хатшы.

МППК-ға кіретін маманның алдына жеке міндеттер қойылады, бірақ зерттеу жалпы тексерудің нәтижесінің есебімен жүргізіледі. Жұмыс нәтижелі болу үшін МППК-ның мамандар құрамы тұрақты болу керек. МППК-ның жұмысы нақты график бойынша жүргізіледі. Бір жылдың ішінде комиссия айына бір рет жиналады.
МППК-ға балаларды қабылдау журналы жүргізіледі. Мұнда әр баланың тегі, туған жылы, баланың баратын мектебі немесе бала бақшасы, мекен-жайы,диагнозы көрсетіледі. Ары қарай журналға комиссияның қойған диагнозы, ұсынысы, сыныбы енгізіледі.
Әр балаға хаттама толтырылады. Оған бала туралы жалпы мәлімет, тәрбиелеу жағдайы, танымдық іс-әрекетінің жағдайына мінездеме, логопедиялық, педагогикалық зерттеулердің нәтижесінде сипатама м.ж.д. дамуы жазылады. Хаттама жеке іс-парағына тігіліп баланы жіберген бала бақшаға немесе мектепке жібереді. МППК міндетті түрде баланың арнайы мекемелерге барып жүргендігін қадағалау тиіс.
Хаттаманы білікті маманданған хатшы жүргізеді. Кейін хаттама баланың жеке іс-парағында сақталады. Арнайы мектептің ұзтаздары баланың тұлғалық ерекшеліктерімен және психофизикалықдамуын, оқушының деңгейімен алдын-ала танысады. Сонымен қатар баланың даму динамикасын анықтауға көмектеседі.
Психологиялық-педагогикалық диагностиканың әдістері басқа әдістермен тығыз байланысты және 4 бағыты бар.

  1. Клиникалық әдістер (медициналық, психиатриялық, психоневрологиялық). Клиникалық әдістің құрамды бөліктеріне психологиялық тексеру жатады. Нақты мәліметтерді дәрігер жазбаша түрде береді.

  2. Психологиялық әдістердің – 3 түрі кездеседі:

    1. бақылау – ұзақ уақыт және қысқа уақыт мерзімді, экспериметтік әдіс – баланың іс-әрекет нәтижесін зерттеу (еңбек, ойын, оқу), анкеталау. Әңгелесу немесе сұрақ-жауап әдісі де кеңінен қолданылады.

    2. нақты психологиялық әдістемелер – нақты қызмет пен процестерді зерттеуге бағыттарын психологиялық әдістемелер. Танымдық іс-әрекетті зерттеу қабылдау, ойлау, ес, сөйлеу т.б. тексеруге арналған әдістеменің жинағымен жүргізеді.

    3. баланың қандай да бір жеке тұлғалық қасиеттерін зерттеуге бағыттарын жеке психологиялық әдістемелер.

  3. Білім беру үрдісінде балаларды бақылауға бағытталған педагогикалық әдістамелер. Яғни бала жаңа білімді игеру барысымен қатар тексеріледі.

  4. Сөйлеуді зерттеу әдістері – логопедиялық әдістер.

Әдебиеттер:


1.Специальная педагогика /Под. ред Н.М.Назаровой, М.-2000.205б.
2.Настольная книга педагога- дефектолога /Т.Б.Епифанцева, Феникс,2006.7б.
3.Лапшин В.А., Пузанов Б.П. Основы дефектологии, М.-1990.36-58б.
4.Дефектология: словарь – справочник. / Под ред. Б.П. Пузанова, М., 1996.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет