Орындаған: Сейльханова Балауса Қабылдаған: Зиябек Дана



бет2/4
Дата19.02.2023
өлшемі0,86 Mb.
#69243
1   2   3   4

Остеомаляция

  • Немесе дистрофия, остеопатия деп аталады. Бұл ауру негізінен фосфор-кальций тұздарының алмасуы бұзылғандықтан, минералды заттардың жетіспеуінен болады. Көбінесе, сиыр мен ешкі қысты күндері ауырады. Жем-шөптің сапасы нашар, құрамында кальций фосфор аз, каротин-дәрумен Д мүлдем жоқ болып, мал күн көзіне шықпаса, жаппай ауруға шалдығуы мүмкін. Аурудың негізгі белгілері: малдың іші өтеді, лас-сасық суды ішеді, тісі былқылдап түсе бастайды, жүргенде ақсайды, буындары іседі, соңғы құйрық омыртқалары әбден жұқарып жоғары көтергенде бүктеліп тұрады, әлсіз ғана соққыдан аяқтары сынып кетеді.
  • Ауруды емдеу үшін ең алдымен, рационның құрамын жақсарту керек; минералды түздар, әк, балық майын, дәрумендер, шырша қылқындарының ұнын қосады. Венаға хлорлы кальций ерітіндісін салады.

Іш тастау (Abortus)

  • Буаздықтың ақырына ддейін жетпей уақыттынан бұрын үзілуін аборт деп атайды. Аборт шаруашылықта үлкен экономикалық зиян келтіреді. Аборттың әсерінен мал ұзақ уақыт қысыр болуы мүмкін.
  • Іш тастау деген ұғым аборттың бір түрі ғана, аборттың нәтижесі әртүрлі, атап айтқанда төл ыдырап сіңіп жоқ болып кетуі мүмкін, іріп-шіріп, қлі тууы немесе тірі, бірақ жетілмей тууы мүмкін. Іш тастау деп жетілмеген, қызыл шақалақ өлі тқлдің түсуін айтады.

Аборттың жіктелуі

  • 1.Мезгіліне қарай: -ерте болған аборт,
  • -кеш болған аборт.

  • 2.Клиникалық көрінуіне қарай;
  • -толық аборт,

    -Жартылай аборт,

    -Үйреншікті аборт,

    -Жасырын аборт (эмбриональді аборт)

  • Себептеріне қарай: - жұқпайтын аборт,
  • -жұқпалы аборт (індетті).

  • 4.Ақырғы нәтижесіне қарай:
  • -ыдырап сіңіп кету

    -іріп-шіру

    -түсік(өлі туу),

    -Шала туу,

    -Мацерациялану,

    -мумификациялану.

  • Буаздықтың алғашқы жартысында, бір аййдың ішінде болған абортты ерте болған аборт, ал екінші жартысыннда, соңғы айларында болған абортты кеш болған аборт немесе шала туу деп те айтады.
  • Клиникалық көрінуіне қарай:
  • Көп төлді малдың ішіндегі барлық төлі өліп қалса толық аборт (abortus completes), бір-екеуі өліп қалғандары аман-есен ай-күніне жетіп туса жартылай аборт (abortus incompletes) дейді.
  • Ұрғашы малдың жыл сайын буаздықтың, белгілі бір мерзіміне жеткенде іш тастап кетуін үйреншікті аборт (abortus habitualis) дейді.
  • Буаздыұтың ерте мезгілінде аборт болып, төл ыдырап-сіңіп, ешқандай клиникалықбелгілері байқалмаса, оны жасырын аборт ( abortus latentus) дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет