Орындаған: Утеген Фатима Тексерген: Ельмуратова Ботагоз



Дата05.09.2022
өлшемі4,13 Mb.
#38469

Орындаған: Утеген Фатима

Тексерген: Ельмуратова Ботагоз

Топ: Тар-201


Жалпы орта ғасырларда басқа жүйелермен қоса Еуропалық қала жүйесі қалыптасты. Еуропаның романтілдес бөлігі қала феноменіін антикалық замандардан білсе, онда Еуропаның қалған варварлық бөлігінде орта ғасырларға дейін әрі кетсе қалалардың тек қана ең қарапайым формаларын білген. Ортағасырлық Еуропа қалаларында ауылдың ізі анық көрінгенімен қоса, қала ауылға қарағанда одан жоғары тұрған. Батыстың қаласы ортағасырлық Еуропадағы монархиялық дәуірге билеудің демократиялық және республикандық жүйесін сыйлаған. Қорыта келсек, қаладан қоғамды өзгертетін жаңалықтар мен импульстері шыққан.
Ерте орта асырларда қалалар сирек болған және оларда қандай да бір экономикалық маңыздылығы болған жоқ. Бірақ олар мемлекеттіліктің, шіркеулік ұйымдардың және қоғамдық элита дамуының тірегі ретінде қалыптасқан. Ортағасырлардағы кейінгі урбанистикалық үрдістер бір жағынан феодалды монархияның дамуымен және христиандандырудың аяқталуымен, ал басқа жағынан сауда және қолөнердің мамандандырумен және үшінші жағынан ауыл шаруашылығының өндірістік күшінің ұлғаюымен байланысты.
X-XI ғғ. Днестр мен Дунай өзендерінің бойында, Нидерланды, Англия, Солтүстік Франция мен Германияда, бірақ ең алдымен Рейн өзенінің бойында қалалар құрыла бастаған. Және осы аймақтағы қалалардың көбінде антикалық тегі болды. Мысалы, Париж (римдік Лютеция), Мерц пен Бордо ескі римдік қалалардың орнында дамыған, ал Регенсбург, Лорх, Лестер және т.б. Рим легионерлері лагерьлерінің орнында дамыған. Ал XII-XIII ғғ. қалалар Рейннің арғы жағындағы Германияда, Скандинавияда, Ирландияда және Мажарстанда да қалалар қалыптаса бастаған, яғни жоғарғы дамыған социум жоқ жерде пайда болған. Мұнда көбінесе қалалар нарықтық және сауда-олөнер орындарының, бұрынғы тайпа орталықтарының негізінде пайда болды.
Ортағасырлық қаланың антикалық полистен ең басты айырмашылығы ол бастапқыдан тауар алмасудың орталығы, әкімшілік-саяси салада басқару орталығы, діни өмірде епархиялық орталық ретінде ауылдан бөлінді. Айырмашылық өте ерте көрінген, өйткені қала сеньориалды боп қалыптасты, яғни белгілі біреуге тиесілі (тәж немесе «мекеме»).
Антикалық полис
Ортағасырлық қала
Қорыта келсек, ортағасырлық қала сол замандағы басқа да құбылыстар мен заттар секілді герман-кельт және басқа варварлық тайпалары мен антикалық полистердің мұрасының синтезінен пайда болған сол замандағы белгілі бір аймақтағы адамның рухани және материалды өмірін қадағалайтын және бағыттайтын орталығы болды.
Дереккөздер:


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет