Орындаған: Ұзақбай Назерке Тобы: 104 жалпы медицина Қабылдаған



Дата17.02.2023
өлшемі18,43 Kb.
#68936
түріСабақ

«Астана Медициналық Университеті» КеАҚ
Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар кафедрасы

ОБӨЖ
Тақырыбы: Қазақтың діни наным сенімдері мен әдет ғұрыптары: сақталуы және дәстүрдің сабақтастығы


Орындаған: Ұзақбай Назерке
Тобы: 104 жалпы медицина
Қабылдаған: Хамзаев Бекжан

Қазақтың діни наным сенімдері мен әдет ғұрыптары: сақталуы және дәстүрдің сабақтастығы


Жалпыадамзаттық таным аймағында елеулі және маңызды рөл атқарып келген, қоғамның тұтастай саяси-мәдени, рухани-әлеуметтік өмірімен тығыз байланысты болған діни сенім өте көне замандардан бастау алады. Бүгінгі күнгі бір құдайға сенетін монотеистік дінге дейін немесе әлемдік діндер және ұлттық діндер деп аталатын классикалық толыққанды діндерге дейін адамзат діни сенім кезеңін бастан өткерді. Бұны «алғашқы діни сенімдер» деп атаған. Бұндай сенімдердің пайда болуын ғалымдар осыдан 40000, тіпті 100000 жыл бұрынғы кезеңге апарып тірейді. Бірақ нақты қашан пайда болғандығы туралы айғақтар жоқ, дегенмен, адамзаттың өте балаң кезінде, мифтік дәуірге дейін, тіпті одан да бұрын алғашқы діни сенім элементтері пайда бола бастады. Олардың сарқыншақтары бүгінгі күнге дейін жекелей немесе белгілі бір діннің аясында, соның ішінде құрамдас бөліктер ретінде сақталып отыр.
Алғашқы діни сенім элементтерінің өзі көп түрлі: Фетишизм, магия, анимизм, тотемизм т.б. Соның бірі тотемизм дегеніміз – белгілі бір халықтың немесе тайпаның таралу тегін генетикалық-туыстық жағынан белгілі хайуанаттармен, өсімдіктермен байланыстырып, оларды қастерлейтін көне сенімнің түрі. Ол жоғарыдан берілген, байырғы көне туыстық тұрғысынан алынған бастапқы «баба» ретінде түсініледі. Сондықтан одан жәрдем күту үшін, оған кей кезде жалбарынып көмек сұраған, құрбандықтар шалған.
Көне түркі халықтарында, әсіресе, ғұндардың заманындағы тотемдік сенімнің бірі – көк бөрі. Бұл екі тайпа соғысып, одан аман қалған жалғыз баланы, қасқырдың асырап алып, оны емізіп, кейіннен осы баладан, сол халықтың тарағандығы туралы мифтермен байланысты.
Келесі бір көне сенім және әлемнің көптеген халықтарына ортақ түсінік – Күнге табыну. Күнге табыну дәстүрлері Сақтар мен Ғұндар заманынан бастау алады. Осыған байланысты кейбір тарихшы-этимолог ғалымдарымыз «ҒұнГун-Гүн-Күн» сөздерін байланыстырып, «ғұн» сөзі мен «күн» сөзін түбірлестікте қарастырады. Бұл кезеңде, әрбір батып бара жатқан күнге бас иіп, жаңа шыққан күнге ризашылық сезімдерін білдіретін болған. Бірақ бұның көріністері салтдәстүрде көп сақталмаған. Соңғы кезде түркі-қазақ халқының эстетикасын, көркемдік танымын зерттеушілер өнердегі дүниенің көшірмесі туралы толғана келе, киіз үй – ғарыштың шағын бейнесі деп пайымдайды. Бұндағы шаңырақты осы күннің рәмізі, уықтары оның сәулесін ниеттеген деген пікірлер бар. Сонда, «Күн астындағы» Күнікей қыз» ертегісі, Қытайлардың өздерін «Аспан асты елі» деп атауы сияқты ұғымдар туындайды. Демек, киіз үйде де біз күн астындағы елміз, халықпыз, тіршілік иесіміз деген ойдың ниеті жатыр, бұл жерде күн де, киіз үй де бастапқыда пайда болғанда аса қастерлі, қасиетті саналған. Кейіннен, киіз үй баспана, тұрмысқа қажетті, көшіп-қонуға ыңғайлы бұйым ретінде сақталып қалған. Ал бүгінгі күні оны тек экспонат ретінде ғана түсінетіндігіміз байқалады.
Күнге байланысты тағы бір ырым-тыйым батып бара жатқанда күнмен таласа ешнәрсе жасауға, әсіресе, ұйықтауға болмайды. Бұл, яғни, «Күнмен талас» деген атау «Күннің батуымен таласпа, оның алдында адам әрекеті, не бұрын, не кейін болуы тиіс» деген ұғым жатыр. Демек, Күн өзінің бату үрдісін аяқтап алуы тиіс. Бұл әсіресе, көшпелілік өмірде, жазық далада өте анық байқалатын құбылыс. Ал күннің шығуын «Бозарып атқан таң» деп, батуын «Ымырт үйірілгенде» деген арнайы атаулармен береді. Бұнда да белгілі бір кезеңдерде өзінің шарттары мен ырымдары болған болуы ықтимал, бірақ бүгінгі күні оның салт-дәстүрде айтарлықтай белгілері байқалмайды, тек эстетикалық, жалпы табиғатқа сүйсіну көріністері ғана сақталып қалған.
Адамзат тарихында діннің көптеген түрлері бар. Олардың барлығы адамның дін туралы әр түрлі көзқарастарынан туындайды және жоғарғы құндылыққа жетуге, толығуға жолдар ұсынады. Дін дүниені түсінудегі және қоғамның, индивидтің жоғарлауында, өмірдің мағынасын мойындаудағы адамдардың бірліктерін бекітудегі ең бір қажетті форма. Дін – қоғам өмірінің ерекше рухани саласы. Дін – адамдардың Жаратушыға сенім-нанымдарын білдіретін және сол Жаратушыны тануға арналған ілімдер жүйесі. Дін – жаратылыстан тыс бір құдіретті күш бар деп сенуден пайда болып қалыптасқан, адамдар арасындағы қатынастардың, идеялардың, әрекеттердің жиынтығы. Қайндай дін болмасын егер сол елдің мәдениетімен, дәстүрімен сіңіспесе қатерге айналады. Ислам әлемі біртұтас болғанымен, әр халық оны өзінше тұтынаған. Атақты тарихшы Л. Гумилев: «бір халықты идеологиялық тұрғыда жаулап алу, қару қолданып, күш жұмсаудан арзан, әрі анағұрлым тиімді» - екенін айтып кеткен. Бүгінгі алпауыт мемлекеттер әскери күшпен жаулап алудан гөрі ұлтты пассивтендіру әдісін де кең қолдануда. Қазір болып жатқан дәуір идеологиялық күрес дәуірі, саяси тактикалар дәуірі. Оның нақты айғағы еліміздегі миссионерлік. Олардың бүгінгі әрекеті халықтың ежелден қалыптасқан салт-дәстүрлерін жоққа шығару, тұтас бір халықтың ішіне іріткі салу, халқын фатализмге сүйреу.
Елбасымыз ел жастарымен болған кезекті бір кездесуінде «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады,» — деген еді. Елбасының «Мен жастарға сенемін!» деп айтқан сөзінен бізге үлкен сенім артып отырғанын байқауымызға болады. Ал жастарымыздың патриот болуы үшін, еліне адал қызмет етіп, халқын, отбасын қорғау үшін, алдымен оның бойында ұлтына деген жанашырлық сезімі болуы керек. Бұл сезімдерді адам бойына дарытатын ол – салт-дәстүріміз, әдет-ғұрыптарымыз бен ырым-тыйымдарымыз. Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген адам бұл мәселеде ағаттыққа ұрынбайтыны белгілі.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет