Орындаган: Ташметова Ж



бет1/2
Дата07.11.2022
өлшемі1,17 Mb.
#48006
түріОқулық
  1   2

Толык Адам
Орындаган:Ташметова Ж.
Тобы:Фек 225
Кабылдаган:Куттыбаев Ш.
Деректер
Кейінгі кезде кейбір ғалымдар Абайдың «толық адам» іліміне ерекше көңіл бөле бастады. Баспасөз беттерінде бұл туралы түрлі ойлар айтылып жүр. Мысалы, абайтанушы Мекемтас Мырзахметов «Бүкіл оқу орындарындағы тәлім-тәрбие беретін оқулықтар Абайдың «Толық адам» ілімі негізінде қайта жазылуы тиісті. Бұл рухани қажеттілік» – дейді. (г. Қазақ әдебиеті. 4.08.2017 ж.) Жақсы айтылған. Бірақ бұл айтылғанды дұрыс қабылдап, дұрыс іске асыру үшін әуелі бұл мәселенің мән-мәнісін түсініп, анығына барып алу керек. Абай ілімі бойынша, әуелі «жарым адамнан» «адам» сатысына көтеріліп, сонан кейін ғана «Толық адам» сатысына жетуге болады. Бұл саты – көпшілік қауым көтеріле алмайтын, тек қана ұмтылатын меже, рухани жаңғырудың нысанасы ғана. Ерекше қасиеті бар адамдар ғана көтерілетін өте жоғары деңгей
Кейінгі кезде кейбір ғалымдар Абайдың «толық адам» іліміне ерекше көңіл бөле бастады. Баспасөз беттерінде бұл туралы түрлі ойлар айтылып жүр. Мысалы, абайтанушы Мекемтас Мырзахметов «Бүкіл оқу орындарындағы тәлім-тәрбие беретін оқулықтар Абайдың «Толық адам» ілімі негізінде қайта жазылуы тиісті. Бұл рухани қажеттілік» – дейді. (г. Қазақ әдебиеті. 4.08.2017 ж.) Жақсы айтылған. Бірақ бұл айтылғанды дұрыс қабылдап, дұрыс іске асыру үшін әуелі бұл мәселенің мән-мәнісін түсініп, анығына барып алу керек. Абай ілімі бойынша, әуелі «жарым адамнан» «адам» сатысына көтеріліп, сонан кейін ғана «Толық адам» сатысына жетуге болады. Бұл саты – көпшілік қауым көтеріле алмайтын, тек қана ұмтылатын меже, рухани жаңғырудың нысанасы ғана. Ерекше қасиеті бар адамдар ғана көтерілетін өте жоғары деңгей.
Деректер
Барлық iс-әрекетiн, ақыл-санасын, ғұмырын Жаратушыны ләззаттандыруға арнаған адам ғана кемелдiктiң шыңына жете алатынын Абай былай деп бiлдiредi: «Ендi бiлiңiздер, ей перзенттер! Құдай тағаланың жолы деген жол Алла тағаланың өзiндей ниһаятсыз (шексiз, өлшеусiз) болады. Оның ниһаятына ешкiм жетпейдi. Бiрақ сол жолға жүрудi өзiне шарт қылып кiм қадам басты, ол таза мұсылман, толық адам делiнедi». Осылай Абай толық адамның негізгі шартын береді. Ол шарт – Құдай тағаланың шексіз жолында жүруді өзіне шарт қылып қадам басу. Абай сопылық философиядан алынған «толық адам» түсiнiгiн осылай деп бередi.
Бұл түсiнiктен Құдай тағалаға жетудегi шексiз жолға түсудi өзiне шарт қылған адамды ғана «толық адам» деуiмiзге болатынын бiлемiз. Бұл тұжырымды әуелi әл-Ғазали берiп, артынан «толық адам» (әл-инсан әл-камил) деген сөздi Ибн әл-Араби алғаш рет қолданғаны белгiлi. Бұл туралы зерттеушi В.В.Наумкин әл-Ғазалидiң «Воскрешение наук о вере» атты еңбегiне жазған түсiндiрмесiнде былай дейдi /2/:
«Өзiнiң ең жоғарғы дәрежесi Құдаймен байланысу болып табылатын, оны өмірдiң басты мақсаты ретiнде қабылдайтын толық адам идеясымен әл-Ғазали мұсылман мистикасындағы бүкiл бiр дәстүрдiң iргетасын қалаушысы болды. Бұл дәстүр әл-Джили (парсы сопысы, 1366-1406 жылдары өмір сүрген) «Толық адам» /әл-инсан әл-камил/ атты еңбектiң авторы мен Ибн әл-Арабидiң (сопы, 1165-1240 жылдары өмір сүрген) шығармаларында өте айқын көрiндi».
В.В.Наумкин әл-Газалидин дерегинде
Айырмашылығы
Енді «Адам» мен «толық адамның» айырмашылығына келейік. Олардың айырмашылығы үлкен. Ол айырмашылық иманның деңгейімен анықталады. Екеуінде де иман бар. Бірақ әртүрлі. «Адам» күнәлі істер жасамаса, ал «толық адам» оған қоса бұрынғы істердің күнәсін де жояды. Осылай ол толық тазару жолына түседі. «Адам» – фәни өмірде оянып, көзі ашылған, ал «толық адам» – бақи әлемде оянып, көзі ашылған. Ол енді әулиелікке аяқ басты.
«Адамның» иманы әлсіз, тұрақты емес. Кейде тән құмары жеңгенде адам рухани болмысын ұмытып фәни өмірге беріліп кетеді. Ал «толық адамның» иманы берік, оған ешқандай бөгет жоқ. Ол рухани жаңғыру арқылы Түп Иеге қайтуға толық берілген. Иманы толық. Осыған байланысты «Адам» мен «Толық адамның» рухани дәрежесі ғана емес, мақсаттары мен өмірге көзқарастары да бөлек. «Адам» Абайдың екінші сүюіне «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген адамзатты сүю қағидасына ұмтылады. Данышпан оларды «Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі – бос» деп бірлікке, өзара сүйіспеншілікке үйретеді. Ал «толық адам» үшінші сүюге Алланың Өзін сүюге ұмтылады. Оларға Абай «Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті» қағидасын береді. Бұл таза рухани деңгей.
Толық адам – рухани жаңғырудың шыңы, өзінің рухани болмысын тануы. Өзін-өзі тану дегеніміз өзін-өзі білу емес. Абайдың «Ақыл мен жан – мен өзім, тән – менікі» дегенін біліп, біз өзімізді бірден жан ретінде тани алмаймыз. Өзін білу мен тану, екеуі екі басқа, арасы жер мен көктей алыс. Білу дегеніміз тек қана хабар, ақпарат дейтін болсақ, тану дегеніміз сол ақпаратты сезіну, бойға сіңіріп, түйсік арқылы өзіндік қасиетке айналдыру. Өзінің жан екенін тану дегеніміз – өзінің жан екенін сезініп, рухани қасиет алып, жанша әрекет ету деген сөз, яғни адамның толық өзгеруі.
Бұл оның материяның ықпалынан шығып, мүлде басқа қасиет, рухани қасиет алды деген сөз. Оның ой-өріс, сөйлеген сөзі, жасаған іс-әрекеті мүлде басқаша. Ондай адам бұл фәни әлемнің заңдылықтарынан босанып, өзі осы әлемде болса да, рухани әлем заңдылығымен өмір сүреді. Өзін жан екенін тану дегеніміз, міне, осы.
Толык адам
Өзін-өзі танудың жолы
Пікір
Зікір


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет