Қорытынды Қолданылған әдебиеттер



Дата01.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#46725

Жоспары:

  • 1. Кіріспе
  • 2. Негізгі бөлім
  • А) Денсаулық туралы түсінік
  • Ә) Денсаулыққа залал келтіретін негізгі факторлар
  • Б) Организмді сауықтыру әдістері
  • 3. Қорытынды
  • 4. Қолданылған әдебиеттер

Денсаулық туралы түсінік.

  • Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасына сүйенсек,
  • Денсаулық - дегеніміз организмде аурудың немесе физикалық кемістіктің жоқтығын анықтау ғана емес, ол табиғи,рухани және әлеуметтік тұрғыда адамның толық аман-есен болуын білдіретін ұғым.

Денсаулықтың түрлері:

  • 1.Физикалық денсаулық – бұл ретте адам организмінің жұмыс істеуін өз бетінше реттеуі толық жетіледі, функциялық үрдістер мен сыртқы ортаның әртүрлі әсерлеріне кең ауқымда бейімделуі үйлесімді түрде болады.
  • 2.Психикалық денсаулықауруды болдырмау, оны жеңіп шығуға адамның ұмтылуын білдіреді, бұл «адам өмірінің мақсаты» болуы керек.
  • 3.Әлеуметтік денсаулық – адамның әлеуметтік белсенділігінің, яғни жеке адамзаттың әлемге деген күнделікті қарым-қатынасын білдіреді.
  • 4.Репродуктивтік денсаулық – организмнің жұмыс жүйелерінің ауырмауы ғана емес, жасқа сәйкес дені сау ұрпақ қалдыру қабілеттілігі.

Денсаулыққа залал келтіретін негізгі факторлар

  • Денсаулыққа залал келтіретін факторларға жалпы мәдениеттің төмендігі, денсаулықты сақтау мен салауатты өмір сүрудің негізін құрайтын санитарлық-гигиеналық мәліметтерді көпшіліктің жете білмеуі,гиподинамия,дене салмағының қалыптан көп жоғарылауы,тиімсіз және жөн-жосықсыз тамақтану,қоршаған ортаның көптеген химиялық заттармен ластануы, үйде және жұмыста күйзелістер тудыратын жағдайлардың болуы, залалды әдеттерге әуесқойлық (арақ-шарап ішу, шылым шегу, есірткі заттарды қолдану, т.б) жатады.

Денсаулыққа залал келтіретін факторлар:

  • 1.Артериялық гипертония;
  • 2.Дененің артық салмағы;
  • 3.Асқынған тұқым қуалаушылық;
  • 4.Темекі шегу;
  • 5.Ішімдік ішу;
  • 6.Нашақорлық;
  • 7.Токсикомания және фармакомания;
  • 8.Ас тұзына құмарлық;
  • 9.Гиподинамия;
  • 10.Кәсіби зияндылықтар;
  • 11.Атмосфералық ауа;
  • 12.Жеке және тұрмыстық гигиенаның қанағаттанарлықсыз жағдайы;
  • 13.Қауіпті секс;
  • 14.Сумен қамтамасыз ету;

Организмді сауықтыру әдістері:

  • Шынығу
  • Массаж
  • Тыныс алу гимнастикасы
  • Цигун
  • Рефлексотерапия
  • Медитация
  • Вакалотерпия

Қорытынды.

  • Әр адамның денсаулығы – адамның табиғи бітім-болмысының психикалық және әлеуметтік игілігінің жиынтықтары.
  • Табиғи денсаулық – адамның күнделікті тіршіліктегі белсенді қимыл-әрекетіне, өмірінің әр кезеңдеріне қарай,жасына,жынысына байланысты күш-қуатты тілейтін, соған бейімделген ыңғайды танытатын қабілет.
  • Бұл мәселелер әсіресе бүгінгі күнде өздерінің маңызды екенін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында-Қазақстанның жеделдетілген экономикалық және әлеуметтік прогрессі ең алдымен біздің еліміздің өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып,әлемнің тиімді дамып келе жатқан алдыңғы 50 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс. Бұл мәселелерді шешудің бір жолы - әр азаматтың денсаулығының зор болуы.

Қолданылған әдебиеттері:

  • Х. Сәтбаева “Валеология”
  • Биғалиева Р.Қ., Исмаилов Ш.И. “Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды басқару” Алматы 2001


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет