Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Өмір сүру ортасындағы адам организміне кері әсер ететін факторлар



бет1/2
Дата06.01.2022
өлшемі30,71 Kb.
#11542
  1   2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Өмір сүру ортасындағы адам организміне кері әсер ететін факторлар

  2. Зиянды заттардың әсер етуі және ағзаға енудің жолдары. 

  3. Адам ағзасының улы заттарға қарсы күресінің жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Өмір сүру ортасындағы адам организміне кері әсер ететін факторлар

      

Зиянды заттардың жалпы сипаттамасы. Қазіргі заманда адамзатқа белгілі 7 млн. астам химиялық заттар бар. Олардың 60 мыңнан астамы кең қолдану табуда, тамаққа қосу түрінде – 5500, дәрі-дәрмек – 4000, тұрмыс химиясында – 1500 пайдаланылады. Халықаралық нарықта жыл сайын 500-ден  1000-ға дейін жаңа химиялық қосындылар, өнімдер пайда болуда. Міне сондықтан адам өміріне қауіпті улы заттар дүниеге көптеп келіп жатыр.



Улы химиялық заттар, өзінің пайдалануына байланысты төмендегідей болып жіктеледі:

-   өнеркәсіп уы – өндірісте қолданатын заттар;

-    улы химикаттар – ауыл шаруашылығында қолданылатын заттар;

-   дәрі-дәрмектер;

-   тұрмыс химикаты;

-   өсімдіктер және жануарлар уы – өсімдіктерде, саңырауқұлақтарда, жануарларда, құрт-құмырсқаларда болатын заттар;

-   әскери улаушы заттектер.

       Адам организміне әсер ету сипаты бойынша улы заттар төмендегідей болып бөлінеді:

        - жалпылама улылар – организмді жалпы улайтын, жеке ағзаларды ауру етіп, істен шығаратын улы заттар;

        - қоздырғыштар – тыныс жолдарының шырышты (слизистый) қабатын, көзді, өкпені, теріні ауру ететін заттар;

       -    аллергия тудыратын заттар;

       -    мутагендер – генетикалық кодты бұзатын заттар;

       -    канцерогендер – қауіпті ісіктер тудыратын заттар.

        - бала жасау қызметін жоятындар – қорғасын, сынап, стирол, радиоактивті басқа да заттар.

          Зиянды заттардың әсер етуі және ағзаға енудің жолдары. Зиянды заттар адам ағзасының тыныс алу жолдары, тері және ас қорыту жолдары арқылы енеді. Көп жағдайда (80-90 пайыз) кәсіпке байланысты аурулар және уланулар ағзаға улы газдардың, булардың, тұмандардың енуіне байланысты болады. Бұл жолмен ауруға шалдығу өте ауыр болуы мүмкін, себебі улы зат бірден қанмен араласып бүкіл денеге тарап кетеді.

          Улы заттар ішкен тағаммен, сумен, темекімен, қолдың кірімен ас-қорыту жолдары арқылы ағзаға енеді. Улы заттар ауыз қуысында-ақ сіңіп, қанға өтіп кетуі мүмкін. Ондай заттарға фенол, цианид сияқты улар жатады. Асқазанның қышқылды ортасы улы қосындымен бірігіп, заттың улылығын одан ары арттыра түсуі мүмкін.

          Улы заттар адам ағзасына тері арқылы енеді. Улы булар, сұйық заттар теріге еніп, сол арқылы қанға кетеді. Бұндай заттарға суда, майда жеңіл еритін көмірсутегі, ароматты аминдер, бензол, анилиндер және т.б. жатады. Егер теріде жара немесе сызат болса, ағзаға енуі жеңілдейді.

          Бірінші кезеңде улы заттардың бөлінуі қан айналымының қарқындылығы байланысты болады. Улы заттардың жиналатын үш басты орны бар: клетканың сыртындағы сұйық, клетканың ішіндегі сұйық және майлы тін (ткань). Улы заттың тарауы үш негізгі физикалық-химиялық қасиетке байланысты болады: суда ергіштігі, майда ергіштігі, реакцияға енгіштігі. Кейбір металдар (күміс, мырыш, хром, ванадий, кадмий және басқалары) қаннан тез шығады, бірақ бауыр мен өкпеде жиналып қалады. Барий, бериллия, қорғасын қосындылары кальцимен, фосформен бірігіп өте мықты қосынды жасай алады және сүйекте жиналады.

 Улы заттардың әсерінің салдары. Улы, зиянды заттармен жақындасқанда адам ағзасы тіннің жергілікті зақымдануына және жалпы улануға әкеледі.

 Жалпы улану удың қанға енуінің нәтижесінде дами бастайды. Удың жергілікті әсері онымен жақындасқан жерінде зақымдану болуы мүмкін: терінің қызарып, қабынуы, күюі.

Улану екі түрде жүреді: өткір және созылмалы.

   Уланудың өткір түрі – бұлай улану апат болғанда, қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғанда болады әрі у тез арада әсер етеді және көп мөлшерде ағзаға енеді. Өткір уланудың екі фазасы болады: біріншісі – өзіне тән емес көрінуі (бас ауруы, әлсіреу, жүрегі айну және т.б.), екіншісі – өзіне тән, телімді көрінуі (өкпенің ісінуі т.с.с.).

 Уланудың созылмалы түрі – уланудың бұл түрі жайлап, аз мөлшерде білінбей жүріп жатуы мүмкін. Ондай улану удың ағзаға жиналуының әсерінен болады. Мысалы, бензолмен өткір улану болғанда негізінен жүйке жүйесі зақымданады, ал осы затпен созылмалы түрде уланса, онда қан жасау жүйесі зақымданады.

 Адам ағзасының улы заттарға қарсы күресінің жолдары. Зиянды заттар ағзаға түскен соң, әртүрлі химиялық өзгеріске ұшырайды: биотрансформация немесе метаболизм. Улы зат клеткалы мембранамен, ақ уыз құрылымымен және клетканың басқа да құрылымдарымен және тінаралық ортамен қарым-қатынасқа түсіп өзгереді – бұл удың әр жолмен өз күшін жоғалтуы.

Бірінші жол – удың химиялық құрылымының өзгеруі.

Екінші жол – улы затты уақытша бір органдарға бөліп қоюы (депонирование). Бұл жол – уақытша қанда айналып жүрген удың көлемін азайтады. Мысалы, ауыр металдар (қорғасын, кадмий) сүйекте, бауырда, бүйректе, кейбір улы заттар жүйке жүйесінде жиналады. Бұл процесс өте күрделі және уды жоюдың негізгі тиімді жолы болып саналмайды. Себебі у қан айналымына кез келген уақытта қайта түсуі мүмкін.

        Үшінші жол – организмнен шығуы – бұл әртүрлі жолмен болады: тыныс алу жолдары арқылы, асқорыту, бүйрек, тері, темір. Мысалы, ауыр металдар ішек-қарын жолымен ағзадан шығады. Терлегенде термен де шығуы мүмкін.   

Бұл күндері адамның өзі жасаған жаңа өмір сүру ортасына және техносфераға байланысты өмір-тіршілікке қауіп төніп тұр. Себебі адамның өмір-сүру ортасының жағдайымен санаспай ойсыз іс-әрекет жасауының арқасында, техникалық жоғары деңгейге жетпегендігінің кесірінен өз өміріне қауіп-қатер туғыза бастады.

Сонымен адам қауіпсіздік жүйесінде үш түрлі рөл атқарады:

-       Қорғау объектісі ретінде.

-       Қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралы ретінде.

-       Қауіп-қатердің көзі ретінде.

Антропогендік қауіп адамдардың шаруашылық іс-әрекетінің және өзі құрған объектілерінің жұмысының нәтижесінде пайда болады әрі адамдардың денсаулығы және өмір-сүру ортасына кері әсерін тигізеді.

Өмір сіру ортасына адам іс-әрекетінің кері әсер етуінің негізгі факторларын қарастырайық.

Атмосфералық ауа – бұл ғаламшардың (планета) өмірі, жердің азоттан, оттегінен, көмірқышқыл газынан, озоннан, гелиден тұратын газ қабаты. Биологиялық процесс үшін оттегінің маңызы зор, ал көмірқышқыл газы фотосинтез процесіне өте қажет. Адам тамақ ішпеуге бар, бірақ тыныс алмай өмір сүре алмайды, себебі адам организміне оттегі қоры шектеулі. Ол 2-3 минут қана тыныс алуына жетеді, ал бес минут өткен соң ауа келмегендіктен адам ағза мүшелерінің орнына келмейтін процесс басталады: ми қабаты жұмысын тоқтатады, биологиялық өлім келеді.

Атмосфералық ауаның әртүрлі зиянды заттармен былғануы, адам ағзасы органының ауыруына, оның ішінде тыныс мүшелерінің ауруына әкеліп соғады. Мысалы, түрлі-түсті металлургия кәсіпорындарының ауаға жіберетін зиянды заттары жүрек-тамыр ауруларының өсуіне, жүйскенің бұзылуына, қатерлі ісік ауруларының пайда болуына әкеледі. Қара металл мен электр қуаты кәсіпорындарының ауаға шығаратын заттары өкпе ауруларына шалдықтырады. Химия өнеркәсібінің ауаға шығаратын зиянды заттары аллергияның, без және жыныс ауруларының пайда болуына әсер етеді.

Атмосферада табиғи және антропогендік көздерден қосылатын әр түрлі қосындылар әр кездерде де болады. Ондай табиғи қосындсыларға шаңдар жатады, олар, негізенен, өсімдіктер түрлерінен, вулкандардан, эрозияға ұшыраған топырақтан, ғарыш шаңдарынан тұрады және өрт түтіндері, газдар да жатады.

Атмосфераның ауасын ластайтын негізгі антропогендік көздер қатарына өнеркәсіп орындарының кейбір салалары, автокөлік және жылуэнергетикасы жатады.

Қазақстанда тұрақты өнеркәсіп орындарының көздерінен атмосфераға жыл сайын (1995ж – 3,1млн.га, 1997ж – 2,37; 1998ж – 2,33) зиянды заттар шығады. Атмосфераға кететін зиянды қосындылардың жартысына жуығын энергетика, ал түсті металдар – 22,7%,  қара металдар – 15,7% береді. Атмоссфераға зиянды заттарды шығаруда автокөліктер үлкен орын алады.

Қазақстанның үлкен қалаларында автокөліктердің зиянды заттарды шығарудағы үлесі 60-80% құрайды. Ал Алматы қаласында – 90%. Ең көп тарайтын улы заттар – көміртегі оксиді (СО), күкірттің диоксиді (SO2), азоттың оксиді (NO), көмірсутегі (СnHm) және қатаң заттар (шаң).

Атмосфераға одан да гөрі улы заттар шығады, мысалы, фтордың қосындысы, хлор, қорғасын, сынап және бензин(а)перин. Осы күндері атмосфераға 500-ден астам улы заттар шығады екен, оның саны күннен күнге ұлғаюда. Қазақстан Рессубликасының қалаларындағы ауа бассейнін бақылау қалаларда ластану деңгейінің өте жоғары екенін көрсетіп отыр. Орташа алғанда қалалардағы шаңның, аммиактың, фенолдың, фторлы сутегінің, формальдегидтің, қорғасынның, азот диоксидінің және күкірттің жиынтығы шекті нормадан әлде қайда артық болып тұр. Мысалы, Шымкент және Лениногорск қалаларында күкірт жиынтығы шекті нормадан 100 есе артып кеткен.

Атмосферадағы қоспалардың және олардың қозғалысы екінші деңгейдегі өте улы қосылыстардың пайда болуына әкеліп соғады (қара түтін (смог), қышкыл(кислота)) және олар озон қабатын бұзатын бірден-бір қосындылар.

Смог – үлкен қалаларда, өнеркәсіп орталықтарында байқалатын ауаның өте қатты ластануы. Оның екі тұрпаты байқалады:

-       Түтіннен немесе өндірістік газдың қалдықтарынан құралған қалың тұман;

-       Фотохимиялық смог – өткір газ бен аэрозольдің қою тұмансыз жиынтығы, ол күннің ультракүлгін сәулесінің әсерінен фотохимиялық реакцияға түсіп құралды әрі өте улы келеді.

Фотохимиялық смог 1940-жылдары Лос-Анджелес қаласында байқалған, қазір де ғаламшарымыздың барлығы дерлік бұрыш-бұрыштарында көрінеді. Смог көз көрерлікті төмендетеді, металдың тотығуын күшейтеді, денсаулыққа кері әсер етеді әрі тұрғындардың өлімін көбейтіп, аурушаң етеді.

Қышқыл жаңбыры – соңғы 100 жылдан бері белгілі, бірақ оған кейінгі жылдарда ғана көңіл бөле бастады. «Қышқыл жаңбыры» деген атты бірінші рет 1972 жылы ағылшын ғалымы Роберт Ангус Смит қолданды.

Негізінде, қышқыл жаңбыр күкірттің және азоттың атмосферадағы химиялық және физикалық реакцияларының әсерінен туындайтын құбылыс. Нәтижесінде, күкірт және азот қышқылдары түзіледі. Соңынан сол бу немесе қышқылдың молекуласы бұлттың тамшыларына араласып, құрғақ немесе жаңбыр түрінде жерге түседі. Бірақ адамның өмір-тіршілігі, іс-әрекеті атмосфераға күкірт пен азоттың қосындысының көптеп шығуына ықпалын тигізуде. Қышқыл жаңбырының табиғатта, адамның араласуынсыз-ақ, бұрын да болғандығы белгілі, ондайда күкірт пен азот өрттің, вулканның т.с. табиғи құбылыстардың әрекетінен атмосфераға көтеріліп отырған.

Қышқыл жаңбыр табиғатта тек қана тік жоғары тарамайды, жерді көлбеп жатқан көкжиекке созылады. Бұндай бұлттар бір елдің аумағынан шығып, екінші бір мемлекет жеріне барып түсуі мүмкін. Сондықтан бұл бүгінде халықаралық мәселеге айналып отыр. Мысалы, Қазақстан үшін өз жерін ластану пайызы өз күкәртінің құрылымынан – 46 пайыз, азот құрылымы бойынша – 22 пайыз құрайды. Қалған пайызы өзге мемлекет аумағынан келеді. Азот пен күкірт атмосфераға шыққан соң бірден реакцияға түсіп, қосынды құрамайды, арада 2,8...10 тәулік өсуі мүмкін. Осы екі арада ауадағы ластаушы заттар мыңдаған шақырымдарға кетеді.

Қышқыл жаңбыр адам денсаулығына, қоршаған ортаға үлкен зиян келтіреді. Мыссалы: ауадағы ластар және қышқыл жаңбырлар металконструкциясының тот басуын жылдамдатады; ғимараттардың, ескерткіштердің бұзылуына әкеліп соғады; топырақ пен судың қышқылдығын (РН) өзгертіп, топырақтың құрылымын бұзады, оның өнім беру қасиетін төмендетеді, өсімдіктердің жойылуына ықпал етеді.Тұщы судың ашық қоймаларының сапасын төмендетеді. Тірі ағзалардың құруына әкеледі.

Парниктік эффекті. Атмосфераның құрамы мен жағдайы Ғарыш пен Жер арасындағы сәуле, жылу алмасу процесіне әсер етеді. Күннен Жерге немесе Жерден Ғарышқа қуат берілу процесі биосферадағы температураны белгілі бір деңгейде сақтайды, орташа алғанда +15 градус. Бұнда биосферадағы температура жағдайын сақтап тұруда Жерге жылу қуатын алып келетін күн радиациясының рөлі жоғары. Осы процесс бір-бірімен тығыз байланыста болады. Сондықтан Жер балансының өзгеруі биосфераның орта температурасының ұлғаюына әкелуі мүмкін. Бұл жағдай антропогендік қосындылардың атмосферада соңғы жылдары көбеюіне байланысты болып отыр. Атмосферадағы газдар мен басқа қосындылардың көбесюіне, Жерден ғарышқа көтерілетін жылудың көлемі азаяды да, Жер бетінде қалып қояды. Ал бұл жағдай климаттың жыслуына әкеліп соғады. Бұл процесте көмірқышқыл газының рөлі өте зор. О бастан көмірқышқыл газының Жердегі климат пен температураны қолдап тұратын концентрациясы 0,003 пайыздан аспаған. Ал кейінгі жылдары бұл газдың көлемі әр он жыл сайын 2 пайызға ұлғайып отыр. Бұл жылдамдық соңғы жылдары тездетіп барады. Жер тұрғындары жылдан жылға ормандардың көлемін азайтуда және отын жағуда.

Климаттың әртүрлі моделін жасап, зерттеу 2050 жылы Жерде орташа температура 4,5 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Жер шарының мұндай жылынуы мәңгілік мұздардың еруіне әкелетін болса, Әлемдік мұхиттың деңгейі 0,5-1,5 м көтеріледі. Климаттың одан әрі жылынуыс 2100 ж Әлемдік мұхиттың деңгейін 2 метрге дейін көтереді. Ал бұл 5млн шаршы км құрлықты су басып кетуіне әкелуі мүмкін. Ал бұл – барлық құрлықтың 3 пайызындай көлемі. Парниктік эффектінің Жер тұрғындарына алып келер зардабы ұшан теңіз. Сондықтан осы күрделі мәселелер жөнінде адамзат алдын ала тиімді шаралар қабылдамаса, Жердегі өмір-тіршілікке үлкен қатер туындауы мүмкін.

Озон қабатының бұзылуы. Атмосфераның техногендік ластануының кері әсері тек жер маңындағы аймақпен ғана шектеліп қоймайды. Лас қосындылардың белгілі бір бөлігі озондық қабатқа жетіп, оны бұзады. Озондық қабаттың бұзылуы Жерге ұзындығы 0,29 мкм ультракүлгін сәуленің енуіне мүмкіндік туғызады. Бұл қысқа толқынды ультракүлгін сәуленің енуіне мүмкіндік туғызады. Бұл қысқа толқынды ультракүлгін сәулелену биосфера үшін өте қауіпті: өсімдіктер әлемі құриды, онкологиялық және көз аурулары көбейеді.

Озондық қабаттарды талқандайтын негізгі заттар – хлор мен азот қосындылары. Хлордың бір молекуласы 10 озонның молекулаларын, ал азот оксиді бір молекуласы оның 10 молекулаларын талқандайды.

Хлор мен азот қосындыларының озондық қабатқа көтерілуінің негізгі көздері болып төмендегі факторлар саналады:

-       Ұшақтардың шығаратын газдары.

-       Зымырандардың шығаратын газдары.

-       Вулкан газдары.

-       Фреонды пайдаланатын технологиялар.

-       Атом жарылыстары.

Мысалы, «Шаттл» ракетасының бір ұшуы озонның 0,3 пайызының бұзылуына әкеліп соғады. Озон қабатының осы тесігінің қайта жабылуы ұзақ уақытты қажет ететіндегі ғылыми тұрғыдан дәлелденген.

Озон қабатының бұзылуына өмірінің ұзындығы 100 жылдарға созылатын фреон үлкен әсер етеді. Фреонның шығатын негізгі көздері: тығыздалуы бұзылған мұздатқыштар, фреон қолданылатын технологиялар, тұрмыста қолданылатын аэрозоль құтылары және т.с.с.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет