«Орман иелену және орман пайдалану құқығы» Орындаған: Мыңбай Нұрсұлтан


-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн орман иелену құқығымен беру



бет3/4
Дата04.05.2023
өлшемі118,36 Kb.
#89830
1   2   3   4

3. 22-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн орман иелену құқығымен беру.

  • 1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiне орман иелену тұрақты жер пайдалану құқығымен туындайды.
  • 2. Мемлекеттiк орман қорының учаскелерi орман иелену құқығымен:

    1) мемлекеттiк орман қорын күзету, қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, мемлекеттiк орман қорының кешендi пайдаланылуын ұйымдастыру үшiн орман мекемелерiне және уәкiлеттi органның өзге де мемлекеттiк ұйымдарына;

    2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметiне байланысты мақсаттар үшiн мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерге, мемлекеттiк табиғи резерваттарға, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктерге, мемлекеттiк ботаникалық бақтарға, мемлекеттiк дендрологиялық парктерге (бұдан әрi - заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар) берiледi.

    3. Осы баптың 2-тармағында аталған, мемлекеттiк орман қоры учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берiлген мемлекеттiк заңды тұлғалар мемлекеттiк орман иеленушiлер болып табылады.

    4. Орман иелену құқығы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган беретін тұрақты жер пайдалану құқығы актісімен куәландырылады.

4. 24-бап. Мемлекеттiк орман иеленушiлердiң құқықтары.


Мемлекеттiк орман иеленушiлердiң:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалану;
2) осы Кoдекстe айқындалған тәртiппен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыру;
2-1) нәтижесінде өтімді қоқыс (жел, дауыл құлатқан ағаштар) пайда болған табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, оны жинауға жеке және заңды тұлғаларды шарт негізінде тарту;
3) аумақтық бөлімшелермен келiсе отырып жобалау және техникалық құжаттамаға сәйкес мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қажеттi құрылыстар мен ғимараттар салу;
4) өздерi өсірген және (немесе) дайындаған өнiмдi өткiзу және алынған табыстарды пайдалану;
5) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануға арналған ағаш кесу және орман билеттерiн беру;
6) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарын жасасу құқығы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет