Орман шаршы тәрізді. Картадағы ауданы 25 см



Дата02.02.2022
өлшемі14,81 Kb.
#24743

Масштаб

  1. Картада шаршы формасындағы ғимараттың периметрі 4 см. Егер картаның масштабы 1:300 болса, жер бетіндегі ғимараттың периметрін табыңыз.

  2. Картада шаршы формасындағы әскери базаның периметрі 8 см. Егер картаның масштабы 1:20 болса, жер бетіндегі базаның ауданын табыңыз.

  3. Йоханнесбург қорғаныны шаршы пішіндес. Оның бір қабырғасы 100 метр. Егер картаның масштабы 1:5000 болса, картадағы қорғанның ауданын табыңыз.

  4. Масштабы 1:100000 картада тіктөртбұрыш пішінді астық алқабының қабырғалары 52 және 94 мм. Жер бетіндегі алқаптың ауданын табыңыз.

  5. Жатпланеталық алаңда шеңбер тәрізді жұмбақ сурет қалдырып кетті. Оның жердегі радиусы 5 м. Масштабы 1:50 болатын картада суреттің ауданы қанша?

  6. Орман шаршы тәрізді. Картадағы ауданы 25 см2. Егер картаның масштабы 1:300 болса, жер бетіндегі ауданы қандай?

  7. Қылқанды орман масштабы 1:100000 картада қабырғасы 8 см шаршы тіһәріздес. Жер бетіндегі орманның ауданын табыңыз.

  8. Картада шаршы тәрізді Вилланың периметрі 12 см. Картаның масштабы 1:400 болса, жер бетіндегі периметрін табыңыз.

  9. Үлкен ғимарат шеңбер тәрізді. Картадағы шеңбердің радиусы 5 см. Ал картаның масштабы 1:100. Жер бетіндегі шеңбердің ауданын табыңыз.

  10. Флоренция мен Миланның арасында екі қаладан бірдей қашықтықта ауыл бар. Егер картада екі қаланың арасы 10 см болса, Флоренция мен ауылдың арасын табыңыз. Картаның масштабы 1:50000.

  11. Кардифф пен Эдинбургтың арасының 2/3 бөлігіне Лондон мен Ливерпульдің арасы тең. Картада Кардифф пен Эдинбургтың арасы 18 см. Картаның масштабы 1:400000. Лондон мен Ливерпульдің арасын табыңыз.

  12. 1000 м2 алқапқа 25 кг сұлы егеді. Масштабы 1:10000 картада қабырғасы 25 және 10 см болатын алқапқа неше кг сұлы кетеді?

  13. Ольденбург пен Кёльн арасында екеуінен бірдей қашықтықта орналасқан ферма бар. Егер картаның масштабы 1:100000 болса, картада Ольденбург пен ферманың арасы 20 см болса, жер бетіндегі арақашықтықты табыңыз.

  14. Картада шаршы тәрізді көкеніс базасының периметрі 24 см. Егер картаның масштабы 1:400 болса, жер бетіндегі базаның периметрін табыңыз..

  15. 1000 м2 алқапқа 50 кг астық егеді. Масштабы 1:10000 картада қабырғасы 10 және 8 см болатын алқапқа неше кг астық кетеді?

  16. Масштабы 1:10000 картада тіктөртбұрыш пішінді орталық парктың қабырғалары 8 және 5 см. Жербетіндегі парктың ауданын табыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет