Қоршаған орта және адамдар



Дата21.09.2022
өлшемі4,83 Mb.
#39757

Қоршаған орта және адамдар.

Қоршаған Орта.

  • ҚОРШАҒАН ОРТА- табиғи обьектілердің,оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны,суды,топырақты, жер қойнауын,табиғи ресурстардың жиынтығын айтамыз.
  • ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына,қоршаған ортаның сапасын жақсартуға,табиғи ресурстарады тиімді пайдалану мен толықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі.

Қоршаған ортаның ластануы.


Қоршаған ортаның ластануы– адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді. Қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады.
Қоршаған ортаның әлсіреуі.
Биологиялық
Химиялық
Физикалық
Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді.
Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, т.б.)
Антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т.б.
Антропогенді ластаушыларды мынадай түрге бөледі:
Биологиялық - кездейсоқ, не адамзатіс-әрекеті нәтижесінде ластануы;
Механикалық - қоршаған ортаның, тек механикалық әсерлердің нәтижесінде ластануы:
Химиялық - қоршаған ортанын химиялық құрамының өзгеріп, ұзақ жылдар бойы қалыптаеқан әр түрлі зат мөлшерінің, қалыпты жағдайдан артып кетуі;
Физикалық ластану - Шу, дабыл нәтижесінде;Электромагнитгі толқындардың шектен тыс артуы;Радиоактивті ластану.
  • Қоршаған ортаны қорғау обьектілері қоршаған ортаның заңдарымен қорғалатын құрамдас бөліктері
  • Қоршаған ортаның сапасықоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерінің сиаттамасы
  • Қоршаған ортаның мониторингі- адамды қоршаған табиғи орнтаның жай-күйін бақылау және адамдардың денсаулығы мен өзге де тірі организмдерге зиянды немесе қауіп туғызатын қатерлі жағдайлар туралы ескерту

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қоршаған ортаның электромагниттік ластануын адамзатқа төніп тұрған апат ретінде қарастырып отыр. Элекетроманшеттік өрістер барлық тіршілік көздеріне теріс әсер ететіні белгілі, соның ішінде адам организміне өте үлкен зардаптар
тигізеді. Биологиялық және медициналық зерттеу нәтижелері көрсеткендей электромагниттік өрістердің адамның нерв жүйесіне, ішкі мүшелеріне, физиологиялық дамуына тигізетін теріс зардаптары анықталған. Сонымен қатар, кейінгі кезде шетел мамандарымен бірігіп өткізілген зерттеулерге сүйенетін болсақ, электромагниттік өрістердің әсерінен жүздеген аурулар түрлерінің жаппай таралуы анықталған
Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымының жыл сайын беретін
қорытындысына сүйенсек, дүниежүзінде
тек ауаның ластануынан қайтыс болатын
адамдардың саны, автомобиль апатынан
қаза болатын адамдардың санынан асып
отыр. Атмосфералық ауаға тасталатын
зиянды газдардың үштен бір бөлігін
тасымалдау көліктерінен шығатын
газдар құрайды. Әрбір жеңіл көлік
жылына ауаға 12-13 тонна улы заттар
тастайды.
Қазақстан территориясының өте үлкен бөлігі әртүрлі факторлардың әсерінен кешенді ластанған, мысалы, ауаның, судың, жердің әртурлі өндірістік зиянды қалдықтармен, улы газдармен және т.б. ластануы. Оған полигондарды, сынақ алаңдарын, «Байқоңыр» ғарыш кешенің, ірі тау-кен өндірістерін, Балхаш, Арал, Каспий суларындағы экологиялык апаттарды, мыңдаған өндірістік кәсіпорын, заводтар мен фабрикаларды қосатын болсақ, Қазақстан территориясының нағыз апат алаңы екенін байқауға болады.
Сіздердің әлеміңіз – біздің әлем!
Қорғаңыз оны!
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет