Қоршаған ортаға әсер етуші антропогендік факторлар ерекшеліктері



Дата06.01.2022
өлшемі20.14 Kb.
#15639

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Алматы технологиялық университет

ОБӨЖ


Қоршаған ортаға әсер етуші  антропогендік факторлар  ерекшеліктері

Орындаған: Артықбай А.

Тобы: экология 18-11.

Тексерген: Султангазиева Г.

Алматы 2020ж.
Табиғи факторлармен салыстырғанда антропогендік факторлар биосфераның жагдайын аз уакыттың ішінде өзгерте алады. Осы процестсрдід озгеруін бакылауды дүниежүзіндегі барлық эколо-гиялық түрғыдан кызмет атқаратын (гидрометеорологиялық, сейс-микалык, ионосферлык және баскалар) жүйелер жүргізеді.

Биосфераның абиоталық күрамының антропогендік озгеруін және осы өзгерістерге биоталардың жауабын, сонымен қатар, антропогендік әсердің арқасында ксзектегі экожүйелерде болатын өзгерістерді өлшеуге, бағалауга, болжауға экологиялык монито-рингтің информациялык жүйесі жасалды.

Антропогенді әсерлердің экологиялық мониторингінің негізгі міндеттері:


  • антропогендік әсер тигізетін көздерді бақылау;

  • антропогендік әсер факторларын бақылау;

  • антропогендік факторлардың әсерінен табиғи ортада жүретін процестерді және оның жағдайының озгеруін бақылау;

  • табиғи ортаның физикалық жағдайын бағалау;

  • антропогендік факторлар осерінен табиғи ортада болатын өзгерістерді болжау және болжамдалған табиғи ортаның жағдайын бағалау.

Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосферан ластаушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиги ортага күн қйын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатп қалдықтары түсіп отырады.

Осы қалдықтардағы әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға жәй топыраққа түсіп, бір трофикалық тізбектен екіншісіне өте отырып, соңынан адам организміне келіп түседі.

Бүкіл жер шарында осы ластаушы заттардың түспеген жер жоқ деп айтуға болады. Тіпті ешқандай өнеркәсіп орындары жоқ. Антарктиданы алайық. Бұл жерде адамдар кішігірім ғылыми станцияларда тұрып, гылыми бақылаулар ғана жасайды. Ғалымдар осы заманғы өнеркәсіптердің әр түрлі улы заттарын осы Антарктидадан да тапқан. Олар бұл жерге басқа жерлерден ауа ағындарымен келіп түскен.

Табиғи ортаны ластаушы заггар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына, шогырлануына және адам организміне әсер ету уақытына карай әр түрлі жагымсыз нәтижеііер туғызады. Осыңдай затгардың қысқа мерзімде болса да адамға әсері — адамның басын айналдырады, құсқысын келтіреді, тамағын жыбырлатып, жөтелтеді. Егер де адам организміне осындай улы затгар көп молшерде әсер етсе, қатты уланып есінен танады, тілтен еліп кетуі де мүмкін. Ондай улы заттарга ірі өнеркәсіптік қалалардың үстіне желсіз күндері жиналған қара түтіндер немесе өнеркәсіптік косіпорындардыц қаддықтары мысал бола алады. Элекгр стаңциялары, түрлі-түсті металл өндіретін зауыттар, химиялық жөае мүнайды қайта евдейтін кәсіпорындар атмосфераға үлкен түгін шығаратын мүржалар арқылы көптеген адам орғанизміне зиящш улы заттарды ауаға шығарады.

Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астамы белгілі заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімеи реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді.

Өнеркәсібі дамыған елдерде ауаны ластаунш улы заттың бірі күкірттің қос тотыгы (802) коксохимия зауыттарымен, таукен өндіру және целлюлоза-қағаз өнеркәсіптерінің жұмысы пвти-1 жесінде ауаға шығарылады. Олар ауада ылгалдың әсерінен күкірт қышқылына айналады. Құрамында күкірт қышқылы бар тұман немесеылғалды ауа адамның,жануарлардың тыныс жолдарының кілегей қабаттарына, терісіне әсер етеді және өсімдік те көп зардап шегеді. Ауадагы күкіртті сутек адам орга-низмін улап қана қоймайды, сонымен қатар адамдардың жүйке ауруларын тугызады.

Ауадағы фторлы сутек өте улы. Азық түліктің құрамыңдағы фторлы сутек адамды, жануарларды құстырып өте жаман ауру туғызады. Хлорлы сутек пластмасса қалдықтарын жаққанда пайда болады. Осы газбен тыныс алғанда адамның тыныс жоддарының кілегейлі қабығын зақымдандырып, өкпенің ісік ауруын туғызады. Қоңыр көмірді жағудың нәтижесінде ауаға күл бөлініп шығады. Ол ауыл шаруашылығы мен орман өсімдіктеріне әсер етеді. Әсіресе, көкөніс, жеміс-жидек өсімдіктеріне де зиянын тигізеді. Ластанған өсімдікпен қоректенген жануарлардың, адамдардың организмдеріңде физиологиялық өзгерістер болады.

Цемент зауыттарьшан шыққан цемент шаңцары топырақта калий, калъций, магний элементтерінің көбеюіне себеп болады. Құрамында мырыш пен қорғасын бар металлургия зауытының қалдықтары да өте улы әсер етеді. Осындай улы заттар жиналған өсімдікпен адам не жануар қоректенгенде олардың денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.

Организмнің осы улы заттарға төзімділігі әр адамның өзінің жеке басының гигиенасына байланысты, ең алдымен денсаулығы, жасы мен жынысына байланысты болып келеді.

Улы заттар адам организміне біртіндеп жүйелі түрде жинала берсе, оңда созылмалы улануға ұшырайды. Оның басты белгілері: адамның тез шаршағыштығы немесе үнемі шаршап тұратьшы, сезімі, ұйқы басуы немесе үйқысыңың қашуы, бейжайлық, ұмытшақтық, көңіл-күйінің тез өзгеруі, зейінінің төмендеуі. Улы заттар адамдардың қан айналым мүшелеріне, жүйке жүйесіне, бауырына әр түрлі әсер етеді. Дәрігерлер адамдардың әр түрлі аллергиялық аурулары, өкпе демікпесі, қатерлі ісік ауруларының болуы сол аймақтың экологиялық жағдайымен тығыз байланысты екенін анықтап отыр.

Радиациялық ластанудың басқа ластанудан көп айырмашылығы бар. Қысқа толқынды электромагниттік сәуле шығару мен зарядталган бөліктерді бөліп шығаратын тұрақсыз химиялық элементтердің ядросы — радиоактивті нуклидтер. Міне, осы бөлшектер мен шыгарылган сәулелер адамның организміне түскенде жасушаларды бұзады, соның нәтижесінде түрлі аурулар пайда болады.

Радиациялық ластанудың негізгі кездері – альфа, гамма және бэта сияқты радиоактивті сәулелер. Ионданған сәулелер адам – жануар организмдерінде ақуыз, фермент және басқа да заттардың өзгеруіне, яғни сәуле ауруының дамуына әкеліп соғады.

Сәуле ауруы сыртқы мүшелерінің зақымдануынан және радиациялық ластаушылардың ішкі органдарға түсуі нәтижесінде болады.

Сәуле ауруының дәрежесі алынған сәуленің мөлшеріне байланысты балалар, қарт адамдар мен ауру адамдар сәуле ауруын көтере алмайды. Адамдарда 50 рентген мөлшеріндегі сәуледен сәуле ауруы байқалмайды. Ал, 100 рентгеннен бастап сәуле ауруы дами бастайды.

Сәуле ауруы өзінен алынған сәуленің мөлшеріне қарай ауыр және созылмалы болып бөлінеді. Адамдар екі-үш рет сәуле алғанда ауыр сәуле ауруына ұшырайды, ал аз мөлшерден ұзақ уақыт сәуле ауруына шалдығады.

Сәуленің әсер ету мөлшеріне қарай төрт дәрежедегі сәуле ауруы болады: 1-дәрежесі жеңіл түрлі 100-200 рентген мөлшерінде; 2-ші дәрежесі орташа — 200-300 рентген; 3-ші дәрежесі ауыр — 300-500 рентген мөлшерінде; 4-ші дәрежесі өте ауыр — 500 рентгеннен астам мөлшерде сәуле алған кезде болады.

Табиғи ортада химиялық және радиациялық ластанулардан басқа адамда әр түрлі ауру туғызатын биологиялық ластаушылар да кездеседі. Биологиялық ластаушыларға ауру туғызатын мйкроорганизмдер, вирустар, құрттар, қарапайымдар жатады. Олар ауада, суда, топырақта, тірі организмдердің және адамның организмінде кездеседі.
Жер бетіндегі 1500000 жануарлардың 50000 жуығы паразиттік тіршілік етеді, соның ішінде 500-дей түрі адам паразиті болып есептелінеді. Адам паразиттерінің көбісі ауру тудыратын жәндіктер. Иесінің денесінде тіршілік етуіне қарай паразиттер: уақытша және тұрақты больш бөлінеді. Уақытша паразиттер иесінің денесінде тамақ керек болғанда ғана пайда болады. Оларға: сүліктер, кенелер, масалар, бүргелер жатады. Ал тұрақты паразиттердің иесі тек азық үшін ғана емес, тіршілік ететін ортасы. Оларға безгек плазмодиі, аскаридалар, қышыма қоздырғыштары жатады.

Микробтардың ауру қоздыруына қажетті бірден бір шарт -адам организмінің өлсіреуі, оның қорғансыз қалуы. Дені сау организмге түскен микробтар өсіп-өнуге айрыкша жағдай керек. Эволюциялық өзгерістер арқасында микробтар адам организмінде де белгілі клеткаларда өсіп-өнуге бейімделеді. Мысалы, безгек қоздырғышы тек қанның эритроцитіңде өсе алады. Сол сияқты тек ішек қарынның шырышты сілекей қабығында өсіп-өнуге бейімделген, тек сол кдбыққа жеткенде ғана ауру шақыра алатын тырысқақ, қантышкдқ, іш сүзегі миқробтары басқа жерлерде ол ауруларды тудыра алмайды.

Тіршілік етуге бейімделген клеткаларға микроорганизмдердің жетуіне қарай жұқпалы аурулардың таралу жолдары бірнеше түрге бөлінеді. Бірінші — ауадағы тамшылар көмегімен тарау, яғни жұқпалы аурулардың тыныс жолдары арқылы жұғуы, ал сырқат түкіргенде, жөтелгеңде, сөйлегеңде ауру қоздырғыш микробтар шашырап, ауамен бірге өзі бейімделген тыныс жолдарының шырышты сілекей қабығына жетеді. Осылай тарайтын ауруларды ауалы-тамшылы аурулар тобы деп атайды. Оларға тымау, қызылша, шешек аурулары жатады.

Екінші — ауыз арқылы тарау, ягаи микробтардың ішек-қарын жоддарына түсуі. Ал қоздырғыш миқробтар болса қоршаған ортаға үлкен және кіші дәрет арқылы шығады. Бұл жолмен ішек- I қарында болатын жұқпалы аурулар тарайды. Оларға: қантышкдк, I тырыскдқ, сальмонеллез, полиемелит жатады. Бұл аурулардьш I қоздырғыштары жейтін тағам, ішетін су арқылы ішек-қарынньш I шырышты сілекей қабығына жетеді. Бұл аурулар жуылмаған лас қол және шыбын арқылы да тарайды.

Үшінші — қан арқылы тарау, яғни микробтардың маса, бүрге, кандала, бит сияқты жәндіктер арқылы қанға түсуі. Бұл аурулар тобына: безгек, бөртпе, сүзек, оба, туляремия, энцефалиттер, т.б. жатады.

Төртінші — жұқпалы аурулар қоздырғышы мен зақымдалған және зақымдалмаған адамдардың терісі мен шырышты сілехей қабығының бір-біріне жанасып тиюі немесе сүйкесуі арқылы тарауы. Бұған жыныстың жұқпалы аурулары (мерез, гонорея, СПИД), қүтыру, сіреспе, газды гангрена, т.б. жатады. Жұқпалы аурулардың осындай таралуы эпидемиялық түрғыдан шапшаң және жай таралатындар деп аталады. Ол ауру жұғу үшін теріде, шырышты сілекей қабықта жарақат болуы қажет.

Биологиялық ластаушыларды жұқтырудың негізгі көзі топырақ болып саналады. Сіреспе, ботулизм және басқа да кейбір жұқпалы аурулардың қоздырғыштары үнемі топырақта тіршілік етеді. Жеке басының тазалығын сақтамаудың нәтижесінде жуылмаған жеміс-жидек, көкөніс арқылы дененің терісін жарақаттап алған кезде олар адам организміне келіп түседі.

Көптеген ауру тудырғыш микроорганизмдер жер асты суларына өтіп, жұқпалы аурулардың тарауына себеп болады. Сондықтан артезиан суларын, құдық пен Бұлақ суларын пайдаланар алдында қайнату керек. Өзен, көл, тоған сияқты ашық су көздері көбінесе осы микроорганизмдермен ластанады. Су көздерінің тырысқақ, іш сүзегі, қантышқақ ауруларының таралуына себеп болған кездері жиі кездеседі.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Мұхажанова, Н.А.Геоэкология: Оқулық. - Алматы : Экономика, 2015. - 376 б.

  2. Байбатша, Ә.Б.Геология негіздері (геологиялық пәндер): оқулық. - Алматы : Дәуір, 2015. - 560 б.

  3. Базарбаева, Т. А.Геоэкология: Оқу құралы / Т. А. Базарбаева. - Алматы : Казахский национальный университет им. аль-Фараби, 2014. - 260 с.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет