Орта мерзімді жоспар және оның құрылымы



бет1/4
Дата31.12.2021
өлшемі35,79 Kb.
#21885
түріБағдарламасы
  1   2   3   4

Орта мерзімді жоспар және оның құрылымы.

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің білім беру факультеті біргелесе құрастырған Бағдарламасының түйінді идеясы тек мектеп мұғалімдерінің білімдеріне «Оқушыларды мұғалімдер не үшін белгілі бір үлгімен оқытады?», - деген сұраққа жауап беріп қана қоймай, өзінің педагогикалық тәжірибесінде жаңашыл идеяларды кіріктіріп, оны терең түсінуге де мүмкіндік беру болып табылады. Осы аталғанды негізге ала отырып сабақтарды жоспарлаудың тұжырымдамасы қарастырылды. Әр пән бойынша мұғалімдердің жасаған жылдық жоспары тек ұзақ мерзімде жүзеге асып, өзінің өткізген сабағының әрбір өткізілген кезеңі мен оқытуын қадағалауға мүмкіндігі аз. Ал мұғалімнің жеке сабақ жоспары оқытудың негізгі сұрақтарына жауап беріп, меңгеру міндеттерін, білімді бақылау және бекітуге негізделген. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курс Бағдарламасы мұғалімдердің оқу үдерісінің тәжірибелік құрылымын анағұрлым ыңғайлы түрде жасау туралы мәліметтермен толықтырған, атап айтар болсақ: сабақтың бөлімін/модуль қамтитын орта мерзімжі жоспар ұсынылған.

Орта мерзімді жоспар Бағдарламаның барлық жеті модулін кіріктіріп, сыныптағы оқыту тәжірибесінде оқу бағдарламасын  тізбектелген сабақтар топтамасы арқылы меңгертуді көздейді. Орта мерзімді жоспарды әр мұғалім әр сыныпқа өз бетінше жоспарлау үшін қолдана алады.    

  Мұғалім тізбектелген сабақтар топтамасының жоспарын жоспарлауда «тізбектелген сабақтар топтамасы кім үшін», «неге үйрету керектігін» және «бағалаудың қандай әдісін» қолдануды түсінуге әсер ететін жоспарлау бойынша нұсқаулықты қолдана алады.    

Орта мерзімді жоспарлауда тақырып, мақсаты, оқытудың нәтижесі және тізбектелген сабақтар соңында мұғалімнің рефлексиясы болуы тиіс.

Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспарының тақырыбы пән бойынша оқу бағдарламасының бөлімдеріне сай болуы тиіс.

Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспарының мақсаты пән аясында, пәндік, шынайы жүзеге асыра алатындай оқу бағдарламасына сай оқушылардың жүйелі іс-әрекеттері мен тұлғалық нәтижелеріне сай, оқытудың барлық кезеңдерінде мақсатқа сай оң динамиканы қамтамасыз ету болып табылады.

Нақты/жоспарланған SMART-мақсат қысқа мерзімді жоспарлаудың мақсатымен ұштасып, өзара бір-бірімен ықпалдасуы тиіс және олар бір-біріне қарама-қайшы болмауы тиіс.

Тізбектелген сабақтардың орта мерзімдік жоспарындағы жеке сабақтың оқыту мақсаттары мұғалімнің оқушыларға нені үйретуге ұмтылатынын анықтайды. Осы орайда сабақ берудің және оқытудың мақсаттарында мынадай сұрақтар қамтылуы тиіс:

Сіздің көзқарасыңыз бойынша оқушылар қандай білімді меңгерулері тиіс?

Оқушылар қандай түйінді идеяларды түсінулері тиіс?

Оқушылар тарапынан қандай сұрақтарды зерттеп және оған талдау жасаулары тиіс?

Оқытудың нәтижесі сабақта оқушыларды оқыту үшін қойылған мақсат жетістікке жеткізетіндей сәтті түрде жоспар құрылды ма, сол туралы ақпараттар береді.

Оқыту нәтижесі оқушыға бағытталуы тиіс, оқыту барысында оқушыда қалыптасатын дағдысы етістік түрінде айтылып (инфинити) және үлгерім нәтижесіне сай болуы тиіс.  

Тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша рефлексия (пән бойынша мақсаттарға жетуі мен білім сапасының мониторингі), мұғалімнің өз іс-әрекетіне  жаңаша тұжырым негізінде қарап, оқу мен оқыту тәжірибесіне жаңалықты ендіруі түйінді кезеңі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет