Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптары үшін «Айналамен танысу»



жүктеу 259.71 Kb.
Pdf просмотр
Дата28.12.2016
өлшемі259.71 Kb.

Қазақстан Республикасы  

Білім және ғылым министрінің 

2013 жылғы 3 сәуірдегі 

№ 115 бұйрығына 171-қосымша  



 

 

 

 

Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арналған бастауыш білім беру 

деңгейінің 1-4 сыныптары үшін «Айналамен танысу» пәнінен типтік оқу 

бағдарламасы  

 

1. Түсінік хат 

 

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 

тамыздағы  №  1080  қаулысымен  бекітілген  Орта  білім  берудің  (бастауыш, 

негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 

сәйкес  және  орташа  ақыл-ой  кемістігі  бар  балаларды  оқытуға  қажетті  ерекше 

талаптарды қанағаттандыру мақсатымен құрастырылды. 

2.  «Айналамен  танысу»  пәні  оқушыларда  бар  психофизикалық  дамудың 

бұзылыстарын, өмірде қажетті білімді, біліктілік және дағдыларды меңгерудегі 

қиындықтарын  түзету  немесе  деңгейлестіруге  бағытталған,  коррекциялық 

пәндердің циклына кіреді.  

3.  Оқу  пәнінің  мақсаты  –  балалардың  табиғат  туралы  жәй  түсініктерді 

меңгерулері, олардың жақын қоршаған орта құбылыстары және заттары туралы 

түсініктерінің  толысуы  және  жүйеленуі,  сонымен  қатар  дұрыс  жүріс-тұрыс 

дағдыларын қалыптастыру. 

4. Сабақтардың негізгі міндеті: 

1) қоршаған әлемде іс жүзінде бағдарлауға арналған қажетті икемділіктер 

мен дағдыларды қалыптастыру; 

2) әлеуметтік дағдылар мен құзыреттілікті дамыту және қалыптастыру; 

3) заттардың қолданыс түрін есепке ала отырып, олармен іс-әрекеттердің 

тәсілдерін қалыптастыру; 

4)  айналасындағы  адамдармен  сқйлеу  тілінің  және  басқа  да  қарым-

қатынас түрлерінің көмегімен түсінісе білу қабілетін қалыптастыру; 

5) мәдени, әлеуметтік және қоғамда қабылданған ережеге қарай бейімдеу; 

6)  жақын  арада  орналасқан  әлеуметтік  –мәдени  орталықтармен  танысу 

мүмкіндігін тудыру; 

7)  табиғатты  зерттеу  мүмкіндігін  тудыру  және  табиғатқа  деген  жауапты 

қатынасты қалыптастыру. 

5.  «Айналамен  танысу»  оқу  пәні  1-ден  4  сыныптарда  орташа  зияты 

зақымдалған балаларға арналған типтік оқу жоспарына ендірілген. Бір жылда 1 

сыныпта  66  сағатты,  2  сыныпта  68  сағатты,  3  және  4  сыныпта  -102  сағатты 

құрайды. 

6.  Орташа  зияты  зақымдалған  балалардың  қоршаған  әлем  туралы 

түсініктері  тым  кедей,  сондықтан  «Айналамен  танысу»  бағдарламасының 


бөлімі  бойынша  сабақтардың  негізгі  тағайындалуы  оқушыларға  тірі  және  өлі 

табиғат,  жылдың  әр  түрлі  мерзіміндегі  адамдардың  қызметтері,  жергілікті 

қоршаған  ортаның  кейбір  өсімдіктері,  үй  және  жабайы  жануарлар  туралы 

түсінік  беру  қарастырылған,  табиғатта  мерзімдік  құбылыстарды  бақылау 

ұйымдастырылады.  

7.  Оқытушы  жұмыстың  әр  кезеңінде,  жоспарлаудан  бастап,  жүмыстың 

әдістері  және  түрлерін  өз  бетінше  таңдайды.  Бұл  жағдайда  ол  келесі 

дидактикалық қағидаларды пайдаланады: 

1) баланың жан-жақты білімі және оған тиімді де, арнайы көмек көрсету; 

2) 


педагогикалық  тәсілдерді  оқушылардың  мүмкіндіктері  мен 

қажеттіліктеріне және қоршаған орта жағдайына қарай бейімдеу; 

3) 

әдістерді,  дидактикалық  тәсілдерді,  жұмыс  жылдамдылығын 



индивидуализациялау;  

4) оқытылатын материалдың қолжетімділігі; 

5) қиындықтардың біртіндеп өсуі; 

6)  үйрену-оқыту  үдерісіндегі  баланың  белсенді  және  саналы  түрде 

қатысуы; 

7) көрнекілік пен мысалдардың жан-жақтылығы; 

8) интегралды әсер ету (ішкі және пәнаралық байланыстар, мамандардың 

өзара бірлесе іс-әрекет жасауы); 

9)  тұрақты  жетістіктерді  және  оларды  пайдалана  білуді  қалыптастыру 

(материалды  қисынды  орналастыру,  алынған  білім  мен  дағдыларды  үнемі 

бекітіп отыру, оларды күнделікті өмірде қолдану). 

8.  Бағдарламаның  оқу  материалы  зиятының  орташа  деңгейде  бұзылған 

балаларда  өмірде  қажетті  икемділіктерді  және  дағдыларды  қалыптастыруға 

бағытталған.  Қоршаған  ортада  бағдарлау,  көрсетілген  санаттағы  балалар  үшін 

көкейкесті  болып  саналатын  әлеуметтік  бейімдеу  бойынша  жұмыстың  бір 

бағыты 


болып 

табылады. 

Оқыту 

практикалық 



түрде 

жүреді. 


Қалыптастырылатын  икемділіктер  қажеттіліктерді  қанағаттандырумен  және 

күнделікті өмірмен байланысты болады. 

9.  Берілген  курстың  басты  міндеті-қоршаған  шынайы  орта  заттарымен, 

құбылыстарымен танысу негізінде ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Сөйлеу тілінің 

реттеуіш,  сол  сияқты  қатынас  қызметі  де  дамиды.  Балаларды  айтылған  сөзді 

түсінуге,  қажетті  нұсқауларды  орындауға,  өзінің  іс-әрекетін  мұғалімнің 

талабына бағындыруға үйретеді. Қатынас құралы ретінде сөйлеу тіліне үйрету, 

баланың  ересек  адамдармен,  құрдастарымен  қарым-қатынас  жасай  білуді 

қалыптастыруды  көздейді.  Мүмкіншілікке  қарай  сөйлеу  тілінің  лексикалық, 

синтаксистік  жағы,  зияты  орташа  деңгейде  дамымаған  балалардың 

байланыстырылған ауызекі сөйлеу тілі дамиды. 

10. Сабақта сөйлеу тіліне ынталандыруды жоғарылатуға арналған жағдай 

тудыру,  бірқатар  әдістемелік  тәсілдер  мен  жұмыс  түрлерін  пайдалануды  талап 

етеді:  заттармен  орындалатын  әр-түрлі  іс-әрекеттер,  заттық-тәжірибелік 

қызмет,  сан  алуан  оқиғалы-рөлдік  ойындарды  өткізу,  табиғат  күнтізбесімен 

және  табиғатты  бақылау  күнделігімен  жұмыс,  бақылау  негізіндегі  жоспар 

бойынша, оқиғалы суреттер бойынша әңгіме құру және т.б.  


11.  «Айналамен  танысу»  пәнін  оқытудағы  маңызды  жағдай  ондағы  оқу 

материалын  балалардың  өнімді  қызметі барысында  меңгеруі  болып  табылады. 

Заттық-практикалық  қызмет  әрбір  баланың  қажеттілігі  болып  табылады  деп 

есептеледі. 

Оқытушы 

осы 


мақсатпен 

тақырыптарды 

жоспарлағанда 

практикалық  тапсырмаларды  анықтайды,  ал  сабақта  олардың  маңызын  ашып, 

олардың қажеттіліктерін басып көрсетеді. 

12.  1-сыныптың  бағдарламалық  материалына  келесі  тараулар  енеді: 

«Мектеп. Оқушы», «Мен және менің жанұям. Менің достарым», «Менің үйім», 

«Оқу  заттары  мен  ойыншықтар»,  «Жыл  мезгілдері,  табиғаттағы  маусымдық 

өзгерістер»,  «Көкөністер  мен  жемістер»,  «Үй  және  жабайы  жануарлар», 

«Құстар», «Жәндіктер». 

13.  2-  сыныпта  осы  тарауларға  «Менің  қалам,  ауылым»  тақырыбы 

қосылады.  Бұл  тараудың  мазмұнына  балаларды  жақын  маңдағы  қоршаған 

ортамен-көшемен,  сквермен,  қала  (ауыл)  саябағымен,  басты  мекемелермен, 

спорт және мәдени құрылыстармен таныстыру жатады. 3-сыныпта «Транспорт» 

тарауы ендіріледі.  

14.  Берілген  тақырыптар  бірізділікпен  емес,  оқудың  әр-бір  кезеңінде  бір 

тақырып  бірнеше  рет  қайталап  оқытылады.  Жұмыстың  бұлай  орындалуы 

түсініктермен, оларды білдіретін сөздермен ал,ашқы таныстықта, оқушылардан 

оларды  толық та  жан-жақты  түсінуді  және  есте  сақтауды  қажет  етпейтіндігіне 

байланысты  өте  маңызды.  Сөз  алдымен  шектелген,  бірбелгілік  мағынада 

беріледі.  Арықарайғы  жұмыс  барысында  ол  жаңа  мазмұнмен  толықтырылып, 

оның мағынасы  кеңейеді.  Бірнеше  жыл  барысында  бір  тақырыпқа  қайта-қайта 

оралу хабарланған білімді, оларды молайтуға және дамыту үшін өте қажет. 

15.  «Айналамен  танысу»  бағдарламасының  мазмұны  тоқсандықтарға 

бөлінбейді.  Оқытушы  жергілікті  жердің  табиғат  жағдайына  ұарай 

тақырыптарды  оқыту  дәйектілігін  өзгертіп  отырады.  Бір  немесе  қандай  да 

болмасын  тақырыпты  оқуға  арналған  уақытты  бөлу  оқу  материалын 

оқушылардың сапалы түрде меңгеруін қамтамасыз етуге міндетті. 

16.  Төртінші  тоқсанның  басым  уақытын  жыл  бойы  қткедерді  бекітуге 

ұсынылады.  Қайталау  сабақтарын  өткізу  оқу  материалын  берік  меңгеруді 

қамтамасыз  етеді  және  оқытушыға  тапсырмаларды  балаларға  өзгерген,  жаңа 

жағдайда орындауды ұсынуға мүмкіндік береді. Балалар  тәжірибені меңгерген 

материал негізінде жинайды. Бала өз қызметінде шынайы жағдаймен қатынасқа 

түседі.  

17.  Баланың  шынайы  жағдайды  меңгеруі  баланың  қоршаған  әлеммен 

өзара  әрекеттес  болуын  қамтамасыз  ететін  және  қолдайтын  ересек  адамның 

басшылығымен  жүретін  белсенді  үдеріс  барысында  орындалады.  Ең  алдымен 

қоршаған әлемде және әлеуметтік ортада іс-жүзінде бағдарлауға қажет  қызмет 

тәсілдері, икемділіктер қалыптасады. Тәжірибе көрсеткендей зиятының орташа 

бұзылысы  бар  балалар  оларды  жақын  қоршаған  ортаға  бейімделуге 

қабілеттілігін  көрсетеді,  ал  бұл  олардың  жалпы  психологиялық  дамудың 

көрсеткіші мен нәтижесі болып табылады.  

18.  Оқытушылардың  кейбір  балаларды  мектеп  бағдарламасы  бойынша 

пәндерді  оқыту  табысты  болмауы  мүмкін,  сондықтан  зиятының  орташа 



дамымаған  балалардың  белгілі  бір  бөлігінің  оқуға  қабілеттілігін  бағалау 

сындықтары  педагогикалық  үдірістер  аясындағы  оқыту  технологиясының 

нәтижелілігіне  емес,  олардың  қоршаған  әлемді  заттық  және  сезімдік 

бейнелеуін,  адамдар  қоғамындағы  өзін  өзі  тұлғалық  сезінуін  дамыту  негіз 

болатын олардың әлеуметтік алға жылжу тәжірибесіне бағытталады.  

19.  Қажет  болған  жағдайда  берілген  бағдарлама  жеке  дамыту 

бағдарламасын әзірлеуге негіз бола алады. 

20.  «Айналамен  танысу»  пәні  бойынша  орташа  зияты  зақымдалған 

оқушыларды  оқыту  барысында  күтілетін  нәтижелер  шегарасын  және  оларды 

алдын-ала  бағдарлау  мүмкін  емес.  Әр  оқушыда  дамудың  жылдамдығы, 

қабілеттері  мен  шектеулері  өзіндік  ерекшелікте.  Оқушы  дамитын  бағытты 

болжай  алуға  болады.  Зиятының  орташа  бұзылысы  бар  оқушыларды  жалпыға 

ортақ  шәкілге  сай  бағалауға  болмайды.  Жетістік  деңгейін,  дамуды  оқушы 

жетістіктерінің  өзіндік  ерекшелігі  бар  педагогикалық  диагноз  болып 

табылатын, сипаттаушы бағалау көмегімен баға берген орынды.  

21.  Сипаттаушы  бағалау  келесі  ажыратылмалы  ерекшеліктерден  тұруы 

керек: 

1)  ол  жалпылама  бола  алмайды  және  белгілі  бір  кезеңдегі  оқушының 



нақты  жұмысының  қорытындысын  шығарылуы  болуы  тиіс  (сонымен  қатар 

жұмыс мақсатының қысқаша сипатынан мазмұндау керек); 

2) сызбаға ұқсас болмай, индивидуальды болуы керек; 

3)  оның  алдында  бағаланған,  деңгеймен  салыстырғанда  қол  жеткізілген 

деңгейдің  сипатын  мазмұндау  керек  (яғни,  оқушы  бұрынғысынша 

функциялайды ма әлде жақсарды ма, немесе регресс пайда болды ма); 

4)  оқушының  мүмкіндіктеріне  қатысты  оқудағы  жетістіктерінің  барысын 

бағалайтын,  құжат  болуы  тиіс  (оқушы  оған  жоспарланған  материалды  қалай 

меңгергендігі туралы пікір мазмұндалуы керек);  

5)  салмақты  (жағымды)  сараптау  болуы  тиіс  (жетістіктерінің  болмауы 

жағымсыз  бағаланбауы  керек),  бірақ  өзінің  баласы  туралы  жансақ  пікірде 

болмауы үшін, оқушы объективті түрде бағалануы керек. 

22.  «Айналамен  танысу»  сабақтарында  2-  бөлімнің  балаларында 

қалыптастырылатын, оқуға қатысты біліктілік пен дағдылар. 

23. Оқу-ұйымдастырушылық: 

1) оқудың міндеттерін дұрыс түсіну; 

2) сабақ жүргізетін оқу орынын дайындау; 

3) денесін тік ұстап, дұрыс отыруын қадағалау. 

24. Оқу-ақпараттық: 

1) мұғалім ұсынатын суреттерді қарау; 

2)  мұғалім  жетекшілігімен  қоғамдық  өмір  мен  табиғат  құбылыстарын 

бақылау; 

3) мұғалімнің түсіндіргенін, әңгімені тыңдау және түсіну; 

4)  «Айналамен  танысту»  сабақтарында  оқытылатын  заттар  мен  олардың 

белгілерін білдіретін, сөйлеу тілінде қолданылатын сөздерді білу және қолдану. 

25. Оқу-коммуникативтік: 

1) мұғалімнің сұрақтарына жауап беру; 


2) өз достарының жауабын тыңдау; 

3) мұғалім артынан қысқа тақпақтарды қайталау; 

4) көрсету бойынша қолға арналған жаттығуларды орындау; 

5) көрсету бойынша артикуляциялық жаттығуларды орындау; 

6)  бақыланған  құбылыс,  іс-әрекет,  сурет  бойынша  әңгімелейтін  шағын 

сөйлемдерді құрастыру; 

7) жолдастарымен керекті құралдар мен мен аспаптарды бөлісу; 

8) сыныптастарының жанында жұмыс істей білуге үйрену; 

9) парталас жолдасының ауысуына сабырлықпен қарау; 

10) жұмыс орнының ауысуына сабырлықпен қарау. 



 

2. Оқу пәнінің 1 - сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

26.  Мен  және  менің  жанұям.  Менің  достарым.  Баланың  тегі  және  аты. 

Туысқандық  қатынасы:  апа,  әке,  әже,  ата,  аға,  әпке.  Жақын  достарының 

есімдері. 

27. Менің үйім. Бала тұратын аулдың, қаланың аты.  Тұрғын бөлмелердің 

атулары: асхана, жататын бөлме, ас үй, жуынатын бөлме, дәретхана.  

28.  Мектеп.  Оқушы.  Мектеп  жайлары:  сыныптар,  дәліздер,  асхана, 

дәретхана,  дәрігердің,  логопедтің,  психологтың,  директордың  бөлмелері. 

Мектеп  террирориясы.  Мектептегі  тәртіп  ережелері,  оқушының  күн  тәртібі 

және оның міндеттері. 

29.  Оқу  құралдары  мен  ойыншықтар.  Оқу  құралдары:  кітап,  дәптер, 

қарындаш,  қалам  және  т.б  Ойыншықтар:  доп,  мшина,  қуыршақ,  жұмсақ 

ойыншықтар, конструкторлар,пирамидка және т.б. Олардың атқаратын қызметі, 

рөльдік ойындарда пайдалану.  

30.  Жыл  мезгілдері,  табиғаттағы  маусымдық  өзгерістер.  Жыл  мезгілдері 

туралы  түсінік:  көктем,  жаз,  күз,  қыс.  Ауа-райының  сипаттамалары  (жылы, 

суық, аяз, күн, жел, жаңбыр, қар). Жыл бойы ай атаулары. Апта күндері. 

31.  Көкөністер  мен  жемістер.  Көкөністер  (сәбіз,  қияр,  картоп,  қызанақ 

және  т.б);  жемістер  (алма,  алмұрт).  Суретте  оларды  тану.  Көкөністер  мен 

жемістер атаулары. 

32.  Жануарлар.  Үй  жануарлары  (ит,  мысық,  сиыр,  жылқы  және  т.б); 

жабайы  жануарлар  (қасқыр,  аю,  қоян  және  т.б).  Суретте  оларды  тану. 

Жануарларды атау. 

33.  Құстар.  Үй  құстары  (тауық,  қаз,  үйрек  және  т.б);  Жабайы  құстар 

(сауысқан, қарға және т.б). Суретте оларды тану. Құстарды атау. 

34. Жәндіктер. Қоңыз, көбелек. Суретте оларды тану. Жіндіктерді атау. 



 

3. Оқу пәнінің 2 - сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

35.  Мен  және  менің  жанұям.  Оқушының  аты,  тегі,  от  басы  мүшелерінің 

аттары, өзінің туылған күні. Ауызша сөйлеу тілінде есімдіктерді қолдану (мен, 

ол, біз, сіз, олар).  



36.  Менің  үйім.  Өзінің  мекенжайы:  көшенің  атуы,  үй,  пәтер  номері.  Үй 

жиhаздары:  үстел,  кереует,  және  т.б.  Үйдегі  тәртіп  ережелері,  отбасының 

тапсырыстары.  

37. Мектеп. Оқушы. Сынып бөлмесіндігі заттар: қабырға, төбе, еден, есік, 

терезелер,  тақта,  парта,  үстел.  Сабақтағы  оқушының  міндеттері.  Сынып 

кезекшісінің міндеттері.  

38. Оқу құралдары мен ойыншықтар. Оқу құралдары, олардың атқаратын 

қызметі.  Оқу  заттары  мен  ойыншықтар:  олардың  атқаратын  қызметі  бойынша 

ажырату және салыстыру және оларды пайдалана білу. 

39. Менің қалам (ауылым). Оқушылар тұратын қаланың, ауылдың атауы. 

Басты алаңдар мен көшелердің атауы. Көшелердің мерекелік безендірулері. 

40.  Жыл  мезгілдері,  табиғаттағы  маусымдық  өзгерістер.  Жыл  мезгілдері: 

көктем, жаз, күз, қыс. Ауа-райының сипаттамалары (жылы, суық, аяз, күн, жел, 

жаңбыр, қар).  

41.  Кешегі  және  бүгінгі  ауа-райы.  Күзгі  айлардағы  табиғаттағы 

өзгерістер:  жапырақтардың  түсуі,  құстардың  ұшып  кетуі,  суыту,  жаңбырлы 

күндер  /экскурсия/.  Қыс  айлардағы  табиғаттағы  өзгерістер:  суық,  қар,  мұз, 

жапырақсыз  ағаштар,  жеміссіз  ағаштар,  аяз.  Көктем  айларындағы  табиғаттағы 

өзгерістер:  күннің  жылуы,  мұз  сүңгілері,  құстардың  ұшып  келуі,  ағаштардың 

бүршік жаруы. 

42.  Өсімдіктер.  Сыныпта  өсетін,  бөлме  гүлдері.  Бөлме  өсімдіктерін  күту 

және суғару. 

43.  Көкөністер.  Қызанақ,  қияр,  сәбіз.  Көлемі,  түсі,  пішіні,  дәмі,  иісі 

бойынша  ажырату.  Көкөністердің  пайдасы.  Шикі  және  піскен  көкөністерді 

салыстыру.  Көкөністен  даярланатын  негізгі  тамақ.  «Тұқымы  мен  сабағы» 

дидактикалық ойыны.  

44.  Жемістер.  Алма,  алмұрт.  Көлемі,  түсі,  пішіні,  дәмі,  иісі  бойынша 

ажырату:  

1) жемістерді тамаққа пайдалану, олардың пайдасы. Компот дайындау. 

45.  Жидектер.  Құлпынай,  таңқурай.  Дәмі,  көлемі,  өңі  бойынша 

салыстыру:  

1)  жидектерді  тамаққа  пайдалану,  олардың  пайдасы.  Жидектерден 

қайнатылған тосап. 

46. Үй жануарлары. Мысық, ит, сиыр, жылқы, қой, ешкі. Үй жануарларын 

атау. Cыртқы түрі, тамақтануы, жүріс–тұрыстары, үй жануарлардың пайдасы. 

47.  Жабайы  жануарлар.  Қасқар,  түлкі,  қоян.  Жабайы  жануарлардың  өмір 

салты, сыртқы түрі, тамақтануы. 

48.  Үй  құстары.  Тауықтар  мен  қаздар.  Үй  құстарының  сыртқы  түрі, 

адамдарға пайдасы, құстарды күту және қамқорлау. 

49. Жабайы құстар. Торғайлар, қарға. Сыртқы түрі, тамақтануы, тигізетін 

пайдасы. 

50. Жәндіктер. Ара. Құмырсқа. Сыртқы түрі, адамдарға пайдасы.  



 

 

 

4. Оқу пәнінің 3 - сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

51.  Мен  және  менің  жанұям.  Оқушының  аты-жөні,  тегі.  Туылған  күні. 

Ата-анасының аты-жөні. Сыныпта және ауладағы жақын достарының аты-жөні. 

Мектептің және үйдің мекен-жайы. От басы мүшелерінің үй ішілік міндеттері.  

52.  Мектеп.  Мектептің  бөлмелеріжәнерекреациялары. 

Акт  залы, 

кітапхана,  шеберхана,  гараж,  спорттық  алаң.  Мектептің  негізгі  бөлмелерінің 

қызметі. 

53. Көлік. Жол ережелері. Көлік: автобус, троллейбус т.б. Мектеппен үйге 

баратын  жол.  Көшені  жер  асты  жолы  арқылы  өтудің  және  бағдаршамның 

жасыл түсіне өту ережелері. 

54. Менің қалам (ауылым). Республика, қала, ауыл атауы:  

1)  баланың  тұратын  жерінің  маңызды,  көрнекті  жерлерін  (өзен,  көл, 

таулар және т.б). Мерекелер: жаңа-жыл, 8-наурыз, 22-наурыз. 

55.  Жыл  мезгілдері,  табиғаттағы  маусымдық  өзгерістер.  Табиғатта, 

өсімдіктер және жануарлар өміріндегі, маусымдық өзгерістер. Күзгі айлардағы 

суыту,  жаңбырлы  күндер,  суық  желдер,  жапырақтардың  түсуі,  шөптердің, 

гүлдердің қурауы. Құстардың ұшып кетуі. Қыста  – суық, аяз, қар, мұз, тайғақ. 

Көктемде:  күннің  жылуы,  қардың  еруі,  құстардың  ұшып  келуі,  ағаштардың 

бүршік  жаруы,  гүлдену.  Ауа-райы  (ашық,  бұлтты,  суық,  күн  шуақты,  қар, 

бұршақ). Күнделікті ауа-райы. 

56. Өсімдіктер. Көкөністер. Сәбіз, пияз, қырыққабат. Оларды түсі, пішіні, 

иісі бойынша ажырату. Көкөністердің пайдасы. 

57.  Жемістер.  Лимон,  апельсин  және  т.б.  Оларды  түсі,  пішіні,  иісі 

бойынша ажырату:  

1)  көкөністердің  пайдасы.  Көкөністер  мен  жемістер.  Салыстыру. 

«Бақшада не өседі?» дидактикалық ойын. Көрнекі бейнесі бойынша көкөністер 

мен жемістердің классификациясы, жалпылама сқздерді қолдану. 

58. Жидектер. Өрік, алхоры, бүрген, шие. Жергілікті жидек түрлері: 

1)  түсі,  пішіні,  дәмі,  иісі  бойынша  ажырату.  Жидектердің  пайдалы 

қасиеттері. 

59. Ағаштар. Жергілікті ағаштар: қайың, үйеңкі, шегіршін, емен және т.б 

(экскурсия). 

60.  Бөлме  өсімдіктері.  Сыныптағы  бөлме  өсімдіктері.  Бөлме  өсімдіктерін 

күту  (гүл  саутты,  сауыттың  астына  қоятын  ыдысты  жуу,  жапырақтың  шаңын 

сүрту). Гүлдер: раушангүл, қалампыр. Құмыраға салынған гүлдерді күту. 

61.  Үй  жануарлары.  Сиыр  және  шошқа.  Сыртқы  түрі,  денеенің  негізгі 

бөліктері, адамдарға тигізетін пайдасы.  

62.  Жабайы  жануарлар.  Аю,  ақ  бөкен.  Сыртқы  түрі,  жүріс-тұрысы, 

қоректенуі, мекен ету аясы. 

63.  Құстар.  Сауысқан,  тоқылдақжәне  жергілікті  құстар.  Сыртқы  түрі, 

жүріс-тұрысы, қоректенуі, мекені. Құстар мен жәндіктерді салыстыру. 

 

 

 


5. Оқу пәнінің 4 - сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

64.  Менің  үйім.  Мекен  -жайы,  мектепке  баратын  жол.  Отбасындағы 

сөйлеу мәдениеті:  

1)  үйдегі  бөлмелердің  және  жататын  бөлме,  асхана,  ас  бөлмелеріндегі 

жиhаздың  (үстел,  орындық,  диван,  төсек,  шкаф)  атаулары.  Ересектер  мен 

балалардың отбасындағы еңбегі. 

65.  Көлік.  Жол  ережелері.  Жол  жүру  ережелері,  көшеден  өту  ережелері, 

бағдаршам  белгілері.  Балалардың  көшеде,  көлікте  қоғамдық  орындарда  өзін 

ұстау ережелері. 

66.  Менің  қалам  (ауылым).  Қала,  ауылдың  басты  көшелері.  Қала, 

ауылдың  негізгі  мекемелері  (әкімшілік,  емхана,  мектеп,  мәдениет  орталығы, 

мұражай, вокзал). 

67. 

Жыл  мезгілдері,  табиғаттағы  маусымдық  өзгерістер.  Жыл 



мезгілдерінің  белгілері,  жыл  мезгілдеріне  қарай  өсімдіктер  және  жануарлар 

өміріндегі өзгерістер. Қыста табиғаттың маусымдық өзгерістері: түннің ұзаруы, 

аяз, қар, боран, жапырақсыз ағаштар. Қыстап қалатын құстарды бақылау және 

тамақтандыру.  Көктем  айларындағы  табиғаттағы  өзгерістер:  күннің  ұзаруы, 

жылуы,  мұз  бен  қардың  еруі,  мұз  сүңгілері,  көктемнің  алғашқы  гүлдері,  ала 

кеуім жерлер, ағаштардың бүршік жаруы және бірінші жапырақтар, құстардың 

ұшып келуі, бірінші найзағай. Жаз айларындағы табиғат өзгерістерін бақылау: 

құрғақ, ыстық ауа-райы, жылы жаңбыр, шөптің гүлденуі. Жазғы өнімді жинау. 

Бақ және бақшада жүргізілетін күздік, көктемдік жұмыстар.  

68.  Көкөністер.  Осы  мекенде  көп  таралған  көкөністерді  білу.  Қызылша, 

бұрыш,  асқабақ.  Тәжірибелік  жұмыс:  пиязды  терезе  алдында  өсіру,  өсуін 

бақылау және күту.  

69. Жемістер. Осы мекенде көп таралған жемістер. Құрма мен анар. Түсі, 

пішіні,  дәмі  және  иісі  бойынша  салыстыру.  Бақшалық  өсімдіктер  қарбыз, 

қауын, оларды түсіне, пішініне, дәміне қарай ажырату. 

70. Жидектер. Жергілікті жидектер. Таңқурай, құлпынай, қарақат:  

1)  түсі,  пішіні,  дәмі  және  иісі  бойынша  салыстыру.  Жидектерден 

дайындалған тосап. 

71.  Бұталар.  Қарақат,  таңқурай  бұталары.  Бұталарды  ағаштармен 

салыстыру. 

72. Ағаштар. Бұл мекенде жиі кездесетін ағаштар:  

1) ағаштың құрылымы: тамыр, діңгек, бұтақтар, ағаштың ұшар басы. 

73.  Бөлме  өсімдіктері.  Үлкен  жапырақты  бөлме  өсімдіктері:  фикус, 

бегония.  Тәжірибе  жұмысы:  оларды  күту  (суару,  жапырақтың  шаңын  сүрту). 

Салыстыру, ажырату және атау: ағаштар, бұталар, гүлдер. 

74.  Үй  жануарлары.  Үй  жануарларының  төлдерін  атау,  «үй  қояны»  тірі 

табиғат  бұрышындағы  жануарлар:  дененің  негізгі  бөліктері,  қоректенуі, 

қозғалысы. 

75.  Жабайы  жануарлар.  Жолбарыс,  архар.  Сыртқы  түрі,  дене  мүшелері, 

өмір сүру салты, қоректенуі, қозғалысы. 



76.  Құстар.  Қараторғай,  ұзақ.  Сыртқы  түрі,  дене  мүшелері,  дененің 

қауырсындары.  Адамдарға  тигізетін  пайдасы.  Қыста  тамақтандыру,  көктемде 

құстарды  қарсы  алуға  дайындау.  Үйдің  қасында  құстарды  бақылау  және 

құстарға арналған жемшашар. 

77. Жәндіктер. Шыбын, қанқыз, маса. Аталуы, сыртқы түрі, мекені. 

78.  Балықтар.  Бұл  мекенде  жиі  кездесетін  балықтар.  Сазан,  алабұға. 

Сыртқы түрі, дене мүшелері, мекені, қоректенуі, қозғалысы: 

1) сыртқы түрі, мөлшері, әрекеті, жануарлар, құстар, жәндіктер, балықтар 

ортасының мекені бойынша салыстыру. 

 

6. 1 - сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар. 

 

79. Пәндік нәтижелер. Оқушылар:  

1)  өзінің  аты-жөнін,  тегін  және  отбасы  мүшелерінің  аттарын,  жақын 

достарының аттарын;  

2)  негізгі  оқытушы,  тәрбиешілердің  аты  мен  тегін;  туған  қала,  ауылдың 

аталуын;  

3) суретте жыл мезгілдерін тани;  

4) оқу құралдарының атауларын;  

5) тамақта қолданылатын, көкөністер мен жемістер атауларын білуі керек. 

80. Тұлғалық нәтижелер. Оқушылардың:  

1)  мектептегі  және  сабақтағы  ережелерді  орындауынан;  күн  тіртібін 

орындауынан; 

2) жыл мезгілдеріне сай киіне білуінен көрініс табады.  

81. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер. Оқушылардың:  

1)  өзінің  от  басы  мүшелерінің  барлығын  аттарымен  атап,  оларды 

фотоальбомда көрсете алуымен;  

2) оқу құралдарымен дұрыс пайдала алуымен;  

3) табиғаттағы өзгерістерді бақылай алуымен;  

4)  республиканың  ән  ұраны  орындалғанда  қолдарын  кеуделеріне  қойып, 

дұрыс тұра білуімен;  

5) көкөністер мен жемістерді түсі, пішіні, дәмі бойынша ажырата білулері 

керек.  Заттар  атаулары  мен  табиғат  құбылыстарын  дұрыс  айта  алуымен 

айқындалады. 

 

7. 2- сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

82. Пәндік нәтижелер. Оқушылар:  

1)  сабақ  барысында  және  үзілістегі  кезекші  оқушының  міндеттерін; 

оқушының  мектептегі  ережесін;  мектеп  құралдарын,  олардың  атқаратын 

қызметін; өз үйінің мекен-жайын; 

2) негізгі көкөністер мен жемістерді, олардың сыртқы түрін;  

3) бағдарлама бойынша үй және жабайы жануарларды;  

4) бағдарлама бойынша құстар мен жәндіктерді білуі тиіс. 

83. Тұлғалық нәтижелер. Оқушылардың:  


1) мектептегі және сыныптағы ережелерді орындауларынан;  

2) оқытушының берген тапсырмаларын орындай алуынан;  

3) пәтерде, үй ауласында, сыныпта тазалықты сақтауынан;  

4) бөлме өсімдіктерін күте білуінен көрініс табады.  

84. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер. Оқушылардың:  

1) мектеп ғимаратында бейімделуімен;  

2) отбасы мүшелерін дерексіз суреттен атау және ажыратуымен: ана, әке, 

апа, ата, аға және әпке (үлкен, кіші);  

3) үлкендер мен балаларға өтініш, қалауларды, сәлемдесуді білдіруімен;  

4) оқу құралдарын және ойыншық заттарын салыстырумен;  

5)  әр-түрлі  жыл  мезгілдерінде  өсімдіктер  мен  жануарлар  өміріндегі 

өзгерістерді бақылауымен;  

6)  көкөністер  мен  жемістерді,  үй  жануарлары  мен  жабайы  жануарларды 

салыстыруды.  Заттар  мен  табиғат  құбылыстарын  дұрыс  атай  алуымен 

айқындалады. 

 

8. 3- сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

85. Пәндік нәтижелер. Оқушылар:  

1)  өзінің  аты-жөнін,  тегін,  ата-анасының  аты-жөнін,  жақын  достарының 

аты-жөндерін;  отбасындағы  балалардың  міндеттерін;  өзінің  туылған  күнін; 

мекен жайын;  

2)  бала  тұратын  республика,  қала,  ауылдың,  негізгі  көрнекі  жерлерінің 

(өзен, тау т.б) атауларын;  

3)  Наурыз,  Жаңа-  жыл,  8-наурыз  мерекелерін;  гүлдерді  атау-раушангүл, 

қалампырды білуі тиіс. 

86. Тұлғалық нәтижелер:  

1) оқушылар мектепте және сабақтардағы ережелерді орындауынан;  

2) үй шаруасы бойынша қолдан келетін міндеттерді орындауынан;  

3) сынып оқушылары арасындағы жақсы қарым-қатынаста болу, үлкендер 

мен сыныптастарына сыйласымдық қатынаста болуынан көрініс табады. 

87. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер. Оқушылар:  

1)  жақын  қоршаған  ортаға  бағдарлана  білу:  маңайындағы  көшелердің 

атын білу, қоғамдық көлікте өзін дұрыс ұстауды; бөлме өсімдіктерін күтуді (гүл 

сауытты,  сауыттың  астына  салынатын  ыдысты  жуу,  жапырақтардың  шаңын 

сүрту),  гүлдерді  сауытқа  қоюды,  сауыттағы  суды  ауыстыруды; көкөністер  мен 

жемістерді  түсі,  пішіні,  көлемі,  дәмі,  иісі  бойынша  атау  және  ажыратуды; 

бағдарлама  бойынша  үй  және  жабайы  жануарларды,  құстарды,  жәндіктерді 

тану және салыстыра білу керек. 



 

9. 4- сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

88. Пәндік нәтижелер. Оқушылар:  

1) үйінің мекен-жайын, мектепке баратын жолды;  


2)  бөлмелердің  және  асхана,  жататын  бөлме  жиһаздарының  аталуларын, 

балалардың көшеде, көлікте, қоғамдық орындарда жүру ережелерін;  

3) қала, аулдың бастапқы көшелерін;  

4)  жыл  мезгілдерінің  белгілерін;  жыл  мезгілдеріне  қарай  өсімдіктер  мен 

жануарлардың  өмірлеріндегі  өзгерістерінің  тәуелділіктерін;  осы  мекенде  көп 

таралған  көкөністер,  жемістер,  жидектер; бағдарлама бойынша  қарастырылған 

жануарлардың  сыртқы  түрлерін;  үй  және  жабайы  жануарлар  арасындағы 

айырмашылықтарды;  

5) жануарлар, құстар, жәндіктер және балықтардың мекенін. 

89. Тұлғалық нәтижелер. Оқушылардың:  

1)  ата-аналарына,  ересектерге  қалаулары,  сұраулары,  тапсырыстары 

бойынша  жүгіне  білулері  керек  және  үлкендерге,  сыныптастарына 

сыйластықпен қарау, олардың сөздерін бөлмеуінен;  

2)  ересектердің  еңбегін  сыйлай  білуінен,  отбасындағы  тапсырмаларды 

орындай  білуінен;  көшеден  өту  ережелерін,  қоғамдық  жерлерде  жүру 

ережелерін орындай білуінен көрініс табады.  

90. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер. Оқушылардың:  

1) табиғаттағы маусымдық өзгерістерге бақылау жүргізуімен;  

2)  сыртқы  көрінісі  және  дәмі  бойынша  көкөністер  мен  жемістерді 

ажыратуды; терезенің жанында пиязды өсіруімен;  

3) бөлме өсімдіктерін және мектеп алаңындағы өсімдіктерді күтуімен;  

4)  ағаштарды,  бұталарды,  гүлдерді  салыстыру  және  ажыратуымен;  үй 

жануарларын  күтуімен;  бағдарламада  берілген  үй  жануарларын,  құстар, 

жәндіктер, балықтарды атаумен және салыстырумен айқындалады.  



 

Каталог: sites -> default -> files
files -> Мұратбеков Сайын
files -> ҚазҰТУда «Ерлігі жүрегінде елінің» атты Зейнеп Ахметовамен кездесу өтті
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
files -> БАҒдарламасын дамыту жолдары ақашева Ә. С г.ғ. к., доц., Дүйсебаева К. Ж. г.ғ. к., доц
files -> А. Т. Селкебаева
files -> Бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін) Түсінік хат
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет