Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптары үшін «Қазақ тілі, оқу және тіл дамыту»



Pdf көрінісі
Дата28.12.2016
өлшемі183,55 Kb.
#625

Қазақстан Республикасы  

Білім және ғылым министрінің 

2013 жылғы 3 сәуірдегі 

№ 115 бұйрығына 168-қосымша   



 

 

 

Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арналған бастауыш білім беру 

деңгейінің 1-4 сыныптары үшін «Қазақ тілі, оқу және тіл дамыту» пәнінен 

типтік оқу бағдарламасы  

(оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін) 

 

1. Түсінік хат 

 

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 

тамыздағы  №  1080  қаулысымен  бекітілген  Орта  білім  берудің  (бастауыш, 

негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 

сәйкес  және  орташа  ақыл-ой  кемістігі  бар  балаларды  оқытуға  қажетті  ерекше 

талаптарды қанағаттандыру мақсатымен құрастырылды.  

2.  Бағдарлама  негізіне  зерде  дамуы  бұзылған  балалардың  ерік-жігер 

сферасы  мен  танымдық  әрекеттерін  дамытуға  бағытталған  оқыту  жүйесі 

алынды. 

3.  Сауаттылықты  меңгеру  (оқу  мен  жазудың  бастапқы  дағдылары)  – 

күрделі  психофизиологиялық  үдеріс.  Оны  жүзеге  асыру  үшін  көру,  сөйлеу 

қимыл-қозғалыстық,  сөйлеу-есту  және  кинестетикалық  анализаторлар 

қатысады.  Сауаттылықты  табысты  меңгеру  үшін  баланың  психикалық  үдеріс 

деңгейінде қабылдау, зейін, есте сақтау, ойлау, сөйлеу тілі үдерістерінің ерікті 

реттелуін қамтамасыз етуін болжайды. 

4.«Қазақ  тілі,  оқу  және  тіл  дамыту  элементтерін  дамыту»  сабағының 

негізгі  мақсаты  –  балаларда  қол  жетерлік  қарым-қатынас  құралдарын  (тілдік 

және және тілдік емес), жақсы мінез-құлықты, оқудың  қарапайым дағдыларын 

қалыптастыру  болып  табылады.  Оқытудың  қарым-қатынастық  бағыттылығы, 

шынайы  жағдайларды  сезінуі  сөйлеу  тілін  және  сауаттылық  элементтерін 

дамыту  сабағының  бағдарламалық  және  әдістемелік  қамтамасыздандырудың 

негізгі қағидаларының бірі болуы тиіс. 

5.  Мұғалім  бағдарламалық  материалды іріктеу  барысында  әрбір  баланың 

танымдық  мүмкіндіктерін  және  қалыптасатын  білімдердің  өз  бетінше 

күнделікті  өміріне  пайдалана  алуын  ескеру  қажет:  кейбір  балалар  жеке  сөздер 

мен  сөйлемдерді  жазудың  қарапайым  дағдыларын,  кейбір  балалар  әріптер  мен 

сөздерді,  графикалық  белгілерді  танып  білуді  және  көшіріп  жазу  дағдыларын 

үйренеді. 

6. Бағдарлама материалдары шартты түрде сыныптарға бөлінген. Алайда, 

оқу  барысында  мұғалім  балалардың  ерекшеліктерін  ескеріп,  оқу  материалын 

кезеңдерге  бөлуіне  болады  (1-кезең:  1-4  сыныптар,  2-кезең:  5-7  сыныптар;  3-

кезең: 8-9 сыныптар).  



7.  Әр  кезеңнің  мазмұны  құрылымды  түрде  өзара  байланысуы  керек. 

Бағдарламада  ұсынылған  материалды  берілген  кезеңде  барлық  оқушылардың 

меңгермеуі  де  мүмкін.  Бұндай  жағдайда  меңгерілмеген  кезең  тақырыптары 

келесі кезеңде өтіледі.  

8.  Сөйлеу  тілі  және  сауаттылық  элементтерін  дамыту  сабағын  өткен 

материалды көп рет қайталау қажеттілігін, өткен тақырыптарға біртіндеп жаңа 

элементтерді енгізуді ескеріп жоспарлау қажет. Оқытудың барысына қарай, әр 

оқушының  жеке  ерекшеліктеріне  байланысты  материалды  өту  қарқыны 

баяулайды немесе көбейе түседі.  

9.  Оқытудың  бастапқы  кезеңінде  зерде  бұзылысы  бар  балалардың  жеке 

ерекшеліктерін  ескеріп,  сөйлеу  тілін  дамытуға,  танымдық  әрекеттерін 

белсендіруге,  оқу  мен  жазудың  эелементтерін  қалыптастыруға  бағытталған 

сөйлеу тілі және сауаттылық элементтерін дамытужәне оқу сабақтарын бірегей 

кіріктірілген  сабаққа  біріктіру  керек.  Сонымен  қатар,  «Қоршаған  әлем», 

«Әлеуметтік-тұрмыстық  бағдарлану»,  «Өзіне-өзі  қызмет  ету»,  «Еңбек  және 

бейнелеу өнері» сабақтарымен де өзара байланыс орнату қажет.  

10.  Мұғалім  игерілетін  материал  кезектілігін  өзгертуге,  оны  жылдар 

(сыныптар)  мен  оқыту  кезеңдеріне  қайта  бөліп  қарастыруға,  күрделендіруге 

немесе  жетілдіруге,  әрбір  оқушыға  оқытудың  жеке  бағдарламаларын  жасап 

шығаруға,  оқу  жоспары  аясында  игеретін  материал  уақытын  анықтауға 

мүмкіндік  беріледі.  Бір  сыныпта  оқитын  оқушылар  бағдарламалық 

материалдағы  оқутыдың  әртүрлі  кезеңдерінде  (сыныптарында)  бола  отырып, 

мұғалім  жасаған  және  білім  беру  мекемесінің  кеңесі  бекіткен  жеке 

бағдарламалармен және жоспарлармен жұмыс жасай алады. 

11. 

Сыныпта  оқушылардың  жеке  ерекшеліктерін  ескеріп,  оқу 



материалының  мазмұнын  бірінші  кезеңнен  үшінші  кезеңге  дейін  кеңейтіп, 

оқуды келесі тақырыптар бойынша ұйымдастыру ұсынылады: 

1) «Мен»; 

2) «Менің отбасым»; 

3) «Менің үйім»; 

4) «Менің ойыншықтарым»; 

5) «Менің мектебім»; 

6) «Мен қоршаған ортаны танимын»; 

7) «Жануарлар әлемі»; 

8) «Өсімдіктер әлемі»; 

9) «Табиғат құбылыстары». 

12.  Қазақ  тілі,  оқу  және  тіл  дамыту  элементтерін  дамыту  бойынша 

жүргізілетін жұмыс келесідей міндеттері шешуді болжайды: 

1) көріп қабылдауын және естіп қабылдауын дамыту; 

2) қимыл-қозғалыс координациясын, ұсақ қол бұлшықеттерін дамыту; 

3) артикуляциялық моторикасын дамыту; 

4) сөйлеу тілін түсінуін дамыту; 

5) балаларда қол жетерлік қарым-қатынас құралдарын қалыптастыру; 

6) фонематикалық есту қабілетін дамыту. 


13.  Бағдарлама  оқушылардың  танымдық  іс-әрекетіндегі  ерекшеліктерді 

және  сөйлеу  тілі  дамуының  деңгейін  есепке  ала  отырып  құрастырылған  және 

оқытудың  қарапайым  практикалық-бағыттылығын  болжайды.  Мұғалім 

қалыптасқан  қимыл  дағдыларын  ескеріп,  жалпы  моторикасын  дамытуға, 

сондай-ақ  қол  саусақтары  мен  білезіктерінің  топтастырылған  қозғалыстарын 

дамытуға арналған жаттығуларды іріктеп алуға тиісті.  

14.  Зерде  бұзылыстары  бар  бұл  топтағы  оқушылардың  сөйлеу  тілі  әр 

түрлі дейгейде дамыған: кейбір балалар тілдік емес сөйлеу тілін, былдырлауды 

қолданады,  ал  кейбіреулері  қарым-қатынастың  тілдік  дағдыларын  меңгерген. 

Балалардың  белсенді  сөйлеу  тілін  белсендіруді  ойын  кезінде,  көрнекі-бейнелі 

жағдайларда, баланың затпен практикалық іс-әрекетке түсуі барысында жүзеге 

асыру керек.  

15. Сөйлеу тілін дамыту және қоршаған ортаны танып білу біртұтастықты 

құрайды. Баланың сөйлеу тілін айналасындағы қоршаған заттарды пайдаланбай 

дамыту  мүмкін  емес.  Сонымен  қатар,  заттардың  атауын  атамай,  олармен 

жасалатын  іс-әрекетті  көрсету  мүмкін  емес.  Сөйлеу  тілін  дамытуда  оқытудың 

бастапқы  кезеңінің  басты  міндеті  –  қоршаған  әлемдегі  заттардың  атауларын, 

заттармен  әрекеттесуін  білдіретін  сөздермен  оқушылардың  сөздік  қорын 

байыту.  Балаларды  сабақ  кезінде  ойыншықтардың,  таныс  заттардың,  іс-

әрекеттің,  белгілердің  аттарын  атауға,  өз  қалау-тілектерін  өздеріне  ыңғайлы 

дыбыстық  немесе  белгілік  (ишара,  пиктограмма  және  т.б.)  түрде  жеткізуге 

итермелеу қажет. 

16.  Оқытуды  көрнекіліктер  мен  практикалық  іс-әрекеттер  негізінде 

сақталған  анализаторларға  сүйене  отырып,  жүзеге  асыру  ұсынылады.  Сөздік 

ережелер  қарапайым,  қол  жетерлік,  біркелкі  кезектілікпен  бірнеше  рет 

қайталануы, әр түрлі дауыс ырғағымен айтылуы шарт. 

17.  Мұғалімге  сабақта  түсінгенін  дамытуға  және  грамматикалық  түрлер 

мен  тіл  категорияларын  практикалық  түрде  игертуге  арналған  жұмыстар 

жүргізу ұсынылады. Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын меңгеру сөздік 

қорын  байытумен  және  сөйлемді  сөйлеу  тілінің  бірлігі  ретінде  практикалық 

таныстыруымен  қатар  жүреді.  Балаларды  жұрнақ-жалғауларды  дұрыс  қолдана 

білуге үйрету өте маңызды.  

18.  Мұғалімнің  міндеті  сабақта  баланың  айналадағы  тұлғалармен, 

мұғаліммен  қарым-қатынасқа  түсуге  қажеттілігін  және  өз  қалауын 

келтіретіндей  жағдай  туғызу  болып  табылады.  Мұғалім  сыныпта  жағымды 

эмоционалды  көңіл-күйді,  әрбір  балаға  зейін  аударуды,  мейірімділік  аясын 

қалыптастыруға ұмтылуы керек.  

 

2. Оқу пәнінің 1-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

19. Жағымды көңіл-күйді қалыптастыру: 



1) дидиактикалық ойындар мен заттық-ойындық әрекеттерді пайдаланып, 

бала  мен  ересектің  арасындағы  жағымды  көңіл-күйді  орнату  үшін  жағдай 

жасау; 


2)  бала  мен  ересектің  арасында  орындалатын  жұмысты  бірге  жасау 

қабілетін қалыптастыру. 

20. Балалардың зейінін, көру және есте сақтау анализаторларын дамыту

1) ересек адамның бетіне тура қарауды, заттарға көз тоқтатуды, қозғалып 

жатқан  заттарға  қарауға,  объектінің  пайда  болуына  және  жоғалуына  зейін 

аударуға үйрету. 

21. 

Қимыл-қозғалыс,  ұсақ  моторика  және  қол  саусақтарының 



координациясын дамыту: 

1) педагогтың нұсқауы бойынша музыкалық ойыншық-аспаптарды алуға; 

2)  қол  саусақтарына  арналған  арнайы  жаттығуларды  қолдануға 

(«Сақина», «Құстар ұшты», «Саусақтар амандасты» және т.б.) үйрету. 

22. Сөйлеу тілін түсінуді дамыту: 

1)  әртүрлі  дыбыс  шығаратын  заттарға  қатысты  балада  ізденіс  әрекетін 

ұйымдастыру; 

2) тілдік және тілдік емес дыбыстарды ажырата білуді үйрету; 

3) баламен қарым-қатынасқа түсіп тұрған адамға зейінін тоқтату, тыңдау, 

қарау дағдысын дамыту. 

23. Балаларға қолжетімді қарым-қатынас амалдарын қалыптастыру: 

1)  қарым-қатынас  кезінде  жауапты  жағымды  эмоционалды  (күлімдеу, 

күлкі) және сөздік (дыбысқа еліктеу) жауап қайтаруды үйрету; 

2)  ишарамен,  дене  қозғалыстарымен  әрекеттерді  көрсетуді  үйрету 

(соғады, жүреді, ұйықтайды, секіреді және т.б.); 

3)  өзінің  қажеттіліктері  мен  тілектерін  әрекеттер  мен  дыбыстармен 

айтуды дамыту. 

24. Естіп қабылдауы мен естуін дамыту: 

1) түрлі заттар шығаратын дыбыстармен оқушыларды таныстыру; 

2)  сынып  ішіндегі,  терезе  сыртындағы,  өзге  бөлмеден  шығатын 

дыбыстарды тыңдай білуге үйрету. 

25.  Артикуляциялық  моторикасын  дамыту:  дыбыстарға  еліктеу  қабілетін 

дамыту. 

26.  Белсенді  сөйлеу  тілін  жетілдіру  және  дамыту,  сөйлеу  тілі  қарым-

қатынасының тәжірибесін және меңгеру тәсілдерін жинақтау: 

1)  өлеңнің  сөздерін  тыңдауға,  оларды  ишарамен  сипаттауға,  ересекке 

қарап,  ойындық  іс-әрекеттерді,  жеңіл  би  қозғалыстарынорындауға  (қолымен 

бұлғау, отыру, аяғын басу, алақанымен өлең ырғағына сәйкес шапалақтау және 

т.б.) үйрету; 

2) еліктеуге үйрету керек: 

жануарлардың дыбыстарына (ав-ав, му-му, мяу, ку-ку және т.б.); 

көлік дыбыстарына (би-би, ту-ту, уу және т.б.); 

музыкалық аспаптар мен ойыншықтарға (ду-ду, бом-бом және т.б.). 

 

3. Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

27.  Жағымды  көңіл-күйді  қалыптастыру:  сабаққа  жағымды  көңіл-күйді 



орнату. 

28.  Балалардың  зейінін,  көру  және  есте  сақтау  анализаторларын  дамыту

объектінің пайда болуына және жоқ болуына зейін аудара білуге үйрету. 

29. 

Қимыл-қозғалыс,  ұсақ  моторика  және  қол  саусақтарының 



координациясын дамыту: 

1)  допты  және  басқа  әртүрлі  көлемдегі  заттарды  алуды  (ұстауды,  қайта 

қоюды, тасуды, лақтыруды), оларды алдыға, артқа, жоғарыға, төменге екі (бір) 

қолымен лақтыруды үйрету; 

2) әртүрлі көлемдегі және пішіндегі түймелерді жіпке, сымға тағуды және 

шешуді үйрету; 

3) кішкентай затты үлкен заттың ішінен алуды немесе салуды үйрету. 

30. Сөйлеу тілін түсінуді дамыту: 

1)  күн  тәртібіндегі,  заттық-практикалық  әрекеттердегі  қимыл-

қозғалыстарды,  арнайы  жаттығуларды  орындау  барысында  сөйлеу  тілін 

түсінуді дамыту; 

2)  адамдардың  есімімен  таныстыру.  Белгілі  есімді  нақты  бір  адамға 

қарасты айтуды және түсінуді үйрету; 

3) өз есіміне жауап беруді үйрету. 

31. Балаларға қолжетімді қарым-қатынас амалдарын қалыптастыру: 

1)  өзінің  көңіл-күй  жағдайын,  ауру  сезімдерін,  жағымсыз  халін  ауырып 

тұрған  жерін  көрсетіп,  ишара,  ым-ишара,  былдырлау,  демеулік  шылау  (ай,  ой, 

ух, тәй-тәй) көмегімен айтуды үйрету; 

2) аморфты сөздерді (ма, па, та, дя, де және т.б.) шақырту. 

32. Естіп қабылдауы мен естуін қабілетін дамыту: 

1)  әртүрлі  дыбыс  шығаратын  заттарға  қатысты  балада  ізденіс  әрекетін 

ұйымдастыру; 

2)  өзге  бөлмеден  келетін,  сыныпта,  терезеден  естілетін  және  т.б. 

дыбыстарды анықтай білуді үйрету. 

33. Артикуляциялық моторикасын дамыту: 

1) дыбыстарға еліктеу қабілетіне үйрету; 

2)  ерінге,  төменгі  жаққа,  бет  ишарасына  арналған  арнайы  жаттығуларды 

пайдаланып артикуляциялық моториканы дамыту. 

34.  Белсенді  сөйлеу  тілін  жетілдіру  және  дамыту,  сөйлеу  тілі  қарым-

қатынасының тәжірибесін және меңгеру тәсілдерін жинақтау: 

1) дыбысқа еліктеу және дауысты дыбыстар (а, о, у, и, ы, э) мен дауыссыз 

дыбыстарды  (м,  п,  б,  т,  д,  к,  в,  ф,  н,  г,  х,  й)  дұрыс  айтуға  еліктету  арқылы 

үйрету. 

35. Оқу техникасына және оқығаннан ақпарат алуды үйрету: 

1) бала тұрмыста, мектепте қолданылатын заттардың (қасық, кесе, табақ, 

үстел,  орындық,  дәптер,  қалам  және  т.б.),  киім,  аяқ-киім,  ыдыс,  жиһаз, 

жануарлар,  басқа  да  заттардың  және  қоршаған  табиғаттың  құбылыстарының 

(күн, шөп, су, аспан, жел, бөлме, үй және т.б.) атау-сөздерімен таныстыру; 

2)  баланың  айналасындағы  заттардың,  құбылыстардың,  әрекеттердің, 

заттар белігісінің (көшедегі, ауладағы, бөлмедегі) атау-сөздерімен таныстыру; 

3) педагог нұсқауы бойынша бірнеше заттардың ішінен бір затты табуды 

үйрету; 


4)  бағыты  бойынша  заттарды  тануды  (Тісіңді  ысу  үшін  саған  не  қажет? 

Сүтті сен неден ішесің? және т.б.) үйрету. 

36. Қарапайым жазу дағдыларын дамыту: 

1)  моншақтарды,  дөңгелектерді,  түймелерді  сымға,  жіпке  тағуды,  тізуді 

үйрету; 

2)  пунктир  бойынша  сызықтарды  (түзу,  қисайған,  ирек)  саусағымен, 

бояумен,  қарындашпен,  фломастермен  ең  алдымен  ересектің  көмегімен,  содан 

соң өзі жүргізуді үйрету; 

3)  белгілі  арақашықтықта  орналасқан  екі  заттың  сызықтарын  қосуды 

үйрету; 


4) серуендеу кезінде балаларды құмда, қарда, асфальтта сызықтар сызуға 

ынталандыру. 



 

4. Оқу пәнінің 3-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

37. Жағымды көңіл-күйді қалыптастыру: 



1)  күлімсіреуге,  адамның  көзіне  қарауға,  қолын  созуға,  басын  июге, 

қолын  бұлғауға,  қолын  ұстауға,  «Сәлем.  Сау  бол.  Сәлеметсіз  бе.  Сау  болыңыз 

және т.б.» сөздерді айтуға үйрету. 

38. Балалардың зейінін, көру және есте сақтау анализаторларын дамыту: 

1)  қоршаған  ортаның  түрлі  дыбыстарын,  адамдардың  сөйлеу  тіліне, 

әуенге, дыбыс шығаратын заттарды тыңдауға үйрету.  

39. 

Қимыл-қозғалыс,  ұсақ  моторика  және  қол  саусақтарының 



координациясын дамыту: 

1)  қораптарды  ашуды  (жабуды),  ойыншықтарды  орындарына  қоюды, 

дөңгелектерді  сырғытуды,  оларды  шелекке  жинауды,  қорапқа  жинауды, 

пирамидаға сақиналарын кигізуді және алуды үйрету; 

2)  ұcақ  заттарды  (түймелер,  дәндер,  бұршақ  және  т.б.)  алып,  қораптарға 

орындарына салуды үйрету. 

40. Сөйлеу тілін түсінуді дамыту: 

1) объекті мен сөз арасындағы байланысты орнатуға итермелейтін ізденіс 

әрекеттерін жасау (Ана қайда? Апа қайда? Қасық қайда? және т.б.); 

2)  ересектің  қимыл-қозғалысына  және  әрекеттеріне  баланың  зейінін 

аударту, олардың бағыттылығын түсінуді үйрету; 

3) аталған затқа, әрекетке, сапасына баланың зейінін бағыттау. 

41. Балаларға қолжетімді қарым-қатынас амалдарын қалыптастыру: 

1)  балалармен,  ересектермен  қарым-қатынасқа  түсуден  алшақтау, 

қорқыныш, қарым-қатынасқа түсе алмау сезімдерінен аулақ болуға үйрету; 

2)  балада  өзі  меңгерген  тілдік  (дыбысқа  еліктеу,  таң  қалу,  жеке 

буындарды,  сөз  бөліктерін  және  т.б.)  және  тілдік  емес  (ишара,  дене  тұрысы, 

пикторграмма)  амалдардың  көмегімен  ересектермен  қарым-қатынасқа  түсу 

қажеттілігін қалыптастыру. 

42. Естіп қабылдауы мен естуін қабілетін дамыту: 

1) музыкалық дыбыстарға қызығушылығын тәрбиелеу; 


2) музыкалық ойыншық-аспаптармен, дыбыс шығаратын ойыншықтармен 

таныстыру; 

3) әртүрлі музыкалық аспаптарда ойналатын әуендерге назар аударту. 

43.  Артикуляциялық  моторикасын  дамыту:  сөйлеу  тілдік  тыныс  алуын 

дамыту. 

44.  Белсенді  сөйлеу  тілін  жетілдіру  және  дамыту,  сөйлеу  тілі  қарым-

қатынасының тәжірибесін және меңгеру тәсілдерін жинақтау: 

1)  балалардың  белсенді  сөздік  қорын  дамыту.  Сөйлеу  тіліне  еліктеу 

жағдайлар (ойын кезінде, заттармен практикалық әрекеттер жасағанда, көрнекі 

жағдайлар  барысында  және  т.б.)  жасау.  Балаларда  ересектің  сөзіне  еліктеу 

қабілетін ояту; 

2) өзінің қажеттіліктері мен тілектерін (қарным ашты, ұйқым келді, су бер 

және т.б.) сөзбен айтуды үйрету; 

3) ересекке еліктеу дағдыларын дамыту, сөйлеу кезінде бірізділікті сақтау 

(ишаралау,  дыбыс  шығарып  еліктеуді,  ересекпен  бірге  кезектесіп  сөздерді 

айту). 


45. Оқу техникасына және оқығаннан ақпарат алуды үйрету: 

1)  заттарды  түрлі  анализаторлардың  көмегімен  олардың  қасиеттерімен 

сапасын анықтау мақсатымен тексеруді үйрету; 

2)  заттардың  белгілерінің  атау-сөздерін  (үлкен-кіші,  суық-ыстық,  қатты-

жұмсақ, түсі, пішіні, мөлшері бойынша және т.б.) түсінуді үйрету; 

3)  зат  есімнің  жекеше  және  көпше  жағының  грамматикалық  түрлерін 

(кітап-кітаптар),  бір  адамға  немесе  бірнеше  адамға  қатысты  (тыңда-

тыңдаңыздар),  зат  есімнің  кішірейтілген  түрде  (ботақан)  айтылған  сөздерді 

түсінуді және практикалық түрде ажырата білуді үйрету; 

4)  бұл  кім?  Бұл  не?  Не  істеп  отыр?  сұрақтарын  түсінуді  үйрету  және 

оларға  ишараны,  дыбыстап  еліктеуді,  сөздерді  пайдаланып  жауап  беруді 

үйрету. 


46. Қарапайым жазу дағдыларын дамыту: 

1)  затты  контурлы  бейнесі  бойынша  тануды,  түрлі  түсті  бейнелерді 

табуды, контурлы бейнесінің үстіне қоюды үйрету; 

2)  мұғаліммен  бірлесіп,  шаблондарды,  жай  геометриялық  пішіндердің 

және  таныс  заттарды  айналдыра  сызу,  одан  кейін  үлгі  бойынша  өзі  сызуды 

үйрету.  Құрылыс  материалдарымен  ойындарды,  ермексазбен  жапсыруды, 

мозайкамен, аппликациямен және т.б. жұмыстарды қолдану. 

 

5. Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

47.  Жағымды  көңіл-күйді  қалыптастыру:  құрбыларын  қабыл  алуға, 



олармен  өзара  әрекеттесуге  үйрету  (көргенде  қуану,  ойыншықтарымен  бөлісу, 

амандасу, қоштасу, бірге ойнау және т.б.). 

48. Балалардың зейінін, көру және есте сақтау анализаторларын дамыту: 

1)  сөйлеп  тұрған  адамның  дауысын  естіп,  сол  дауысқа  мән  беруге  және 

өзге дыбысты іздеп табуға ынталандыруға үйрету. 


49. 

Қимыл-қозғалыс,  ұсақ  моторика  және  қол  саусақтарының 

координациясын дамыту: 

1)  қимыл-қозғалыс  пен  заттардың  белгілі  дыбыстармен  және  сөздермен 

сипатталатын жағдайлар жасау; 

2)  қағазда  түрлі  бағыттағы  сызықтар  салу:  тігінен,  көлденеңінен 

сызықтарды салуды үйрету. 

50. Сөйлеу тілін түсінуді дамыту: 

1)  оқушыны  объектілерді,  заттарды,  суреттерді,  заттар  мен  әрекеттерді 

орындауды  бірге  қарастыруға  шақыру,  болып  жатқан  әрекеттерді  бақылауға 

баулу; 

2)  оқушының  өзі  (ойнайды,  тамақ  ішеді,  ұйықтайды,  жүреді,  жуынады, 



сурет салады және т.б.), оның жақын адамдары (кір жуады, сыпырады, оқиды, 

тігеді  және  т.б.)  орындайтын  әрекеттердің,  баланың айналасындағы  (көшедегі, 

үйдегі,  бөлмедегі  және  т.б.),  орындалып  жатқан  әрекеттердің  (ұшады, 

тарсылдайды, шырылдайды және т.б.) атау-сөздерін түсінуді үйрету; 

3)  мұғалімнің  айтқан  нұсқауы  бойынша  балаға  түсінікті  жай  қимыл-

қозғалыстарды  (Тұр.  Отыр.  Бер.  Ал.  Қой.  Көрсет  және  т.б.)  түсінуді  және 

орындауды үйрету. 

51. Балаларға қолжетімді қарым-қатынас амалдарын қалыптастыру: 

1) қарым-қатынасқа түсу ынтасын дамыту; 

2)  адамдармен  ым-ишараны,  белгілерді,  дыбыстарды,  буындарды, 

меңгерілген сөздерді пайдаланып, белсенді қарым-қатынасқа түсуді үйрету; 

3) ишара, сөз бөліктерін пайдаланып, кездескенде амандасу, қоштасқанда 

сау бол деп қоштасуды үйрету. 

52. Естіп қабылдауы мен естуі қабілетін дамыту: 

1) дауысы бойынша ойыншықты, музыкалық аспапты табуды үйрету; 

2) екі музыкалық аспаптың, дыбыс шығаратын ойыншықтардың ойынын 

естіп ажырата білуді үйрету: педагогтың нұсқауы бойынша екеуінің бірін табу 

(аспаптар, ойыншықтар, заттық суреттер ішішнен). 

53. Артикуляциялық моторикасын дамыту: 

1)  тыныс  алуға  арналған  гимнастиканы,  ойыншықтарды  пайдаланып, 

балаларды ұзақ бірқалыпты тыныс шығаруға үйрету; 

2) дұрыс дыбыс шығаруға үйрету. 

54.  Белсенді  сөйлеу  тілін  жетілдіру  және  дамыту,  сөйлеу  тілі  қарым-

қатынасының тәжірибесін және меңгеру тәсілдерін жинақтау: 

1)  қандайда  болмасын  дыбыстық  көріністегі  балалардың  сөйлеу  тілінің 

еліктегіш әрекеттерін ояту; 

2)  басқа  заттар  мен  құбылыстар  шығаратын  дыбыстарға  (дүңк-дүңк, 

тасыр-тұсыр және т.б.) еліктеуді үйрету; 

3)  балалардың  жауапты  және  өз  ынтасымен  айтылатын  сөйлеу  тілін 

тудыратын жағдайларды жасау; 

4) практикалық әрекет барысында ишараны, дыбыс шығаруды, еліктеуді, 

сөздерді пайдаланып керек затын сұрауды, өзіне қажет адамды шақыруды және 

т.с.с. дағдыларын үйтеру; 

5) ересектен кейін заттардың (әрекеттердің, белгілердің) атын қайталау; 



6)  өз  бетінше  таныс  ойыншықтардың  атын,  заттарды,  заттық  суреттерді, 

бейнелерді қайталауды үйрету; 

7)  дыбыстап  айтатын  сөздерін  (тәй-тәй)  біртіндеп  қоғамда  қалыптасқан 

сөздермен (жүру) алмастыру; 

8)  сөйлеу  тілінде  жай  фразаны  екі  ишараны  қолданып,  ишара  мен 

жыбыстап еліктеуді, екі дыбыстап еліктеуді қолданып айтуды үйрету; 

9) жеке сөздерді айтуды үйрету, сурет және мұғалімнің сұрағы бойынша 

2-3 сөздерден жай сөйлемдер құрастыруды үйрету  (Мынау аю.  Аю отыр. Анау 

қоян. Апа, бер. Ата келді. Айжанда қарындаш. Апа сүт құйды және т.б.). 

55. Оқу техникасына және оқығаннан ақпарат алуды үйрету: 

1) дыбыстарды буындарда, сөздерде, сөйлемдерде айтуды бекіту; 

2) буындарды оқуды үйрету. Тура және кері буындарды оқу дағдыларын 

қалыптастыру; 

3)  нақты  заттар  мен  заттық  суреттерге  сүйеніп,  өткен  әріптерден  сөздер 

құрастыру, оқыту және оларды түсінуді үйрету; 

4)  мазмұны  бойынша  қысқа,  жай  тақпақтарды,  өлеңдерді,  әңгімелерді, 

ертегілерді оқып беру және түсіне білуді үйрету; 

5) оқуды мазмұнына сай заттармен, әрекеттермен, ойыншықтармен бірге 

көрсету; 

6)  ересек  адамның  жеке  сөздерді,  сөйлемдерді,  жай  мәтіндерді  оқуы 

барысында  ең  алдымен  мұғаліммен  бірге,  сосын  өзі  заттармен, 

ойыншықтармен, заттық суреттермен әрекеттер жасауды үйрету; 

7)  көру  қабілетіне  сүйеніп,  ересек  оқып  тұрған  төрт  шумақ  өлеңдегі, 

жаңылтпаштағы  таныс  дыбыстық еліктеуді,  буындарды,  сөздерді  аяғына  дейін 

айтуды үйрету; 

8) мұғалімнің сұрағына жауап бере отырып, суреттер бойынша сөйлемдер 

құрастыруды үйрету. 

56. Қарапайым жазу дағдыларын дамыту: 

1)  пунктир,  нүкте  бойынша  жай  (күрделі  емес)  заттарды  сызуды; заттық 

бейнелерді бояуды, штрихтауды үйрету; 

2) әріптерді сипап-сезу арқылы тануды үйрету (мұғалім әріпті саусақпен, 

қарындашпен баланың қолында, маңдайында, арқасында, аяғында «салады»); 

3)  есеп  таяқшаларынан,  түрлі-түсті  қағаздан  қиылған  сызықшалардан, 

мозайкадан әріптерді құрастыру. Ермексаздан (иленген наннан) жапсыру; 

4)  әріптерді  жіптен,  сымнан,  бұршақтан,  өзге  де  заттар  мен 

материалдардан жасауды үйрету; 

5)  саусақпен  ауады,  әйнекте,  сумен  (түрлі-түсті  бормен  тақтада,  аяқпен 

еденде және т.б. жерлерде «салады»); 

6)  әріпті  аяғына  дейін  салуды,  штрихтауды,  бояумен,  фломастермен, 

қарындашпен  бояуды,  нүкте,  сызықтар  бойынша  жазуды  қағаз  бетінде 

(дәптерлерінде) үйрету. 

 

6. 1-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 



 

57. Пәндік нәтижелер: 



1) дыбыстарға еліктеу қабілетін;  

2)  нұсқау  бойынша  музыкалық  ойыншық  аспаптарды  табу  және  алуды 

үйренуін;  

3) объектіге зейінін шоғырландыруын білуі тиіс. 

58. Тұлғалық нәтижелер: 

1) жай өлеңдерді тыңдай білуден;  

2) дыбысқа қатысты ізденіс әрекеттерін ұйымдастырудан;  

3) түрлі әдістермен дыбыс шығарудан көрініс табады. 

59. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер: 

1)  дидактикалық  ойындар  барысында  эмоционалды  жағымды  қарым-

қатынасқа түсуімен;  

2) сабаққа жағымды көңіл-күй орнатуымен айқындалады. 

 

7. 2-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

60. Пәндік нәтижелер: 

1)  сызықтарды  (түзу,  қисайған,  ирек)  саусағымен,  бояумен,  қаламмен 

ересекпен бірлесіп өзі сыза;  

2) сабақ барысында сөйлеу тілін түсіне;  

3) дыбыстарды естігенде және айтқанда, оны басқа дыбыстардан ажырата 

білуі тиіс. 

61. Тұлғалық нәтижелер: 

1) объекті мен сөздің арасында байланыс орнатуынан;  

2) өзінің есіміне назар аударуынан;  

3) сұраққа жауап қайтаруынан көрініс табады. 

62. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер: 

1) әрекеттерді бақылауымен; 

2) ересектердің қозғалыстарына назар аудара білуімен;  

3) 

тұрмыста 



қолданылатын 

заттардың 

атау-сөздерін 

білуімен 

айқындалады. 

 

8. 3-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 



 

63. Пәндік нәтижелер:  

1) қоршаған ортадағыәрекеттердің атау-сөздерін түсіне;  

2) дене қозғалыстарымен әрекеттерді көрсете;  

3) өзіне қатысты қимыл-қозғалыстарды түсіне, орындай білуі тиіс. 

64. Тұлғалық нәтижелер:  

1) дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтуынан;  

2)  сөздерді  дыбыстық  құрамына  қарай,  кеспе  әліппенің  әріптері  мен 

буындарынан сөз құрай білуінен;  

3) қойылған тіл дыбыстарын дұрыс айта алуынан көрініс табады. 

65. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер:  

1) артикуляциялық моториканы жаттықтыруымен;  

2) ұзақ баяу тыныс шығаруымен;  


3) ересектің сөзіне еліктеуімен айқындалады. 

 

9. 4-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

66. Пәндік нәтижелер:  

1) өтілген дыбыстар мен әріптердің орнын анықтай, сөз құрай;  

2) бас және кіші әріптерді жаза білуі тиіс. 

67. Тұлғалық нәтижелер:  

1)  сөздерді  дыбыстық  құрамына  қарай,  кеспе  әліппенің  әріптері  мен 

буындарынан сөз құрай білуінен көрініс табады. 

68. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер:  

1)  қарым-қатынасқа  түсуде  сөздік  қатынастарды  пайдаланып  амандасу, 

қоштасуымен;  

2)  талдаған,  оқыған  сөздер  мен  жай  сөйлемдерді  тақтадан,  әліппеден 

көшіріп  жазуымен;  әдептің  жай  түрлерін  меңгеруімен,  үйренуімен 



айқындалады. 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет