«Қош келдің, әз Наурыз!»



бет1/3
Дата14.03.2022
өлшемі25,03 Kb.
#27924
  1   2   3

«Қош келдің, әз Наурыз!»

Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.


Көрнекілігі: плакаттар, нақыл сөздер.

Барысы:
1 - жүргізуші:Елеманова П.

Құрметті ұстаздар, студенттер. Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекесі келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі.
Наурыз тойы құтты болсын!
Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!
2 - жүргізуші: Ботанбек С.

Наурызым қайта оралды аты аңыз,


Сұраймыз алғыс та біз, ақы да біз.
Үй - дастархан, даламыз сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!

1 - жүргізуші: Көктем жетті көл - көсір шуақ құрып,


Қыс та ұзап барады жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз да жүр,
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.

2 - жүргізуші: Қайырлы күн, мейрамға жиналған барша қауым. Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні - ата - баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы - бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі.


Олай болса, бүгінгі «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік думанымызды ашып беру үшін сөз кезегі тобымыздың кураторы Мурзакасымова Н. С. беріледі.

2 - жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,


Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн - Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
1 - жүргізуші: Жыр сыйлайық, нұр сыйлайық тірлікке,
Қастерледік қадіріңді білдік де.
Құтты болсын ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.

2 - жүргізуші: - Мол, мол болсын ырыс құт,


Жасай берсін туыстық.
Дейді атам,- салтанат,
Құра берсін тыныштық.
1 - жүргізуші: Қонақтарымыз ағылсын,
Ортамыздан табылсын.
Барлық тілек құдайдың,
Құлағына шалынсын!- деп келесі кезекте Аманқұл Балнұр және Асилбекова Анель қыздарымыздың өлең шумақтарына кезек береміз.

Аманқұл Балнұр:


Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямай өнерпаздар ән мен жырын.
Тойлайық халық тойын Наурызымның,
Шуағын жерге төккен бақыт күнін.
Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық ән салайық.
ҚаҺарлы қыстан өтіп Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық!
Қанекей, қарсы алайық жылдың басын,
Қосылып жасқа жасың, басқа басың.
Барайық келер жылға төрт көз түгел,
Аман боп алыс, жақын, кәрі - жасың.

Асилбекова Анель:

Ата салтын бабамның,
Алып келді ұлыс күн.
Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай.
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында.
Береке - бірлік болсын деп,
Көп көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті.

ІІ жүргізуші:


Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жол болар.

Келесі кезекте бата беру.

Арыстанбаев Ералы:
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыстың ұлы күніңде,
Ұлын оңға қонсын,
Менің берген бұл батам,
Алланың құлағына шалынсын!
Әумин!

І жүргізуші:


Білесіңдер ме? Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді. Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ тамақ басым болады. өйткені бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез.

2 жүргізуші:

Ендігі кезекті наурыз мерекесіне сай сұрақтар жасырсақ студенттерімізге:


  1. Қазақ халқы наурызды қашан қарсы алады?(Наурыздың 22-сі күні таңғы сағат үште)

  2. Халықтың түсінігі бойынша наурыздың 22-сіне қараған түні даланы кім аралайды?(Қызыр)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет