Осы кітапша оқыту мен оқу үдерісін жетілдіру және дамыту мақсатында Lesson



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата06.01.2022
өлшемі1 Mb.
#12479
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


 

 

Lesson Study UK 

www.lessonstudy.co.uk

 

 



 

 

 

 

 

Lesson Study: нұсқаулық 

 

Пит Дадли 



 

 

 



 

 

 



 

 



Lesson Study: Нұсқаулық

 

Pete Dudley 



 2 

Lesson Study: нұсқаулық 

 

Осы  кітапша  оқыту  мен  оқу  үдерісін  жетілдіру  және  дамыту  мақсатында  Lesson 

Study (сабақты зерттеу) тәсілін пайдалану жөніндегі нұсқаулық болып табылады. 

Кітапша: 

 



мектептерде Lesson Study тәсілін қолдануда, 

  Lesson Study-ді жоспарлауда, өткізуде және талдауда,  



 

Оқушыларды Lesson Study үдерісіне тартуда, 

  Lesson Study өткізу нәтижесінде алынған тәжірибелік білімді әріптестермен бөлісуде 



көмектесе алады. 

Lesson  Study  –  мұғалім  тәжірибесі  саласындағы  білімді  жетілдіруге  бағытталған, 

сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Ол 

ХІХ  ғасырдың  70-жылдарында  Жапонияда  бастау  алып,  осылайша  Батыста  қолданылатын 

«Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілінен 70 жыл бұрын қолданыла бастаған. 



Lesson  Study-ге  шараны  бірлесе  жоспарлап,  өткізетін,  қадағалайтын,  оқыту  мен 

оқуды  талдай  отырып,  өз  қорытындыларын  қағаз  бетіне  түсіретін  мұғалімдер  тобы 

қатысады.  Lesson  Study  циклін  өткізу  кезінде  мұғалімдер  оқыту  тәжірибесіне  жаңа  әдістер 

енгізеді  немесе  оны  жетілдіреді,  кейін  ашық  Lesson  Study  өткізу  немесе  жұмыс  сипатталған 

құжатты жариялау арқылы әріптестеріне таратады. 

Батыста  Lesson  Study  америкалық  зерттеушілер  жапон  мұғалімдерінің  жалпы 

педагогика  саласында  да,  сондай-ақ  АҚШ-тың  оқушыларымен  салыстырғанда  жапон 

оқушыларының  білім  деңгейлері  анағұрлым  жоғары  болуын  қамтамасыз  ететін  белгілі  бір 

пәнді оқыту  саласында да  білімдері  жоғары  екендігін дәлелдегеннен кейін осы ғасырда ғана 

танымал бола бастады (Stigler and Hiebert, 1999; TIMSS, 1999). 

Қазір  уақытта  Шығыс  Азияда  Lesson  Study  Жапониямен  қоса,  Сингапурде,  Гонконг 

пен Қытайда қолданылады. Бұл тәсіл сонымен қатар батыс елдерде де, соның ішінде АҚШ-та, 

Ұлыбританияда, Швецияда және Канадада қолданылуда. 

Lesson  Study  бастауыш  және  орта  мектептерде  негізгі  пәндер  бойынша  оқушылардың 

білім  деңгейін  көтеру  және  оқыту  әдістемесін  жетілдіру  мақсатында,  сонымен  қатар  оқыту 

үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында табысты қолданылады. Lesson 

Study өткізу барысында топта (немесе жұппен) жұмыс істейтін мұғалімдер:   

•  Өздері  күнделікті  жинаған  материалдары  мен  жүйелі  бағалау  деректерін 

оқушылардың оқу мен даму басымдықтарын белгілеу үшін қолданады. 

•  Алдағы  уақытта  әзірленетін  немесе  жетілдірілетін,  белгіленген  міндеттерге  жауап 

беретін оқыту әдістемесін бірлесіп анықтайды (1-суретті қараңыз). 

•  Үш  «бақылаудағы  оқушыны»  анықтайды,  олар  әрқайсысы  сыныптағы  белгілі  бір 

топтың  өкілі  болуы  қажет,  мысалы,  оқу  үлгерімінің  деңгейі  жоғары,  орта,  төмен 

оқушылардан. 

•  Lesson  Study-ді  бірлесіп  жоспарлап,  сабақты  өткізу  барысында  зерттелетін  үш 

оқушыны  үнемі  назарға  ала  отырып,  оқыту  әдістемесін  пайдаланады  және  оның 

нәтижелерін мұқият зерттейді. 

•  Бақылаудағы  оқушылардың  дамуы  мен  оқуына  басты  назар  аудара  отырып,  Lesson 



Study  өткізеді  және  оны  қадағалайды.  Аталған  үдерістер  бірнеше  сабақ  бойы 

қайталанып,  жетілдірілуі  мүмкін.  Бақылауды  барлық  Lesson  Study  кезінде  жүргізу 

міндетті емес. 

•  Бақылаудағы  оқушылардың  Lesson  Study  туралы  ойларын  білу  үшін  олармен 

сұхбаттасады. 

•  Lesson Study-ді талқылайды. 

•  Қолданылатын әдіске бақылаудағы оқушылардың қалай қарайтынын, олардың жеткен 

жетістіктерін,  оқуда  көрсететін  нәтижелері  мен  кездесетін  қиындықтарын  білу, 

сонымен қатар алынған тәжірибені келешекте оқыту мен оқу әдістемесін әзірлеу үшін 

пайдалану мақсатында Lesson Study-ге талдау жүргізеді. 




Lesson Study: Нұсқаулық

 

Pete Dudley 



 3 

•  Мектеп  мұғалімдеріне  таныстырылым  жасау  немесе  коучинг  өткізу  арқылы  Lesson 



Study тәсілін қолдану нәтижелерін көпшілік қауымға ұсынады. 

Осы аталған әрбір кезең бойынша толық ұсыныстар кітапшаның тиісті тарауларында 

көрсетілген, олар авторлардың Англия мен шетелдердегі мектептер мен колледждерде Lesson 

Study тәсілінің қолданылуы жөніндегі білімдеріне негізделген. 

Соңғы  екі  тарауда  мектеп  басшыларының  бұл  бағытта  не  істей  алатындығы  туралы 

идеялар қарастырылған: 

a. 


Lesson  Study  өткізу  уақытын  жоспарлау  және  осы  тәсілді  мектеп  бағдарламасына 

енгізу; 


ә.  Lesson  Study  негізінде  кәсіптік  оқытуды  дамыту  мен  қолдау,  сонымен  қатар  мектеп 

аясында коучинг  өткізуге арналған тұғыр ретінде Lesson Study моделін қолдану үшін 

жетекші мұғалімдерді пайдалану. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет