Осы мақсатта елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған ауқымды бірқатар бағдарламалар қабылданып, әртүрлі тетіктер арқылы іске асыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда



Дата07.01.2022
өлшемі16,42 Kb.
#17446

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының бесінші басымдығында көрсетілгендей сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты екендігін анық атап өткен болатын.

Осы мақсатта елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған ауқымды бірқатар бағдарламалар қабылданып, әртүрлі тетіктер арқылы іске асыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. Сондай тетіктердің бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытуда және тұлғаны тәрбилеуде отбасының рөлі.

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Моральдық-адамгершілік ілгерілеу, құн­дылықты ұстанымдар, қоғамның артықшылықтары отбасы қатынастарының негізін құрайды. Сондықтан да, отбасы қоғамдық дамудың маңызды индикаторы болып табылады.

Өңірімізде Қазақстандық отбасылардың жағымды имиджін қалыптастыруға бағытталған байқаулар, әртүрлі форматтағы іс-шаралар кеңінен оздырылып, қоғам арасында насихатталуда.

Өнегелі отбасы – елдің тұтқасы. Жарасымды жанұя мен ізгілікті қасиеттерге толы әулет қашан да көпке үлгі болуы тиіс. Осы мақсатта 2013 жылы Елбасының жарлығымен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы жарияланған болатын.

Содан бері, жыл сайын облысымызда өнегелі құн­дылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық және облыстық кезеңдері ұйымдастырылуда.

Аталған байқау нәтижесі бойынша өңірімізден үздік шыққан отбасылар республикалық, ұлттық байқауларда облысымыздың намысын қорғап, отбасы құндылықтарын насихаттап жүр.
Қазіргі қоғамда отбасының тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын тәрбиелеудегі рөлі қандай және оның сыбайлас жемқорлыққа және оның көріністеріне қарсы мүлдем төзбеушілік қатынасын қалай қалыптастыруға болады деген сұрақ туындайды. Осындай сұрақтар отбасының қоғамдағы рөлін күрделі талдауды қажет етіп отыр.

Бір нәрсе белгілі, қоғамда моральдық-адамгершілік деңгей төмендеген сайын, отбасыға сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы күресу қиынға түседі. Себебі ол тұлғаның санасы мен рухани әлемі деңгейінде бұл мәселені реттеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық пен парақорлықтың орнықты сипатын тәрбиелеуге күші жетпейді.

Еңбекқорлық, білім мен ғылым, толеранттылық құндылықтар тек нормативтік құжаттарда ғана емес, халықтың салт-дәстүрінде, мәдениетінде, әлеуметтік ойында, ділінде қаланған. Олай болса осындай игі қасиеттерді жас ұрпақтың бойында қалыптастыруымыз қажет.

Қоғамның барлық мүшелерін кеңінен тарта отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстарының негізгі бөлігін отбасынан бастап келешек жас ұрпақтың бойына сіңіру әрі үйлестіру ерекше маңызға ие болып отыр.



Олай болса, қазақ халқында «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген ұлағатты сөз бар. «Мәңгілік Елге» айналу жолындағы жасалып жатқан ізгі істеріміздің жемісін көрейік десек, тәрбиенің басын отбасы, ошақ қасынан бастағанымыз абзал.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет