«Отан отбасынан басталады» атты мерекелік іс-шара өткізілді



Pdf көрінісі
Дата15.03.2017
өлшемі130,69 Kb.
#9324

 

«Тәртіп және құқық» №37 (513)18.09.2014ж. 

 

«Отан отбасынан басталады» 

атты мерекелік іс-шара өткізілді..... 

  

 



«Отбасында  адам  бойындағы  асыл  қасиеттер  жарқырай  көрініп, 

қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына 

деген  сүйіспеншіліктен  басталады»  -  деп  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  айтқандай 

биылғы  жылы  қыркүйек  айының  бірінші  демалысы  «Отбасы  күні»  болып 

жарияландығы баршаға мәлім.  

Қазақта  «Отан  отбасынан  басталады»  деген  дана  сөз  бар.  Отбасы  – 

Отаннның  әрбір  мүшесін  дүниеге  әкеліп,  қанатын  қатайтып,  қатарға  қосатын 

маңызды  мекеме.  Отбасы  қоғамның  негізгі  бөлігі,  ұрпақтар  тарихи 

сабақтастығының,  мәдениетінің,  рухани  құндылықтарының  қазынасы  болып 

саналады.  

 «Отбасы  күні»  мерекелік  іс-шараның  қарсаңына  орай,  2014  жылдың               

13  қыркүйек  күні  Қазақстан  Республикасы  ІІМ  Қостанай  академиясының 

тәрбие жұмысы бөлімінің қызметкерлерімен «Отан отбасынан басталады» атты 

қуанышты іс-шара өткізілді.  

 

Аталған  іс-шара  Қостанай  академиясының  үрмелі  аспаптар  оркестрінің 



сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаумен 

ашылды.  

Академияның профессорлық-оқытушылар құрамын, қызметкерлерді және 

тыңдаушыларды  мерекелік  іс-шарамен  Қазақстан  Республикасы  ІІМ  Қостанай 

академиясының  бастығы  полиция  полковнигі  Мирлан  Ахмедияұлы  Қызылов 

құттықтады.  «Оқу  ордасында  «Отбасы  күні»  бірінші  рет  өткізіліп  отыр.   

Отбасының қоғамда алатын орны ерекше. Біздің оқу ордамыз бір үлкен отбасы. 

Болашақ  офицерлерді  тәртіптілікке,  сыйластыққа,  үлкендерді  сыйлауға, 

қадірлеуге,    құрметтеуге  және  адамгершілікке  тәрбиелеу,  білім  ордасының  

басты  мақсаты  болып  табылады»  деп  полиция  полковнигі  М.Қызылов  өз 

сөзінде  атап  өтті.  Іс-шара  барысында  педагогика  және  психология 

кафедрасының  бастығы  полиция  подполковнигі  А.  Таукенова  «Отбасы  күні» 

туралы баяндама жасады.  

Осы  күні,  оқу  ордасында  білім  нәрін  алып  жатқан  бірқатар 

тыңдаушыларымыз  оқуда,  мәдени-көпшілік  шараларында,  спорт  және  ғылым 

саласында табысты жетістіктерге жеткендері үшін Академия бастығының алғыс 

хаттарымен марапатталды. 

Сондай-ақ,  кәсіби  шеберлігімен,  іскерлігімен  және  әрқашанда 

қызметкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіп, өз ісінің майталман азаматы болып 

танылған,  Академия  бастығы  полиция  полковнигі  М.  Қызыловқа  «Ең  үздік 

шеф» атты диплом тарту етілді. Бұл ұмытылмайтын бір қуанышты сәт болды.   

«Әкеге  қарап  ұл  өсер,  шешеге  қарап  қыз  өсер»  деп  айтқан  халық 

даналығы.  Әкесінің  үлгілі  тәрбиесінде  тәрбиеленіп,  сонымен  қатар,  өзінің 

ерлігімен,  қырағылымен  және  қайраттылығымен  ішкі  істер  органдарының 

қызметкерлеріне  қылмысты  ашуға  көмектескен,  білім  ордасының  мақтанышы 


Айбек есімді болашақ офицердің әкесі және жауынгерлік және дене дайындығы 

кафедрасы  бастығының  орынбасары  полиция  подполковнигі  Айдарбек 

Ақылбековке    сөз  берілді.    Бұл  бір  керемет  отбасы  «Отбасы  күніне»  орай, 

Айбек  әкесімен  бірге  спорттың  бірнеше  әдіс-тәсілдерін  барша  жұртқа  тарту 

етті. 

Сондай-ақ, оқу ордасы дарынды өнерпаз, әнші және биші ұл-қыздарға өте 



бай, дәлірек айтқанда, Қуаныш Даутов, Нариман Төлепов, Сапарбекова Айзада, 

Қуанышева Диана, Нүсіпхан Гүлнұр, Тельман Гүлжанат, Жалғасов Ербол және 

Ахмет Нұрдәулеттің орындауларында «Ризамын», «Әке», «Әкелер» атты әндер 

шырқалды.  

 «Отбасы күні» жиналған қауымға жақсы әсер мен сезімдер қалдырды. Іс-

шара 


соңында, 

Академияның 

профессорлық-оқытушылар 

құрамы, 


қызметкерлер мен тыңдаушылар естелікке суретке түсті.  

  

 



 

Қазақстан Республикасы ІІМ  

   Қостанай академиясы 

   Баспасөз қызметінің  

   баспасөз хатшысы 

               



 

 

 О.Уақпаева 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет