Отан соғысындағЫ Қазақстандықтардың ҚОСҚан үлесі



Pdf көрінісі
Дата30.01.2017
өлшемі176,65 Kb.
#3057

 

36

 



УДК

  947.085 

 

ҰЛЫ

 ОТАН СОҒЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ 

 

Ілиясова

 Г.С., Туякова Н.С.  

(ҚТ жəне Ф каф. аға оқытушысы,  И(о)-07-к тоб.студенті) 

 

 



 

Адамзат  тарихында  үлкенді  –  кішілі  он  бес  мыңға  жуық  соғыс  өткен  екен.  Бірақ 

солардың ішінде ауқымы, құбандықтары мен алапаттығы жағынан ең жантүршігерлігі 

екінші дүниежүзілік соғыс жəне оның құрамдас бөлігі – Ұлы Отан соғысы болды. 

Соғыс жылдары бізден бірте – бірте алыстаған сайын оған деген көзқарас өзгеріп 

келеді. Жаңа кезеңнің бір қасиеті – баяғыда аян болған жағдаяттар жайлы шындықтың 

соны  қырынан  көрінуі.  Бұл  айтылған  тұжырым  Ұлы  Отан  соғысының  тарихына  да 

тікелей  əрі  толығымен  қатысты.  Осынау  қырғын  тұрғысында  жүздеген  кітаптар  мен 

мыңдаған мақалалар жазылғанмен, сол  соғыс  жайлы нағыз шындық əлі де толығымен 

айтылған жоқ [1, 321 б.]. 

Бастапқы  кезеңде  Қазақстан  тарихнамасында  қазақстандықтардың  Ұлы  Отан 

соғысына  қатысуы,  еңбек  тылындағы  кеңес  адамдарының  даңқты  істері  сол  кезеңнің 

өзінде мерзімді баспасөз беттерінде, оның ішінде одақ көлеміндегі түрлі баспасөз жəне 

бұқаралық  насихат  құралдарының  беттерінде  жариялана  бастады.  Сонымен  қатар, 

Қазақстан  КП  ОК  үгіт-насихат  бөлімінің  қызметкерлері,  ғылыми  қызметкерлер  мен 

жазушылар  бірігіп  жазған  1943  жылы  басылып  шыққан  екі  жинақта  Қазақ  КСР-нің 

соғысқа қатысуы жəне онда республика экономикасының соғыс жағдайын қалыптасуы 

сондай – ақ, майдандағы қазақстандықтардың ерлігі көрініс тапқан [2, 325 б.]. 

Соғыс  кезіндегі  республика  тарихын  зер  сала  зерттеп,  алғаш  көлемді 

монографиялар жазған ғалымдар – Ғ. Əбішев пен М.Қ. Қозыбаевтар болды. Тарихшы-

ғалымдардың 

зерттеулерінде 

Ұлы 

Отан 


соғысы 

кезіндегі 

елдің 

дамуы, 


қазақстандықтардың  майдан  мен  тылдағы  жеңіске  қосқан  үлестеріне  лайықты  баға 

беріліп, «Қазақстан – майдан арсеналы» деген қорытынды жасады. Алайда еңбектердің 

коммунистік идеология тұрғысынан жазылғандығы айқын көрінеді. Сонымен қатар осы 

кезеңде А. Нүсіпбековтің еңбектері, О. Малыбаев пен Ғ. Əбішевтің жұмыстары жаңаша 

ойланыммен, пайымдаулармен көзге түседі.  

Екінші дүниежүзілік соғыспен оның құрамдас бөлігі аталған «Ұлы Отан соғысы» 

да  тарихымызда  тиісті  баға  беріліп,  лайықты  орнына  қойылмаған  ақтаңдақ  беттердің 

бірі.  1933  жылы  үкімет  басына  келген  Гитлермен  одақ  құмақшы  болған  КСРО  Кеңес-

Герман  келісімшартын  (1939)  жасасуға  мəжбүр  болды,  сөйтіп,  бес  қаруын  сайлап 

отырған  фашистік  мемлекетпен  сыбайлас  болып  шыға  келді.  «Молотов-Риббентроп 

пактісінің» құпия хаттамасы бойынша екі ел Еуропадағы «мүдделі аймақтарын» бөлісіп 

алысты.  Балтық  теңізі  жағалауы  елдері,  Шығыс  Польша,  Финляндия,  Солтүстік 

Буковина мен Бессарабия КСРО-ның ықпалында, Еуропаның қалған елдері толығымен 

Германияның  ықпал  аймағында  қалуға  тиіс  болды.  КСРО-мен  құпия  келісімге 

келгеннен кейін бір аптадан соң, яғни 1939 жылы 1 қыркүйекте Гитлер Польшаға соғыс 

ашты.1939  жылы  28  қыркүйекте  И.Сталин  мен  А.Гитлер  дипломаттары  тағы  да  бас 

қосып  «Достық  жəне  шекара  туралы»  келісімге  қол  қойды.  Ол  келісім  бойынша 

Польша мемлекетін жою, екі ел шкараларын «Керзон шебі» бойынша бекіту көзделді. 

Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына осылайша үлес қосқан КСРО араға екі жыл 

салмай өзі де соғыс өртінің астында қалды. 



 

37

 



1937-1938 жылдары кəсіби офицердің үштен бірін өз қолымен қырып салған И.В. 

Сталин  соғыстан  1941  жылы  ұрыс  тактикасынан  бейхабар  қолбасшылардың 

басқаруымен  жауды  жалаң  қылышпен  қарсы  алды  деуге  болады.  Кеңес  елі,  қазақ 

жауынгерлерінің соғыста жан аямай ерлік көрсеткені туралы Отан əдебиетінде кеңінен 

жазылған.  Сол  əдебиеттер  арасында  ұлтымыздың  біртуар  көрнекті  азаматы,  жазушы 

Ғабит  Мүсіреповтың  «Қазақ  солдаты»  атты  шығармасы  елі  үшін  қан  төккен  қазақ 

жауынгерінің ерлігін кеңінен баяндайды. 

1941  жылы  маусым  айы  мен  қараша  айының  ортасында,  небары  5  ай  ішінде  4 

миллонға  жуық  қызыл  əскер  лек-легімен  неміс  тұтынына  түсті.  Бұл  бұрын-соңды  көз 

көріп  құлақ  естімеген  жайт  болды.  Немістер,  тіпті  өздері  осыншама  тұтқынмен  не 

істерін білмей əлек болғанын кейін біліп отырмыз [3, 243-244 бб.]. 

Соғыс  жылдары  Қазақстанда  12  атқыштар  жəне  4  атты  əскер  дивизиясы,  7 

атқыштар  бригадасы  жəне  50-ге  жуық  жеке  полктер  мен  батальондар  жасақталып, 

майданға  аттандырылды.  Қазақстан  аумағында  жасақталған  əскери  құрылымдар 

соғыстың  алғашқы  күндерінен  бастап  жаумен  ерлікпен  шайқасты.  Əсіресе,  Мəскеу 

түбіндегі  шайқаста  қазақстандықтар  үлкен  құрметке  ие  болды.  Мəскеу  бағытындағы 

негізгі  жолдардың  бірі  –  Волоколамск  тас  жолын  қорғауда  Алматыда  жабдықталған 

316-атқыштар дивизиясы генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен теңдесі жоқ 

ерлік танытты. Қысқа уақыт ішінде дивизия жауынгерлері жаудың танк, моторлы жəне 

екі  жаяу  əскер  дивизияларын  талқандады.  Мəскеу  түбіндегі  шайқаста,  əсіресе  саяси 

жетекші  В.Г.  Клочков  басқарған  бөлімше  –  28  панфиловшылар  жаудың  50  танкісіне 

тойтарыс беріп, асқан ерлік көрсетті. 1941 жылы 17 қарашада дивизияға 8 – гвардиялық 

деген  атақ  беріліп,  кейінірек  Қызыл  Ту,  Ленин  ордендерімен,  ал  Риганы  жаудан  азат 

еткені  үшін  екінші  дəрежелі  Суворов  орденімен  марапатталды.  Бұл  шайқаста  ерлік 

көреткен  28  жауынгер  Кеңес  Одағының  Батыры  атағын  иеленді.  Сонымен  бірге 

Волоколамск  түбінде  үлкен  ерлік  көрсетіп  қаза  тапқан  талантты  қолбасшы,  қаһарман 

командир И.В. Панфиловке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 

Панфиловшы  аға  лейтенант  Б.Момышұлы  Мəскеу  түбіндегі  шайқаста  өз 

батальонымен жаяу қоршауын үш рет бұзып шықты. Соғысты Б.Момышұлы полковник 

лауазымымен, 9-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. 

Белгілі  орыс  жазушысы  А.Бектің  «Волоколамское  шоссе»  повесі  Б.Момышұлының 

соғыс  жылдарындағы  ерлігіне  арналды.  Сөйтсе  де,  Б.Момышұлының  соғыс 

жылдарындағы  ерлігі  өз  дəрежесінде  мойындалмай,  тек  1990  жылы  еліміздің 

Президенті  Н.Ə.  Назарбаевтың  тікелей  араласуымен  оған  Кеңес  Одағының  Батыры 

атағы берілді [1, 322 б.]. 

Бауыржан  Момышұлы  туралы  кезінде  белгілі  ғалым  Қаныш  Сəтпаев:  «Көз 

алдымызда  өтініп  жатқан  оқиғалар  даусыз  бүкіл  дүниежүзі  тарихының  игілігіне 

айналмақ,  онымен  болашақ  ұрпақтан  шыққан  зерттеушілер  де  айналысатын  болады. 

Бұл  аса  маңызды  тарихи  мəнді  оқиғалардың,  жарқын  көріністерінің  ішіне  Ұлы  Отан 

соғысының  барысында  еліміздің  тағдыры  шешілген,  Мəскеу  үшін  шайқас  жүргізген 

1941  жылдың  күзіндегі  оқиғалар  ерекше  маңызды  əрі  оның  принципті  мəні  бар. 

Мəскеуді  қорғауағы  аса  жауапты  шептер,  Қазақстанның  абыройы  мен  даңқына  орай, 

Қазақстанда генерал Панфилов  жасақтаған дивизияға тапсырылды. Бұл оқиғалар біздің 

бəріміз  үшін  де  өте  маңызды,  əрі  біз  бұл  аса  зор  шайқастар  жөнінде  тереңірек  білуге 

тиіспіз.  Полковник  Бауыржан  Момышұлы  сұрапыл  шайқастарға  қатысушы  ғана  емес, 

ол жетекші командир болды, сондқтан да оның əңгімелері бізге ерекше құнды болмақ» 

- дейді [5, 86 б.]. 

И.В.Панфилов дивизиясы құрамында жаумен шайқасқан М.Ғабдуллин 1943 жылы 

Кеңес  Одағының  Батыры  атағын  иеленді.  М.Ғабдуллин  бастаған  жауынгерлер 

Бородино  селосын  жаудан  тартып  алып,  7  сағат  бойы  ерлікпен  қорғады.  Шайқас 



 

38

 



нəтижесінде  немістер  шегінуге  мəжбүр  болды.  Мəскеу  түбіндегі  шайқастарда 

Т.Тоқтаров, Р.Жанғозин Р.Елебаев жəне т.б. қазақстандық 238 – дивизия, 19 атқыштар 

бригадасына қатысты.  

1942  жылдың  19  желтоқсанында  Боковская-Пономоревка  ауданында  болған  əуе 

шайқасында  қарағандылық  ұшқыш  Н.Əбдіров  өзінің  оқ  тиіп  өртенген  ұшағын  жау 

танктері  шоғырланған  жерге  бағыттап,  экипажымен  бірге  ерлікпен  қаза  тапты. 

Н.Əбдіров, минометші К.Сыпатаев пен Р.Рамазанов Сталинградты қорғадағы ерліктері 

үшін Ұлы Отан соғысы батыры атағына ие болды. 

Шығыс Еуропан жаудан азат етуге қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетті. Шығыс 

Пруссия аумағын азат етуде көрсеткен ерліктері үшін 20 қазақстандық жауынгер кеңес 

Одағының  Батыры  атағын  алды.  Олар  –  В.ААндреев,  Л.И.Беда,  П.Т.Брилин, 

Т.К.Абилов, В.Г.Козенков, И.И.Корнев, И.В.Кутурга жəне т.б. 

Словакия  аумағын  жаудан  азат  етуге  4-Украина  майданы  құрамында 

қазақстандық  8-атқыштар  дивизиясы  қатысты.  Майданда  көрсеткен  ерліктері  үшін  8-

атқыштар  дивизиясының  құрамындағы  62-артиллериялық  Карпат  полкі  Қызыл  Ту 

орденімен,  151–Карпат  полкі  3-дəрежелі  Кутузов  орденімен,  310-атқыштар  полкі  3-

дəрежелі Суворов орденімен марапатталды. 

72-73  гвардиялық  атқыштар  дивизиялары  Венгрия,  Оңтүстік  Чехия,  Австрия 

аумақтарын  жаудан  азат  етуде  алматылық  М.А.Пупков  Кеңес  Одағының  Батыры 

атағын  алды.  Сонымен  қатар  Австрияны  азат  етуші  105-гвардиялық  дивизия 

жауынгерлері: А.Мудрагель,Г.Сливных, Ж.Аминов қаһармандықтарымен көзге түсті. 

Чехославакия  жерін  азат  туге  келген  қазақстандық  ұшқыштар  2,  8,  5  -  əуе 

армиясының бөлімдерінде жаумен шайқасты. Шайқастардағы ерлігі үшін С.А.Батенков 

пен  П.Ф.Железняков  соғыстан  кейін  Кеңес  Одағының  Батыры  атағын  иеленді. 

Ұшқыштар:  Т.Я.Бигельдинов,  И.Павлов,  С.Д.Луганский  жəне  Л.И.Беда  2  мəрте  Кеңес 

Одағының  Батыры  атағын  иеленді.  Олардың  қатарын  56  жыл  кешігіп  барып,  1941 

жылдың  26-маусымында,  соғыстың  бесінші  күні-ақ  аты  аңызға  айналған  батырлық 

капитан Гастелло экипажының ерлігі емес, капитан А.Масловтың экипажынікі екендігі 

екені  айқындалып,  осы  экипаж  құрамындағы  Б.Бейсекбаев  1998  жылы  Ресей  Батыры 

атағын алып, толықтырылды. 

Берлин  операциясына  қазақстандық  118-313  –  атқыштар  дивизиялары  жəне  209-

атқыштар полкі қатысты. Берлин ратушасын алуда 118-атқыштар дивизиясының взвод 

лейтенанты  К.Маденов,  ал  көше  шайқастарында  И.Б.Мадин,  Рейхстагка  ту  тігуде 

Р.Қошқарабев  ерлік  танытты.  Айтпенбет  Нақыповтың  танкі  қала  алаңына  ескерткіш 

ретінде  қойылды.  Берлин  операциясында  27  қазақстандық  ерліктерімен  көзге  түсіп, 

Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. 

Қазақ қыздары да соғыс ауырпалығын ер азаматтармен бірдей көтерді. Соғыстың 

алғашқы  күндерінен  бастап  соғысқа  сұранып,  əскери  комиссариаттарға  хат  жазған 

қазақ қыздары өте көп болды. Мысалы, Қарағандының əскери комиссариатына соғысқа 

сұранып  өтініш  жазған  арулар  саны  10  мыңнан  асқан.  Семей  қаласы  бойынша 

соғыстың алғашқы күндерінде 3 мың өтініш түскен. Ал, Алматы қаласының тек Фрунзе 

ауданы  бойынша  112  өтініш  түсті.  Майданға  аттанған  əйелдер  мен  қыздардың  көбі 

медсанбаттар  мен  госпетальдармен  борышын  өтеген.  Қазақ  арулары  түрлі  əскери  

құрамаларда  болып,  ерен  ерлік  үлгісін  көрсетті.  Қолдарына  қару  алып,  майданға 

аттанған  қазақ  жұлдыздары  -  Əлия  мен  Мəншүк  Қазақстан  даңқын  əлемге  паш  етті. 

Авиация  саласын  меңгерген  қазақ  қызы  –  Х.Доспановаға  Кеңес  Одағының  батыры  М. 

Раскова  басқарған  əйелдер  авиациясының  құрамында  авиация  штурманы  болып  300-

ден  астам  мəрте  əуеге  көтерілді.  2004-жылы    Президенттің  жарлығымен 

Х.Д.Доспановаға Халық Қаһарманы атағы берілді. Сафарбекова Жауһария Насырқызы 

Ленинград майданында қалалық радиостанция бастығы болып, Ленинград майданында 



 

39

 



аса  ерлігімен  көзге  түскен.  1942  жылы  Қазақстанда  құрылған  34-жеке  əйелдер 

ротасының  300-ге  тарта  арулары  Курск  иініндегі  шайқасқа  қатысып,бірнеше 

марапаттарға ие болды. 

Енді  партизан  қозғалысы  қатарында  жаумен  шайқасқан  қазақстандықтар 

құрамына  тоқталсақ.  Украина  аумағындағы  партизан  бірлестіктерінде  1500 

қазақстандық  жаумен  шайқасты.  Атап  айтсақ,  М.И.Шукаевтың  партизан  отряды 

құрамында 79 қазақ, Ұлы Отан соғысының Батыры С.А.Ковпактың партизан отрядында 

70  қазақстандық  болды.  ленинград  облысы  аумағындағы  партизан  бірліктері 

құрамында  220,  ал  Белоруссия  аумағында  1,5  мыңға  тарта  қзақстандықтар  жаумен 

шайқасты. Қазақстандық партизандар жаумен шайқаста үлкен ерлік танытты. Мысалы, 

1941  жылы  Киев  обылысы,  Македон  селосында  жасырын  партизан  орталығы 

құрылады.  Бұл  орталыққа  соғысқа  дейінгі  жылдары  Павлодар  облысында  оқытушы 

қызметін  атқарған  Қасым  Қайсенов  коммунистік    жолдамамен  жіберіледі.  Отанын 

қорғаудағы асқан ерлігі үшін Қ.Қайсеновке «Халық Қаһарманы» атағы беріледі [1, 323 

б.]. 

Соғыста  жеңіске  жетуде  миллиондаған  Кеңес  Одағы  адамдарының  тағдырлары 



мен  өмірлері  құрбан  болды.  Осы  уақытқа  дейін  жабық  саналып  келген  мұрағат 

қорларындағы құжаттарды пайдалануға жəне əскери саладағы құпиялардың ашылуына 

байланысты  соғысқа  қатысқан  адамдардың  саны,  қазақстандықтардың  ортақ  жеңіске 

қосқан  үлесі  анық-қанық  анықтала  бастады.  Қазақстандықтардың  үлесі  əскери 

құрылымдарды  құру,  оқ-дəрі  жасау,  эвакуацияланғандарға  көмек  көрсету,  қаражат 

жинау, майдандағыларды киім-кешекпен қамтамасыз етумен ғана шектелмейді. 

Жеңіске  жетудің  бірінші  қадамы  Қызыл  Армияны  дер  кезінде  адамдармен 

толықтырылып  отыру  болғаны  белгілі.  1945 жылдың  ақпан  айына  дейін Қазақстаннан 

майданға 1,5 млн. жуық адам жіберілген деп саналды. Алайда, жоғарыда аталған сандар 

нақты емес, ол бүгінгі күнге дейін жаңа мəліметтермен толығу үстінде. Мысалы,  Ұлы 

Отан  соғысына  қатысқандар  туралы  айтылғанда  əр  уақытта  Кеңестік  Армия  қатарын 

1938, 1939, 1940 жылдары шақырылғандарды есепке ала бермейді. Жалпы алғанда Ұлы 

Отан  соғысына  қатысқан  қазақстандықтардың  саны  2  млннан  кем  емес  деп 

жорамалданады. Қазақстаннан майданға 4 ұлттық атты дивизия, 7 атқыштар бригадасы, 

сондай-ақ  2  ұлттық  атқыштар  бригадасы  жөнелтілген  еді,  50-ге  жуық  əртүрлі  əскери 

полктер  мен  батальондар  құрылды.  Майданда  гвардиялық  атаққа  ие  болған  5  əскери 

құрама  сəтті  ұрыстар  жүргізді,  ұлттық  əскерлер  құрылып,  майданға  аттандырылды. 

Атап  айтқанда  олар  Өскемен  қаласында,  Жамбылда  жəне  Ақмолада  құрылған  атты 

əскерлер  болса,  Алматы  жəне  Ақтөбеде  жекелеген  атқыштар  бригадалары 

ұйымдастырылды.  Барлығы  Қазвоенкоматтан  соғыс  жылдары  майданға  14  атқыштар 

жəне атты əскер дивизиясы, 7 бригада, 1 зенит полкі, 12 құрылыс жəне 2 автобатальон 

аттандырылды.  Қазіргі  кезде  Ладога  өзені  арқылы  Ленинградқа  жүк  тасымалдаған 

жүргізушілердің  жартысын  қазақстандықтар  болды  деген  деректер  бар.  Қазақстан 

соғыс  өнімдерін  соғыс  жылдары  жаппай  тəртіппен  КСРО  –  ның  батыстағы 

эвокуацияланған  облыстарының  19  қорғаныс  заводтарының  есебінен  өндірді.  Мұның 

барлығы  Қазақстан  соғыс  жылдары  шын  мəнінде  майдан  арсеналы  болғанын 

айғақтайды [4].    

Қорытындылай  келе,  тəуелсіз  Қазақстан  жағдайындағы  тарих  ғылымында  Ұлы 

Отан соғысы  жыларындағы  Қазақстан  тарихын  қатысты  бірқатар  деректер,  бұрын 

қолжетімділік  мүмкіндігі  болмаған  мұрағат  деректері  жарық  көріп,  зерттеушілердің 

берілген  тақырып  бойынша  деректік  базасының  кеңеюіне  мүмкіндік  ашты.  Соңғы 

жылдары  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарындағы  Қазақстан  тарихының  түрлі  мəселелері 

бойынша  мерзімдік  баспасөз  беттерінде,  публицистердің  еңбектерінде,  интернет 

сайттарында  қызықты  мəліметтер  көптеп  кездеседі.  Оларды  талдап,  сұрыптап, 



 

40

 



шынайылығын  анықтап,  тарихи  зерттеулерде  қолдану  соғыс  тарихы  бойынша  ой-

пікірлерді, тарихнамада бекінген тұжырымдарды қайта қарастыруға мүмкіндік береді.   

 

 

 



Əдебиет

1.

 



Əбдəкімұлы Ə. Қазақстан тарихы. - А.: Ғылым, 2005. - 385 б. 

2.

 



Казахстан  в  первый  год  Отечественной  войны  против  немецко-фашистских  захватчиков.-  А.: 

Ғылым, 1999. - 325 б. 

3.

 

Қазақ  жауынгері  Ұлы  Отан  соғысы  майданында  (тарихтық-құжаттық  зерттеу).  -  А.:  Ғылым, 



2010. – 280 б. 

4.

 



Қазақстан тарихы. IV том. - А.: Ғылым, 2010. 

5.

 



Бауыржан Момышұлы. I том. - А.: «Жазушы», 2004. – 120 б. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет