Отбасы тұрмысының қолайсыздығын қалай


«Неке және отбасы туралы» ҚР Кодексі



жүктеу 2.14 Mb.
Pdf просмотр
бет3/17
Дата22.12.2016
өлшемі2.14 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

 «Неке және отбасы туралы» ҚР Кодексі 
2-бап. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасының негіздері. «Неке 
(ерлі-зайыптылық)  және  отбасы,  ана,  әке  және  бала  мемлекеттің  қорғауында 
болады.  Қазақстан  Республикасының  неке-отбасы  заңнамасы  балалардың 
отбасында  тәрбиелену  басымдығы,  олардың  ӛсіп-жетілуі  мен  әл-ауқатты 
болуына  қамқорлық,  отбасы  мҥшелерінің  ӛз  қҧқықтарын  кедергісіз  жҥзеге 
асыруын  қамтамасыз  ету,  осы  қҧқықтарды  сот  арқылы  қорғау  мҥмкіндіктері, 
отбасының  барлық  мҥшелерінің  салауатты  ӛмір  салтын  қолдау  қағидаттарына 
негізделеді». 
60-бап.  Баланың  отбасында  ӛмір  сҥру  және  тәрбиелену  қҧқығы.  «Бала 
қҧқықтары  туралы»  Заңның  21-бабы  сияқты  «баланың  ӛз  ата-анасының 
тәрбиесіне,  ӛз  мҥдделерiнің  қамтамасыз  етiлуіне,  жан-жақты  ӛсiп-жетiлуiне, 
ӛзінің адами қадiр-қасиетiнiң қҧрметтелуiне қҧқығы бар. Ата-аналары болмаған 
кезде, олар ата-ана қҧқықтарынан айрылған не олар шектелген кезде және ата-
ана  қамқоршылығынан  айрылған  басқа  да  жағдайларда  осы  Кодекстің  13,  15 
және 
18-тарауларында 
белгiленген 
тәртiппен 
қорғаншылық 
немесе 
қамқоршылық  жӛніндегі  функцияларды  жҥзеге  асыратын  орган  баланың 
отбасында тәрбиелену қҧқығын қамтамасыз етедi. 
 
70-бап.  Ата-аналардың  баланы  тәрбиелеу  және  оған  білім беру  жӛніндегі 
қҧқықтары  мен  міндеттері.
 
Аталған  бапқа  сәйкес  «ата-аналар  ӛз  баласының 
денсаулығына қамқорлық жасауға мiндеттi. Бала тәрбиелеушi ата-аналар оның 
дене  бітімі, психикалық,  адамгершілік  жағынан және  рухани  дамуына  қажеттi 
ӛмiр  сҥру  жағдайларын  қамтамасыз  ету  ҥшін  жауаптылықта  болады.  Ата-
аналар баласының міндетті орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті». 
 
72-бап.  Ата-ана  қҧқықтарын  баланың  мҥддесінде  жҥзеге  асыру.  «Ата-ана 
қҧқықтары  баланың  мҥдделеріне  қайшы  жҥзеге  асырылмауға  тиіс.  Баланың 
                                                           
7
 Адам қҧқықтары жӛніндегі Уәкілдің 2011 жылғы есебінің деректері бойынша 
8
«ҚР  білім  беру  жағдайы  мен  оның  дамуы  туралы  ҧлттық  баяндама».  ҚР  БҒМ  Ҧлттық  білім  беру  сапасын 
бағалау орталығы. Астана. 2011 
 

25 
 
мҥдделерін қамтамасыз ету оның ата-аналары жасайтын негізгі қамқорлықтың 
нысанасы  болып  табылады.  Ата-ана  қҧқықтарын  жҥзеге  асыру  кезінде  ата-
аналар баланың дене бітімі мен психикалық денсаулығына, оның адамгершілік 
жағынан  дамуына  зиян  келтіруге  қҧқылы  емес.  Баланы  тәрбиелеу  тәсілдері 
адамның қадір-қасиетін кемсітетін немқҧрайлылықты, қатыгездікті, дӛрекілікті, 
баланы қорлауды немесе қанауды болғызбауға тиіс». 
277-бап. Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері. «Ата-
аналардың  және  балалардың  құқықтары  мен  міндеттері,  оның  ішінде  ата-
аналардың балаларын  күтіп-бағу  жӛніндегі  міндеті  аумағында олардың  бірге 
тұратын  тұрғылықты  жері  бар  мемлекеттің  заңнамасымен  айқындалады. 
Ата-аналар мен балалардың бірге тұратын тұрғылықты жері болмаған кезде 
ата-аналардың  және  балалардың  құқықтары  мен  міндеттері  бала  азаматы 
болып  табылатын  мемлекеттің  заңнамасымен  айқындалады.  Талапкердің 
талап  етуі  бойынша  алименттік  міндеттемелерге  және  ата-аналар  мен 
балалардың  арасындағы  басқа  да  қатынастарға  аумағында  бала  тұрақты 
тұрып жатқан мемлекеттің заңнамасы қолданылуы мүмкін». 
 
Аталған  Кодекс  ата-аналардың  балаларға  қатысты  қҧқықтары  мен 
міндеттерін  суреттеу  арқылы  қоғам  ҥшін  маңызды  неке-отбасылық 
жағдайларды  реттейді  және  отбасының  қҧқықтары  мен  мҥдделерін  қорғауды 
қамтамасыз  етеді.  Осы  Кодекс  нормаларының  кӛпшілігі  балалардың 
қҧқықтарын  кепілдендіреді.  Заңнамалық  актілердің  кӛп  жағдайда  белгілі  бір 
мәселелерде  бірін  бір  қайталайтынын  және  басқа  нормативтік  қҧқықтық 
актілерге сілтеме жасайтынын атап ӛткен жӛн. «Неке мен отбасы, ана мен әке 
және  бала  мемлекеттің  қарауында  болатынына»  қарамастан,  ол  баланы  іс 
жҥзінде  қорғай  алмайды,  ӛйткені  «қиын»  жағдайларда  мәселе  бала  пайдасына 
шешілмейді. Мысалы, Қазақстанда 2011 жылы 935 адам ата-ана қҧқықтарынан 
айырылған
9
. Яғни, 1220 бала отбасында ӛмір сҥру және тәрбиелену қҧқығынан 
айырылды  (60-бап).  Ата-аналардың  ата-ана  қҧқықтарын  қалпына  келтіру 
жӛніндегі  статистиканы  табу  қиынға  соқты,  бҧл  мҧндай  жағдайлардың  аз 
екенін  де  куәландыруы  мҥмкін
10
.  Неке-отбасылық  заңнамасындағы  басымдық 
балаларды отбасылық тәрбиелеу, ал баланы отбасына орналастыру нысандары 
бала асырап алу болып табылады, осыған байланысты, жетім балалар мен ата-
анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санының азаюы орын алуда.
11
  Осы 
орайда  Балалардың  қҧқықтарын  қорғау  комитеті  мен  оның  ӛңірлік 
департаменттерінің  тиісті  қызметін  атап  ӛту  қажет,  сала  мамандары  ата-ана 
                                                           
9
 Қазақстан
 
Республикасы
 
Білім
 
және
 
ғылым
 
министрлігі
 
Балалардың
 
құқықтарын
 
қорғау
 
деректері
 
бойынша
 
10
 
2011 жылдың басында Павлодар соты әйел адамның ата
-
ана құқықтарын қалпына келтірді 
11
 Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің деректері бойынша
 

26 
 
мейіріміне мҧқтаж балалармен кездеулер ӛткізеді, патронаттық отбасылар мен 
қамқоршыларға  кӛмек  кӛрсетеді  –  мҧның  бәрі  олардың  қызметінің  нәтижесі. 
Алайда байқалып отырған азаю ҥрдісіне қарамастан, республикада 36777 жетім 
балалар  мен  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар  бар.  Бҧл  барлық 
балалар әлі де болса отбасында ӛмір сҥру және тәрбиелену қҧқығын пайдалана 
алмай отыр деген сӛз. Яғни, ата-ана қҧқықтарын айырудан басқа ата-аналары ӛз 
міндеттерін  орындамайтын  немесе  тиісінше  орындамайтын  отбасылармен 
жҧмыс  тетіктері  әзірленбеген.  Мҧның  салдарынан  балалар  зардап  шегеді, 
ӛйткені  олардың  қҧқықтарына  нҧқсан  келтіріледі  және  кепілдендірілген 
мемлекеттік қорғау тиісті тҥрде жҥзеге асырылмайды.  
 
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы                                 
27 шілдедегі № 319-III Заңы (05.07.11 ж. ӛзгерістермен) 
«Мемлекет  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  тегін  мектепалды, 
бастауыш,  негізгі  орта  және  жалпы  орта  білім  алуын,  сондай-ақ,  арнаулы 
мемлекеттік  органдардың  оқу  орындарын  қоспағанда,  егер  азамат  осы 
деңгейлердің  әр  қайсысында  бірінші  рет  білім  алатын  болса,  мемлекеттік 
білім  беру  тапсырысына  сәйкес  конкурстық  негізде  тегін техникалық  және 
кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі, жоғары  және жоғары  оқу  орнынан  кейінгі 
білім алуын қамтамасыз етеді». 
 
Аталған  Заңның  8-бабында  «мемлекет  білім  алу  құқығын  білім  беру  жүйесін 
дамыту, оның жұмыс істеуінің құқықтық негізін жетілдіру және Қазақстан 
Республикасының Конституциясына  сәйкес  білім  алу  үшін  қажетті 
әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етеді. Білім 
беру  сапасын  мемлекеттік  бақылау  білім  беру  сапасын  бағалаудың  ұлттық 
жүйесін  жасау  және  оның  жұмыс  істеуін  қамтамасыз  ету  арқылы  жүзеге 
асырылады».  Аталған  Заңның  негізгі  ережелеріне  сәйкес  дене,  материалдық 
жағдайына немесе ӛзге мән-жайларға қарамастан, әрбір баланың сапалы білімге 
қолжетімділігі  қамтамасыз  етілуі  тиіс.  Қазақстан  Республикасының  кейбір 
заңнамалық  актілерінде  әр  бала  ҥшін  орта  білімнің  міндеттілігі  туралы 
айтылған.  
 
6-бап. Білім беру саласындағы жергілікті ӛкілді және атқарушы органдардың 
құзыреті. 
Жергілікті 
органдар 
«жетім 
балаларды, 
ата-аналарының 
қамқорлығынсыз  қалған  балаларды белгіленген  тәртіппен  мемлекеттік 
қамтамасыз  етуді,  оларды  міндетті  жҧмысқа  орналастыруды  және  тҧрғын 
ҥймен қамтамасыз етуді жҥзеге асырады». 
 

27 
 
«Бҥгінде  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі  білім  беру  жҥйесін  жаңғырту 
міндетін  алға  қойып  отыр.
12
  Ол  ҥшін  Қазақстан  Республикасында  білім 
беруді 
дамытудың 
2011-2020 
жылдарға 
арналған 
мемлекеттік 
бағдарламасы  әзірленді.  Аталған  Бағдарламаны  іске  асырудың  бастапқы 
кезеңінің ӛзінде Білім туралы Заңға ӛзгерістер енгізілді, 7 заң қабылданды, 560 
бҧйрық шығарылды, оның ішінде 41 бҧйрық нормативтік қҧқықтық акті кҥшіне 
ие.    Әлеуметтік,  эмоционалдық  және  ӛмірлік  маңызы  бар  дағдыларды 
қалыптастыруда  білім  алу  ерекше  рӛлге  ие,  әсіресе  жастық  шақ  кезінде  алған 
білімнің  орны  айрықша.  Сондықтан,  ел  Президентінің  министрлік  алдына 
қойып  отырған  міндеті  мектепке  дейінгі  біліммен  толық  қамту  болып 
табылады. Әрине, кӛптеген істер атқарылды: жаңа мектептер салынып, балалар 
бақшаларына  қатысты  жағдай  едәуір  жақсарды
13
,  еуропалық  стандарттар 
енгізілді  және  т.б.»  Алайда,  ҚР  Статистика  агенттігінің  деректері  бойынша 
2010  жылы    100  орынға  104,9  баладан  келді,  бҧл  шамамен  5  бала 
балабақшаларда  ҧйықтауға  және  ойнауға  арналған  орындармен  қамтамасыз 
етілмей  отыр  деген  сӛз,  демек  олардың  қҧқықтары  бҧзылуда.  Тәрбие  берумен 
және  оқумен  қамтылған  балалардың  ҥлесі  жылдан  жылға  артып  келе 
жатқанына  қарамастан  (мектепке  дейінгі  тәрбие  және  оқытумен  қамту 
коэффициенті  пайыздық  қатынаста  типтік  жастағы  халықтан  санағанда  2007 
жылы  32,8%,  ал  2010  жылы  –  41,6%
  қҧрады)
14
,  бҧл  мәселе  бҥгінгі  таңда  тез 
арада шешім қабылдауды қажет етеді. 
 
Орта  білім  беруді  жаңғырту  мҧғалім  мәртебесін  арттыру,  мҧғалімдер 
біліктілігін  кӛтеру  және  білім  беру  қызметтерінің  сапасына  бақылау  жасауды 
білдіреді. ҚР БҒМ Балалардың қҧқықтарын қорғау комитетінің ресми деректері 
бойынша  2011-2012  оқу  жылында  мектепке  бармайтын  317  бала  анықталды, 
олардың  138-і  мектепке  қайтарылды.  Бірақ  шын  мәнінде  бҧл  сан  одан 
әлдеқайда  артық,  мысалы  2008  жылғы  зерттеулер  қорытындысы  бойынша 
республика бойынша 50 мыңға жуық бала мектепке бармай отыр
15
. Білім беру 
мекемелері  мен  басқа  билік  органдары  ӛкілдерінің  кҥш-жігеріне  қарамастан 
біліммен қамтылмаған балалар туралы сенімді статистика жоқ. Әрине, олардың 
арасында  мектепке  барғысы  келмейтін  немесе  оған  ӛзіндік  себептері  бар 
балалар  кездеседі,  бірақ  кӛбісінде  қолжетімділік  шектеулі  екенін  ҧмытуға 
болмайды.  Кедей  және  аз  қамтылған  отбасылардан  шыққан  балалардың 
мектепке баратын киім-кешегі жоқ, білім алуға арналған қосымша қаражаттары 
да  (сынып,  мектеп  қорлары,  театрлар,  сыйлықтар,  репетиторда  жаттығулар, 
спорттық секциялар және т.с.с.) кемшін, ал кейбіреулері білім алудың орнына 
                                                           
12
 ҚР
 
Білім
 
және
 
ғылым
 
министрі
 
Б
.
Т

Жұмағұловтың
 
ҚР
 
Парламентінде
 
сөйлеген
 
сөзі
, 2012 
жылғы 
18 
маусым  
13
 «Балапан» бағдарламасының
 
шеңберінде
 
балабақшалар
 
саны
 41%-
ға
 
артты
 
14
«ҚР білім беру жағдайы мен дамуы туралы ұлттық баяндама». ҚР
 
БҒМ
 
Ұлттық білім беру сапасын 
бағалау орталығы

Астана, 2011
 
15
 «
Қазақстанда
 
баланың орта білім алуға құқығын сақтау: жетістіктері мен проблемалары». ҚР
 
БҒМ 
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті

«Сандж» Зерттеу орталығы, Астана, 2008
    

28 
 
жҧмыс  істеп,  ақша  табуға  мәжбҥр.  Мҧқтаж  балаларға  жалпы  оқыту  қоры 
арқылы материалдық кӛмек кӛрсету балалардың білім алуы ҥшін жағдай жасау 
кӛздерінің бірі болып табылатынына қарамастан, кӛбісі аталған кӛмек тҥрін ала 
алмай  отыр.  Еліміз  халқы  орналасуының  аз  тығыздығына  байланысты 
балалардың  білім  алуға  қҧқығын  қамтамасыз  етудегі  негізгі  проблемалардың 
біріне  кейбір  елді  мекендердің  шалғайда  орналасуы,  тасымалдау  жҥйесінің 
әлсіз  жҧмыс  істеуі  немесе  оның  болмауы  да  айналып  отыр.  Балалардың  білім 
алуға қҧқығын қамтамасыз етудегі тағы бір маңызды фактор тиісті заңнамалық 
базаны,  педагогтың  қоғамдағы  мәртебесін  арттырумен  қатар,  педагог  еңбегін 
материалдық және моральдық ынталандыру жҥйесін қҧру болып табылады. 
 
«Халық  денсаулығы  және  денсаулық  сақтау  жүйесі  туралы»  ҚР  кодексі, 
2009ж, 06.01.11ж., 06.01.12ж., 13.02.12ж. заң ӛзгертулеріне сәйкес. 
89-бап. Балалардың құқықтары 
Аталған  бап  «Әрбiр  баланың  денсаулық  сақтау  жҥйесiнiң  уақтылы  әрi  тиiмдi 
қызметтерiн және ауруды емдеу мен денсаулықты қалпына келтiру қҧралдарын 
пайдалануға,  денсаулық  сақтау  саласында  бiлiм  алуға,  тегiн  медициналық 
кӛмектiң  кепiлдiк  берiлген  кӛлемiнiң  шеңберiнде  медициналық  тексерiп-
қаралуға  және  динамикалық  байқалуға,  емделуге,  дәрiмен  қамтамасыз  етiлуге 
және  сауықтырылуға  қҧқығын»  бекітеді.  «Мектеп  жасындағы  балалардың 
стационарлық, қалпына келтiру емiн алу кезеңiнде стационар, оңалту орталығы, 
санаторий жағдайында ҥздiксiз бiлiм алуға қҧқығы бар. Стационарлық балалар 
бӛлiмшелерiнiң  және  мамандандырылған  стационарлық  медициналық  балалар 
ҧйымдарының  пациенттерiне  ойын  ойнау,  дем  алу  және  тәрбие  жҧмысын 
жҥргiзу  ҥшiн  қажеттi  жағдайлар  жасалады.  Мҥмкiндiгi  шектеулi,  сондай-ақ 
АИТВ инфекциясын жҧқтырған, ЖИТС-пен ауыратын балалардың бiлiм беру, 
денсаулық сақтау ҧйымдарында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау 
саласындағы заңнамасына  сәйкес  тегiн  медициналық-педагогикалық  тҥзеу 
арқылы қолдау алуға қҧқығы бар. АИТВ инфекциясын жҧқтырған балалардың 
балалар  ҥйлерiнде  және  жалпы  мақсаттағы  ӛзге  де  медициналық  және  оқу-
тәрбие ҧйымдарында болуға қҧқығы бар». 
 
11.07.2002ж.  №343  «Кемтар  балаларды  әлеуметтік  және  медициналық-
педагогикалық 
түзеу 
арқылы 
қолдау 
туралы» 
Қазақстан 
Республикасының Заңы», 27.07.2007ж., 05.07.2011ж. ҚР Заңы ӛзгертулері мен 
қосымшаларына сәйкес.  
 
Осы  Заң  кемтар  балаларды  әлеуметтiк,  медициналық-педагогикалық  тҥзеу 
арқылы  қолдаудың  нысандары  мен  әдiстерiн  айқындайды,  дамуында  кемiстiгi 

29 
 
бар  балаларға  кӛмек  кӛрсетудiң  тиiмдi  жҥйесiн  жасауға,  оларды  тәрбиелеу, 
оқыту,  еңбекке  және  кәсiби  даярлау  iсiмен  байланысты  проблемаларды 
шешуге, балалар мҥгедектiгiнiң алдын алуға бағытталған. 
 
3-бап.  Мемлекет  «кемтар  балалар  мен  олардың  отбасыларына  әлеуметтiк 
қолдау  және  оңалту  кӛмегiн  кӛрсетуге,  кемтар  баласы  бар  отбасы  мен 
әлеуметтiк  және  медициналық-педагогикалық  қолдауды  жүзеге  асыратын 
ұйымдар  мамандарының  ынтымақтастығына,  сонымен  қатар  балалардың 
қабiлеттерiнiң  шектелу  дәрежесiне,  жасына,  әлеуметтiк  мәртебесiне 
қарамастан,  ерте  қолдау  мен  бiлiм  алуға  қол  жеткiзуiне  және  тең 
құқықтылығына,  әрбiр  балаға  жеке  тұрғыдан  келiп,  әлеуметтiк  және 
медициналық-педагогикалық  түзеу  арқылы  қолдау  кӛрсетудi  саралауға» 
кепілдік береді».  
 
17-бап«Кемтар балалардың ата-аналары мен ӛзге де заңды ӛкілдерi, заңдарда 
белгiленген  мiндеттерден  басқа,  ӛздерiнiң  балаларын  асырауды,  тәрбиелеудi, 
бiлiм  берудi,  медициналық  байқаудан  ӛткiзудi,  емдетудi  қамтамасыз  етуге, 
оларға  күтiм  жасауға,  олардың  құқықтары  мен  мүдделерiн  қорғауға 
оңалтудың жеке бағдарламасын iске асыруға қатысуға тиіс және балаларына 
күтiм  жасау  мен  оларды  тәрбиелеу  жӛнiндегi  мiндеттерiн  орындаудан 
жалтарғаны,  оларға  қатыгездiк  кӛрсеткенi,  олардың  денсаулығына  зақым 
келтiргенi жауаптылықта болады».  
 
Бҥгінде республикамызда мҥмкіндігі шектеулі 149043 бала
16
 және 2747 мҥгедек 
бала  бар.  Аталған  Заңға  сәйкес  мемлекет  тарапынан  мҧндай  балаларға  кӛмек 
кӛрсету кепілдігі берілетіне қарамастан, шын мәнінде мҧны іске асыру тетіктері 
қарастырылмаған.  Жылдан  жылға  мҥмкіндігі  шектеулі  балалар  саны  артуда. 
2005  жылмен  салыстырғанда  2010  жылы  аталған  санаттағы  балалар  саны 
25000-ға  артып,  149000  баланы  қҧрап  отыр.  Оның  ішінде  арнайы  білім  беру 
бағдарламаларымен  балалардың  41,4%-ы  қамтылған.  Кӛріп  отырғандай,  осы 
санаттағы  балалардың  кӛпшілігі  ҥшін  білім  беру  және  денсаулық  сақтау 
қызметтеріне  қолжетімділік  шектелген  немесе  толығымен  қолжетімді  емес. 
Олардың мәдени және ойын-сауық орындарына бару мҥмкіндіктері белгілі бір 
деңгейде  шектелген.  Аталған  балалардың  кӛпшілігі  қоғамнан  оқшауланған. 
Аталған  бағыттағы  ҥкіметтік  емес  сектордың  кҥш-жігері  назар  аударарлық. 
Мысалы,  «Қазақстанның  тәуелсіз  ҧрпағы»  қоғамдық  жастар  бірлестігі 
«Әлеуметтік  жағынан  осал  балалар  әлеуетін  арттыру:  жетістік  жолында» 
                                                           
16
 
«Қазақстан
 
Республикасындағы балалардың құқықтарын қорғау саласындағы негізгі көрсеткіштер» жинағы, Балалардың
 
құқықтарын
 
қорғау комитеті

2011 ж.
 

30 
 
жобасын 
ӛткізді, 
ондағы 
мақсат 
кейіннен 
кемшін 
балаларды 
волонтерлік/еріктілік  жҧмысына  тартуға  мҥмкіндік  беретін  жағдайлар  жасау 
және  ҥкіметтік  емес  жастар  ҧйымдарынан  нақты  инфрақҧрылым  қҧру  болып 
табылады, бҧл да ӛз кезегінде балалардың әлеуметтенуіне және бейімделуіне оң 
әсерін тигізбек. 
 
15.05.2007ж. №251- III Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі»  
 
30-бап.  Еңбек  шартын  жасасуға  жол  берiлетiн  жас  мӛлшерi.  Аталған 
бап он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол берiлетінін 
кӛздейді.  Ата-анасының  бiреуiнiң,  қорғаншысының,  қамқоршысының  немесе 
асырап алушысының жазбаша келiсiмiмен: 1) орта бiлiм беру ҧйымында негiзгi 
орта,  жалпы  орта  бiлiм  алған  жағдайда,  он  бес  жасқа  толған  азаматтармен;  2) 
сабақтан  бос  уақытында,  денсаулығына  зиян  келтiрмейтiн  және  оқу  процесiн 
бҧзбайтын  жҧмысты  орындау  ҥшiн,  он  тӛрт  жасқа  толған  оқушылармен;  3) 
кинематография  ҧйымдарында,  театрларда,  театр  және  концерт  ҧйымдарында, 
цирктерде  денсаулығына  және  адамгершiлiк  тҧрғысынан  дамуына  нҧқсан 
келтiрмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу ҥшiн он тӛрт 
жасқа  толмаған  адамдармен  еңбек  шарты  жасалуы  мҥмкiн.  Сонымен  қатар, 
еңбек  шартына  кәмелетке  толмаған  адаммен  қатар  оның  ата-анасының  бiреуi, 
қорғаншысы, қамқоршысы немесе асырап алушысы қол қоюға тиiс. 
Еңбек  шартын  ауыр  жҧмыстарға,  еңбек  жағдайлары  зиянды  (ерекше 
зиянды)  және  (немесе)  қауiптi  жҧмыстарға,  сондай-ақ  жҧмыс  берушiнiң  мҥлкi 
мен  басқа  да  қҧндылықтарының  сақталуын  қамтамасыз  етпегенi  ҥшiн 
қызметкердiң  толық  материалдық  жауапкершiлiгi  кӛзделетiн  лауазымдар  мен 
жҧмыстарға, он сегiз жасқа толмаған азаматтармен жасасуға жол берілмейді. 
Аталған ереже Халықаралық Еңбек Ҧйымы Конвенциясының 2-бабына сәйкес 
келеді, ол бойынша «жал бойынша жұмыстың немесе ӛзiнiң сипаты бойынша 
немесе  оны  жүзеге  асыратын  мән-жайлардың  күшiне  қарай  жеткiншектiң 
денсаулығына, қауiпсiздiгiне немесе адамгершiлiгіне зиян келтiре алатын басқа 
жұмыстың кез-келген түрiне қабылдау үшiн ең тӛменгi жас он сегiз жастан 
тӛмен болмауы тиiс».   
  
Аталған  Кодекстің  118-бабында  он  сегіз  жасқа  толмаған  қызметкерлер  ҥшін 
жҧмыс уақытының қысқартылған уақыты белгіленетіні айтылған: 
«1) он тӛрттен он сегіз жасқа дейінгі қызметкерлер ҥшін – аптасына 24 сағаттан 
аспауға тиіс; 
2) он алтыдан жастан он сегіз жасқа  дейінгі қызметкерлер ҥшін – аптасына 36 
сағаттан аспауға тиіс; 

31 
 
3) оқу жылы кезеңiнде сабақтан бос уақытында жҧмыс iстейтiн он тӛрт жастан 
он  алты  жасқа  дейiнгi  оқушылар  ҥшiн  -  2,5  сағат,  он  алтыдан  он  сегіз  жасқа 
дейiнгi оқушылар ҥшiн - 3,5 сағат». 
 
Жұмысқа  қабылдау  үшін  ең  тӛменгі  жас  туралы  конвенцияны 
ратификациялау  туралы»  Қазақстан  Республикасының    2000  жылғы  14 
желтоқсандағы  Заңының  7-бабында  жҧмысқа  қабылдау  ҥшін  жас 
ерекшеліктерін  белгілеуде  Қазақстан  Республикасының  еңбек  заңнамасымен 
кішігірім  алшақтық  бар.  Аталған  Заңға  сәйкес  ұлттық  заңнамалармен  немесе 
ережелермен жал бойынша жұмысқа немесе басқа жұмысқа  он үш жастан 
он беске жасқа дейiнгi тұлғалар, олардың денсаулығы немесе дамуына зиянды 
болып кӛрiнбейтiн және мектепке баруына, ӛкiметтiң құзыреттi органдары 
бекiткен  кәсiби  бағдарлау  немесе  даярлау  бағдарламаларына  немесе  олардың 
алған бiлiмiн пайдалану қабiлеттерiне зиян келтiрмейтiн жеңiл жұмыстарға 
алынулары мүмкiн. Бҧл ХЕҦ 138 Конвенциясының 7-бабына сәйкес келеді.  
Біздің  елімізде  балалар  еңбегі  проблемасы  әлі  де  ӛзекті  кҥйінде,  дей 
тҧрғанмен бала еңбегін пайдалануды азайту ҥрдісі де байқалып отырғанын атап 
ӛткен  жӛн.  Ресми  деректерге  сәйкес  балалар  еңбегінің  ең  нашар  тҥріне 
тартылған балалар саны 170-ті қҧрайды
17
. «Сандж» Зерттеу Орталығының ХЕҦ 
ҥшін  жҥргізген  зерттеулерінің  қорытындысы  бойынша  Қазақстанның  екі 
облысының  ӛзінде-ақ  сауалнамаға  қатысқан  7-ден  15  жасқа  дейінгі  4129 
баланың ішінде жҧмыс істейтін 206 бала анықталды
18
. Жҧмысқа қабылдау ҥшін 
ең  тӛменгі  жас  жазылған  еңбек  заңнамасының  бҧзылуымен  қатар,  бала 
денсаулығына  орасан  зор  зиян  тиюде,  ӛйткені,  балалар  әдетте  нашар 
жағдайларда жҧмыс істейді. Аталған балалар сапалы білімге қолжетімдіктен де 
айырылады. Бҧл фактілер Еңбек туралы заңнаманың және Жҧмысқа қабылдау 
ҥшін  ең  тӛменгі  жас  туралы  конвенциясының  сақталуына  тиісті  бақылау 
жасалмайтынын  кӛрсетіп  отыр.  Әсіресе,  экономиканың  жеке  меншік 
секторында жҧмыс істейтін балаларға қадағалау жасау қиындық туғызады. Ата-
аналарымен  бірге  базарларда,  дҥкендерде,  кӛкӛніс  дҥңгіршектерінде  және 
«отбасылық  кәсіпорындарда»  жҧмыс  істейтін  балаларды  кӛптеп  кездестіруге 
болады.  
Каталог: sites -> default -> files -> upload -> files
files -> Ерте жастағы және күштеп қиылатын некелердің алдын алу
files -> Өзін- өзі тану пәні мұғалімі Асаева Дилдора Валихановна
files -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі балалардың ҚҰҚЫҚЫҚтарын қОРҒау комитеті
files -> «Батыр» жазғы шатырлы лагері (Ерейментау ауданында орналасқан)
files -> Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы»
files -> Оқушылардың салауатты тамақтануы туралы əңгіме
files -> ҚазаҚстан Республикасы білім және ғылым министРлігі балалаР ҚұҚыҚтаРын ҚоРғау комитеті
files -> Информация о мероприятиях
files -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі балалардың ҚҰҚЫҚтарын қОРҒау комитеті
files -> Жазғы мектеп


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет