Отбасы тұрмысының қолайсыздығын қалай



Pdf көрінісі
бет4/17
Дата22.12.2016
өлшемі2,14 Mb.
#247
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

 
«Кәмелетке 
толмағандар 
арасындағы 
құқық 
бұзушылықтардың 
профилактикасы  мен  балалардың  қадағалаусыз  және  панасыз  қалуының 
                                                           
17
 
«Қазақстан
 
Республикасындағы балалардың құқықтарын қорғау саласындағы негізгі көрсеткіштер» жинағы, Балалардың
 
құқықтарын қорғау комитеті

2011 ж.
 
18
 
Қазақстанның
 
аграрлық секторында бала еңбегі бойынша базалық зерттеу (Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстары), 
2011 ж.
 

32 
 
алдын алу» Қазақстан Республикасының Заңы (2004 жылғы 9 шілдедегі № 
591-II,  Қазақстан  Республикасының  29.04.2010  ж.  №  272-IV  Заңымен 
ӛзгертілді) 
 
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз 
және  панасыз  қалудың  профилактикасы  саласындағы  мемлекеттiк  саясат 
құқықтық  саясаттың  бiр  бӛлiгi  болып  табылады  және  ол  кәмелетке 
толмағандар үшiн құқықтық және әлеуметтiк кепiлдiктер жасау, кәмелетке 
толмағандар  арасындағы  құқық  бұзушылықтардың,  қадағалаусыз  және 
панасыз  қалу  профилактикасының  жүйесiн  құрайтын  органдар  мен 
мекемелердi  материалдық-техникалық,  қаржылық,  ғылыми-әдiстемелiк  және 
кадрлармен  қамтамасыз  етудi  қамтиды.
 
Кәмелетке  толмағандардың 
арасындағы  құқық  бұзушылықтардың,  қадағалаусыз  және  панасыз  қалудың 
алдын  алу  жүйесiне  iшкi  iстер,  білім  беру,  денсаулық  сақтау  органдары, 
халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды 
үйлестiретiн мемлекеттік орган, жергiлiктi ӛкiлдi және атқарушы органдар, 
кәмелетке  толмағандардың  iстерi  және  олардың  құқықтарын  қорғау 
жӛніндегі  комиссиялар  және  ӛз  құзыретi  шегiнде  ӛзге  де  мемлекеттік 
органдар кiредi». Заңға сәйкес жергілікті атқарушы органдар аталған саладағы 
басқа  міндеттермен  қатар,  ӛмiрде  қиын  жағдайға  душар  болған  кәмелетке 
толмағандардың  және  тҧрмысы  қолайсыз  отбасылардың  дербес  есебiн 
жҥргiзедi;  кәмелетке  толмағандарға  арналған  әлеуметтiк  инфрақҧрылымның 
қалыптасуына  жәрдемдеседi,  ӛмiрде  қиын  жағдайға  душар  болған  кәмелетке 
толмағандарды 
Қазақстан 
Республикасының 
заңдарында 
белгiленген 
тәртiппен жҧмысқа орналастыру және оларға тҧрмыстық жағдай жасау, ӛзге де 
кӛмек кӛрсету жӛнiндегi шараларды қолданады.  
 
Мемлекет  тарапынан  жҥргізіліп  жатқан  жҧмыс  нәтижесінде  кәмелетке 
толмағандар  арасындағы  қылмыстылық  азаюда.  Соңғы  4  жылда  кәмелетке 
толмағандар жасаған қылмыстар санының арту ҥдерісін еңсеруге және олардың 
жыл  сайын  6%-ға  азаюына  қол  жеткізілді.  Мысалы,  кәмелетке  толмағандар 
жасаған  қылмыстар  саны  2004  жылғы  6529  жағдайдан  2011  жылғы  4108-ге 
дейін  азайды
19
.  Ішкі  істер  органдарында  кәмелетке  толмағандардың  ісі 
жӛніндегі  бӛлімшелерде  есепте  тҧрғандар  саны  2008  жылғы  19 099-дан  2011 
жылы  14 115-ке  дейін  тӛмендеді
20
.  «Мейірімділік»  акциясы  шеңберінде 
әлеуметтік  жағынан  қорғалмаған  134  000  балаға  330  млн.  теңгеге  жуық 
                                                           
19 
«№1
-
М нысаны. Тіркелген қылмыстар және 2012 жылғы 12 ай бойынша қылмыстық қуғын органдарының қызметінің нәтижесі 
туралы есеп». ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есептер комитетінің ресми сайты 
 
20
 
ҚР
 
ІІМ деректері (сұрау бойынша)
 

33 
 
соманың  кӛмегі  кӛрсетілді.  «Мектепке  жол»  акциясының  қорытындысы 
бойынша аз қамтылған отбасылардан шыққан 252 000 бала 1,6 млрд. теңгеден 
астам  соманың  материалдық  кӛмегін  алды.  Аталған  іс-шаралар  нәтижесінде 
қараусыз,  панасыз  қалған  балалар  саны  1,3-есеге  азайды
21
.  Алдын  алу 
шараларының  артуына  қарамастан,  жасӛспірімдердің  қажеттіліктері  мен 
мҥдделерін  қорғау  әлі  де  болса  қоғамның  басты  міндеті  болып  отыр.  Осыған 
байланысты,  Ішкі  істер  министрлігі  қалыптасқан  жағдайды  одан  әрі  жақсарту 
жӛніндегі  шараларды  ҧсынуда.  Мысалы,  кәмелетке  толмағандар  арасындағы 
қҧқық  бҧзушылықтарды  сапалы  алдын  алу  және  онымен  кҥрес  ҥшін  панасыз 
қалған  балалар  бойынша  бірыңғай  ақпараттық  базаны  қҧру  туралы  мәселе 
кӛтерілуде.  Сондай-ақ  Қазақстан  Республикасы  Ішкі істер министрлігі  барлық 
ӛңірлерде қараусыз және панасыз қалған балаларға арналған арнайы білім беру 
ҧйымдарын қҧруды ҧсынады. 
  
26.10.2010ж., 20.08.2010ж. ӛзгертулерімен 30.01.2001ж. №155- II «Әкімшілік 
құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексі  
 
111-бап.  Ата-аналардың  немесе  басқа  да  заңды  ӛкiлдерiнiң  балаларды 
тәрбиелеу  жӛнiндегi  мiндеттердi    орындамауы.  «Ата-аналардың  немесе 
басқа  да  заңды  ӛкiлдерiнiң  кәмелетке  толмаған  балаларды  тәрбиелеу  және 
оқыту  жӛнiндегi  мiндеттердi  дәлелдi  себептерсiз  орындамауы  айлық  есептiк 
кӛрсеткiштiң  бестен  онға  дейiнгi  мӛлшерiнде  айыппҧл  салуға  әкеп  соғады. 
Кәмелетке толмағандардың алкогольдiк iшiмдiктердi, есiрткi қҧралдарын және 
психотроптық  заттарды  ҧдайы  қолдануына  не  қаңғыбастықпен  немесе 
қайыршылықпен  айналысуына  әкеп  соққан  iс-әрекеттер,  сол  сияқты  олардың 
қылмыс  немесе  қасақана  әкiмшiлiк  қҧқық  бҧзушылық  белгiлерi  бар  әрекеттер 
жасауы  ата-аналарға  немесе  басқа  да  заңды  ӛкiлдерiне  жиырма  айлық  есептiк 
кӛрсеткiш мӛлшерiнде айыппҧл салуға әкеп соғады». 
 
16.07.1997ж. №167-І ҚР Қылмыстық кодексі 
 
136-бап.  Балаларын  немесе  еңбекке  жарамсыз  ата-анасын  асырауға 
арналған қаражатты тӛлеуден әдейi  жалтару (136-бапқа ҚР 05.05.2000 ж. № 
47-II; 18.01.11  ж.  №  393-IV; 09.11.11  ж.  №  490-IV  Заңдарымен  ӛзгерістер 
енгізілді).  «Ата-ананың  сот  шешiмi  бойынша  кәмелетке  толмаған  балаларын, 
сол  сияқты  он  сегiз  жасқа  толған  еңбекке  жарамсыз  балаларын  асырауға 
арналған  қаражатты  тӛлеуден  ҥш  айдан  астам  әдейi  жалтаруы  айлық  есептiк 
кӛрсеткiштiң екi жҥзден бес жҥзге дейiнгi мӛлшерiнде айыппҧл салуға, не жҥз 
                                                           
21
 
ҚР
 
БҒМ баспасөз қызметі
 

34 
 
жиырмадан жҥз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жҧмыстарға тартуға 
не  екi  жылға  дейiнгi  мерзiмге  тҥзеу  жҧмыстарына,  не  екi  жылға  дейiнгi 
мерзiмге  бас  бостандығын  шектеуге  жазаланады.  Кәмелетке  толған  еңбекке 
жарамды  адамның  сот  шешiмi  бойынша  ӛзiнiң  еңбекке  жарамсыз  ата-анасын 
асырауға арналған қаражатты тӛлеуден ҥш айдан астам әдейi жалтаруы айлық 
есептiк кӛрсеткiштiң екi жҥзден бес жҥзге дейiнгi мӛлшерiнде айыппҧл салуға, 
не  жҥз  жиырмадан  жҥз  сексен  сағатқа  дейiнгi  мерзiмге  қоғамдық  жҧмыстарға 
тартуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге тҥзеу жҧмыстарына, не екi жылға дейiнгi 
мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады».  
 
137-бап.  Кәмелетке  толмаған  баланы  тәрбиелеу  жӛнiндегi  мiндеттердi 
орындамау   (Қазақстан Республикасының 21.12.02 ж. № 363-II; 09.11.11 ж. № 
490-IV  Заңдарымен  ӛзгерістер  енгізілді).  Аталған  бапқа  сәйкес  «кәмелетке 
толмаған  баланы  тәрбиелеу  жӛнiндегi  мiндеттердi  ата-анасының  немесе  ӛзiне 
осы мiндеттер жҥктелген ӛзге адамның, сол сияқты кәмелетке толмаған баланы 
қадағалауды  жҥзеге  асыруға  мiндеттi  педагогтың  немесе  оқу,  тәрбие  беру, 
емдеу  немесе  ӛзге  мекеменiң  басқа  қызметкерiнiң  орындамауы  немесе  тиiстi 
дәрежеде  орындамауы,  егер  бұл  әрекет  кәмелетке  толмаған  балаға  қатал 
қараумен  ұштасса  елу  айлық  есептiк  кӛрсеткiштен  жүз  айлық  есептiк 
кӛрсеткiшке  дейiнгi  мӛлшерде  айыппұл  салуға  немесе  жүз  сағаттан  екi  жүз 
сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi 
мерзiмге  түзеу  жұмыстарына,  не  үш  жылға  дейiнгi  мерзiмге  белгiлi  бiр 
лауазымдарды  атқару  немесе  белгiлi  бiр  қызметпен  айналысу  құқығынан 
айырып  немесе  онсыз  екi  жыл  мерзiмге  дейiн  бас  бостандығын  шектеуге 
жазаланады».  
  
138-бап.  Балалардың  ӛмiрi  мен  денсаулығының    қауiпсiздiгiн  қамтамасыз  ету 
жӛнiндегi  мiндеттердi  тиiсiнше  орындамау  (Қазақстан  Республикасының 
09.11.11  ж.  №  490-IV  Заңымен  ӛзгерістер  енгізілді).  «Балалардың  ӛмiрi  мен 
денсаулығының  қауiпсiздiгiн  қамтамасыз  ету  жӛнiндегi  мiндеттердi  қызметi 
бойынша  ӛзiне  осындай  мiндеттер  жҥктелген  адамның  не  осы  мiндеттердi 
арнайы тапсырма бойынша орындаушы немесе мҧндай мiндеттердi ерiктi тҥрде 
ӛзiне  алған  адамның  тиiсiнше  орындамауы,  егер  бҧл  жас  баланың 
денсаулығына абайсызда ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп 
соқса бес мың айлық есептiк кӛрсеткiшке дейiнгi мӛлшерде айыппҧл салуға не 
екi жылға дейiнгi мерзiмге тҥзеу жҧмыстарына, не ҥш жылға дейiнгi мерзiмге 
белгiлi  бiр  лауазымды  атқару  немесе  белгiлi  бiр  қызметпен  айналысу 
қҧқығынан айырып немесе онсыз нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға 
жазаланады.  Абайсызда  жас  баланың  ӛлiмiне  әкеп  соққан  нақ  сол  әрекет  ҥш 

35 
 
жылға  дейiнгi  мерзiмге  белгiлi  бiр  лауазымды  атқару  немесе  белгiлi  бiр 
қызметпен  айналысу  қҧқығынан  айырып  немесе  онсыз  бес  жылға  дейiнгі 
мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады». 
 
139-бап. Қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын терiс пайдалану (Қазақстан 
Республикасының  09.11.11  ж.  №  490-IV  Заңымен  ӛзгерістер  енгізілді)
 «Қамқоршылықты 
немесе 
қорғаншылықты 
пайдакҥнемдiк 
немесе 
қамқоршылықтағы  (қорғаншылықтағы)  балаға  зиян  келтiру  ҥшiн  ӛзге  арам 
мақсаттарға  пайдалану  немесе  қорғаншылықтағы  (қамқоршылықтағы)  баланы 
қасақана  қадағалаусыз  немесе  қажеттi  кӛмексiз  қалдыру  қамқоршылықтағы 
(қорғаншылықтағы) баланың қҧқықтары мен заңды мҥдделерiне елеулi нҧқсан 
келтiруге  әкеп  соқса  елуден  жҥз  айлық  есептiк  кӛрсеткiшке  дейiнгi  мӛлшерде 
айыппҧл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге тҥзеу жҧмыстарына, не екi жылға 
дейiнгi  мерзiмге  бас  бостандығын  шектеуге,  не  нақ  осы  мерзiмге  бас 
бостандығынан айыруға жазаланады». 
 
Ӛкінішке орай, Қылмыстық кодексінің 136 - 139-баптарының және «Әкімшілік 
қҧқық  бҧзушылық  туралы»  Кодекстің  111-бабының  қолданылуы  бойынша 
санды  деректер  табылмады,  сондықтан  аталған  шаралардың  қолданылуын 
қадағалау  мҥмкін  болмай  отыр.  Себеп  заңнамалық  актілерде  «кәмелетке 
толмағандарды  тәрбиелеу  және  оқыту  жӛніндегі  міндеттерге»  нақты  не 
кіретіні  туралы  жазылмауында  шығар.  Екінші  жағынан,  аталған  баптарды 
пайдалану  кӛп  жағдайларда  балалардың  мҥдделерін  қозғайды,  ӛйткені 
кӛрсетілген  баптардың  қолданылу  аясына  материалдық  жағдайы  нашар  ата-
аналар  да  кіреді  және  мҧндай  отбасыларға  немесе  ата-аналарға  айыппҧл  салу 
материалдық  шығыстарға  әкеледі,  ал  бҧл  қаражатты  бала  қажеттіліктеріне 
бағыттауға болушы еді. 
 
«2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңы. 
Аталған Заңға сәйкес жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 
балаларды  кҥтіп-бағу  ҥшін  қорғаншыларға  (қамқоршыларға)  10  АЕК 
мӛлшерінде ақша қаражатын тӛлеу кӛзделген. 
 
Мына  нормативтік  актілер  де  балалардың  қҧқықтарын  қорғау  саласындағы 
Қазақстанның  мемлекеттік  әлеуметтік  саясатының  ӛзекті  әрі  қажетті 
бағыттарының бірі болып табылады: 
1.
 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 27 маусымдағы 
№  625  Жарлығымен  Қазақстан  Республикасында  ювенальды 

36 
 
әділет  жүйесін  дамытудың  2009  -  2011  жылдарға  арналған 
тұжырымдамасы мақҧлданды;  
2.
 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2009  жылғы  24  тамыздағы 
№    858  Жарлығымен  Қазақстан  Республикасы  құқықтық 
саясатының  2010  –  2020  жылдар  кезеңіне  арналған 
тұжырымдамасы мақҧлданды.  
 
Халықаралық практикада, атап айтқанда кәмелетке толмағандарға сот тӛрелігін 
іске асыруға қатысты БҦҦ-ның ең тӛменгі стандарттық ережелерінде («Пекин 
ережелері»)
22 
«Juvenile  Justice»  термині  (ювенальды  әділет)  «кәмелетке 
толмағандар  істері  бойынша  сот  тӛрелігі»  ҧғымын  білдіреді  және  заңмен 
«қақтығыста»  болып  қалған  балалардың  қҧқықтарын  қорғау  саласындағы 
отандық заңнаманың қҧрамына кіреді. 
Бҥгінде  әлемде  ювенальды  әділеттің  ағылшын-американдық,  қҧрлықтық  және 
скандинавтық  модельдері  бар
23
.  2007  жылғы  23  тамызда  Қазақстан 
Республикасының  Президенті  Астана  және  Алматы  қалаларында  кәмелетке 
толмағандарға  қатысты  қылмыстық істерді,  әкімшілік  қҧқық бҧзушылық және 
олардың мҥдделерін қозғайтын азаматтық істер туралы істерді қарауға уәкілетті 
тиісті  соттарды  қҧруды  кӛздейтін  «Кәмелетке  толмағандардың  ісі  бойынша 
мамандандырылған ауданаралық соттарды қҧру туралы» Жарлыққа қол қойды. 
Яғни,  мемлекет  пилоттық  жобаларға  талдау  жасау  және  оны  енгізу  арқылы 
ювенальды әділетті қҧруға ықпал ету жӛніндегі белсенді жҧмыс атқарды. 2012 
жылғы  4  ақпанда  Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасының  барлық 
аумағында  кәмелетке  толмағандардың  ісі  бойынша  мамандандырылған 
ауданаралық  соттарды  қҧру  туралы  шешім  шығарды.  Ювенальды  әділетті 
енгізу  мен  дамытудың  артықшылықтары  әрине  бар,  ӛйткені  қҧқық 
бҧзушылықтан гӛрі қҧқық бҧзушы болашағы маңызды. Бірақ аталған қадамды 
сәтті іске асыру ҥшін тиісті кадрлар дайындауды бастау қажет; кадрлар іріктеу 
кезінде педагог немесе психолог дағдыларының болуына ерекше назар аудару 
қажет.  Бҧған  қоса,  әлеуметтік  қызметкерлердің,  психоталдаушылардың, 
медиаторлар мен бала дәрігерлерінің рӛлін арттыру қажет. Ювенальды әділетті 
дамыту  концепциясын  сәтті  іске  асырудың  басты  жағдайларының  бірі 
әлеуметтік  қызметкер  институтын  дамыту  болып  табылады,  ӛйткені  кейіннен 
әлеуметтік қызметкер судьяның кӛмекшісі болмақ
24
.  
 
                                                           
22
 «Пекин ережелері», 1995ж., Кәмелетке толмағандарға қатысты сот тӛрелігін іске асыруға қатысты БҦҦ-ның ең тӛменгі стандарттық 
ережелері 
23
  
Әлемнің 60-тан астам мемлекетінде ювенальды соттар жҧмыс істейді  
24
 
ШҚО Ӛскемен қалалық судьясы Т.Т. Қасымовпен болған интервью материалдары пайдаланылды
  

37 
 
Мемлекеттің  балалардың  қҧқықтарын  қорғау  саласындағы  жетістіктеріне 
қарамастан, іс жҥзінде балалар қҧқықтарының бҧзылуы қоғам ӛмірінің барлық 
салаларында  дерлік  кездеседі.  Омбудсменнің  2011  жылғы  есепті  дерегі 
бойынша 2009 жылдан бастап Адам қҧқықтары жӛніндегі уәкіл атына балалар 
қҧқықтарының  бҧзылуы  туралы  тҥскен  арыздардың  3  есеге  артуы  байқалып 
отыр:  2009  ж.  -  24  ӛтініш,  2010  ж.  -  43,  2011  ж.  –  106.  Бҧл  бҧзушылықтар 
санының  кӛбеюіне,  халықтың  қҧқықтық  сауаттылығының  артуынан  арыздану 
ресімінің дамуына да байланысты болуы мҥмкін.  
 
Ӛтініштердің  едәуір  бӛлігі  балалардың  сапалы  білім  мен  медициналық  кӛмек 
алу,  әлеуметтік  қамсыздандыру,  тҧрғын  ҥй  алу,  оқу,  медициналық,  тәрбиелеу 
және  басқа  мекемелердегі  әкімшілендіру,  алименттердің  уақтылы  тӛленуі 
мәселелеріне  қатысты.  Осылайша,  қоғамда  қалыптасқан  жағдай  қолданыстағы 
заңнама  балалардың  қҧқықтары  мен  мҥдделерінің  нақты  қорғалуын 
толыққанды қамтамасыз ете алмайтынын және кӛп жағдайда оларды іске асыру 
тетіктері  кӛзделмейтінін  куәландырады.  Мҥмкіндігі  шектеулі,  жетім  балалар 
мен  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар  және  аз  қамтылған 
отбасылардан  шыққан  балалар  осал  жағдайда  қалып  отыр.  Ең  алдымен, 
заңнамада жергілікті органдардың ӛз функцияларын орындауына жауаптылығы 
нақты  жазылуы  тиіс.  Заңдарды  іске  асыру  тетіктеріндегі  проблемалы 
аймақтарды  анықтауды  жалғастыру  және  балалардың  қҧқықтары  мен 
мҥдделерін қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру қажет.   
 
«Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың 2011-2020  жылдарға 
арналған  мемлекеттік  бағдарламасын  бекіту  туралы»  Қазақстан 
Республикасы Президентінің Жарлығы.  
 
Аталған  Жарлықпен  «Қазақстан  Республикасында  техникалық  және  кәсіптік 
білім  беруді  дамытудың  2008  –  2012  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Президентінің    2008 
жылғы  1  шілдедегі  №  626  Жарлығының  кҥші  жойылды  деп  танылды  (№  32, 
333-қҧжат).  
 
Бағдарлама  мақсаттарының  бірі  білім  беру  қызметіне  тең  қол  жеткізуді 
қамтамасыз  етуге  бағдарланған  қаржыландыру  жҥйесін  жетілдіру,  балаларды 
мектепке  дейінгі  сапалы  тәрбиемен  және  оқытумен  толық  қамтуды,  оларды 
мектепке  даярлау  ҥшін  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  әр  тҥрлі 
бағдарламаларына  тең  қол  жеткізуді  қамтамасыз  ету  және  инклюзивті  білім 
беруді  дамыту  болып  табылады.  Бағдарлама  екі  кезеңде  іске  асырылатын 

38 
 
болады: бірінші кезең: 2011 – 2015 жылдар; екінші кезең: 2016 – 2020 жылдар. 
Кҥтілетін  нәтижелер:  білім  беру  мен  тәрбиелеудің  қҧрылымындағы, 
мазмҧныны  мен  технологияларындағы,  білім  беру  қызметін  басқару 
жҥйесіндегі, ҧйымдастырушылық-қҧқықтық нысандарындағы ӛзгерістер. Білім 
беру 
«Қазақстан 

2030» 
ҧзақ 
мерзімді 
Стратегиясының 
басты 
басымдықтарының  бірі  болып  табылады,  сондықтан  білім  беру  жҥйесін 
жетілдіру аталған мақсатқа жету жолында ерекше рӛлге ие. 
 
«Қазақстанда  балалар  үйлері  бітірушілерінің  кедейшілігін  тӛмендету» 
Еуропалық Одақтың қаржыландыруымен Орталық Азия Еуразия Қорының 
2010 – 2012 жылдарға арналған жобасы.  
 
Жоба  балаларға  арналған  мекемелер  бітірушілерінің  арасындағы  сәтсіздіктің 
негізгі  себептерін  анықтауға,  сондай-ақ  бітірушілердің  балалар  ҥйлерінен 
шыққаннан  кейінгі  қоғамға  сәтті  бейімделуіне  ықпал  ететін  тиімді  әдістерді 
әзірлеуге  және  енгізуге  бағытталған.  Жоба  жергілікті  ҥкіметтік  емес 
ҧйымдармен  және  мекемелермен  ынтымақтастықта  Қазақстанның  тӛрт 
ӛңірінде: Астана, Қостанай, Павлодар және Шымкентте іске асырылуда.  
 
«Отбасы мен қоғам әлеуетін нығайту» ЮНИСЕФ-тің 2008-2010 жылдарға 
арналған жобасы 
 
Бағдарламаның  мақсаты  «аналар  денсаулығы  мен  тамақтануын  жақсарту, 
кҥнделікті  қызметтерге  қолжетімділік  пен  ӛмірлік  дағдыларға  оқытуды  қоса 
алғанда  босануға  кӛмектесетін  алдыңғы  қатарлы  технологияларды  қолдану» 
болып  табылады.  Бағдарлама  шеңберінде
25
  мына  жобаларды  іске  асыру 
жоспарланып  отыр:  «Перинатальдық  кҥтімнің  алдыңғы  қатарлы  дағдыларын 
ендіру»,  «Жастарға  психоәлеуметтік  кӛмек  кӛрсету  қызметтерін  енгізу, 
репродуктивтік  жас  және  АИТВ/ЖИТС  проблемасы  туралы  білімдерді 
жақсарту», «Бала туатын жастағы аналардың қан аздықпен ауыруын тӛмендету 
ҥшін ҧнды темірмен және фолий қышқылымен байыту жӛніндегі науқан» және 
«Қҧс  және  адам  тҧмауының  алдын  алу  жӛніндегі  ақпараттық  науқан». 
Жоғарыда  кӛрсетілген  іс-шаралар  кешенін  ӛткізу  0  жастан  5  жасқа  дейінгі 
балалардың  ӛмір  сҥру  мен  даму  қҧқығын  қамтамасыз  ету  мҥмкіндігін 
арттырады  және  оларды  жасӛспірімдік  және  ересек  ӛмірге  даяр  және  дені  сау 
болып ӛсуге кӛмектеседі деп кҥтілуде. 
                                                           
25
 
http://www.unicef.org/kazakhstan/ru/what.html   

39 
 
Жыл  сайынғы  негізде  ӛткізілетін  «Қуан,  сәби»,  «Ризашылық»,  «Балаларға 
жылулық  сыйла»,  «Қамқоршы  кҥні»  республикалық  акциялары  балалар 
ҥйлерінің  тәрбиеленушілерін  9%-ға  азайтуға  мҥмкіндік  бергенін  атап  ӛткен 
жӛн.  Бҧдан  басқа, 
кәмелетке  толмағандардың  қараусыздығы 
мен 
панасыздығының  алдын  алу  жӛніндегі  жҧмыс  белсендірілді.  Сонымен  қатар 
ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  отбасына  тәрбиелеуге  алған 
қазақстандық азаматтарды ынталандыру мәселесі шешілді.  
 
ҚР  БҒМ  Балалар  құқығын  қорғау  комитетінің  және  БҰҰ  (ЮНИСЕФ) 
Балалар қорының «Балаға оң кӛзбен қарайтын қала» жобасы   
«Балаға  оң  кӛзбен  қарайтын  қала»  -  бҧл  БҦҦ  (ЮНИСЕФ)  Балалар  қорының 
ғаламдық  бастамасы,  ол  1996  жылы  БҦҦ  екінші  конференциясында  елді 
мекендер  бойынша  жарияланды.  «Балаға  оң  кӛзбен  қарайтын  қала»  Балалар 
қҧқығы  жӛніндегі  конвенцияны  мейлінше  толық  іске  асыруға  ықпал  етуге 
бағытталған балалар ӛмірінің аса жоғары сапасына қол жеткізуге кӛмектесетін 
жергілікті  басқару  стратегиясы  болып  табылады.  Осындай  балаға  дос  болу 
міндеттемелерін  ӛзіне  алған  қала  жергілікті  басқару  жҥйесін  Балалар  қҧқығы 
конвенциясының қағидаттарына сәйкес қҧрастыруы тиіс
26

Ғаламдық  бастамаға  Білім  және  ғылым  Министрлігі  баспасӛз  қызметінің 
мәліметі  бойынша  Қазақстанда  17  қала  қосылған  (Астана,  Алматы,  Сарань, 
Сатпаев,  Балхаш,  Абай,  Осакаровка,  Семей,  Ӛскемен,  Ақсу,  Екібастҧз, 
Павлодар,  Ақсай,  Қызылорда,  Петропавловск,  Ақтӛбе,  Шымкент).  ҚР  БҒМ 
Балалар  қҧқығын  қорғау  комитеті  аталған  қалалардың  әкімдіктерімен 
меморандумдарға қол қойды. 
Қалаларда  балалар,  отбасылар  жағдайы  зерттелген,  мекемеаралық  ҥйлестіру 
кеңестері  қҧрылған,  халықаралық  бастаманы  жҥзеге  асыру  стратегиялық 
бағдарламалары қҧрылып, қабылданған. 
Нәтижесінде  халықаралық  бастаманы  жҥзеге  асыратын  қалаларда  келесі 
жобалар енгізілуде: «Балаларға жылы шырайлы емханалар», «Балаларға жылы 
шырайлы  кітапханалар»  (Балхаш),  «Әке  кеңесі»  мен  мәдени-сауықтыру  және 
спорттық  орталықтары  жҧмыс  істейді  (Сатпаев),  Отбасын  және  балалықты 
қолдау  орталығы,  Кҥрделі  отбасы  орталығы  (Ӛскемен),  Кҥрделі  отбасы 
орталығы  (Сарань).  Сонымен  қатар  балаларды  топтық  сабақтарға  әкелуді 
ҧйымдастыру мен арнайы жабдықталған бӛлмелерді қҧрумен бірге инклюзивті 
                                                           
26
 http://www.zakon.kz 

40 
 
білім  беру  бағдарламалары  әзірленді  (Сарань  қ.),  балалар  маслихаттары 
қҧрылды (Павлодар, Ақсу, Екібастҧз, Балхаш, Қызылорда, Ӛскемен қалалары), 
Павлодар  қаласында  мектеп  омбудсмендері  жҥйесі  қҧрылған  және  белсенді 
тҥрдек жҧмыс істейді, оған балалар қҧқықтары бойынша ӛкілеттік берілген  266 
бала  кіреді.  «Балаға  оң  кӛзқарас  танытқан  қала»  бастамасын  іске  асыру 
тәжірибесін  зерделеу,  қорытындылау  және  жҥйеге  келтіру  қажеттілігіне 
байланысты  Балаларды  қорғау  комитеті  мен  БҦҦ  (ЮНИСЕФ)  Балалар  қоры 
республика ӛңірлерінде ҧдайы семинар-тренинг ӛткізеді.   
3.2.
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет