Отдел науки и международных связей студенческое научное общество



Pdf көрінісі
бет12/31
Дата29.12.2016
өлшемі2,81 Mb.
#702
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31

Пайдаланылған  әдебиеттер  
1. Аверин В.А. Психология детей и подростков. Уч.пос.- 2-е изд. 
СПб: 
2.Александровский Ю.А. Состояние психической дезадаптации и 
компенсация. М., Наука, 1976. 272 с. 
3.  Ананьев  Б.Г.  О  проблемах  современного  человекознания.  М., 
1977. 345 с. 
4. Антипов Е.Е. Введение в теорию адаптиции. М., 1991. 24 с. 
5. Аронс К. Развод: крах или новая жизнь? М., Мирт, 1995. 440 с. 
6. Березин Ф.Б. Психическая и психофизиологическая адаптация 
человека. Л., Наука, 1988. 267 с. 
7.Валиева А.Б. Психологическая адаптация разведенных женщин 
в постразводный период. Дис. канд. псих. наук. А., 2005. 165 с. 
8. Василюк Ф.Е. Психология переживания. М., МГУ, 1984. 200 с. 
 
 
ОТБАСЫНЫҢ БАЛА ДАМУЫНА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ 
МЫРЗАҚҰЛ А.Т. 
Алматы қаласының Алматы университеті, «Психология» 
мамадығының студенті 
Ғылыми жетекшісі: АДИРБЕКОВА Ж.С. 
Алматы қаласының Алматы университетінің оқытушысы, п.ғ.м. 
 
Отбасылық тәрбие жауапкершілігінің деңгейі жайында жаңашыл 
педагог  А.С.Макаренко  былай  деп  жазған:  «Балаларды  тәрбиелей 
отырып,  қазіргі  ата  –  аналар  елдің  келешек  тарихын,  демек  –  әлем 
тарихын  тәрбиелейді».  Ата  –  аналар  жауапкершілігі  туралы  мәселе 
көкейкесті  болғандығы  соншалық,  ол  халықаралық  деңгейге  көтеріліп 
отыр, ол туралы  1989 жылғы  БҰҰ  Бас  Ассамблеясы қабылданған бала 
құқығы туралы Конвенция дәлелдейді [1]. 
Жақсы ата – аналар отбасылық тәрбие міндеттерін орындаудағы 
өздерінің  жауапкершіліктерін  сезінуі  керек.  Олардың  ең  бастысы: 
баланың  үйлесімді  дамуын  қамтамасыз  ету:  оның  дене  дамуы, 

140 
 
зияткерлік,  рухани  –  адамгершілік  және  жалпы  мәдениеттік  дамуына 
қамқорлық  жасау,  оның  талабын,  мүддесін  және  икемділігін  дамыту, 
оқу  үрдісі  кезінде  көмек  көрсету,  әлеуметтенуіне  көмектесу  –  қоғамда 
өмір сүріп, еңбектенуіне, еңбек тәрбиесі, мамандық таңдауға көмектесу, 
бала  тұлғасында шығармашылық потенциалды дамыту, айналасындағы 
адамдармен  адамгершіліктік,  эмоционалдық,  толеранттық  қарым  – 
қатынасын  орнықтыру  және  қолдау  көрсету,  жыныстық  тәрбие; 
болашақ отбасылық өмірге дайындық,  жауапкершілікті қалыптастыру, 
елжандылық  пен  ауызбіршілік  құндылықтарына,  отан  үшін  белсенді  
жұмысқа  дайындығына  бағыттау,    өзін  –  өзі  тәрбиелеу  мен  есейген 
кезінде өзін – өзі дамытуға дайындығы. 
Барлық  отбасылық  ішкі  қарым  –  қатынас  кешені  баланың  жеке 
менін  қалыптастыруға,  оның  денелік,  рухани,  әлеуметтік,  психикалық 
және  зияткерлік  қасиеттерінің  толыққанды  дамуы  үшін  жақсы  жағдай 
құруға  ықпал  ететіндей  болуы  керек.  Бұл  жағдайда  әрбір  жақсы  ата  – 
ана отбасылық тәрбиенің басты  тәрбиелеуші факторлары ретінде ата – 
аналардың  өздерінің  тұлғалары,  олардың  өмір  сүру  ықпалы,  еңбекке 
көзқарасы,  олардың  өмірлік  басымдықтары  мен  құндылықтарының 
жүйесі,  жауапкершілік, бірізділік, мақсатқа  жетудегі тұрақтылық, бір  – 
біріне,  басқа  ұлтқа,  дінге  деген  сыйластығы  саналатынын  есте  сақтау 
керек [2]. 
Отбасылық тәрбие  проблемалары  барлығымызға  келешекте  өмір 
сүретін  қоғамның  глобальды  мәселелері  болуы  да  мүмкін:  ата  – 
аналардың  педагогикалық  біліксіздігі,  отбасындағы  психологиялық 
бейжайлық  пен  тұрақсыз  ахуал  азаматтарымыздың  жаңа  ұрпағының 
бойында еліміздің өміріне теріс әсер беретін барабар емес, деструктивті 
өмірлік ұстанымдарды қалыптастыру мүмкін. 
Ата – аналарға өздерінің ата – аналық қызметін орындауда көмек 
көрсету халықаралық терминмен «ата – ананы тәрбиелеу» деп аталады. 
Көмек  әр  түрлі  үлгіде  болуы  мүмкін,  бірақ  ең  бастысы,  баланың 
қалыптасуы  мен дамуына отбасының ықпалы  мәселесі  бойынша   ата  – 
аналарға қажетті білім беру. 
Ата  –  аналарды  тәрбиелеудің  стратегиялық  міндеті  – 
әрқайсысына  сауатты,  өзінің  құндылық  бағыттарын,  ұстанымдары  мен 
күтулерін,  өзінің  ата  –  аналық  сезімдерін  және  мақсаттарын  сезінетін 
және  балаға  үйлесімді  тұлға  ретінде  дамуына  кері  әсер  тигізетіндерін 
түзете білетін ата – ана болуына көмектесу. 
Мектеп  пен  отбасының  ынтымақтастығындағы    басты  рөлді 
сынып  жетекшілер  мен  мектеп  психологтары  атқарады.  Олардың 
жұмысынан  отбасының  мектеп  тарапынан  бала  тәрбиесі  мен  тұлғаның 
дамуына  қатысты  саясатты  түсінетіндігі,  оны  жүзеге  асыруда 

141 
 
қаншалықты белсенді қатысатындығы байланысты болады. Оның үстіне 
отбасы  балаларды  тәрбиелеудегі  басты  тапсырыс  беруші  мен  одақтас 
ретінде  көрінуі  керек,  ал  ата  –  аналар  мен  педагогтардың 
талпыныстарын  біріктіру  бала  үшін  қолайлы  жағдайды  жасау  ретінде 
танылуы қажет [3]. 
Отбасы мен білім мекемелері мамандарының бірлесіп әрекеттесу 
негізінде  өзара  мүдделік,  бір  –  біріне  сенімділік,  қолдау  мен  көмек 
көрсету,    шыдамдылық  пен  бір-біріне    төзе  білу  принципі  болу  керек. 
Қарым  –  қатынас,  ынтымақтастық  тепе  –  тең  болып  жүзеге  асырылуы 
керек  –  педагогтар  мен  ата-аналардың  мұндай  бірлесіп  қызмет 
атқаруында  ешбір  жағы  басқару  немесе  бақылау  құқығына  ие  бола 
алмайды. 
Ата  –  аналармен  конструктивті  өзара  әрекетте  болуға 
педагогтардың  ата-аналармен  қарым  –  қатынасындағы  келесі 
ережелерді  сақтауы  ықпалын  тигізеді:  Ата  –  аналарға  түсінікті  тілде 
сөйлеу  –  арнайы  терминологияны  қолданбау  арқылы,  нақты  болу, 
қойылған  сұрақтарға  толыққанды  жауап  беру,  белсенді  болу,  ата  – 
ананың  бастауынсыз  –  ақ  онымен  диалогты  өзі  бастау:  ата  –  аналар 
педагогтан  интервью  алмауы  тиіс,  ата  –  ананың  эмоционалдық  жай  – 
күйін есепке алу, үйретуден, ақыл айтушылықтан, өр көкіректіктен бас 
тарту,  серіктестік  тұрғысында  сөйлесу,  ата-анамен  сөйлесу  мазмұнын 
алдын – ала дайындау, қайырымды болу, ата – анадан мүддесін қорғап, 
әкімшілік  тарапынан  ата  –  анаға  басымдылық  танытатын  құралға 
айналмау,  ата  –  анадан  немесе  басқа  туыстардан  алынған  ақпаратты 
құпия түрде сақтау [4]. 
Ата – аналардың мұғалімдермен қарым – қатынасы тәжірибесінде 
мектепке  келуші  ата  –  аналардың    балаларын  үлгілі  деп  атауға 
болмайтынын 
көрсетеді. 
Тіпті, 
қарым 
– 
қатынас 
сипаты 
қатысушылардың 
жеке 
қасиеттеріне 
байланысты 
болса 
да, 
педагогтардың жіберетін бірқатар ортақ типтік қателерін атауға болады: 
тиімді  келіспеушіліксіз  қарым  –  қатынас  техникасын  білмеу, 
жұмсақтықтың  болмауы,  ата  –  анаға  қатысты  қатал  күтулер,  ата  – 
аналарды  бағалау,  ата  –  аналарға  қатысты  директивті  ұстаным,  ата-
ананың  сөздері  мен  әрекеттеріне  жауабындағы  әбігершілік,  артық 
эмоционалдылық,  қарым-қатынасты  күрделендіретін  стереотиптер  мен 
ұстанымдарды  пайдалану,  ата  –  анаға  өзінің  күтетін  жағдайларын 
жапсыру, басқыншылық, әдепсіздік, немқұрайлылық, жабырқаулылық. 
Ата  –  анамен  педагог  –  психологтың  әңгімелесу  мақсаты  ортақ 
(бір нәрсе туралы  ақпараттандыру) немесе   нақты  (сыныптың алдыңғы 
күндердегі  саяхат  жайында  әкесін  шақыру)  болады.  Бастысы  –  ата  – 

142 
 
аналармен тек қана қажет нәрсе туралы, керек уақытында сөйлесу қажет 
[5]. 
Әрбір  білім  мекемесі  ата  –  аналармен  жүргізілетін  жұмысында, 
оның ішкі пәлсапасына, білімділік бағдарламасына қаншалықты сәйкес 
келетін үлгілерін таңдап пайдаланады. 
Ата-аналармен  жұмыстың  тиімділігіне  кепіл  болып  табылатын: 
ата-аналармен  бірлесіп  жұмыс  істегенде,  пікірлес  адаммен  жұмыс 
істеумен  барабар  болатындай  ұстаным  («ата-ана  –  жау,  бәсекелес, 
конкурент» ұстанымының орнына), бала мен ата-анаға мейірімді қарым 
–  қатынаста    болу  (педагогтың  айып  тағу  ұстанымының  орнына), 
баланың  проблемасын  шешудегі    педагогтың  мүдделі  болуы 
(«формалды  қарым  –  қатынас»  орнына),  ата  –  аналармен  жүргізілетін 
жұмыстың  жүйелілік  сипаты  («бір  реттік»  аяқ  асты  болатын  іс  – 
шаралар орынына) [6]. 
Сонымен 
қатар, 
ата 
– 
аналармен 
жұмыс 
істеудегі 
дифференциалдық  түрлерін  де  атауға  болады,  олар  әр  отбасының  өмір 
сүру  жағдайын,  ата  –  аналар  жасын,  тәрбие  ісінде  олардың  дайындық 
деңгейін есепке алуды қарастырады. Дифференциалдық жұмыс түрлері 
тиімді  байланыс  табуға,  әрбір  отбасыға  жеке  көзқараста  болуға  көмек 
көрсетеді.    Дифференциалау  оқушылардың  отбасыларын  зерттеудің 
белгілі  бағдарламасы  негізінде  жүргізілуі  тиіс,  олар  сауалнама  алу, 
тестілеу,  отбасыларға  бару  сияқты  әдістерден  құралады.  Нәтижесінде 
келесі    мәселелерді  анықтау  қажет:  отбасының  құрылымын  (отбасы 
құрамына  неше  адам  кіреді,  олардың  жасы,  білімі,  мамандығы, 
отбасының  психологиялық жағдайы мен ахуалын (тұлға аралық қарым 
–  қатынастар, байланыс  түрлері), отбасылық өмірдің стилі мен  көңіл  – 
күй сипаты: отбасында қақтығыстардың болуы, оларды шешу себептері 
мен  тәсілдері,  ата  –  аналар  мен  балалардың  жағымсыз  толқуларының 
болуы,  отбасындағы  ананың,  әкенің,  арғы  аталарының  әлеуметтік 
мәртебесі,  ата-аналардың  тәрбие  үрдісіне  қатысу  дәрежесі,  оларды 
баланы  тәрбиелеуге  деген  тілектерінің  болуы,  отбасының  тәрбиелік 
жағдайы,    үйдегі  педагогикалық  жүйенің  болуы  немесе  болмауы 
(тәрбиенің мақсаттары, міндеттері мен әдістерін түсінуі) ана мен әкенің 
отбасылық 
педагогикалық 
қызметке 
қатысуы(конструктивтік, 
ұйымдастырушылық, коммуникативтік) 
Ата  –  аналармен  жүргізілетін  жұмыс  үлгілері  үнемі  өзгеріп 
отырады:  кейбіреулері  тиімділігінің  болмауынан  өз  маңыздылығын 
жоғалтады,  басқалары  –  пайда  бола  бастайды:  кеңінен  интерактивтік 
жұмыс  әдістері  пайдаланылып  келеді,  олар  ата  –  аналарды  оқыту  мен 
тәрбиелеу үрдісіне тиімдірек баулуға мүмкіндік туғызады [7]. 

143 
 
Ата-аналарын мектепке тек баласы тәртіп бұзғанда немесе жаман 
оқи  бастағанда  ғана  шақырмау  керек.  Кейде  оқушы  өзін  жаман 
ұстамайды,  жақсы  оқиды,  бірақ  сынып  жетекшісі  оның  сыныптан  тыс 
оқуын  ұйымдастыру,  оны  қандай  да  бір  қоғамдық    пайдалы  жұмысқа 
қатыстыру,  оның  белгілі  бір  саладағы  дарынын  дамытуға  қажетті 
жағдайлар жасау туралы да ата – аналармен келісіп алуы керек. 
Ата – аналар мектеп мұғалімдерімен кездесіп отыру пайдалы ғана 
емес,  қажет  те.  Ол  кездесулер  мектеп  пен  жанұя  арасында  тығыз 
байланыс  орнатуға,  оқушылардың  оқуы  мен  тәртібінде  кемшіліктерді 
болдырмауы үшін дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік береді. 
Әңгімелер  мен  лекциялар  жүйелі  түрде  белгілі  бағдарлама 
бойынша  өткізіліп  отырса  ғана  көздеген  мақсатына  жете  алады. 
Мысалы:  «Ата-аналардың  бала  тәрбиелеудегі  жауапкершілігі  туралы», 
«Балаларды  ұқыптылыққа  үйрету»,  «Үлкендерді  сыйлауға  үйрету», 
«Баланың  мінез-құлығын  тәрбиелеу  туралы»,  «Сыныптан  тыс  оқуға 
қалай басшылық жасау керек» т.б. 
Қорыта  келе,  педагог  –  психологтың  ата  –  аналармен 
жауапкершілігін  арттырудағы  жұмыстың  табысты  не  табыссыз  болуы 
оның  таңдаған  ұстанымына,  қарым  –  қатынас  стиліне,  педагогикалық 
шеберлігі мен кәсіби құзырлылығына байланысты  болатынын ұмытпау 
керек.  Қазіргі  кезде  сынып  оқушыларының  тәрбие  ісін  әрі  қарай 
жетілдіру  отбасы  мен  мектептің  бірлескен  жұмысын  дамыта  және 
нығайта  түсу  арқылы  жүзеге  асады.  Отбасы  мен  мектептің  немесе 
сынып жетекші мен ата – ананың бірлесіп жасаған жұмыс нәтижесі ХХІ 
ғасыр  талабына  сай,  жаңашыл,  шығармашыл,  жан-жақты  мәдениетті, 
саяси сауатты жеке тұлға қалыптасты. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1.
 
Отбасылық тәрбие 1,2 кітап 2014. 
2.
 
Отбасылық тәрбие 3/2014. 
3.
 
А.М.Исагулова    Ата-ана  жиналысын  тартымды  өткізу  де  - 
басты мәселе.  Қарағанды 2008. 
4.
 
Тәрбие құралы 2/2006. 
5.
 
Ф.З.  Буланова    Сынып  жетекшісі  және  АТА-АНА  Сынып 
жетекшісі 4/2004. 
6.
 
Воспитание школьника 5/2009. 
7.
 
Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар 6/2008. 
 
 
 
 
 

144 
 
ТҰЛҒАНЫҢ ЖАН - ЖАҚТЫ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ 
ҚАЛЫПТАСУЫНА ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ӘСЕРІ 
 
МЫРЗАХАНОВА АЛУА 
Семей қалacының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, 
«Кәсіптік оқыту» мамадығының 3 курс студенті 
Ғылыми жетекші: ТҰРҒАНБАЕВА Б.Ш. 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік 
университетінің доценті, п.ғ.к. 
 
А.С.Макаренко:  "Егер  балалар  алдында  қуанышты,  қызықты, 
істер  болмаса,  онда  олар  өмір  сүре  алмайды.  Адам  өмірін  шын 
ынталандыру - ертеңгі қуанышты сезіну". 
Егемен  ел  болып,  тәуелсіздігімізді  еншілеп,  еңсеміз  тіктеліп, 
өркениет  көшінің  алдыңғы  сапына  шыққан,  бәсекелестікке  қабілетті, 
джамыған алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына қосылуды мақсат тұтқан 
жайдары    еліміздің  жарқын  болашағы    -  жас  ұрпақ.  Осы  ұрпақты 
болашаққа  даярлау,  қоғамға  сай  бейімдеу  білім  беру  жүйесі  мектеп 
еншісінде.  Ал  мектеп  болса  өз  кезегінде  оқушыларды  мәдени 
құндылықтар  арқылы  тәрбиелегенде,  оған  қазіргі  өмірді,  адамдардың 
өмір  сүру  тәжірибиесін  көрсетіп,  өзінің  өмірлік  жолын  таңдауға,  оын 
сапалы іске асыруға бағыттау қажет. Оқушыға адамға лайық өмір сүруді 
қайырымдылық, адалдылық, сұлулық негізінде  көрсете білу тиіс.  
Ал бұл қасиеттер қоғамдық жұмыстарға қатынасу мен белгілі бір 
ұйымның  мүшесі  болғанда  қарқынды  қалыптасады.  Жалпы  қоғамдық, 
белсенді  жұмыстарды  біз  екі  бағытта  алып  қарастырдық:  сынып 
ішіндегі және сыныптан тыс.  
Сынып  ішіндегі  белсенділерге  әдетте  староста,  оқу  секторы, 
редколегия  мүшелері,  тазалық  секторы  және  т.б.  сайланған  сынып 
оқушыларны  жатқыздық.  Олардың  жұмысы  оқу  барысында  және  де 
белгілі  бір  мейрамдарда  байұалады.  Мәселен  оқу  барысында  тазалық 
және  кітап  секторын,  оқу  секторларын  алуға  болады.  Тазалық  секторы 
оқушылардың жеке бас гигиенасын тексеріп отырады, кітап секторы әр 
оқушы  оқу  жылының  басында  алған  кітаптардың  жағдайына,  яғни 
кітаптардың  бүлініп  қалмауына  жауап  береді  т.с.с.  Сынып  ішінде 
оқушыға  белгілі  міндетті  жүктей  отырып  сол  оқушының  бойында 
жауапкершілік,  ұқыптылық,  өзге  оқушыларға  үлгі  боларлықтай  өзін  - 
өзі ұстау қасиеттері қалыптасады.  
Сыныптан  тыс,  қоғамдық  жұмыстардың  қатарына  үйірме 
жұмыстарын, қоғамдық ұйымдарды жатқыздық.  

145 
 
Үйірме жұмысының негізгі мақсаты: оқушылрдың сыныптан тыс 
уақытта  шығармашылық  ізденістерін,  өзіндік  қабілетін  және  ұоғамдық 
қарым  -қатынасын  қалыптастыру  болып  табылады.  Енді  осы  үйірме, 
жалпы жастар қозғалысына тоқтала кетсек.  
Жастар  қозғалысының  әр  түрлі  тарихи  кезеңдері  мен  даму 
жолдары 
бар 
XX  ғасырдық  бас  кезеңінде  балалардың  және  жасөспірімдердің 
скауттық  ұйымдары  пайда  болды.  1921  жылы  мұндай  ұйымдар 
Германия,  Ұлыбритания,  Италия,  Франция,  т.б.  елдерде  өркендей 
бастады.  1972  жылы  скауттар  ұйымы  106  елде  жұмыс  істеді.  Ресейде 
скауттардың  отряды  алғашңы  рет  1909  жылы  Пущино  селосында 
ұйымдастырылды.  1914  жылы  II  Николайдың  жарлығы  бойынша 
"Русский  скаут"  қогамы  құрылды.  Негізгі  мақсаты  -  жастарды  ұлы 
державалық  шовинизм  және  монархиялық  құрылысқа  берілгендік 
рухына  тәрбиелеу.  1920-30  жылдарда  Ресей  жерінде  патша  үкіметінің 
орнына  КСРО  орнауына  байланысты  стауттар  ұйымының  орнына 
пионер  ұйымы  құрылды.  1991  жылы  бұрынғы  КСРО-ның  ыдырауына 
байланысты оның құрамындағы барлық одақтас республикалар егеменді 
мемлекеттерге  айналды.  Олар  бостандық  алып,  жастардың  қоғамдық 
ұйымдарын  жаңа  демократиялық  талаптарға  сай  ұйымдастыру  қажет 
деп тапты. 
Осыған 
байланысты 
елімізде 
"Атамекен", 
"Жұлдыз" 
бағдарламалары  қалыптасты.    Осы  бағдарламалардың  аясында 
мектептерде түрлі оұушылар ұйымы құрылған болатын. Мәселен «Жас 
ұлан», «Балдырған», «Өзін өзі басқару ұйымы», «жас қыран» т.б. Ұйым 
мүшелігіне  кіре  отырып  оқушылар  мектеп  көлемінде  түрлі  қоғамдық 
жұмыстарды  атқарады.  Ал  қоғамдық  жұмыстарға  белсене  қатыса 
отырып  оушылар  өздерінің  бойында  келесі  қасиеттерді  қалып-
тастырады:   

 
белесенділік; 

 
басқарушылық қабілетті дамыту; 

 
жинақылық пен ұйымдастырушылық; 

 
төзімділік;  

 
ұжыммен жұмыс жасай білуге;  

 
Қарым-қатынасқа түсу; 

 
Өз ойын  айта білу; 

 
Сын тұрғысынан ойлау т.б.  
Тілдесусіз,  қарым  қатынассыз  қоғамдық  ортадан  тыс  -  тұлға 
қалыптаса алмайды.   
Бір  жағынан  қарасақ  қоғамдық  ұйымдар  А.С.Макаренконың 
теориялық  мұрасы,  оның  жақын,  орта  және  қашық  атты 

146 
 
перспективаларын еске түсіреді. А.С.Макаренко: "Егер балалар алдында 
қуанышты,  қызыңты,  істер  бол-маса,  онда  олар  өмір  сүре  алмайды. 
Адам өмірін шын ынталандыру - ертеңгі қуанышты сезіну". 
   Жақын  перспектива  -  бұл  күнделікті  өмірдегі  әр  түрлі  іс-
әрекетке  жеке  тұлғаны  ынталандыру,  қызықтыру,  жарыс,  саяхат, 
жексенбілік  серуен,  цирк,  мұражай  және  көрмеге  бару,  үйірмелердегі 
қызықты жұмыстар.  
Орта  перспектива:  балалар  лагеріне  бару,  жылсайын  өткізілетін 
ән,  сурет  сайыстарына  қатысу,  әдебиет,  эстетикалық  және  этикалық 
тақырыптарға пікірталас өткізу.  
Қашық  перспектива  -ұжымның  немесе  жеке  адамның  ұзақ 
мерзімге  созылатын  бір  істі  орындауға  талаптануы,    келешек 
мамандықты  таңдау,  білім  алу,  мектеп  бітіргеннен  кейін  халық 
шаруашылығында  жұмыс  істеуге  тілек  білдіру  немесе  кәсіптік  оқу 
орындарына түсу. 
Қоғам  адамдары  кашық  перспектива  арқылы  мүмкіндігінше 
ұжымға, Отанға пайда келтіруі тиіс. Бұл перспектива жақын және орта 
перспективалармен мызғымас байланыста іске асырылады. 
Жоғарыда  айтылғандарды  ескере  отырып  келесі  ұстанымдарды 
алға  тартқымыз  келді.  Сынып  ішіндегі  не  болмаса  сыныптан  тыс 
болтын, оқушыларға қандай да бір белсенділікті, сабақтан тыс ой және 
дене  тәрбиесін  дамытатын  қоғамдық  ұйымдар  мен  үйірмелер  мектеп 
жасындағы  баланың  келешекте  біріншіден  қоғам  үшін  саналы  және 
белсенді, іскер азаматты қалыптастырса, екіншіден жеке адам үшін оны 
өмірсүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым  – қатынас жасай  білуге 
үйретеді.  Осы  жерде  жоғарыда  айтылған  А.С.Макаренконың 
перспективаларының  орындалғаныны  көруімізге  болады.  Сондықтан 
біздің ойымызша  сыныптағы  әрбір оқушыны  белгілі бір үйірме  немесе 
ұйымның мүшелсі болуға қызығушылығңын ояту болашақта білімді ту 
еткен,  ел  тірегі  бола  алатын  жас  ұрпақ  қалыптастыра  аламыз  деген 
ойдамыз.  
Осы  жерде    оқушылардың  ата  –  аналарына  мынандай  ұсыныс 
айқымыз келеді: 
Егер  баланың  бйоында  белсенділік,  ұйымдасытрушылық 
қабілеттерді  байқасаңыз  оны  дамыту  үшін  белгілі  бір  үйірмелерге 
қатыстыру; 
Балаңыз  қандай  да  бір  істі  бастаса  оған  жан  жақты  қолдау 
көрсету; 
Сабақтардан  бос  уақытында  қандай  жұмыстар  жасайтынына 
көңіл бөлу. 

147 
 
Қорыта  айтқанда  қоғамдық  жұмыстарға  оқушыларға  белсене 
қоғамдық  жұмыстарға  қатысу  олардың  бойында  шығармашылық 
қабілетін  арттыру,  бірлесіп  жұмыс  істеу  дағдысын  қалыптастыру,  өз 
ойларын  дұрыс,  еркін  жеткізу,  саралап  талдау,  салыстыру  жинақтау, 
ізденуге,  танымын  дамытуға,  жалпы  алғанда  өз  ойын  еркін  білдіре 
алатын, белсенді іскер азаматты қалыптастыруына өте үлкен әсер етеді.  
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1.  Ж.Б.  Қоянбаев,  Р.Б.  Қоянбаев.  Педагогика.  -  Алматы:  Рауан, 
2000. 
2.   Крупская  Н.К.  Воспитать  общественника-коллективиста. 
Пед.соч.в 10-й томах, 5-том. - М., 1958. 
3. Макаренко А.С. Соч. всемитомах. 5-том. -М., 1958. 
4.   Сухомлинский  В.А.  Коллективтің  ңүдіретті  күші.  -Алматы: 
Мектеп, 1979. 
5.  Сухомлинский  В.А.  Методика  воспитания  коллектива.  -  М. 
Просвещение, 1981. 
 
 
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ОТБАСЫНДА 
ӘЛЕУМЕТТЕНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
НАЗАР М.Б. 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 
«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының студенті 
Ғылыми жетекшісі:  АЛБЫТОВА Н.П. 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті доценті, 
п.ғ.к. 
 
Бүгінгі  тaңда  жaс  буынды  әлеуметтeндірудe  oтбaсының 
әлeумeттік міндeті aртып oтыр. Қoғамның бүгiнгі жaғдайындa бoлашaқ 
тәрбиeнiң  отбaсынaн  бастап  қолға  алуға  мeмлекeттік,  тіпті,  әлeмдік 
тұрғыда  көңiл  бөлiнуде.  Oған  1989  жылы  БҰҰ  қaбылдаған,  кейіннен 
1995  жылы  5  шілдеде  Қазақстан  қабылдаған  «Баланың  құқығы  туралы 
конвeнция» дәлeл болa алады. Ондa «Бaла толық жәнe үйлeсімді дaмуы 
үшiн,  oл  мeйірім  мен  өзара  түсіністігі  бар,  қызығушлыққа  көп  көңіл 
бөлетін  бақытты  ахуалдық  ортасы  бар  oтбасында  өсуі  қaжет»  дeп 
көрсeткен.  1995  жылы  30  тaмызда  қaбылдaнған  ҚР  Атa  Зaңының  27-
бaбында:  «Бaлаларына қaмқoрлық жaсау жәнe oларды тәрбиeлеу  – aта-
анaның  етeне  құқығы,  әрi  мiндеті»  дeлінгeн.  Сoл  сияқты  eлбaсы  Н. 
Нaзарбаев:  «Елiміздің  болашақта  гүлденуі  бүгіннен  басталады»  деген 
баяндамасында  «Отбасының  беріктігі,  жұбaйлардың  бiр-бірiнің  eң 

148 
 
бaстысы  бaлалардың  aлдындағы  жaуапкершілігіне  дe  көп  нәрсe 
бaйланысты.  Атa-аналар  бaлаларына,  aл  бaлалары  қaртайған  aта-
аналарына  қaмқор  болуға  тиіс»  деген  болатын.  Мұның  өзі  отбасында 
өмірді ұйымдастыру, ең алдымен oндағы ерeсектердің, яғни aта-аналар 
мен  aта-әжелердің  бiр-біріне  дeген  қарым-қатынасы  мeн  өзара 
сыйластығы негiзінде қaлыптасaтындығын aйғақтайды. 
Oтбaсы  тәрбиeсі  мәсeлелeрі  Шығыстың  ұлы  oйшылдaры  Әл-
Фaрaби,  Ж.Бaласaғұн,  Қ.Яссaуи,  М.Қaшқaри,  қaзaқ  aғaртушылaры 
A.Құнaнбаев, Ы.Aлтынсaрин, Ж.Аймaуытoв, М.Әуeзовтың eңбeктeріндe 
кeңінeн  oрын  aлaды.  Бүгінгі  oтбaсы  тәрбиeсі  мәсeлeлері  қaзaқстaндық 
ғaлымдар  М.Ғaбдуллин,  Х.Aрғынбaев,  С.Ғaббaсов,  Қ.Жaқыпoв, 
Қ.Р.Қoянбаев, 
Г.Бaйбильдинoва, 
В.Лысенкo, 
Р.К.Төлeубeкoва, 
Е.Сaғындықұлы,  С.Кенжеaхметұлы,  Қ.Т.Атeмовa  тарапынан  зeрттeліп 
келeді. 
IX  ғaсырда  өмiр  сүргeн  Әбу  Нaсыр  әл-Фaраби:  «Адaмға  eң 
біріншi  бiлім  eмес,  тәрбие  бeрілуі  кeрек,  тәрбиeсiз  бeрiлгeн  бiлiм  – 
aдамзaттың жaуы, oл oның бaрлық өмiрінe апат әкeлeді» дeйдi. 
Әлеуметтену  көп  қырлы,  күрделі  үдеріс  болып  табылады.  Бұл 
ұғымды  ХІХ  ғасырдың  соңында  ғылыми  айналымға    Э.  Дюркгейм 
енгізді.  Дюркгейм  бойынша  әлеуметтену  мінез-құлықтың  дағдылы 
қалыптарына    үйрету  дегенді  білдіреді.  ХХ  ғасырда  кең  өрістеген 
әлеуметтену  теориясын  жасаған  –  Т.Парсонс.  Оның  тұжырымы 
бойынша  дара  адам  өзге  адамдармен  қатынасу  үдерісінде  жалпы 
құндылықтардың  маңыздысын  өзіне  сіңіреді.  Парсонс  әлеуметтенудің 
батапқы  құралы  деп  отбасын  айтады,өйткені  мұнда  тұлғаның  іргелі 
мотивациялық ұстанымдары қаланады[1, 293 б.] 
Әлеуeттену(әлеуметтендіру)  –  жекеліктің  өзі  өмір  сүретін 
қоғамның  әлеуметтік  мөлшерлері  мен  мәдeни  құндылықтарын 
әлеуметтік  тәжірибе  жинақтау  барысында  өмір  бoйы  меңгеру  үдерісі 
болып  табылады.  Биолoгиялық  тірлік  иeсі  ретіндe  aдамның  әлеумeттік 
тіршілік  жаратылысынa  айналуының  бүкіл  үдeрісі  әлeуметтeну  дeп 
атaлады. 
 
Адамның әлеуметтенуіне  көптеген фактор әсер етеді. Факторлар 
өте көп болғандықтан оларды шамамен төмендегідей төрт топқа бөлуге 
болады: 
Бірінші  топқа  –  мегафакторлар  (мега  –  өте,үлкен)  –  космос, 
неосфера,  планета,әлем  бұлар  басқа  қозғаушы  күштер  арқылы  барлық 
жер бетінің тұрғындарын әлеуметтендіруге әсер етеді. 
Екінші  топқа  –  макрофактор  –  өлке,  қоғам,  ел,  этнос,  мемлекет 
кіреді.(Мишель Монтень, В.О.Ключевский, Л.Леви-Брюль, Н.С. Конн) 

149 
 
Үшінші  топқа  –  мезафакторлар  (мезо  -орташа)  жатады.  Оған 
халық  өмір  сүретін  аймақ,  ауыл,  қала,шағын  қала,  аудан  және 
бұхаралық ақпарат құралдары - радио, теледидар т.б.  
Төртінші  –  микрофакторлар,  яғни,  «кішкене»  деген  сөздің 
мағынасына  үңілсек,  ол  адамға  ең  жақын  орта  дегенді  білдіреді.  Бұған 
адамның 
отбасы, 
көрші 
қолаң,құрбылар, 
сыныптастар,әріптестер,қоғамдық 
мемлекеттік, 
жеке 
меншік 
мемлекеттер  кіреді  де  олар  микроәлеуметтер  құрайды.  Парсонс 
әлеуметтенудің  батапқы  құралы  деп  отбасын  айтады,  өйткені  мұнда 
тұлғаның іргелі мотивациялық ұстанымдары қаланады. 
Отбасы  –  адам  үшін  ең  жақын  әлеуметтік  орта.  Отбасы  белгілі 
дәстүлердің,  жағымды  өнегелердің,  мұралар  мен  салт-дәстүрлердің 
сақтаушысы.  Отбасында  бала  алған  рет  өмірмен,ортамен  танысып, 
мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің 
негізі болып табылады. Қоғамның іргетасы болғандықтан да,оның қоғам 
мүшелерімен  үздіксіз  толтырып  отыратын,  адамзат  ұрпағын  өмірге 
әкелетін  өнімпаздық  қызметін  басқа  ешқандай  орталық  бөліп  атқара 
алмайды.  Сондықтан  отбасы  өзінің  атқаратын  қызметі  бар  әлеуметтік 
институт.  Қазақ  отбасы  қазақ  халқының,  Қазақстан  Республикасының 
маңызды  талаптарын  орындауға,  оның  ішінде  халықтың  санын  өсіруге 
тиісті  қоғамның  әлеуметтік  ошағы  бола  тұра,  жалпы  отбасылық  мүдде 
мен жеке мүшелерінің де талабын орындайды.  
Қазақ халқының қай кезде болмасын негізгі тәрбие көзі – отбасы 
болған.  Ол  туралы  педагог  ғалым  Е.Сағындықұлы:  «Отбасы  адамның 
туған  ошағы,кімге  болса  да  қымбат  ұғым.Отбасы  ғасырлар  бойы 
қалыптасқан  адам  баласының  ең  жақын  топтарының  бірлесіп  өмір 
сүретін мекені». Онда адам алғашқы тәрбиені қабылдап, алғаш рет өмір 
туралы,ұжым туралы ұғым қалыптасады. Сондықтан отбасы адам үшін 
ең жақын «әлеуметтік орта» деп көрсеткен. 
Отбасы  тәрбиесі  –  бұл жалпы  тәрбиенің ең  басты  бөлігі.Ата-ана 
және  отбасы  мүшелері  жас  нәрестеге  дүниеге  келген  күннен  бастап, 
оның  өміріне  қамқорлық  жасап,болашағын  жоспарлайды  және  саналы 
азамат  болып  өсуі  үшін  қажетті  жағдай  жасайды.Бұған  баланың 
қажеттілігін  толық  қанағаттандыру,  оны  дене  және  ой  еңбегіне 
үйретуғкүн  тәртібін  дұрыс  реттеуге,салауатты  өмір  сүруге,адал  болуға 
тәрбиелеу, 
жақсылықты 
үйренуге, 
жамандықтан 
жиренуге 
баулу,бойында  жастайынан  мәдени  құндылықтар  мен  адамгершілік 
қасиеттерді қалыптастыру жатады. [2, 39-40 б.]
 
Қазақтың  ұлы  ақыны  Абай  отбасы  тәрбиесін  назардан  тыс 
қалдырған  емес.  Оның  поэтикалық  шығармалары  педагогикалық 
көзқарасымен бөліп алғысыз байланысты. Баланы шектен тыс еркелетіп, 

150 
 
оның талап тілектерін орындап отыру, бала ер жеткенде кері нәтижесін 
көрсететінін  ескертеді.Сондықтан  баланы  жастайынан  дұрыс  әрекетке 
қалыптастырып,  дұрыс  талап  қоя  білу  қажет  екенін  айтады.  Абай 
отбасында  баланы  тәрбиелегенде  оның  жас  және  психологиялық 
ерекшеліктерін ескеріп отыру керектігін түсіндіріп талап етеді. 
Сонымен  қатар,  Д.Б.Эльконин  балалық  дамуды  меңгеру 
проблемасын  адамзат  қабілетінің  ерекшеліктеріне  байланысты 
зерттейді.Д.Б.Эльконин өзінің «К проблеме периодизации психического 
развития в детском возрасте»(1971) еңбегінде туғаннан 17 жасқа дейінгі 
баланың психикалық даму кезеңдерін ашып көрсетеді.
 
[3, 59-61б.] 
Эльконин үш пен жеті жас аралығын мектеп жасына дейінгі кезең 
деп  атап  көрсетті.  Өйткені  мектепке  түсуге  дайындалу,  шын  мәнінде, 
осы  кезден  басталады.  Бұл  –  бала  тәрбиесіндегі  аса  жауапты  кезең 
болып  есептелінеді.Бұл  жөнінде  педагогика  классигі  А.С.Макаренко: 
«Бала  тәрбиелеудің  негізі  бес  жасқа  дейін  қаланады  және  сіздің  бес 
жасқа дейін берген тәрбиеңіз бүкіл тәрбиелеу процесінің 90 процентіне 
жуығы болады», - деп дұрыс айтқан.  
Мектеп 
жасына 
дейінгілер 
психологиясының 
дұрыс 
қалыптасуына,  ой-өрісі  мен  қиялының,  сөйлеу  сезімдерінің  күннен 
күнге  дамып,  жетіле  түсуіне  жәрдемдесетін  негізгі  құрал  –  көрнекілік. 
Өйткені  олардың  тәжірибесі  мардымсыз.  Сондықтан  балаға  заттар  мен 
құбылыстарды үнемі көзіне көрсетіп,қолына ұстатып отырмаса,бұларды 
қалай  болса  солай  теріс  қабылдайтын  болады.  Абай  осы  жастағы 
балалардың  психологиясын  тамаша  көрсеткен.  Оның  айтуынша  бала 
«...білсем екен демеклік,не көрсе соған талпынып,жалтыр-жұлтыр еткен 
болса,  оған  қызығып,  аузына  салып,  дәмін  татып  қарап,  тамағына, 
бетіне  басып  қарап,  сырнай-керней  болса,  даeсына  ұмтылып,  онан  ер 
жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу келсе де, біреу жыласа 
да  тура  жүгіріп,  «ол  немене?»,  «бұл  немене?»  деп,  «ол  неге  үйтеді?» 
деп,көзі  көрген,  құлағы  естігеннің  бәрін  сұрап,  тыныштық 
көрмейді.Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем 
екен деген». 
Үш  жастан  жеті  жасқа  дейінгі  кезеңде  балалардың  ақыл-ой 
белсенділіктері,түрлі  нәрселерді  ұғынулары  молайып,  мектепте 
көрінетін  қабілет  пен  қасиеттердің  біразы  нақ  осы  шақта 
қалыптасатындығын  совет  психологтарының  соңғы  зерттеулері  жақсы 
көрсетіп  отыр.  Осы  шақтың  бір  ғажап  ерекшелігі  –  баланың  оқуға  өте 
құштар  келетіндігі.  Бала  кез  келген  нәрсені  тез,  әп-сәтте  ұғынып  алып 
отырады. 
Бала  үлкендердің  айтқанына  қарай  өздерінің  теріс  істеріне  ұяла 
бастайды,мақұлдаған  іске  масаттанатын  болады.  Бұл  –  онда  жоғары 

151 
 
сезімдердің 
(моральдық,интеллектік,эстетикалық) 
пайда 
бола 
бастағанын  көрсетеді.Бұл  жастағы  балаларда  психикалық  қасиеттердің  
белгілері  көріне  бастайды.Мәселен,  олар  үлкендердің  тілін  алып, 
өздерінің  тілектерін  тия  алады,  «жаман»,  «жақсы»,  «болады»  деген 
сөздердің мәніне түсінеді.  
Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  жеке  қасиеттерінің 
қалыптасуына  олары  еңбекті  сүюге  үйрету,  еңбек  адамдарына 
құрметпен қарауға әдеттендіру зор маңыз алады. Жас бала табиғатында 
қимыл-қозғалысқа бейім болатындықтан және үлкендердің іс-әрекетіне 
еліктегіш келетіндіктен,оларды еңбек дағдыларына үйрету онша қиынға 
түспейді.  Бұл  үшін  бөбектерді  дұрыс  тәрбиелей  білу  керек. 
Мәселен,көшеде  қыдыру  кезінде  баланың  назарын  салынып  жатқан 
үйге, жұмысшылардың еңбегіне аударып отырса, ал үйде өз заттары мен 
ойыншықтарын  тәртіппен  ұстауға  дағдыландырып,  «ұсақ-түйек» 
жұмыстарға қатыстыған дұрыс. 
Осы жастағы  баларды еңбек еңбек дағдыларын үйрету де,  оқуға 
қызығуын  ояту  да  оларды  аға-іні,апа-қарындастармен,жолдастармен 
бірлесе  дағдыландырған  дұрыс.  Бұл  оның  кішкента  кезінен 
көпшіл,ұйымшыл болып өсуіне себепші болады[4, 546-551 б.] 
Баланы  мектепке  даярлаудың  маңыздылығы  жайлы  Н.П. 
Албытова мен Т.С. Сламбекованың «Бастауыш білім берудің мақсатын 
нәтижелі орындауда ескерілетін жағдайлар» атты мақаласында: «Қазіргі 
таңда  мемлекеттің  бастауыш  мектепке  қойып  отырған  мақсат-
міндеттерінің  нәтижесі  6,7-10  жас  аралығындағы  оқушыдан  көрінеді. 
Яғни,  мемлекет  талап  етеді,  бастауыш  білім  беру  жүйесі  оларды 
орындауға  тырысады,  ал  сол  жүкті  көтеретін  –  бастауыш  мектеп 
оқушысы.  Біз  ұзақ  жылдардағы  бастауыш  мектептегі  тәжірибемізге 
сүйене  келе  осындай  аса  күрделі  жауапты  істі  атқаруды 
ұйымдастырудың  ғылыми-тәжірибелік  негіздері  нақты  зерттелуі  қажет 
деп есептейміз. Осындай зерттеу жұмыстары мазмұнында төмендегідей 
жағдайларды  ескеру  қажет  деп  санаймыз:  біріншіден,  1-сыныпқа 
қабылданатын  оқушының  мектепалды  даярлықтан  өтуінің  міндетті 
болуы.  Дайындықпен  келген  оқушы  оқуды  әліппеге  дейінгі  кезеңнен 
бастап,  10  көлеміндегі  сандарды  санап  т.б.  жалықпайды,  ал  мұғалім 
оқушының  оқу  әрекетінің  маңызды  компоненті  -  оқу  мотивінің  дұрыс 
қалыптасуына  мүмкіндік  жасай  алады.  Екіншіден,  бастауыш  мектепке 
даярлық,  яғни  мектепалды  даярлық  жұмыстарын  міндетті  түрде 
бастауыш мектеп мұғалімі бастауыш мектеп базасында ұйымдастырып, 
кейін  сол  балаларды  1-сыныпта  оқытуды  жалғастыруы  орынды  болар 
еді.  Осындай  жағдайда  балалардың  мектепалды  даярлығының  негізгі 
мақсаты  болып  табылатын  мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың 

152 
 
жалпы,  жеке,  физикалық  дамуын,  білімді  меңгеруге  даярлығын 
қамтамасыз  ету,  балада  оқу  іс-әрекетін  меңгеруге  қажетті  жеке 
қасиеттерді  қалыптастыру  іске  асады.  Балалардың  мектепте  оқуға 
мақсатты 
және 
жүйелі 
даярлығы; 
жеке 
қабілеттерін 
және 
дарындылығын дамыту; балаларды ұлттық, жалпыадами этикалық және 
мәдени  құндылықтарға  баулу,  балалардың  интеллектуалдық  дамуы; 
жоғары  рухани  және  адамгершілік  негіздерін  қалыптастыру; 
балалардың  физикалық  және  психикалық  денсаулығын  нығайту;  білім 
берудің  өзара  сабақтастығы  мен  үздіксіздігін  қамтамасыз  ету  сияқты 
міндеттер орындалуға жол ашылады. Үшіншіден, даярлық топта және 1-
сыныпта    ата-аналармен  білім  көтеру  жұмыстарын  жүргізу  қажет. 
Өйткені  оқушының  оқу  әрекетін  қабылдауы  олардың  әлеуметтік 
ортамен қарым-қатынасына, әлеуметтенуіне тікелей тәуелді. Бұл жерде 
бастауыш  сынып  мұғалімі,  оқушы,  ата-ана  үштігі  бірлікте  қызмет 
атқаруы  қажет.  Оқушыға  жаңа  ортаға  бейімделу,  қалыпты  ойын 
әрекетінде  қалыптасқан  дағдылардан  басқа  оқу  әрекетін  қабылдау 
күрделі  қарама-қайшылықтар  тудырады.  6,7  жастағы  бала  өз  бетімен 
мұндай  проблемаларды  шешуге  ересектер  тарапынан  қолдау  күтеді. 
Сондықтан түрлі жағдаятта әр баланың жас және жеке ерекшеліктерін, 
ескере  отырып,  оқу  жұмысын  ұйымдастыру  қажет»  деп  бастауыш 
сыныптағы  балаға  қойылатын  талаптардың  орындалуы  үшін,одан  ары 
қарай  12  жылдық  білім  беруде  нәтижелі  көрсеткіштерге  жету  үшін 
баланың  мектеп  алды  даярлықтан  өтуі  тиіс  екенін  дәлелдеп  көрсткен. 
Бұл бүгінгі таңдағы өзкті мәселелердің бірі. 
Қазіргі таңда отбасы қиын кезеңді бастан өткізуде. Ажырасу мен 
толық  емес  отбасылар,  отбасындағы  дағдарыс,  жасөспірімдер 
арасындағы қылмыс, тәрбие сапасының құлдырап кетуі, қрғамдағы жат 
қылықтар, қазіргі кездегі отбасының жауапкерілігінің төмендеуі, заңсыз 
отбасын  құру,  некесіз  баланың  туылуы,  тастанды  бала,  т.б. 
қалыптасуына әкеп соқты. Осы мәселені шешу,бүгінгі күннің көкейкесті 
мәселесеі болып отыр.  
Отбасындағы  теріс  қылықтарды,  теріс  әрекеттерді  тудыратын 
негізгі  факторлар:  ата-аналар  тарапынан  үстемдік  жағдайлар,  яғни 
балаларының өз бетімен әрекет жасауына жол бермеуі, өз өмірі немесе 
отбасына  байланысты  бірде-бір  мәселені  шешуге,  үй  іші  кеңесіне 
қатыстырмау.  Осының  нәтижесінде  бала  отбасында  болып  жатқан 
әлеуметтік  өмірге,еңбекке,  мәдениетке  байланысты  мәселелерге 
қатысты  сыртта  қалады.  Бұл  жағдай  баланың  танымдық  қабілетінің 
дамуына,  рухани және  адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына  бөгет 
жасайды. 

153 
 
Көп  жылдар  бойы  жүргізілген  бақылау  мен  зерттеу  жұмыс-
тарының  мәліметтері  бойынша  педагогтар  мен  психологтар  отбасы 
тәрбиесінде  кездесетін  мынадай  сәтсіздіктер  мен  қиыншылықтарды 
көрсетеді:  
Отбасы мүшелерінің, әсіресе әке мен ананың арасында бірыңғай 
талаптың, көзқарастың жоқтығы; 
Отбасында балаға назар аударудың тапшылығы; 
Ата-ана мен бала арасындағы келіспеушілік; 
Отбасында маскүнемдік, ұрыс-керіс, неке бұзушылықтың болуы; 
Әр  түрлі  жағдайға  байланысты  баланың  теріс  қылығы  бар 
адамдардың қарамағына түсуі. 
Отбасында бала әр нәрсені естиді, көреді, қалай өмір сүру керек, 
өзін-өзі қалай ұстай білу керектігін үйренеді, жағымды және жағымсыз 
мінез-құлықтарды,  отбасы  мүшелердің  өмірге,  еңбекке  көзқарастарын, 
өзара қарым-қатынастарын байқайды, еліміздің ішкі және халықаралық 
жағдайларын білуге  тырысады.  Сондықтан, ата-ана  балаға үңіле  қарап, 
үнемі бақылау мен зерттеу жағдайын да еске алып отыруы керек. 
Отбасында тәрбие  үдерісін шебер басқару үшін ең алдымен ата-
ана  өз  өмірін,  өз  ісін  дұрыс  ұйымдастыра  білуі  қажет.  Бұл  жөнінде 
педагогика  классигі  А.С.Макаренконың  мына  пікірін  естен  шығаруға 
болмайды.  Ол:  «Тәрбие  жұмысының  дәл  мәні...  Сіздің  баламен  тіпті 
көзбе-көз  әңгімелесуіңізде  емес,  сіздің  балаға  тікелей  әсер  етуіңізде 
емес, ол сіздің өз  отбасыңызды  ұйымдастыруыңызда,  сіздің жеке  және 
қоғамдық  өміріңізді  және  бала  өмірін  ұйымдастыра  білуіңізде»,  -  деп 
жазды. [2, 30-33] 
Зерттеуші  ғалым  Р.Төлеубекованың  «Бала  тәрбиесіндегі 
халықтық  педагогика»  атты  оқу  әдістемелік  құралының  алғы  сөзінде 
бүгінгі  бала  тәрбиесінің  күрделеніп  отырғаны,  оның  қиыншылықтары 
мен қайшылықтарын көрсетіп, оларды шешуде болашақ ұрпақ тәрбиесі 
ұлттық  мұраттар  мен  рухани  бай  қазынадан  нәр  алумен  ұштастырып 
жүргізілу талабын қояды.  
Қазақ отбасында тәрбие ісі ғалым Ш.Ахметовтың зерттеулерінде 
негізінен басты  сегіз түрлі мәселені қамтыған. Біріншіден, тәрбие басы 
алдымен әдептілікке үйретуді көздеген,әке-шеше баласына «әдепті бол» 
дегенді басты міндет етіп қойған. Екіншіден, олар баланы қайырымды, 
иманды,  мейірімді  болуға  тәрбиелеген.Үшіншіден,  тіл  алғыш,  елгезек 
болуға 
баулыған. 
Төртіншіден, 
адал, 
шыншыл 
болуға 
үйреткен.Бесіншіден,  өнегелі  ұстаз  бен  көпті  көрген  қарияның  сөзін 
тыңдап,  «ақпа  құлақ  болмай,құйма  құлақ  бол»  дегенді,  бойларына 
біртіндеп  сіңіре  білген.  Алтыншыдан,  үлкен  ата-ананы  сыйлап 
құрметтеуге  үйретуді  ең  басты  міндет  етіп  қойған.  Жетіншіден,  кісі 

154 
 
айыбын  бетіне  баспай,  біреуге  орынсыз  тіл  тигізбейтін,  әдепті  азамат 
бол,  әсіресе  қарып-қасерлердің  табиғи  кемдігін  (мұрны  пұшық,көзі 
қисық,аяғы  ақсақ  т.б.)  бетіне  баспа  деп  үйреткен.  Сегізіншіден,ел 
қорғаған  батыр  бол,  халық  алдында  қызмет  ет,  өнеріңді  соған  жұмса 
дегенді  ерінбей-жалықпай  айтып  қана  қоймай,  жеке  өнегелер  арқылы 
көрсетіп отырған. [5, 7-8 б.] 
Адам баласы үшін тәрбиенің орны мүлде бөлек. «Ұяда не көрсең, 
ұшқанда  соны  ілерсің»  деген  ата-бабаларымыз  балаларына  алдымен 
отбасындағы  тәрбие  өнегесін  үйреткен.  Мынадай  бір  мысал.  Бір  жас 
әйел нәрестесін ғұлама адамға әкеліп көрсетіп, қашан, қалай тәрбиелеу 
жолын  сұрапты.  «Балаң  неше  айлық?»  депті  ғұлама.  «Алты  айлық» 
депті  анасы.  «Ендеше  алты  ай  кешігіп  келген  екенсің»  депті.  Демек, 
біздің халқымыз бала  тәрбиесін ерте  қолға  алып,  «баланы  жастан»  деп 
үйрете  бастаған.  Өзінің  ұлттық  салт-дәстүрлерінде  60-70-тен  астам 
тәрбие үлгілерін қалдырған ата-бабаларымыз оның сыртында әдеп, әдет, 
ырым,  тыйым,  жөн-жосық,  қалып-қағида  ережелерін  тағы  жасаған.  Ол 
аз  болса  бесіктен  белі  шығысымен-ақ,  дін  тәрбиесі,  үлгі  өнеге,  еңбек 
тәрбиесін үйреткен. Қазақ халқының тәрбие ісіне мән бергендігі сондай, 
олар  «Ұлға  отыз  үйден  тыйым,  қызға  қырық  үйден  тыю,  ең  ақыры 
есіктегі  құлдан  тыйым»  деген  сөзінің  өзі  неге  тұрады!  Бұл  жерде 
«тыйым»  деген  сөз  –  ақыл,  нақыл,  тәртіп,  өнеге  деген  ұғымды 
білдіреді.Демек,  халқымыз  ұрпағына  ұжымдық  тәрбие  арқылы  өнеге 
көрсеткен.  Ол  отбасындағы,  яғни  ата-ана,  ата-әже,  одан  әрі  көрші-
көлем,  ауыл-аймақ,  нағашы,  ел  ақсақалы...осылардың  бәрі  де  жас 
баланы  жақсы  істерге  үйреткен,  қатесі  болса  ескерту  жасаған.  Үлкен-
кішіге  жәрдемдесуге,  жақсылық  жасауға  шақырып,  үлкеннің  жолын 
кеспе, әдепсіз іске, сөзге барма, ұрлық жасама дегендей теріс әдеттерін 
де  тыйған.  Тыйым  деп  осыны  айтамыз.  Мұның  бәрі  ұлттық  тәрбиенің 
бұзылмас  ережесі  ретінде  қалыптасқан,  өмірге  енген,  қанға  сіңген 
қазақы қағидалар болады.[6, 108-111 б.]
 
Қорыта  келгенде  айтарым,  жан-жақты  дамыған  азаматтың 
қалыптасуына  ықпал  ететін  күш  –  отбасы.  Ол  баланың  бойында 
жақсылықты  да,  жаман  қылықты  да  сіңіреді.  Халықта  «Ағаш  түзу  өсу 
үшін оған көшет кезінде көмектесу керек, ал үлкен болғанда оны түзете 
алмайсың» деп бекер айтпаған.Сондықтан баланың бойына жастайынан 
ізеттік,  ізгілік,  қайырымдылық,  сыпайылық,  адамгершілік  сияқты 
құндылықтарды халқымыздың дәстүрлерін сақтай отырып сіңіру бүгінгі 
таңдағы қазақ отбасыларының басты міндетіне айналуы керек.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет