Отдел науки и международных связей студенческое научное общество



Pdf көрінісі
бет15/31
Дата29.12.2016
өлшемі2,81 Mb.
#702
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31

Фаза "Напряжения
Несформированная стадия 
Стадия формирования 
Сформированная стадия 
25% 
30% 
35% 
Фаза"Резистенции" 
30% 
35% 
35% 
Сформированная стадия 
Стадия формирования 
Несформированная стадия 

182 
 
испытуемых  имели  несформированную  фазу;  35%  –  отмечали  ее 
формирование, а у 35% данная фаза сформирована.  
 
 
Изучение  симптомов  эмоционального  выгорания  показало,  что 
«Истощение»  у  50%  педагогов  не  сформирована;  35%  группы 
испытуемых  имели  сформированную  фазу  и  у  15%  –  складывающаяся 
фаза. 
Рассматривая 
возможную 
зависимость 
эмоционального 
выгорания  от  стажа  работы,  условно  разделим  стаж  работы  на  4 
промежутка:  1  –  5  лет,  6  –  10  лет,  11  –  15  лет,  16  –  20  и  далее  лет. 
Наиболее  высокие  средние  показатели  эмоционального  выгорания 
имеют учителя со стажем работы от 10 до 15 лет. 
В 
данном 
исследовании 
были 
использованы 
следую-
щие методики: 
1.   Опросник  «Диагностика  уровня  эмоционального  выгорания» 
В.В. Бойко (1996); 
2.   Многофакторный  личностный  опросник  FPI.  Авторы  И. 
Фаренберг, Х. Зарг, Р. Тампел (модифицированная форма «В»). 
3.   Методика диагностики межличностных отношений Т. Лири в 
адаптации Л.Н. Собчик. 
4.   Анкета,  направленная  на  выявление  влияния  органи-
зационных  факторов  в  профессиональной  деятельности  педагогов  на 
развитие синдрома эмоционального выгорания. [4] 
0% 
10% 
20% 
30% 
40% 
50% 
Фаза "Истощения" 
Несформированн
ая стадия 
Сформированная 
стадия 
Стадия 
формирования 

183 
 
Формирование  и  развитие  синдрома  эмоционального  выгорания 
связано  с  наличием  у  педагогов  таких  личностных  характеристик,  как: 
невротичность,  депрессивность,  застенчивость,  феминность,  эмоцио-
нальная  лабильность.Что  касается  ведущего  типа  межличностных 
отношений, то значимых различий между результатами в двух группах 
не наблюдается, из этого можно предположить, что на формирование и 
развитие  синдрома  эмоционального  выгорания  оказывают  влияние  и 
другие факторы, например такие, как организационные. Таким образом, 
внутренний  фактор  сам  по  себе,  становится  таковым,  усиливаясь 
организационным фактором. [5] 
Профилактика  выгорания.  Как  можно  работать  с синдромом 
выгорания  и как  можно  его  предотвратить?  Многое  решается  само 
по себе, если человек понимает, с чем связан синдром выгорания. Если 
понимать  это  про  себя  или  про  своих  друзей,  то можно  начать  решать 
эту задачу, поговорить с собой или друзьями об этом.  
Работа  с синдромом  выгорания  начинается  с разгрузки.  Можно 
уменьшить  количество  работы,  делегировать  что-то,  разделять 
ответственность, ставить реалистичные цели, критически рассматривать 
те ожидания, которые имеешь. Это большая тема для обсуждения. Здесь 
идет речь  о нашей позиции по отношению к жизни, о том, чтобы наши 
установки были аутентичными, соответствовали нам. 
Если  синдром  выгорания  имеет  уже  гораздо  более  выраженную 
форму, нужно получить больничный, физически отдохнуть, обратиться 
к врачу,  при  более  легких  расстройствах  полезно  лечение  в санатории. 
Или  просто  устроить  хорошее  время  для  себя,  пожить  в состоянии 
разгрузки.  
Кратковременно 
могут 
помочь 
медикаменты, 
но они 
не представляют  собой  решение  проблемы.  Телесное  здоровье —  это 
основа.  Но также  нужна  и работа  над  собственными  потребностями, 
внутренним дефицитом, над установками и ожиданиями по отношению 
к жизни. Нужно подумать, как уменьшить давление социума, как можно 
самому  себя  защитить.  Иногда  даже  подумать  о том,  чтобы  сменить 
место работы. [6,15с.] 
Чтобы  не  допустить  появления  синдрома  или  усиления  уже 
существующего  феномена  эмоционального  выгорания,  психологи 
рекомендуют  научиться  мириться  с  потерями.  Начать  борьбу  с 
синдромом легче, когда смотришь своим страхам «в глаза». Например, 
потерян  смысл  жизни  или  жизненная  энергия.  Нужно  признать  это  и 
сказать себе, что вы начинаете все сначала: вы найдете новый стимул и 
новые источники силы. 

184 
 
Синдром  эмоционального  выгорания  не  случайно  является 
сегодня модной темой — в нем описывается типичный феномен нашего 
времени. Это время характеризуется не только спешкой, разнообразием 
возможностей для деятельностей и нацеленностью на достижения, но и 
отсутствием  отношений,  и  необязательностью,  это  прагматическое 
время,  на  полнёное  духом  потребления,  в  котором  все  служит 
достижению  максимальной  производительности.  Поэтому  эмоцио-
нальное выгорание можно рассматривать как счет, предъявляемый нам 
за  отчужденную,  удаленную  от  нашей  человеческой  действительности 
жизнь в угоду требованиям своего времени.  
Заключение 
Таким  образом,  можно  сказать,  что  хотя  бы  одна  из  фаз 
«выгорания» 
у 
большинства 
преподавателей 
находится 
в 
сформированном  состоянии.  Основными  факторами  влияющими  на 
возникновение  и  развитие  эмоционального  выгорания  являются 
личностные  качества  каждого  человека,  стаж  работы  (как  было 
выявлено, «выгоранию» больше подвержены  преподаватели с большим 
стажем  работы),  наличие  постоянной  психотравмирующей  ситуации  и 
др.  Я  считаю  что  в  период  профессиональной  подготовки  в  вузе 
студенты  должны  получить  представление  о  профессиональных 
возможностях и последствиях деятельности в сфере социальной защиты 
населения,  приобрести  навыки  самоконтроля,  самооценки,  умения 
управлять  своими  эмоциями  и  т.  д.  Важнейшим  принципом 
предотвращения  синдрома  «эмоционального  выгорания»  является 
соблюдение требований психогигиены самим социальным работником. 
Литература 
1.Альфрид  Лэнгле  «Эмоциональное  выгорание  с  точки  зрения 
экзистенциального анализа» // Теоретические исследования, 2008 г. 
2.Скугаревская  М.М.  Синдром  эмоционального  выгорания  // 
Медицинские новости.—2002.— №7.— С. 3-9.  
3.Альфрид  Лэнгле  «Эмоциональное  выгорание  с  точки  зрения 
экзистенциального анализа» // Теоретические исследования, 2008 г. 
4.Бойко В.В. Энергия эмоций в обще 
нии:  взгляд  на  себя  и  на  других.  М.:  Информационно-
издательский дом «Филинъ», 1996. 
5.Львова  Ю.Л.  Социально-педагогические  проблемы  развития 
профессиональной  и  общественной  активности  учителей.  М.:  Изд-во 
МГУ, 1988.  
6.Альфрид  Лэнгле  «Эмоциональное  выгорание  с  точки  зрения 
экзистенциального анализа» // Теоретические исследования, 2008 г. 
 

185 
 
ТЕМПЕРАМЕНТ ТЕОРИЯЛАРЫ 
 
САЯТ САМАЛ 
Семей қаласының Қазақстан инновациялық университеті, 
«Психология» мамандығының  2 курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: БАЯХМЕТОВА Г.С 
Семей қаласының Қазақстан инновациялық университетінің 
оқытушысы, п-п.ғ. магистрі 
 
Темперамент (лат. temperamentum - 
бөліктердің 
қажетті 
арасалмағы) 
адамның психикалық 
 іс-әрекетінің 
динамикасын 
сипаттайтын  тұрақы  жеке  ерекшеліктердің:  психикалық  процестер  мен 
күйлер  ағысы  қарқындығының  жылдамдығының  ырғағының  - 
жиынтығы.  Темперамент  дегеніміз  психикалық  процестердің  өтуінің 
динамикалық  ерекшеліктерін  және  адам  мінез-құлқын,  олардың 
күшін,жылдамдығын,пайда болуын,тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын 
қасиеттер жиынтығы. 
Темперамент  тұлғаның  мәнді  қасиеттерінің  бірі.  Берілген 
мәселеге  деген  қызығушылық   ерте  кезде  туындап,  қазіргі  кезге  дейін 
психологияның  зерттейтін  маңызды  бөлігі  болып  табылады. 
Темперамент адамның  табиғи сипатының,  психологиялық іс-әрекетінің 
динамикалық  ерекшеліктері,  яғни  психикалық  процестер  мен 
жағдайлардың әрекеттерінің ырғағы, қарқыны, жылдамдығы жатады. 
Темперамент келесі құбылыстарда көрінеді: 
Адамның жалпы белсенділігінен; 
Қозғалу ерекшелігі жән есөздік қозғалу ерекшелігінен; 
3.  Эмоционалды  процестер  ерекшелігінен:  эмоцияның    туындау 
және  өшу  жылдамдығы,  күші  мен  тереңдігі,  эмоционалды  аймақтың 
сапалық қасиеті, яғни кез келген эмоцияны бастан кешіру жылдамдығы 
жәнет.б. 
Темперамент  туралы  ілім  ертекезде  пайда  болған.Ертедегі  грек 
медицинасының  көрнекті  өкілі  Гиппократ  (б.з.д.  V  ғ)  және  оның 
шәкірттерінің  айтуынша,  адам  ағзасының  жағдайы  негізінен  адам 
ағзасында  болатын  шырындардың  немесе  сұйық  заттардың  сандық 
арақатынасына  байланысты  (қан,  шырын,  өт).  Осы  сұйық  заттардың 
араласу  пропорциясы  грекше  "красис"  деп  аталады.  Рим  дәрігерлері 
жүздеген 
жылдар 
кейін 
жұмыс 
істеген 
бұл 
ұғымды 
латынша temperamentum депатады, 
кейін 
келіп "темперамент" термині  шықты.  Белгілі  адам  анатомы  және 
дәрігері  б.з.д.  II  ғ.  Өмір  сүрген  Гален  алғашрет  темпераментті  жан-
жақты жіктей отырып, сипаттама берді. Ол темпераменттің санын 13-ке 

186 
 
дейін  жеткізді.  Кейіннен  бұл  темпераменттің  саны  төртеуге  дейін 
жинақталды.  Олардың  әрқайсысы  белгілі  бір  сұйық  заттың 
басымдығына қарай сипатталды. 
Ағзада  сұйық  заттардың  бірігуінде  қанның  пропорциясы  басым 
болса,  сангвиникалық  темперамент  деп  аталады  (латын  сөзі«сангвик» 
қан ); сұйық заттардың бірігуінде  шырының пропорциясы басым болса, 
флегматикалық  темеперамент  деп  аталады  (грек  сөзі«флегма»  сөл); 
сары  өттің  пропорциясы  басым  болса  холерикалық  темперамент  деп 
аталады  (грек сөзі«холэ» сары өт); қара өттің пропорциясы басым болса 
меланхоликалық темперамент  деп аталады  (грек сөзі «мелайна холэ» 
қара өт). 
Гиппократ 
алғаш 
болып 
адамдардың 
темпераментінің 
классификациясын құрды. Ол барлық адамдарды темперамент бойынша 
4топқа бөлді; 
Холерик-  қарым-қатынасшыл,  эмоцияналды,  аздап  қызбақанды. 
Холериктерге 
жоғарғы 
дәрежедегі, 
іс-әрекеттте 
өте 
жылдам 
қозғалғыштық,  уайым-қайғыда  өте  қатты  эмоционалды,  конфликтілі 
жағыдайларда ашушаң, ұстамсыз. 
Сангвиник-ұстамды,  салмақты,  тұрақты  тип.  Қабілеттілігі, 
зейіні,  жақсы  дамыған.  Сангвиниктердің  белгілі  бір  мақсатқа  жетудегі 
белсенділігі  өте  жоғары  деңгейде.  Бұл  типтегі  адамдар  қарым-
қатынасшыл,қозғалғыш,  жағыдаятқа  тез  бейімделгіш,  сәтсіздіктерді 
оңай жеңе біледі. 
Флегматик-эмоциясы,  қарым-қатынасы,  қимыл-қозғалысы  баяу 
типтегі адамдар.Олардың қабілеті мен зейіні жақсы дамыған. Олар жәй, 
салмақты,  тұрақты,  өз  әдет-ғұрпын  өте  жай  өзгертеді.  Үнемі  жақсы 
көңіл-күйде жүретіндігі мен ерекшеленеді. 
Меланхолик-аздап  әсершіл,қарым-қатынасшыл  емес,  және  өз-
өзіне  сенімсіз  тип.Ол  қозғалғыштығының  және  сөйлеу  мәнерінің 
төмендігімен, 
жоғарғы 
дәрежедегі 
эмоционалдығымен 
және 
әсершілдігімен  ерекшеленеді.  Ішкі  қайғы-мұңға  әсершіл  болып  келеді. 
Көбінесе меланхоликтер шығармашылық әрекеттерде көзге түседі. 
Ғылым тарихында  темперамент жайлы көптеген теориялар бар. 
Темперамент  жайлы  теорияларды  үлкен  үш  топқа  бөлуге 
болады: 
Гуморальді теориялар
Конституционалды теориялар; 
Жоғары  жүйке  жүйесі  ерекшеліктеріне  байланысты   темпе-
раментті түсіндіруші теориялар. 
 «Гумор»  сөзі  сұйықтық  дегенді  білдіреді.  Ағза  сұйықтықтары 
қозғалымпаз,  оның  динамикалық  бөлігі.  Сондықтан  мінез-құлық 

187 
 
ерекшеліктерін ағзадағы сұйықтықтар қозғалысының ерекшеліктері мен 
байланыстырады.  Осы  бағытты  ұстанған  авторлардың  теориялары  ең 
алғаш  пайда  болған.  Ежелгі  және  ең  белгілі  гуморальды  теория 
антикалық  Грецияда  пайда  болған,  дәрігер  және  философ  Гиппо-
краттыңтеориясы. 
Гиппократ  теориясы  бойынша,  адам  ағзасында  төрт  негізгі 
сұйықтық бар: қан, қара өт, сары өт, сөл.  
Кант И. темпераменттің көріну аймағын тарылтып көрсетті. Төрт 
темперамент типін Кант екі топқа бөлді: әрекет темпераментіне жылдам 
қимылдайтын  холерик  пен  баяу  қимылдайтын  флегматикті  жатқызды, 
әсершіл  топқа  оң  эмоциялары  басым  сангвиник  пен  теріс  эмоциясы 
басым меланхоликті жатқызды. 
Темпераменттің гуморальді теориялары қатарына Лесгафтың көз 
қарасын  жатқызуға  болады.   Ол  психикалық  әрекеттің  динамикалық 
ерекшелік  сипатын  жүректамыр  жүйесіндегі  әртүрлі  ұсақ  тамырлардан 
күретамырға  дейінгі қанқозғалыс ерекшеліктері мен байланыстырды. 
Темпераментті  дене  бітімімен  түсіндіруші  конституционалды 
теориялар қатарына  Э. Кречмер және У. Шелдонның еңбектері жатады. 
1921  жылы  Э.  Кречмердің  әйгілі   «Дене  бітімі  және  мінез»  атты 
еңбегіжарық  көрді.Оның  негізгі  идеясы  белгілі  типті  адамдар  белгілі 
психологиялық  ерекшеліктерге  ие.  Адамдарды  дене  бітіміне 
байланысты 
Кречмер 
төрт 
конституционалды 
типке 
бөлді: 
лептосоматик, пикник, атлет, диспластик. 
1. Лептосоматик – нәзік денелі,  ұзын бойлы, кеудеқуысы қушық, 
иығы тар, ұзын және арық аяқ-қолды. 
2.  Пикник  –  май  қабаты  анық  көрінеді,  орта  және  аласа  бойлы, 
жайылған денелі, домалақ басты, мойыны қысқа адамдар. 
3. Атлет – бұлшықеттері күшті дамыған, дене бітімі мығым, ұзын 
және орта бойлы, кеңиықты, жамбасы тар. 
4. Диспластик  –  формасыз  адам,  дене  бітімі  дұрыс  емес.  Бұл 
типтегі  индивидтер  әртүрлі  дене  бітімініңде  формациясымен 
сипатталады. 
Аталған  типтерге  байланысты  үш  темперамент  типтерін  бөліп 
көрсетеді:  шизотимик,  иксотимик,  циклотимик.   Шизотимикке 
астеникалық   денебітімі  тән,  тұйық,  көңіл-күйі  ауысып  отырады,  бір 
беткей,  бағдарлары  мен  көзқарастарын  өзгертпейді,  қоршағандарға 
күшпен  бейімделеді.  Иксотимикке   атлет  денебітімі  тән,  салмақты, 
қимылдары  мен  мимикасы  ұстамды,  ойлау  майыспалығы  төмен,  ұсақ-
түйекке  көңіл  аударушы.  Циклотимик  пикник  денебітіміне  ие, 
эмоциясы қуаныш пен қайғы арасында алмасып келіп отырады, адамдар 
мен жылдам араласады, көзқарастары шындыққа жақын. 

188 
 
АҚШ-та  1940  жылдары  У.  Шелдон  темперамент  теориясы  кең 
танымалдыққа  ие  болды.  Темпераменттің  негізін  эмбриологиялық  
тұрғыда түсіндіруге тырысты. 
Үштипті бөліп көрсетті:  
1) эндоморфты – эндодермадан ішкі мүшелер жақсы  дамиды;  
2) мезодерма —  бұлшықеттер жақсы дамиды;  
3) эктоморфты – терімен жүйке талшықтары жақсы дамиды. 
Шелдон  У.  бойынша,  аталған  дене  типтеріне  дененің  белгілі 
функцияларына  тәуелді   белгілі  темперамент  типтері   сайкеледі: 
висцеротония  (ішкімүшелер),  соматотония  (дене)  және  церебротония 
(ми). 
Темперамент  теорияларының    үшінші    тобын  құрайтын  жоғары 
жүйке  жүйесі  ерекшеліктеріне  байланысты  теориялар  қатарына  И.П. 
Павлов  еңбегі  жатады.  Павлов  зерттеулері  темперамент  тұлғаның  
тума 
сипатталатын 
қасиеттері 
екендігі 
жайлы 
көзқарастың 
қалыптасуының  негізі  болды.  Кеңестік  психологияда  темперамент 
теорияларының  дамуына  үлкен  үлес  қосқан  Б.М.  Теплов  еңбектері 
болып  табылады.  Теплов  темпераменттерінің  қасиеттеріне  психикалық 
іс-әрекет  динамикасын  сипаттайтын   тұрақты  психикалық  қасиеттерді 
жатқызды.  Темпераменттің  индивидуалды  ерекшелігін  темпераменттің 
қандайда бір қасиеттерінің даму деңгейімен түсіндірді. Темпераменттің 
мәнді қасиеттеріне келесілерді жатқызды: 
1. Эмоционалды қозу; 
2. Зейіннің қозуы; 
3. Эмоцияның күші; 
4. Мазасыздық; 
5. Ырықсызқозғалыстардыңреактивтілігі; 
6. Еріктімақсатқабағытталғаніс-әрекеттіңбелсенділігі; 
7. Майыспалылық – регидтілік; 
8. Резистенттілік; 
9. Субъективтілік. 
Сонымен,  темперамент  адамның  белсендік  ерекшеліктерін  және 
реактивтілігін  біріктіреді.  Темперамент  бойынша  адамдарды  ажырату 
сыртқы 
өңдерінде, 
барлық 
мінез-құлықта 
және 
іс-әрекетте 
байқалады.Ерте  кезден  осы  көріністердің  барлығы  ғалымдардың 
назарын  аударды.  Темпераменттің  туа  біткен,  адамның  табиғи  сипаты, 
яғни 
ағзаның 
физиологиясымен 
байланысты 
екеніне 
ешкім 
күмәнданбайды. 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.Ананьев Б.Г. Избранные  психологические  произведения.  В 2-х 
т. – М.: Педагогика, 1980. 

189 
 
2.Ахвердова О.А Дифференциальная психология. – СПб , 2004 
3.Анастази А. Дифференциальная психология. Индивидуальные и 
групповые различия в поведении. – М.: Апрель Пресс, 2001. 
4.Балаубаев С., Темірбеков Қ. Психология.  –Алматы., 1996. –230
 
 
5.Жарықбаев Қ. Психология. – Алматы.: Білім, 1993. 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН 
АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ 
 
СЕКЕРОВА А. 
Алматы университеті, «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен 
әдістемесі» мамандығының 3 курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: ҚАРИЕВ Ә.Д. 
 Алматы университеті, ғылым және халықаралық байланыстар 
бөлімі бастығы, педагогика ғылымдарының магистрі 
 
Адамгершілікке тәрбиелеу құралы-еңбек пен ата-ана үлгісі. 
Ыбырай Алтынсарин 
Адамгершілік адам бойындағы ең асыл қасиеттің бірі. Ол қасиет 
адамды  мейірімділікке,  Отанын,  елін,  отбасын  сүюге  үйретеді.  Егер 
адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз-өзін сыйламайды. 
Қазақта мақал бар:«Әдепті бала ата-анасын мақтатар,әдепсіз бала 
ата-анасын қақсатар.» Бұл мақалдың мән мағанасы үлкенді құрметтеуге, 
сыйлауға  әдепті  болуға  үйретеді.Өзіңді  және  өзгені  сыйлай  білу 
адамгершілікке  жатады.  Әдет-ғұрпымызды,  салт-дәстүрімізді  сақтай 
отырып,  Отанын,  жерін   сүйетін,  бауырмал,  жолдастыққа  адал,  ата-
анасын құрметтейтін жеке тұлға тәрбиелеу өзектілігі туып отыр. 
«Жаста  білген,  басқа  сіңген  тәлімің,  өзің  өлмей  сүйегінен  қала 
алмас»,  деп  классик  жазушы  І.  Жансүгіров  айқандай  балалық  шақтан 
бойына  орныққан,  ана  сүтімен  даритын  ұлттық  сезім  нышандары,  сөз 
өнері  оның  болашақ  шамшырағына  айналып,  рухани  байлығын 
кеңейтеді. Оны туған елге, жерге, халқына сүйіспеншілікке, патриоттық 
сезімге  баулып,  жан-жақты  жетілген  азамат  етіп  тәрбиелеп  өсіру  – 
бүгінгі таңдағы  аса  жауапты  міндеттердің бірі.  «Жұмыла көтерген жүк 
жеңіл»  демекші  бала  тәрбиелеудегі  осындай  міндеттерді  іске 
асырушылар  –  мектеп  пен  отбасы.  Осы  екі  арнада  жүргізілетін  тәлім-
тәрбие  сабақтаса,  ұштаса  өткізілгенде  ғана  көздеген  мақсат  нәтижелі 
болары  сөзсіз.  Бүгінгі  жаңа  қоғам  мүддесіне  лайықты,  жан-жақты 
жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі 

190 
 
қоғам иегері боларлық парасатты азамат тәрбиелеп өсіру  – отбасының, 
балабақшаның, мектептің барша халықтың міндеті. [2] 
Қазақстан  тәуелсіздік  алғаннан  бері  білім  беру  саласында 
ғылымның      дамуында,  саясатта,  мәдениетте,  жалпы  қоғамда  көптеген 
өзгерістер болды.  Педагогтардың міндеті – оқытудағы жаңа көзқарасқа 
басты  назар  аудару:  бала  тұлғасының  даралығын  мойындау.  Тағы  бір 
міндеттерінің бірі – адамды үйлесімді дамыту. Білім беруге жаңа ықпал 
–  адамгершілік  –  рухани  білім  беру.  Баланың  қабілетін  ашу  қажет, 
себебі ол өзіне  жол таба  білетін, өз күшіне  өз тағдырына сенетін болу 
қажет! 
Тәрбие әдістері –бұл тәрбие көздеген мақсатқа жетудің жолдары, 
тәсілдері.  Мектеп тәжірибесіне  орай  әдістердің  және  бір анықтамасы  – 
қажетті  сапаларды  қалыптастыру  мақсатымен  тәрбиеленушілердің 
санасына,  еркіне,  сезіміне  және  қылық-әрекетіне  ықпал  жасау 
тәсілдері.Әдістер түрі сан-алуан да шексіз көп.  Ал оның нақты  көрінуі 
өз  шәкірттерінің  білімдік  күш-қуаты  мен  жалпы  мүмкіндіктерін  жете 
танып, оларды өтілетін материал сипатына байланыстырып және  басқа 
да  көп  оқу  жағдаяттарын  зерделі  саралай  білген  педагог  әрекетіне 
тәуелді.  Қай  тұлға,  қанша  тұлға  араласса,  әдіс  формасы  да  сондай  әрі 
сонша  –  бұл  заңдылық.   Тәрбие  әдісі-  көп  өлшемді  құбылыс,  оның 
жүйелесуіне  негіз  болар  белгілер  сан-алуан.  Солар  арасында  аса 
танымал болғандарын атап  өтейік.  Сипаты  бойынша  әдістер  –  сендіру, 
жаттықтыру,  мадақтау  және  жазалау.  Тәрбие  процесінің  жалпы 
құрылымынан  байқағанымыздай,  дұрыс  ұйымдастырылған  тәрбиенің 
бірінші  сатысы  -  оқушылардың  өздерінде  қалыптасуы  қажет  әрекет-
қылық нормалары мен ережелерін білу (түсіну). 
Әдептілік әңгіме тиімділігі келесі шарттарға байланысты: 
-  әңгіме  оқушылардың  әлеуметтік  тәжірибесіне  сәйкес  болу 
қажет. Ол – қысқа, түсінікті, балалар толғаныстарына орай; 
-  әңгіме  көрнекілік  әдісін  бірге  қолдану  арқылы  жүргізіледі 
(көркемөнер  туындылары,  көркем  фотосуреттер,  халық  қолөнер 
бұйымдары),  әңгіме  мазмұнын  қабылдауға  ән-күй  үлкен  жәрдем 
береді.Үгіттеу  арқылы  кейде  оқушыны  өз  қылығынан  ұялу,  өкіну 
сезіміне  келтіруге  болады.  Педагог  баланың  мұндай  сезімдерін  оятып 
қана қоймастан, келеңсіз  әрекеттерін түзетудің жолдарын да көрсетеді. 
[1] 
Үлгі-өнеге  -  өте  әсерлі  тәрбие  әдісі.  Бұл  әдіс  негізінде  жатқан 
заңдылық: көрумен қабылданған санада тез әрі жеңіл бекиді, себебі оны 
ойланып сөзбен таңбалап не таңбасын ауыстырып жатудың қажеті жоқ. 
Үлгі-  бірінші,  ал  сөз  –  екінші  сигналдық  жүйе  деңгейінде  әсер  етеді. 

191 
 
Үлгі  еліктеу  үшін  нақты  өрнек  беріп,  сана,  сезім,  сенімді  белсенді 
қалыптастырып, іс-әрекетке қозғау салады.  
Тәрбие  тәрбиешінің  жеке  басы  үлгі-өнегесіне,  оның  қылық-
әрекетіне,  қамқорлығындағы  балаларға  қатынасына,  дүниетанымына, 
іскерлігі  мен  абыройына  тәуелді.  Ұстаз  үлгісінің  оңды  ықпалы  оның 
сөзі мен ісінің жарасымдылығына, балалардың бәріне бірдей ақ пейілді 
қатынасына  орай  арта  түседі.  Бұл  тәрбиешінің  беделіне,  ол  бастаған 
істің жүйелілігі мен бірізділігіне де байланысты. 
Үйретіп көндіру – көзделген сапаны жылдам әрі жоғары деңгейде 
қалыптастыру  үшін  қолданылады. Үйретіп  көндіру  тәрбие  процесінің 
барша кезеңдерінде де тиімді, бірақ бала дамуының алғашқы сатысында 
әбден 
қажет.Тәрбиеленушіні 
белгілі 
іс-әрекетті 
орындатуға 
талаптандыру 
ниетімен 
қолданылатын 
әдістер 
тобында 
ынталандырудың орны өз алдына. Бұл әдістің ежелден-ақ мадақтау мен 
жазалау  түрі  белгілі.  XX  ғасыр  педагогикасы  және  бір  өте  әсерлі 
ынталандыру әдісі – жарыстыру әдісін алға тартып отыр. 
Қарапайымды  бола  тұра,  мадақтау  өте  жауапкерлі  де  іс.  Мадақ 
шектен  тыс  әсіреге  айналып  кетпей,  орынсыз  кем  де  болмауы  керек. 
Санамен  сарапталмаған  әсіре  мадақ  баланы  бұзады.  Осыдан 
мадақтаудың  психологиялық  қырлары  мен  оның  салдарын  ескерген 
жөн: 
1.  Мадақ-марапат  сырттай  көзге  түсіп,  әйгілену  ниетімен  емес, 
мақтаушы  мұғалім  мен  марапатталушы  оқушының,  яғни  екі  тараптың 
бірдей жан дүниелік қалауы мен қабылдауынан болуы шарт. 
2.  Мадақтау  арқылы  тәрбиеленушіні  басқа  балаларға  қарсы 
қойып  алмауды  да  ойластырған  жөн.  Сондықтан  тек  табысқа  жеткен 
оқушыны ғана мақтап шектелместен, шын ықыласымен еңбектенген, өз 
ісіне  адалдық  танытатындардың  бәріне  де  жылы  лебіз,  мадақ  сөзді 
аянбаған  жөн.Жарыс,  бәсеке.  Көп  бала  топтала  қалса,  сол  бойда  өзара 
бедел  таластыра  бастайды.Балалар  табиғатына  аса  тән  құбылыс  – 
бәсекелестік. Төңірегіндегілер арасында өз беделін танытып, оны бекіту 
– әр адамның тума қажеті. 
Жазалау  –келеңсіз  қылықтарды  шектеп,  тежеу  үшін,  басқалар 
алдында,  өз  тұрғысынан  айыбын  мойындау  сезімін  ояту  мақсатында 
қолданылатын  педагогикалық  ықпал  әдісі.Мектеп  тәжірибесінде 
жазалаудың келесідей түрлері қолданылуда; 1) қосымша міндеттер тану; 
2) кей құқықтардан айыру не шектеу; 3) моральдық сөгіс, не айып тағу. 
Тәрбие  барысында  жазалаудың  келесі  формалары  қабылданған: 
жақтырмау, ескерту, сөгіс жариялау, алдын ала сақтандыру, айыпқа сай 
талап қою. [1] 
Жазалау әдісінің тиімділігін анықтаушы шарттар төмендегідей: 

192 
 
1.  Оқушы  «пір»  тұтқан  абыройлы  адам  тарапынан  болған  жаза 
әсерлі келеді.  
Келеңсіз  қылығы  тек  тәрбиеші  емес,  дос,  жолдастарының  да 
жақтырмауына, 
ескертуіне 
ұшыраса, 
айып 
сезімі 
күштілеу 
болады.Сондықтан тәрбиеші ұжымдық пікірге көбірек жүгінгені жөн. 
2. Бүкіл сыныпқа жаза қолдануға болмайды. 
3. Жаза шешімі қабылданса, ол орындалуы шарт. 
4.  Жаза  тиімділігі  оның  оқушыға  түсінімді  болып,  оны  әділ  деп 
қабылдауынан.  Өтелген  жаза  қайтып  еске  алынбайды,  оқушымен 
қалыпты қатынас жалғасын табады. 
5.Жазала,  бірақ  оқушының  намысына  тиюші  болма.  Тәрбиеші 
жазаны  өз  жек  көргендігінен  емес,  педагогикалық  қажеттіктен 
қолданады.  «Келеңсіз  қылық  -  жаза»  формуласы  мүлтіксіз  орындалуы 
шарт. 
6.Жазаның  жеке  балаға,оны  даралығына  сай  қолдануы  – 
әділдіктен  ауытқу  емес.  Бұл  өте  маңызды  проблема.  Егер  педагог 
оқушының  жеке  тұлғалық  ерекшеліктеріне  мән  беретін  болса,  жаза  да, 
мадақтау да жікке  келеді,  ал, егер ол тек келеңсіз қылықтың өзіне  мән 
беріп,  қай  тәрбиеленуші  тарапынан  болғанына  назар  аудармаса,  жаза 
түрлері жіктелінбей қолданылып,  тұлғалық бағыт заңдылығына қайшы 
келеді.  Мұғалім  өз  педагогикалық  позициясын  балаларға  түсіндіруі 
шарт, сонда ғана шәкірттер жаза әділдігін мойындайды. 
Тәрбие әдістерін таңдау – күрделі проблемалардың бірі. 
Тәрбиешінің  кәсіби  қызметтерін  орындау  барысындағы  тәрбие 
әдістерін  таңдауы  әрі  оларды  пайдалануы  көптеген  қалыптасқан 
шарттар мен мүмкіндіктерге тәуелді. Мұндай шарттар түрі: ниеттелген 
тәрбие  мақсаттары  мен  міндеттері;  тәрбиеленушілердің  жас  және 
даралық  ерекшеліктері;  тәрбие  қызметі;  шәкірттердің  қызығулары  мен 
қажеттері;  оларды  қоршаған  әлеуметтік  жағдайлар;  тәрбиеленуші 
қатысқан  топтың  қалыптасу  деңгейі;  күтілген  нәтижелер;  тәрбиешінің 
өз басы мүмкіндіктері. 
Қорыта келгенде уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде 
болып  жатқан  өзгерістер  үзіліссіз  тәрбие  негізі  саналатын  мектепте, 
отбасы  тәрбиесіне  де  қозғау  салып,  баланы  тәрбиелеу  осы  заман 
талабына сай үйлесімді деңгейді қайта құруды міндеттейді. Тәрбие мен 
оқу  егіз  деген  сөз  бар.  «Тәрбие  бар  жерде  ғана  сапалы 
білім саналы ұрпақ  болады»  деген  дана  халқымыздың  мақал  сөзіне 
сүйенеміз. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет