Отдел науки и международных связей студенческое научное общество



жүктеу 2.81 Mb.
Pdf просмотр
бет19/31
Дата29.12.2016
өлшемі2.81 Mb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  Қ.Қайым    «  Жануартанудан  танымдық  ойындар  –  Алматы  - 
Республикалық баспа кабинеті (РБК)1994-84 б. 
2.  Қ.Қайым  «  Танымдық  ойындар  –  білім  кілті»  Алматы:  « 
Қазақстан мектебі, 1995 №3-4 (55-60 б) №5( 41-46-б) және №6(55-60-б) 
3.  Қайымов  Қ.  «Қызықты  зоология»  Алматы:  Мектеп, 
1969,1975.104-168 б. 
 
 
ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ ТӨЗІМДІЛІГІН 
ТӘРБИЕЛЕУ 
 
АЛЫМБАЕВ Б. 
Алматы Университеті, «Дене шынықтыру және спорт» 
мамандығының 3 курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: ЖУНИСБАЕВА М.Б, АЙЫНОВА А.С.  
Алматы университеті,  Педагогикалық мамандықтар 
кафедрасының аға оқытушысы 
 
Футболда 
спорттық 
жетістіктер 
айтарлықтай 
шамада 
футболшылардың қозғалыс қабілеттерінің даму деңгейімен анықталады. 
Бұл  ретте  жалпы  алғанда  спорттық  шеберліктің  көрініс  табуына, 
сондай-ақ  оларды  жетілдіру  мүмкіндіктеріне  әсер  ететін  негізгі  қимыл 
қасиеттерінің  бірі  болып  футболшылардің  төзімділігі  табылады. 
Жетілдіріле  түскен  төзімділік  бүкіл  ойынның  ұйымдастырылуына 
ықпал  етеді,  ойындағы  белсенділікті  арттыруға  мүмкіндік  береді, 
техникалық-тактикалық әрекеттердің диапазонын кеңейтеді. 
Қазіргі  отандық  және  шетелдік  әдебиетте  футболшылардың 
жұмысқа  қабілеттілігін,  оның  ішінде  төзімділігін  зерттеуге  арналған 
жұмыстардың айтарлықтай елеулі саны жинақталып қалды. Алайда бұл 
жұмыстар  негізінен  алғанда  әлде  ересек  футболшылардың,  әлде 
жасөспірім жастағы спортшылардың төзімділігін зерттеуге арналған. 
Бізге  қол  жетерлік  әдебиетте  төзімділік,  оның  ішінде  жалпы 
төзімділік  туралы,  сондай-ақ  оны  жас  футболшыларда  тәрбиелеу 
әдістемесі туралы мәселе толықтай дәрежеде ашып көрсетіле қоймаған. 
Қазіргі  таңда  футболда  жалпы  төзімділікті  тәрбиелеудің  ең  тиімді 
тәсілдерін анықтау мәселесі бойынша  бірыңғай  пікір болмай отыр. Бір 
мамандар  спорттың  циклдық  түрлерінен  алынған,  жүгірумен  даярлау 
тәсілдерін  кеңінен  пайдалануды  ұсынады,өзгелері  жекпе-жекке  және 
ойынға  жақынырақ  тұрған  жаттығуларға  басымдық  береді.  Жас 
футболшыларда  жалпы  төзімділікті  тәрбиелеудің  қазіргі  қолданылып 

229 
 
жүрген  әдістерін  ұтымды  таңдап  алу  және  үйлестіру  мәселесі  ашық 
күйінде қалып отыр. 
Спорттық жетістіктердің деңгейі жаттығу жұмысының көлемімен 
тығыз  байланысты  болғандықтан,  аталған  мәселені  зерттеу  шеберлікті 
арттыру  әдістемесін  жетілдіру  үшін  маңызды  болып  отыр  /42,96/. 
Футболдағы  жаттығудағы  күш  салу  көлемі  өз  кезегінде  жалпы 
төзімділікке  тікелей  тәуелділікте  тұр.  Оқыту,  үйретудің  бастапқы 
кезеңінде  жас  футболшылардың  аэробтық  мүмкіндіктерін  дамыта 
отырып,  бір  мезгілде  денсаулықты  нығайту  (жүрек-қан  тамыры  және 
тыныс  алу  жүйелерін  дамыту  есебінен)  және  арнайы  төзімділікті 
тәрбиелеу  үшін  негіз  жасау  міндеттері  шешіледі.  Сондықтан  жас 
футболшыларда  жалпы  төзімділікті  арттыру  мен  оны  тәрбиелеу 
әдістемесін жетілдіру мәселесін шешу спорттық шеберлікті арттырудың 
маңызды педагогикалық резерві болып көрінеді. 
Жұмыстың  жаңашылдығы  жалпы  төзімділікті  тәрбиелеу 
мақсатында 12-13 жасар жас футболшыларда алғаш рет ұзаққа созылған 
(6  ай)  кешенді  педагогикалық  эксперимент  жүзеге  асырылғандығында 
болып  отыр.  Жалпы  төзімділікті  арттыру  мүмкіндіктерін  және  оның 
артуының  жас  футболшылардың  техникалық  даярлығына  және  дене 
қабілеттерінің дамуына әсерін зерттеу жұмыстары жүргізілген. 
1) 
Аэробты-анаэробты 
сипаттағы 
қарқынды 
жүгіру 
жаттығуларын  12-13  жасар  жас  футболшыларда  төзімділікті  тиімді 
тәрбиелеу  үшін  пайдаланудың  мақсатқа  лайықтылығын,  көкейге 
қонымдылығын эксперимент түрінде негіздеу; 
2)  12-13  жасар  жас  футболшылардың  организмінің  төзімділігі 
мен  жұмысқа  қабілеттілігінің  әртүрлі  көрсеткіштері  арасындағы 
байланыстарды экспериментті зерттеуге педагогикалық талдау жасау. 
Футболшылардың  ойын  әрекеттерін  талдау  футболшылардың 
қимылдарының  жекелеген  қозғалыстардың  бағыты,  жылдамдығы, 
амплитудасы  жағынан  да,  олардың  басқа  қимылдармен  өзара 
үйлесімінің  ұзақтығы  мен  алмасуы  тұрғысынан  да  алғанда  алуан  түрлі 
сипатқа ие  болатындығын көрсетіп отыр. Күш салудың қарқындылығы 
максималдыдан  бастап  орташаға  дейін  өте  кең  шеңберде  ауытқиды 
және  ұзақтығы  әртүрлі  демалыс  аралығымен  кезектесіп  отырады. 
Мұндай  жұмыс  футболшылардың  организмінен  жоғары  төзімділікті 
талап етеді. 
Футболшылардың төзімділігі ойыншының максималды жұмысқа 
қабілеттілікті көрсетіп, техникалық-тактикалық әрекеттердің тиімділігін 
сақтай  отырып,  оны  белгілі  бір  ойын  режимдерінде  ұстап  тұруға 
қабілеттілік  ретінде  анықталады.  Көбірек  жетілген  төзімділік  бүкіл 
ойынның  ұйымдастырылуына  ықпал  етеді,  командаға  қарқынды 

230 
 
арттыруға,  ал  жекелеген  ойыншыларға  дұрыс  орынды  таңдауды 
жеңілдетіп,  осылайша  қарсыласқа  ойынның  қарқынын  және  оның 
жалпы  барысын  мәжбүр  етуге  мүмкіндік  береді.  Онымен  қоймай, 
шаршап-шалдығудың  кешірек  туындауы  нашар  координациядан  және 
мүмкін 
болатын 
жарақаттанудан 
сақтайды. 
Сондықтан 
жас 
футболшылардың  жаттығу  процесінде  төзімділікті  дамытуға  көп  көңіл 
бөлінеді. 
Спорттық  практикада  жалпы  төзімділікті  және  арнайы 
төзімділікті  бөліп  ажыратады.  Жалпы  төзімділік  төзімділіктің  көрініс 
табуының қалған барлық түр тармақтарын тәрбиелеу үшін негіз болып 
табылады.  Жалпы  төзімділік,  «бұлшық  ет  аппаратының  көпшілік 
бөлігінің  қызмет  етуін  қосатын,  орташа  қуаттылықтағы  ұзақ 
жұмыстарға  қатысты  төзімділік»  Жас  футболшыларда  жалпы 
төзімділікті  тәрбиелеу.    Футболшылардың  ойын  әрекеттерін  талдау 
футболшылардың  қимылдарының  жекелеген  қозғалыстардың  бағыты, 
жылдамдығы,  амплитудасы  жағынан  да,  олардың  басқа  қимылдармен 
өзара  үйлесімінің ұзақтығы мен алмасуы  тұрғысынан  да  алғанда алуан 
түрлі  сипатқа  ие  болатындығын  көрсетіп  отыр.  Күш  салудың 
қарқындылығы максималдыдан бастап орташаға дейін өте кең шеңберде 
ауытқиды  және  ұзақтығы  әртүрлі  демалыс  аралығымен  кезектесіп 
отырады.  Мұндай  жұмыс  футболшылардың  организмінен  жоғары 
төзімділікті  талап  етеді.  Футболшылардың  төзімділігі  ойыншының 
максималды  жұмысқа  қабілеттілікті  көрсетіп,  техникалық-тактикалық 
әрекеттердің  тиімділігін  сақтай  отырып,  оны  белгілі  бір  ойын 
режимдерінде  ұстап  тұруға  қабілеттілік  ретінде  анықталады.  Көбірек 
жетілген  төзімділік  бүкіл  ойынның  ұйымдастырылуына  ықпал  етеді, 
командаға  қарқынды  арттыруға,  ал  жекелеген  ойыншыларға  дұрыс 
орынды  таңдауды  жеңілдетіп,  осылайша  қарсыласқа  ойынның 
қарқынын  және  оның  жалпы  барысын  мәжбүр  етуге  мүмкіндік  береді. 
Онымен  қоймай,  шаршап-шалдығудың  кешірек  туындауы  нашар 
координациядан  және  мүмкін  болатын  жарақаттанудан  сақтайды. 
Сондықтан  жас  футболшылардың  жаттығу  процесінде  төзімділікті 
дамытуға көп көңіл бөлінеді. 
Спорттық  практикада  жалпы  төзімділікті  және  арнайы 
төзімділікті  бөліп  ажыратады.  Жалпы  төзімділік  төзімділіктің  көрініс 
табуының қалған барлық түр тармақтарын тәрбиелеу үшін негіз болып 
табылады.  Жалпы  төзімділік,  «бұлшық  ет  аппаратының  көпшілік 
бөлігінің  қызмет  етуін  қосатын,  орташа  қуаттылықтағы  ұзақ 
жұмыстарға қатысты төзімділік». 
Жалпы төзімділік жаттығуда күш салудың көп көлемін орындау, 
жас футболшылардың жұмысқа қабілеттілігін жылдам қалпына келтіру 

231 
 
мүмкіндігіне  себепші  болады,  сондай-ақ  денсаулықты  (жүрек-қан 
тамыры  және  тыныс  алу  жүйелерін  қарқынды  ету  есебінен)  нығайту 
міндетін  шешеді,  арнайы  төзімділікті  тәрбиелеу  үшін  негіз  құрады. 
Жалпы  төзімділік  жаттығуда  күш  салудың  көп  көлемін  орындау,  жас 
футболшылардың  жұмысқа  қабілеттілігін  жылдам  қалпына  келтіру 
мүмкіндігіне  себепші  болады,  сондай-ақ  денсаулықты  (жүрек-қан 
тамыры  және  тыныс  алу  жүйелерін  қарқынды  ету  есебінен)  нығайту 
міндетін шешеді, арнайы төзімділікті тәрбиелеу үшін негіз құрады 
Балалар  мен  жасөспірімдердің  спорт  мектептеріне  арналған 
бағдарламада  10-12  жасар  спортшылар  үшін  жалпы  және  арнайы 
даярлыққа  155  сағат  –  40%  және  техникалық-тактикалық  даярлыққа  -
234 сағат – 60%; 12-13 жастағыларға - 132 сағат – 35% және 250 сағ. – 
65%; 13-14 жастағыларға – 132 сағ. – 35% және 250 сағ – 65% бөлінген. 
Жас  спортшыларды  көпжылдық  даярлауда  жалпы  төзімділіктің 
даму деңгейіне бақылау жасау мәселелері зор маңызға ие бола бастады. 
Спорттық 
жаттығуды 
табысты 
жүзеге 
асыру 
көбіне 
көп 
шұғылданушылардың  даярлығына  дұрыс  бақылау  жасауға  байланысты 
болып  келеді.  Төзімділікті  бағалау  үшін  тесттердің  екі  тобы 
қолданылады:  спецификалы  емес  (тредбанда  немесе  стадионда  жүгіру, 
велоэргометрде  жүгіру  және  т.б.)  және  спецификалы  (ойындық 
техникалық-тактикалық жаттығулар). 
В.П.Филин  қазіргі  кезде  ең  талас  –  тартыс  тудыратын 
мәселелердің  бірі  балалармен,  жасөспірімдермен  және  бозбалалармен 
спорттық  сабақтарда  көлемі  бойынша  айтарлықтай,  төзімділікке 
бағытталған 
жаттығу 
күш 
салуларын 
қолданудың 
мақсатқа 
лайықтылығы  туралы  мәселе.  Бір  мамандар  балалармен  және 
жасөспірімдермен  жұмыс  істеген  кезде,  бала  организмінің  әлсіз 
функционалдық  даярлығын  ескере  отырып,  төзімділікті  дамытуға 
абайлап келу керек деп санайды. Олардың пікірінше, осы жас кезеңінде 
негізінен  алғанда  жылдамдықты  дамыту  керек.  Басқа  мамандар 
төзімділікті  дамытудағы  шамадан  тыс  сақтық  мектеп  жасындағы 
балаларда  жалпы  дене  қасиеттері  даярлығының  айтарлықтай  деңгейін 
алуды қамтамасыз етпейді деп санайды. 
Қорытынды 
Эксперимент  көрсеткеніндей,  жас  футболшылар  6  минутқа 
жүгірудегі 
нәтиже 
бойынша 
бағаланатын 
өз 
төзімділіктерін 
айтарлықтай  және  сенімді  арттырған:  өсім  11,4%  құрады.  Бұл  бақылау 
тобындағы спортшылардағыға қарағанда (3,5%) айтарлықтай көбірек. 
6  минутқа  жүгірудегі  сандық  салыстырмалы  өсімдердің  PWC
170
 
көрсеткіштеріндегі  салыстырмалы  өсімдермен  тығыз  үйлесетіндігін 
атай  кеткен  маңызды:  эксперименттік  топта  жаттығудың  6  айлық 

232 
 
кезеңінен  кейін  PWC
170
  көрсеткіштерінің  өсімі  13%  құрады  және 
бақылау  тобында  4,5%-ға  тең  болды.  Басқа  тесттің  (1000  м-ге  жүгіру) 
нәтижелері  жас  футболшылардағы  төзімділіктің  артуының,  сірә, 
негізінен  алғанда  аэробтық  қабілеттің  өсуі  есебінен  жүргендігін  айтып 
тұр. Істің мәнісі 1000 м жүгірудегі нәтиженің (бұл 6 минутқа  жүгіруге 
қарағанда  көбірек  анаэробты  қашықтық)  эксперименттік  топтың 
спортшыларында 5,1%-ға, ал бақылау тобында - 2,3%-ға артқандығында 
болып отыр. Егер төзімділікті 1500 м үнемі жүгіру арқылы жаттықтыру 
айтарлықтай  шамада  анаэробтық  гликолиздік  қабілеттіліктің  өсуімен 
қамтамасыз  етілген  болса,  онда  бұл  1000  м  секілді  қашықтықтағы 
нәтижелердің өсіміне айтарлықтай әсер етуге тиіс болатын еді. 
Осы  жас  футболшыларды  зерттеуде  1500  метрге  үнемі  жүгіріп 
тұру арқылы төзімділікті жаттықтырудың 1000 м жүгіруге қарағанда, 6 
минутқа  жүгіру  нәтижелерінің  өсіміне  көбірек  шамада  әсер  ететіндігі 
анықталған.  Бұл  қарастырылып  отырған  жаттығулардың  белгілі  бір 
спецификалылығының  көрінісі  болып  табылады.  6  минутқа  және  1000 
метрге  жүгірудің  спецификалылығының  негізінде  осы  екі  жаттығудың 
орындалуын қамтамасыз ететін анаэробтық энергетикалық процестердің 
әртүрлі  үлесі  жатыр  деп  ойлауымызға  болады  (12-13  жасар  балаларда 
1000 м-ге жүгіру шамамен алғанда 3,5-4 минутқа созылады). 
Қолданылған әдебиеттер тізімі 
1. Адамбеков К.И. Организация учебно-тренировочного процесса 
по  футболу  в  специализированных  классах:  Метод.  рекомендации.  - 
Алма-Ата, 1981. -40 с. 
2.  Адамбеков  К.И.  Методика  воспитания  выносливости  у  юных 
футболистов. –Метод. рекомендации. -Алма-Ата, 1981. -42 с. 
3. 
Адамбеков 
Е.К.,Тастанов 
А.Ж.,Абилдабеков 
С.А. 
Теоретические  основы  физической  культуры  и  спорта.  Учебник. 
Алматы., 2010г. 
4.  Базилевич  О.П.,  Гаджиев  Х.М.,  Волков  Н.К.  Повышение 
физической 
подготовленности 
и 
улучшение 
функциональных 
обязанностей  у  футболистов  высокой  квалификации.  -  В  кн.:  Футбол. 
М., I984, с. 23-27. 
5.  Белоцерковский  3.Б.  Определение  физической  работоспособ-
ности  у  спортсменов  по  тесту  PWG  с  помощью
 
специфических  на-
грузок. Метод. рекомендации для ин-тов физ. культуры - М. 1980. - 39 с. 
6.Бойко  А.Ф.  Экспериментальное 
исследование  методики 
тренировки бегунов на средние дистанции в соревновательном периоде:  
Автореф. дис.  ...  канд.  пед. наук. –М.,  1964. - 20 с. 
7.Бубе X., Фэк Х., Штюблер X. Тест в спортивной практике. - М.: 
Физкультура и спорт,  1968. с, 72-79. 

233 
 
8.Вайцеховский  С.М.  Книга  тренера.  -  М.:  Физкультура  и  спорт, 
1971. -312 с. 
Варюшин В.В., Лопачев Ю.Н. Комплексная оценка выносливости 
- Спортивные игры,  1981, № 5,  с,  23. 
9.Варюшин  В.В.,  Адамбеков  К.И.,  Байбулов  К.Д.    Методика 
воспитания выносливости у юных футболистов: Метод. рекомендации / 
Каз. ин-т физ. культуры. - Алма-Ата, 1982. - 44 с. 
10.Верхошанский  Ю.В.  Об  оптимальном  управлении  процессом 
становления  спортивного  мастерства»  -  Теория  и  практика  физ. 
культуры, I969, № 10, с. 2-6. 
11.Верхошанский Ю.В. Основы специальной силовой подготовки 
в спорте. - М.; Физкультура и спорт, 1970. - 264 с.  
 
 
ГҮЛДІ  ӨСІМДІКТЕР ТҮРЛЕРІНІҢ АЛУАН ТҮРЛІЛІГІ, 
ОЛАРДЫҢ МЕКЕН ЕТУ ОРТАСЫНА ТОПСЕРУЕН ( 
ЭКСКУРСИЯ) 
 
АУЕЛЬБЕКОВА С.Т. 
Алматы Университеті, «Биология» мамандығының 3 курс 
студенті 
Ғылыми жетекшісі: ИБРАГИМОВА З.А., 
п.ғ.к., доцент 
 
Мақсаты:  Гүлді  өсімдіктер  түрлерінің  алуан  түрлілігі 
жайындағы  ұғымды  тұжырымдай  келе  «түр»,  «класс»,  «тұқымдас» 
туралы 
систематикалық 
ұғымды 
дамыту, 
оқушыларды 
улы 
өсімдіктермен  таныстыру,  оларды  табиғатты  тани,  анықтай  білуге 
үйрету. 
Тәрбиелік  мәні:  Өсімдіктердің  алуан  түрлілігінің  себептерін 
түсіндіру арқылы  диалектикалық  –  материалистік тәрбие  беру. Көркем 
табиғаттың  әсемдігін  қабылдау  арқылы  эстетикалық  ләззат  алу, 
экологиялық 
тәрбиені 
жалғастыру. 
Экскурсияны 
шөптесін 
өсімдіктердің  жиі  өскен  жеріне  өткізуге  болады,  тіпті  гүлзарлардағы 
өсімдіктерді көрсетсе де болады. 
Топсеруен жоспары 
Рет 
саны 
Істелетін жұмыстар 
Жауапты адамдар 

Қосжарнақтылар және даражарнақтылар 
кластарын қайталау, әрбір тұқымдастың 
морфологиялық 
белгілері 
салынған 
Оқушылар 

234 
 
карточкалар 

Крестігүлділер 
тұқымдасының 
ерекшеліктері, осы тұқымдасқа жататын 
арам шөптердің түрлері 
І – топ оқушылары 

Раушангүлділер 
тұқымдасының 
ерекшеліктері, осы тұқымдасқа жататын 
арам шөптердің түрлері 
ІІ – топ оқушылары 

Бұршақты 
гүлдер 
тұқымдасына 
жататын өсімдіктердің түрлері 
ІІІ – топ оқушылары 

Алқа 
тұқымдасына 
жататын 
өсімдіктердің ішінде улы түрлерін табу 
ІV –топ оқушылары 

Күрделігүлділер тұқымдасының өсімдік 
емдік қасиеті бар түрлерін сипаттау 
V – топ оқушылары 

Лалагүл 
тұқымдастарының 
ерекшеліктері, түрлері 
VІ – топ оқушылары 

Астық 
тұқымдастарының 
ерекше 
белгілері, түрлері 
VІІІ – топ оқушылары 
 
Гүлдері майда,  бозғылт  –  жасыл түсті 4  тостағанша, ақ түсті 4 
күлте, аталықтары – 6, оның 4-уі ұзын, 2-уі қысқа, аналығы 1-еу, жемісі 
үшбұрышты  бұршаққынша.  Осы  сипаттаманы  таблицаға  толтыруға 
болады. 
Рет 
саны 
Өсімдік 
аты 
Тамыр 
жүйесі 
Сабағы 
Жапырағ
ы 
Гүлі 
Жемісі 
Маң
ызы 

Жұмыршақ   Кіндік  
Тік 
жұмыр 
жай 
Т
4
К

А
2
Ж
4
 
бұршаққ
ын 
емді
к 

Егістік 
яруткасы 
Кіндік  
Тік 
жұмыр 
жай 
------- 
       ------- 
   ---


Жабайы 
шомыр 
Кіндік  
Тік  
жай 
------- 
бұршаққ
ын 
    --
--- 
 
б) Раушангүлділер тұқымдастарына жататын жабайы түрлері. 
Қазтабан  –  бұл  туыстың  түрлері  көп,  көбірек  кездесетіні 
төселмелі  қазтабан.  Бұл  жол  жағасында,  ылғалды  шалғындықта 
өседі,тамыр жүйесі – кіндік, сабағы төселмелі, жапырағы күрделі саусақ 
салалы, гүлі ірі; 
Рет 
саны 
Өсімдік 
аты 
Тамыр 
жүйесі 
Сабағы  
Жапырағы  
Гүл 
форм
уласы 
Жеміс
і  
Маңы
зы  

Ақ мия 
Кіндік  Тік, 
жұмыр 
Күрделі  тақ 
қауырсынды 
Т
5
К

А
10
Ж

Бұрш
аққап 
 

Беде 
Кіндік  Жатаған  Күрделі  үш  Т
5
К
5
 
Бұрш
Балды

235 
 
құлақ 
аққап 

дәрілі
к 
қасие
ті 

Қызыл 
мия 
Кіндік  Тік, 
жұмыр 
Күрделі,  тақ 
қауырсынды 
А
9+1
 
Бұрш
аққап 
Емдік 
қасие
ті 
 
г) Алқа тұқымдасына жататын улы өсімдіктер. 
Қара  меңдуана  –  ескі  жұрттарда,  жол  жағасында,  егістің 
айналасында,  қоқысты  жерлерде  өседі.  Тамыр  жүйесі  –  кіндік,  сабағы 
тік,  жұмыр,  жапырағы  жай,  үлкен,  гүлдері  шашақ  гүлшоғырына 
жиналған,  жемісі  –  қауашақ.  Өсімдіктің  барлық  мүшесін  желімтек 
түктер басқан. Гүлі – Т5К5А5Ж1; 
 
Рет 
саны 
Өсімдік 
аты 
Тамыр 
жүйесі 
Сабағы  
Жапырағы  
Гүл 
формуласы 
Жемісі  
Маңыз
ы  

Қара 
меңдуана 
Кіндік 
Тік, 
жұмыр 
Жай, ірі 
Т
5
К

А
5
Ж

Қауашақ 
Өте 
улы 
дәрі 
алына
ды 

Сасық 
меңдуана 
 
 
         - 
         - 
        - 
      -  

Махорка  – 
темекі 
 
 
 
 
        - 
      - 

Ашқылты
м алқа 
 
 
Күрделі 
 
Жиде 
Өте 
улы 
 
д) Күрделігүлділер тұқымдасының емдік қасиеті бар. 
Түрлерін тауып сипаттау 
Бақ–бақ  –  жол  жиектерінде,  шалғынды  жерде  өседі.  Тамыр 
жүйесі  –  кіндік,  сабағы  қысқарған,  жапырақтары  дегеленіп  орналасқан 
жай  жапырақ,  гүлдері  себет  (корзинка)  гүлшоғырын  құрайды,  гүл 
сабағының  ұзындығы  5  –  30  см,  жеке  гүлі  –  тілше  гүл,  қосжынысты, 
тостағаншалары үлпекке айналып кеткен. Өсімдіктің барлық мүшесінен 
сүт ағады, каучукты. 
 
Рет 
саны 
Өсімді
к аты 
Тамыр 
жүйесі 
Сабағы   Жапырағы   Гүл 
форму
ласы 
Жемісі   Маң
ызы  

Бақ-
бақ 
кіндік 
Қысқа
рған 
жай 
К
5
А
5
Ж

тұқым
ша 
Дәрі 
жаса

236 
 
йды 

Түйме
дағы  
кіндік 
Тік, 
жұмыр 
жай 
Т
2
К
5
А

 
Дәрі 
жаса
йды 

Өгейш
өп  
кіндік 
Қысқа
рған 
жай 
К
5
А
5
Ж

тұқым
ша 
Дәрі 
жаса
йды 
 
е) Лалагүл тұқымдастарының ерекшеліктері, түрлері. 
Гүлзарлардан 
лалагүлдерді 
кездестіруге 
болады. 
Даражарнақтылар  класына  жататындықтан  тамыр  жүйесі  –  шашақ, 
сабағы  тік,  жұмыр,  жылтыр,  жапырақтары  параллель  жүйкелі, 
гүлдерінде  тостағанша  жапырақшалары  болмайды,  жемісі  –  қауашақ, 
жидек. 
Рет 
саны 
Өсімдік  
аттары 
Тамыр 
жүйесі 
Сабағ
ы 
Жапы-рағы 
Гүл 
формула-сы 
Жемісі 
Маңыз
ы 

Лалагүл  
Шашақ 
Тік  
Жай 
 
К3+3А3+Ж1 
Қауаш
ақ  
Сәндік 
үшін 

Жауқазы
н  
Шашақ 
Пияз  
Жай  
— « — 
— « — 
Улы  

Інжугүл  
— « — 
Шықт
ы  
— « — 
Жидек  
— « — 
Емдік  

Пияз  
Шашақ  
Қыс-
қарған 
— « — 
Қауашақ  
 
Емдік  
 
ж) Астық тұқымдастрадың ерекше белгілері, түрлері.  
Даражарнақтылар класының ішінде ең көп таралғаны тұқымдас 
болып есептеледі, 6000-ға жуық түрлері белгілі.  
Төселмелі  бидайдық  –  биіктігі  60-125  см-ге  жететін  көп 
жылдық өсімдік.  
Тамыр  сабағы  өте  ұзын  жерге  төселіп  ұзарып  өсе  береді. 
Сабағы  тік,  жапырағы  параллель  жүйкелі  жіңішке,  ұзын.  Июнь-июль 
айларында  гүлдейді.  Гүлдері  масақ  гүлшоғырын  құрайды.  Жеке  гүлі  2 
гүл  қабыршағы,  2  жарғақ,  3  аталық,  1  аналықтан  тұрады.  Жемісі  - 
дәнеке.  Арам  шөп  барлық  егістіктерде  өседі.  Тамырсабағының  емдік 
қасиеті бар.  
 
 
Рет 
саны 
Өсімдік  
аттары 
Тамыр 
жүйесі 
Сабағы 
Жапырағы 
Гүл 
формуласы 
Жемісі 
Маңызы 

Қамыс 
Шашақ 
Тік 
тамыр 
сабақты 
Жай, ұзын 
К2+2А3Ж1 
Дәнек  
Қант 
алынады

мал 
азықтық 

237 
 

Итқонақ 
— « — 
Тік 
Жай, ұзын 
— « — 
Дәнек  
Дәнек 
мал 
азықтық 

Сорго 
— « — 
— « — 
— « — 
— « — 
— « — 
Сыпыртқ
ы 
жасайды 
 
Қорытынды:  Әр  топ  өздеріне  берілген  тапсырманы  қалай 
орындағандарын  біліп  қорыту  үшін  мұғалім  оқушыларға  мынандай 
сұрақтар береді:  
Гүл 
өсімдіктер 
түрлерінің 
алуан 
түрлілігін 
қалай 
түсіндіресіңдер?  
Табиғатта өсіп тұрған өсімдіктердің қай тұқымдасқа жататынын 
қалай айыра білесіндер? 
Крестгүлдер  тұқымдасының  ерекше  белгілерін  атаңдар,  (өсіп 
тұрған)  жерін  көз  алдарыңа  елестетіндер!  (осы  сұрақты  барлық 
тұқымдастарға қоюға болады). 
Кейбір  тұқымдасқа  жатанын  өсімдіктер-    арам  шөп    деп 
аталады, оны қалай түсінесіңдер? 
Гүлзарлардан қандай тұқымдастықтарды таптыңдар – ол қандай 
мақсатқа өсіріліп тұрғанын айта аласыңдар ма? 
Жол  жағасынан  қандай  өсімдік  таптыңдар,  тұқымдасын 
айтыңдар,  тіршілік  ортасына  қалай  бейімделгендігін  түсіндіріп 
беріңдер! 
Бұл  жерде  біз  көбінесе  жабайы  түрлермен  танысық,  әр 
тұқымдастан мәдени түрде өсетіндерін  кім айтады? 
Қай тұқымдастың маңызы зор? 
Өсімдікті  қорғау  мақсатында  сендер  қандай  жұмыстр  жасар 
едіңдер? 
Сұраққа  тиісті  жауап  алған  соң,  әр  тұқымдасқа  арнап  бір-екі 
данадан гербари  жинап стенд жасауға болады.  
Экскурсияны  «тұқымдастар  сөйлейді»  деген  тақырыппен 
шағын әдеби-монтажды кеш етіп қорытуға да болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет