Отдел науки и международных связей студенческое научное общество



жүктеу 2.81 Mb.
Pdf просмотр
бет26/31
Дата29.12.2016
өлшемі2.81 Mb.
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Диваев Ә. Тарту. ─ Алматы,1992.[17-18б]. 
2.
 
Райымова Қ.  Ертегінің  тәрбиелік  мәні. ─ // Бастауыш  
мектеп. ─ 1998. ─№4. ─ б. 20-21. 
3.
 
Жұмабаев  М. Педагогика. ─ Алматы, 1994 
4.
 
Алпысбаев Т.  Қазақ халық әдебиеті.  Т.З; Ертегілер. ─ 
Алматы: Жазушы» 1975ж. 135-1846. 
 
АЛАШТЫҢ –ІРІСІ, АБАЙДЫҢ- ІНІСІ 
 
ҚАРТБАЕВА НАЗЫМ 
Алматы университеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 
курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: РАХМАНОВА Н.М
Алматы университетінің профессор м.а., ф.ғ.к. 
 
Абайтанушы  ғалым,  Мемлекеттік  сыйлықтың  лауреаты  Қайым 
Мұхамедхановтың  есімі  әдебиетші  қауымға  жақсы  таныс.  Қайым 
Мұхамедханов  –  қазақ  әдебиетінің  абайтану  мектебінің  негізін 
қалаушылардың  бірі,  Шәкәрімтанушы  және  Шәкәрім  шығармаларын 

305 
 
алғашқы  насихаттаушылардың  бірі,  әрі  жарыққа  шығарушы, 
Мұхтартанушы ғалым. 
Қ.Мұхамедхановтың 
әдебиеттану 
саласындағы 
көптеген 
мақалалары  қазақ  әдебиетіндегі  жаңа  белесті  айқындап,  қазақ  әдебиеті 
даму бағыттарын белгіледі. 
Зерттеуші алғашқы шыққан «Қазақ әдебиеті тарихының» бірінші 
томындағы  тарихи  жырлар  «Қабанбай  батыр»,  «Бөгенбай  батыр» 
жырлары туралы зерттеуді жазды. 
Қайым Мұхамедханов өмірін, бостандығын, отбасын құрбан етіп, 
физикалық  және  моралдық  тұрғыдан  НКВД  мен  Карлаг  лагерінің  жан 
төзгісіз  қинауы  мен  азабын  басынан  өткерсе  де,  марксизм-ленинизм 
бірден-бір  мектеп  ретінде  мойындалған  заманда  Абай  мектебін  сақтап 
қалған болатын. 
«Көңілді  түгел  айтып  болмайды  екен,  менің  кеудем  сендерге 
сандықпен  тең»  деген  Абай  сөзіне  илансақ,  ақынның  көкірек  көзін 
ашатын    өлеңдерін  талдап,  тереңдеген  сайын  арғы-бергі  әлем 
әдебиетінен мол сусындаған сырына қаныға түсеміз. Абайдың  ақындық  
өнерінің  қазақ  әдебиетіне  жаңа  бағыт,  ілгерілеу  әкелгенін  Қайым 
Мұхамедханов  көптеген  еңбектерінде  дәлелмен  айтады.  Зерттеуші 
Абайдың    бұрын  жұршылыққа  белгісіз  алты  өлеңін  тауып,  ақынның 
туғанына жүз жыл толу қарсаңына шыққан жинаққа енгізген.  
Қайым  үшін  Абай  шығармаларын  жинау,  оларды  бастырудағы 
текст өзгешеліктерін зерттеу мен анықтаудың мәні үлкен болды.  
Әуезовтей    ұстазының  кеңесімен    Абайдың  ақындық  мектебін 
зерттеумен  айналысқан  Қайым  Мұхамедханов  «Абайдың  әдеби 
мектебі»  деген  тақырыпта  кандидаттық  диссертация  қорғайды.  Сол 
тұста саясаттың салқынымен Абай айналасындағы ақындар ұлтшыл деп 
танылған, 
 
олардың 
еңбегін 
ғылыми 
айналымға 
енгізген 
Қ.Мұхамедханов та ұлтшыл ретінде қабылданған.  
Алашшыл, елшіл, ұлтшыл Қайым Мұхамедханов кеңес өкіметінің 
құқайын    бір  кісідей  көрген  жан.    1952  жылдың  мамыр  айында  Абай 
мұражайының  директоры  және  пединституттың  оқытушысы  Қайым 
Мұхамедханов  Қазақ  КСР  Жоғарғы  сотының  шешімімен  жиырма  бес 
жылға  бас  бостандығынан  айрылған.  Сондықтан  да    өкінішке  қарай, 
кандидаттық еңбегі тәркіленіп,сотталған.        
Зерттеуші  Абай  мектебінің  шәкірттері    Көкбай,  Ақылбай, 
Мағауия,Уәйіс  Шондыбав,Әріп  Тәңірбергенов    шығармашылықтары 
туралы  зерттеулер,  көлемді  мақалалар  жазды.  Олар  туралы  еңбектері 
«Абайдың  ақын  шәкірттері»  атты  төрт  кітаптан  тұратын  жинаққа  енді. 
«Абай» журналының қайта жарық көруіне  де көп еңбек сіңірді.  

306 
 
Қайым  Мұхамедханов  «Толқын»,  «Майданнан  майданға», 
«Комиссар Ғаббасов»,«Ер Білісбай» пьесаларының авторы. Әзірбайжан  
драматургі  У.Гаджибековтың  «Аршин  мол  алан»,  татар  жазушысы 
Ш.Камалдың «Қажы әпенді үйленеді» пьесаларын қазақшалаған.  
Қалың  жұртшылық  бұл  кісіні  көбінесе  кеңестік  Қазақ 
республикасының  мемлекеттік  әнұранына  мәтін  жазған  ақын  ретінде 
біледі  десек,  екі  тармақ  өлең  туындыгерді  шынайы  абырой  шыңына 
шығарған.  Қазақ  жанының  ұлы  қасиетін  жанартау  жалынындай 
лапылдатып, асқақтата танытқан:  
                           Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған,  
                           Бостандық өмір мен ар үшін қиған жан. 
М.  Әуезовтің  кеңесімен  әнұран  жөніндегі  байқауға  қатысып, 
жеңімпаз атанғанда Қайым Мұхамедхановтың  жасы небәрі 27- де ғана 
болған екен. 
Қайым  Мұхамедханов  туралы  және  оның  ғылыми  зерттеу 
еңбектері туралы айтқанда жеке дара салаларға бөлініп кетеді. Абайтану 
және  Қайым  Мұхамедханов,  Қайым  Мұхамедхановтың  зерттеуіндегі 
Абайдың  өмірі  мен  шығармашылығы,  Қайым  Мұхамедхановтың 
зерттеуіндегі  Абай  өлеңдерінің  текстологиясы,  Қайым  Мұхамедханов 
зерттеуіндегі Абайдың ақындық айналасы және сол ақындық мектептің 
әр  мүшелері  Көкбай,  Әсет,  Мағауия,  Ақылбай,  тіпті  Біләлға  дейінгі 
аралықтағы үлкен әдебиеттің қат қабаттары көтеріледі.  Сонымен қатар, 
бүкіл  Қайым  Мұхамедханов  және  Алаш  ардагерлері  Ә.Бөкейхановтан 
бастап ең соңында М.Әуезовке дейінгі әкелетін ұлы арналы еңбектерде 
Қайым Мұхамедхановтың үлкен еңбектері зерттеліп жатыр. 
Ақын  жырларының  құдірет  күшін  түсіну,  түйсіну  үшін  сен  де 
ақынның  сырын,  жұмбақ  жанын  ұғатын  ұлағат  иесі  болуың  керек. 
Ақындықтың  дарын  деңгейіне  көтеріліп,  сезімтал  назымен,  сөз 
сиқырының  кілтін  аша  білген  Қайым  Абай  өлеңдерінің  жанашыр 
жақыны  болды.  Әдеби  шығармалардың  мәтінін  автордың  қолжазбасы 
негізінде,  сондай-ақ  бұрынғы  басылымдармен  саластырып,  тексеретін 
сенімді  деректер  бойынша  анықтайтын  филология  ғылымдарының 
саласы  -  текстология.  Шығарма  текстінің  жаңылыс  оқылған,  қате 
басылған жерлері табылса, тиісті түзету енгізу қажеттігі. 
Абай  өлеңдерінің  текстологиясы  да  осы   бағытта  туған.  Өз 
қолжазбасы  сақталмай  басқалардың  қолжазбасы  арқылы  жеткен 
шығарма,  кейіннен  әртүрлі  дерек  жазба  негізінде  жарияланып, 
текстологиялық тексеру жұмысын жүргізу қиындай түсті. 
Сондықтан  да  Қайым  үшін  Абай  шығармаларын  жинау,  оларды 
бастырудағы  мәтін өзгешеліктерін зерттеу мен анықтаудың мәні үлкен 
болды.  Ақынның  1909  жылы  басылып  шыққан   алғашқы  өлеңдер 

307 
 
жинағынан  бастап,  1921  ж,  1922ж,  1933ж,  1948  ж  1954ж  жылдардағы 
жарияланған өлеңдер тым асығыс, тым үстірт жасалғандықтан берілген 
түсініктерде 
қайшылық, 
қателіктер 
көп 
кездеседі. 
Ақын 
шығармаларының  жазылу  тарихы,  қате  басылып  жүрген  жеке  сөздерді 
түп-нұсқасына  келтіру   жұмысы  Қайым  Мұхамедханов  үшін  аса 
жауапты жылдарға созылды. 
1909  жылы    жарық  көрген  Абай  жинағынан  бастау  алған  Абай 
өлеңдерінің мың сексен алты сөзіне түзету енгізілді. 
1945  жылы  жарық  көрген  «Толық  академиялық  жинақта:  «Абай 
шығармаларының 
жыл 
мезгілдерін 
белгілеу, 
текстологиялық 
кемшіліктер негізінде  «академиялық жинақ» дәрежесіне  көтеріле  алған 
жоқ» - дейді Қайым Мұхамедханов[3.7]. 
Әдеби  мұраны  шынайы  ғылыми  тұрғыдан  зерттеп,  ғылыми 
талапқа  сай  толық  жинақ  ретінде  қолымызға  тигені  1959  жылы  
ғалымның  «Абай  шығармаларының  текстологиясы  жайында»  атты 
еңбегі.Бұл кітапта  Абайдың күні бүгінге дейін дау туғызып келе жатқан 
кейбір сөздері нақты дәлелдермен зерттелді. 
Абайды зерттеу мәселесін биік ғылыми дәрежеге көтере отырып, 
ол  кезде  Қазақстанда  полиграфия  базасының  болмауы,  баспасөз 
мамандарының  жоқтығы,  Абайдың  алғашқы  жинақтарының  сапалы 
болып шығуын қамтамасыз ете алмағандығын айтады.Ескі араб әрпімен 
басылған  жинақта  таза  қазақ  сөздерінің  дәлме-дәл  берілмеуін  сол 
сияқты  граматика  ережелерінің  сақталмауын  еске  алғанда  Абайдың 
тұңғыш  өлеңдер  жинағының  көп  кемшіліктермен  шыққанын,  түпкі 
нұсқаның дәл сақталмағанын көрсетеді. 
Мүрсейіт  ақын  шығармаларын  түгелдей  Абайдың  тура  өз 
жазбасынан көшірген емес. Ол да ел аузындағы, қолжазба қалпындағы 
халыққа 
тараған 
Абай 
шығармаларының 
жинағын 
көшіріп 
жазған.Сондықтан  Абай  шығармаларын  баспаға  әзірлеуде  тек  1909  
жылы  шыққан  кітаппен  Мүрсейіт  қолжазбаларын  ғана  текстологиялық 
негізге  алу  жеткіліксіз  екенін  түсінген  Қ.Мұхамедханов  жоғарыдағы 
еңбектермен қатар Абай шығармаларын көшірген басқа адамдардың да 
қолжазбаларын пайдаланды. 
Оразке Жандыбаев, Мәди Әсенов, Әкімал Мамырбаев, Сапарғали 
Әлімбетов,  Әрхам  Ысқақов,  Рақымжан  Машырқазов  сияқты  Абай 
өлеңдерін  жадында  сақтап  келген  адамдардың  мағұлматтарымен 
салыстырды. 
Абай  өлеңдерінің  баспасында  көшірме  қолжазбаларында  кеткен 
қателіктердің 
көпшілігін 
түпкі 
нұсқасына 
келтіруге 
ақын 
шығармасының  өзіне  тән  ерекшеліктері  жетекші  бола  алды.Ерекше 
көркемдік  түр  мен  терең  идеялық  мазмұны  қабысып  жатқан  Абай 

308 
 
өлеңдерінің «бөтен сөзбен былғанып» тұрған жері болса зер салып үңіле 
қарап,  айнытпай  тапты.  Аңғармаған  адамды  адастырып  әкететін  жазба 
деректерге  аса  сақтықпен  қараған  текстолог  қара  өлеңге  қайыспай 
қарымды еңбек етті.  Ақынның  «Алланың өзі  де рас, сөзі  де рас» өлеңі 
1954 жылғы жинақта: 
Махаббатпен жаратқан адамзатты, 
Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті. 
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, 
Және хақ жолы осы деп әділетті - дейді. 
Өлеңнің соңғы  жолына үңіле қараған зерттеуші мағана  - мазмұн 
жағынан  өлеңдік  қисын  жағынан  да  ойсырап,  Абай  сөзіне  «бөтен  сөз» 
араласып тұрғанын көрді. Осы өлеңнің келесі шумағындағы, 
Осы үш сүю болады иманға гүл, 
Иманның  асылы  үш  деп  сен  тахиқ  біл  -  деген  жолдарымен 
салыстырады. Абайдың өзіне сүйенеді. 
Махаббатпен жаратқан адамзатты, 
Сен де сүй ол  алланы жаннан тәтті. 
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, 
Және  сүй  хақ  жолы  деп  әділетті  -  деп  түзету  енгізеді.  Абайдың 
айтып отырған үш сүюінің сыры осылай ашылады. 
Абайдың  1882  жылғы  жазған  «Қансонарда  бүркітші  шығады 
аңға» деген өлеңінде: 
Төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылар деп
Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға. 
Көре тұра қалады қашқан түлкі, 
Құтылмасын білген соң құр қашқанға - дейді. 
Осы  жолдағы  «көре»  деген  сөз  өлеңнің  мағынасын  бұзып  тұр. 
Осы өлеңге берілген түсініктемеде «1909 ж басылым бойынша алынды» 
деп түсініктеме  берілген.  Шындығында олай емес екенін арабша  жетік 
меңгерген  Қайым    Мұхамедханов    араб  әрібімен  «Кере  тұра  қалады»  - 
деп  басылғанын  дәлелдейді.  Яғни  дұрыс   басылған  сөзді  зерттеушілер 
өздері бұрмалап жіберген. 
Ақын  бұл  арада  аспанға  шығып  алып,  шүйілген   қыраннан  құр 
қаша бүргенмен құтыла алмайтынын білген түлкінің жанын қорғау үшін 
қайрат қылмақ болып «кере», яғни керіліп тұра қалған жайын ақын дәл 
суреттеп отыр. Түлкі аңшыны көргенде тұра қалмайды қашады. Үстінен 
төніп келген бүркіттен қашып құтыла алмайтын болған соң «кере» тұра 
қалады.  
Мұхтар Әуезов «Абай жайын зерттеушілерге» деген мақаласында 
өз  пікірін  айрықша  қадап  айтқан.  Ол:«Абай  сөзі  деген  сөз  -  бірақ  сөз 
болса да Абайша шықса жарасар. Абайдың Абайлығы да сонда шығар. 

309 
 
Осы  Абай   өлеңдерінің  санын  көбейтейік  деп  өзеурегенше  бар  сөзінің 
кенеуін  кетірмейік.  Абай  сөзін  көбейтеміз  деп  көбік  етіп  алмайық» 
деген[4.3]. 
Мақаламызда  Қайым    Мұхамедхановтың    Абайдың  екі  өлеңіне 
ғана жасаған текстологиялық жұмысына тоқталдық.Зерттеуші негізінде 
ақынның  жүзден  аса  өлеңдеріне,барлық    45  қарасөзіне  мәтіндік  талдау 
жасап,қате 
басылған 
сөздерді 
тауып,дәлелді 
түрде 
орнына 
қайтарылуына еңбек етті. 
Абай  шығармаларының  дұрыс  басылып,оқылуын  қадағалау 
біздің де борышымыз деп түсінем. 
Пайдалынылған әдебиеттер: 
 1.Мұхамедханов Қ. Шығармалар.9-Т. Астана,2011. 
 2.Әуезов 
М.Жиырма 
томдық 
шығармалар 
жинағы.16-
Т.Алматы,1997. 
 
ҚҰРАН ЖӘНЕ АБАЙ 
 
МАМЫРХАН Д. 
Алматы университеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс 
студенті 
                                        Ғылыми жетекшісі: РАХМАНОВА Н.М.  
Алматы университетінің профессор м.а., ф.ғ.к.  
 
Абайдың  Жаратушы  мен  жаратылыс  жайлы,  адам  туралы, 
адамның  Аллаға  қатысы,  Алланың  адамға  қатысы,  адамның  өзін-өзі 
тануы  туралы  ойлары  өте  көп.  Абай  Алланы  тану  проблемасын 
«Алланы.өзі  де  рас,  сөзі  де  рас».  «Махаббатпен  жаратқан  адамзатты», 
«Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ», «Көп кітап келді Алладан, оның 
төрті...»,  «Алла  деген  сөз  жеңіл»  т.б.  өлеңдерінде,  Жиырма  жетінші, 
Жиырма сегізінші, Отыз бесінші қарасөздерінде қарастырады.Иманигүл 
мен  Имани  ақылдың  ара  қатысын  ашуға  тырысады.  Иманигүлде  (үш 
сүю)  жүрек  культіне  басымдық  береді.Жәуанмәртлік  ілім  туралы  Абай 
ойлары 
«Құтты 
білік», 
«Кабуснама» 
шығармаларымен 
сабақтас.Абайдағы  жәуанмәртілік  ілімінің  төрт  негізі  бар  олар:  әділет, 
қайрат,  ақыл,  қанағат.  Абай    жалған  мен  бақиды  естен  шығармауды 
үнемі  үгіттеуі.  Абайдың  «әділеттік,  арлылық,  махаббат  пен  үй 
жолдасың  қабірден  әрі  өткенде»  деген  ескерпесінің  мағынасы 
терең.Абай мұсылмандыққа, дінге  адамдық өдшеммен  қараған.  Адамға 
қажетті  істің  бәрін  мұсылмандық  санаған.  Абай    Он  үшінші  сөзінде 
иман  туралы  түсінігінде  былай  дейді:  шын  иман  танымнан  шығады, 
неге сенсең де, соның сырын, ішкі мәнән біліп сенуге, Құдайға сенгенде 

310 
 
де,  оған  ақыл  дәлелі  арқылы  сенуге  шақыруы.  Абайдың  пікірінше 
адамның ең үлкен парызы - адамгершілігі мол Адам болу. Абайдың діні 
ақылдың, сыншыл ойдың діні.   
Адам  баласы  жаратылысынан  бері  көкейінде  дамыл  таптырмай 
мазалап, өмірінің соңына дейін айықпас дерттей жабысқан бір сұрақпен 
арпалысып  келеді.  Жаратылысының  мәні  мен  мақсатын  дәлдеп 
айқындай алмаған адамзат баласы осынау сауалдарының жауабын сонау 
ықылым  замандардан  бері  іздеу  үстінде.  Солардың  қатарында 
даламыздың  данасы  Шәкәрім  де  ой  толғап,  отыз  жыл  өмірін  арнаған 
«Үш  анық»  еңбегінде  күрмеуі  шешілместей  болған  сұрақтардың 
жауабын ақыл танитындай етіп дәлелді сөздерімен қадап танытқан. Ол 
аталмыш  еңбегінде:  «Тіршілік  туралы  адам  арасында  көптен  бері 
айтылып  келе  жатқан  екі  түрлі  жол  бар.  Бірі,  дене  өлсе  де,  жан 
жоғалмайды,  өлгеннен  соң  да  бұл  тіршілікке,  тіпті,  ұқсамайтын  бір 
түрлі  өмір  бар.  Сондықтан  жалғыз  ғана  дүние  тіршілігінің  қамын 
ойламай,  сол  соңғы  өмірде  жақсы  болудың  қамын  қылу  керек  дейді. 
Мұны  ақирет  —  өлгеннен  соңғы  өмір  жолы  дейді.  Енді  бірі,  бұл 
әлемдегі  барлық  нәрсенің  бәрі  өздігінен  жаралып  жатыр,  оны  былай 
қылайын деп жаратқан иесі жоқ, һәм өлген соң тірілетін жан жоқ дейді. 
Менің  ойымша,  осы  екі  жолдың  қайсысы  анық  екенін  табу  ақылы  сау 
адамға  қатты  міндет»  [1.  7],  –  дей  келе  сөз  соңында:  «Адам  атаулыны 
бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз 
жол осы мұсылман жолы сияқты. Кейбір діншілдерді  қорлыққа  түсіріп 
жүрген  шатақ  дін  мен  жалғандық.  Әйтпесе  Жаратушыда  білім  бар, 
өлген coң да бір түрлі жан тіршілігі бар! Жанның екі өмірде де азығы: 
ұждан  (совесть)  деумен  ешкім  де  еш  нәрседен  кемдік  көрмейді.  Тіпті, 
бұл жоғарылаудың eң зор жәрдемі. Үш анық дегенім міне осы...» [1. 34] 
– деп түйіндейді.  
Ақиқатында  бар  сауалдың  жауабы  Құран  Кәрімде  айқын 
берілгеніне  көзіміз  жетті.  Қасиетті  кітабымыз  Құранда  Алла  Тағала: 
«Мен жындар мен адам баласын «тек қана (мені танып), маған ғибадат 
етсін» деп жараттым» («Зарият» сүресі, 56 аят), – делінеді. Осыдан келіп 
жаратылысымыздың мәні құлшылықтан мақсатымыздың да шығатыны, 
яғни  Алла  Тағаланың  разылығы  үшін  өмірімізді  құлшылықпен 
өткізуіміз  қажет  екені  айқындалады.  Құлшылылық  дегеніміз  дінімізде 
аталатын  бес  парызбен  шектелмейді.  Ол  –  ауқымы  кең  дүние. 
Құлшылық  –  адам  баласының  Хақты  танып,  Оған  мойынсұнып,  Алла 
сүйетін,  разы  болатын  істерді  Оның  разылығы  үшін  жария  немесе 
жасырын орындауы.  
Бұл  турасында  Абай  хакім  «Алланың  өзі  де  рас,  сөзі  де  рас» 
өлеңінде: 

311 
 
Руза, намаз, зекет, хаж — талассыз іс, 
Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс. 
Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті 
Қылғанменен татымды бермес жеміс  – 
деп  түйеді.  «Осы  жердегі  «бастапқы  үш»  дегеніміз  «имани  гүл» 
ұғымына келіп саяды. М.Әуезов Абайдың «Алланың өзі де рас, сөзі де 
рас» өлеңіндегі мораль философиясына соғатын үш сүю (имани гүл) деп 
аталатын ақын танымының мағынасы терең өзекті желілеріне айрықша 
назар  аударады.  Абай  айтқан  үш  сүю  жайлы  ой  байламдарын  анықтау 
арқылы ішкі нанымы, танымы түгелге жуық ашылып, өз көрінісін бере 
алған  деп  қарайды.  Себебі,  осы  өлеңдегі  үш  сүюде  алға  қойылған 
бастапқы пікір: 
Махаббатпен жаратқан адамзатты, 
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті, – 
деп  жаратушы  түп  иесін  жаралған  пендесінің  махаббатпен  сүюі 
қажет  дейтін  бірінші  сүюді  көреміз.  Екінші  сүю  –  ақын 
шығармаларында  желілі  түрде  таратылатын  басты  ой  желісі 
«Адамзаттың  бәрін  сүй  бауырым  деп»  айдар  тағып,  ерекше  бөліп 
көрсетуінде  жатыр.   Үшінші  сүю  –  «Және  сүй  хақ  жолы  деп  әділетті» 
деп  38-сөзінде  Алланың  бойындағы  8  сипаттан  құдірет  пен  ғылымды 
біріктіріп  алатын  ғақылға  (ақылға)  Абай  нақылия,  ғақлия  дәлелдерге 
сүйене  отырып  ұсынатын  ғәділетке  (әділетке)  ерекше  мән  беретін 
үшінші  сүюді  көреміз»  [2.  104-105].  Аңдағанымыздай,  Абай 
құлшылықтың  шарты  ретінде  имани  гүлді  көрсетіп,  ең  алдымен  адам 
жүрегінде осы үш сүю болу керектігін ұғындырады.  
Бастапқы жолдарға назар салсақ, Абай «жақсы болсаң, жақсы тұт 
бәрін  тегіс»,  –  деу  арқылы  құлшыллыққа  ықтияттылық  пен  үш  сүюді 
толық  қамтысаң  жақсы  боларыңды  меңзеп,  салмақты  «жақсы»  сөзіне 
артады. 
Жақсылыққа  жанымыз  құмар  болып,  жақсы  адам  атануға  қанша 
ұмтылғанымызбен,  «жақсы»  сөзінің  мағынасын,  жақсы  адамның  кім 
екендігін, оның сипатының қандай болмағын өзімізше саралап келеміз. 
Абай  әр  нәрсенің  себебін  іздейтін  хакім  болғандықтан,  ақиқатты  ақыл 
көзімен көруге  тырысқандықтан да жоғарыда  «жақсы»  сөзінің астарын 
ұғынып айтты.  
 Абай Алланы тану жолында, Алла жолында жүрген адамды таза 
мұсылман, толық адам дейді. Оған дәлел Абайдың 38-сөзіндегі жолдар: 
«Құдай тағаланың жолы  деген жол  Алла  Тағаланың өзіндей ниһаятсыз 
болады. Оның ниһаятына eшкім жетпейді. Бірақ сол жолға жүруді өзіне 
шарт қылып кім қадам басты, ол таза  мұсылман, толық адам делінеді» 
[3.  95].  Адамның  діттегені  Алланың  разылығы  болуы  үшін  адам 

312 
 
баласына ең алдымен Жаратқанға деген махаббат, соқыр махаббат емес, 
яки  иманнан  бастау  алған  махаббат  керек.  Шексізді  шектеулі  ақылмен 
толық  тани  алмағанымызбен,  ақылдың  жеткенінше  тануға  ұмтылсақ, 
жүрегімізде иман шуағына малынған Хаққа деген шынайы махаббаттың 
орын  алары,  адамзаттың  сол  махаббат  арқылы  Раббының  разылығын 
көксейтіні – сөзсіз.  
«Абай  шығармаларында  жиі  ұшырасатын:  «адам  болу»,  «жарым 
адам», «толық адам», «адамшылық», «адамдық», «адамның адамдығы», 
«адамшылығының  кәмалат  таппағы»,  «бенделіктің  кәмалаты»,  «толық 
инсаният» т.б. терминдік терең мәні бар сөздер мен күрделі ұғымдардың 
бәрі  де  өзінің  арнасы  жағынан  шығыс  пен  батыс  ойшылдарының 
еңбектерінде  көп  сөз  болған  «камили  инсани»  мәселесімен  іліктес 
жатқан  дүниелер....  Ұлы  ақын  жас  ұрпақтың  адам  болу  талабының 
тұңғыш  қадамы  неден  басталу  керек  деген  сұраққа:  «Қашан  бір  бала 
ғылым, білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам 
болады», - деп жауап береді... Баланың адам болуға ұмтылған алғашқы 
адымының  негізін  бұзатын,  яғни,  қазақ  болмысында  оның  адамдық 
қасиетінің  толық  қалыптасуына  зардабын  тигізетін  нәрсе  –  бала  өскен 
әлеуметтік орта. Бала соның әсерінен қиянатшыл болады деп қараған. 
Осы  себептерді  еске  алатындықтан  да:  «...  қиянатшыл  балалар 
талапқа  да,  ғылымға  да,  ұстазға  да...  қиянатпен  болады.  Бұл 
қиянатшылдар  –  жарым  адам...  Олардың  адамшылығының  кәмеләт 
таппағы  қиынның  қиыны»  болып,  тәлім-тәрбиенің  ырқына  көнбей 
шырық бұза береді...  
Бірақ  Абай  шығармаларын  зерлей  ойланып  оқымаған  кісі 
ақынның  адам  болу  туралы  ойларында  кездесетін  бенделіктің 
кәмалаттығы мен инсанияттың кәмалаттығы деген ұғымдардың мәніне, 
табиғатына  жіті,  ажырата  қарамаудан,  оларды  бір  мағынада  танып 
қалуы мүмкін. Мұнда қолданылып отырған «бенде» немесе «пенде» сөзі 
діни  ұғымдағы  «құдайдың  құлы»  деген  ұғымда  алынса,  «инсан»  сөзі 
өмірдің  гүлі  –  адам  деген  гуманистік  мәнде  беріледі  де,  жалпы  шығыс 
классиктерінде  көп  сөз  болған  камили  инсани  туралы  таныммен 
сабақтас  алынған  бұл  ұғым  Абайда  негізінен  толық  адам  деген  атпен 
таратылып отырады... 
Жоғарыда  аталған  Абайдың  «Алланың  өзі  де  рас,  сөзі  де  рас» 
өлеңіндегі  жолдар  Құран  Кәрімдегі:  «Күдіксіз  сондай  иман  келтіріп, 
түзу іс істегендер; міне солар, жаратылғандардың жақсысы» («Бәййіна» 
сүресі,  7  аят),-  деген  аятынан  нәр  алып,  Алланың  осы  бір  сөзін 
түсіндіріп  тұрғандай.  Абай:  «Жақсы  болсаң  жақсы  тұт  бәрін  тегіс»,  - 
дейді де, артынан «Бастапқы үшін бекітпей соңғы төртті, Қылғанменен 
татымды  бермес  жеміс»,  -  деп,  адам  әуелі  имани  гүлмен  жүрегін 

313 
 
нұрландырса  ғана  ғибадаттарының  толық,  жемісті  болатынын  дәл 
айтады. «Қасиетті Құран Кәрімнің көптеген аяттарында «иман келтіріп, 
ізгі  амал  жасағандар»  деп  ретімен  айтылса,  хадис  шәріптердің  бірінде 
Исламның  бес  негізден  құралатынын,  олардың  көш  басында  Аллаға 
және  пайғамбарға  иман  ету  тұратыны  айтылған.  Байқап  қарасақ,  аятта 
да, хадисте де алдымен иман, содан соң өзге жақсы істер аталған».  
Жүрек  көзінің  ашылуы  Хақ  сәулесінің  түсуімен,  жүректің  Түп 
Иені  сезуінен  болса,  Абайдағы  «нұрлы  ақылдың»  мағынасы  тікелей 
«...ыстық  жүректің  ырқымен  жүретін,  тек  қана  рахым-шафағаттың 
дегенін  іске  асыратын  гуманистік  жолдағы  ізгілікті  ақыл...»,  -  дегенге 
келіп  саяды.  Олай  болса,  ақылдың  нұрланбағы  да  ең  алдымен  жан 
мекені жүректен екен.  
 Алла деген сөз жеңіл, 
Аллаға ауыз жол емес. 
Ынталы жүрек, шын көңіл, 
Өзгесі хаққа қол емес... 
Ақылмен хауас барлығын 
Білмейдүр, жүрек сезедүр... – 
деген  жолдардан-ақ  жүрек  деген  жұмыр  еттің  Иесін  сезетінін, 
Хаққа  жақын  ететін  ынталы  ғашық  жүрек  пен  шын  ниет  екендігін 
аңғарамыз. Осыдан-ақ  жүректің адамдағы  бас  мүше  екендігі, онда Хақ 
сәулесі  болғандықтан  рахымның  да  орын  алатындығы,  оның  әмірі 
ақылға да жүретіндігі белгілі. Олай болса, толық адамға жету жолында 
жүректің  басымдырақ  танытатыны  «сен  де  сүй  ол  Алланы  жаннан 
тәттімен» тұтасып жатады. 
Абайдың  адам  болмысы,  адам  өмірінің  мәні  туралы  ойларының 
мазмұны  бай,  мағынасы  терең.  Абайдың  Жаратушы  мен  жаратылыс 
жайлы, адам туралы, адамның Аллаға қатысы, Алланың адамға қатысы, 
адамның  өзін-өзі  тануы  туралы  ойлары  абайтану  ғылымында  біршама 
қарастырылды.  Осы  ретте  белгілі  бір  арна  қалыптастырған,  салдарлы, 
салиқалы,  ғылыми  тұрғыда  тиянақты  ойлар  жүйесін  негіздеген  екі 
ғұламаны  арнайы  атап  көрсетудің  жөні  бар.  Олардың  бірі  –  Мұхтар 
Әуезов, екіншісі – Мекемтас Мырзахметов. Абайдың дүниетанымы, діні 
жайында М.Әуезовтің: «Абайдың діні – ақылдың, адамгершіліктің діні», 
«Абайдың  діні  –  рационалдық  сыншыл  ақылдың  шартты  діні»  –  деген 
тұжырымының  негіздерін  М.Мырзахметов  терең  пайымдады,  жаңа 
ғылыми  пікірлермен  байытты.  «Мұхтар  Әуезов  және  абайтану 
проблемалары»,  «Әуезов  және  Абай»,  «Абай  және  Шығыс», 
«Абайтану»  секілді  монографиялық  зерттеулерінде  ғалым  Абайдың 
адамның  өзін-өзі  тануы,  адам  мен  Алла  арасы,  адамның  Аллаға, 
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет