Отдел науки и международных связей студенческое научное общество



жүктеу 2.81 Mb.
Pdf просмотр
бет27/31
Дата29.12.2016
өлшемі2.81 Mb.
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Шәкәрім шығармалар жинағы.А,1988. 
2. М.Әуезов 20 томдық шығармалар жинағы Т-16.А,1987. 
3.Абай 2 томдық шығармалар жинағы Т-2.А,2005. 
 
 
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ БАҚ КӨРІНІСІ 
 
НҰҒМАН А. 
Алматы университеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4 
курс студенті 
Ғылыми жетекшісі:  НАЙМАНБАЕВ А. 
Алматы университетінің аға оқытушысы 
 
Қазақстан өзінің жиырма бес жылдық тәуелсіздігін артқа тастаған 
зайырлы  мемлекет.  Елбасымыздың  жыл  сайынғы  Қазақстан  халқына 
жолдауларында  еліміздің  экономикасымен  қатар,  мемлекеттік  тілге  де 
аса  тоқталып  өтеді.  Тілдің  бүгіні  мен  ертеңіне  байланысты 
Президентіміздің  «Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  2011-2020 
жылдарға арналған»  Мемлекеттік Бағдарламасы қабылданғаны белгілі. 
Тәуелсіздік  алған  кезеңнен  бері  тілдің  мұңын  мұңдап  келе  жатқан 
ақпарат құралдарының болашағына қатысты қабылданған заңның әсері 
күшті  болды  деуге  болады.  Дегенмен  де,    масс-медиа  (бұқаралық 
ақпарат  құралы)  халыққа  ең  қол  жетімді  құрал  болғандықтан,  оның 
мемлекеттік  тілді  дамытуда  рөлі  өте  жоғары.  Тілге  байланысты 
бағдарламада  осы  БАҚ-тың  атқарар  қызметі  жайлы:  «Мемлекеттік 
тілдің  коммуникативтік  қызметі  нығаюда.  Мемлекеттік  БАҚ 
контентінде  қазақ  тіліндегі  хабарлардың  көлемі  70%-дан  астам,  2750 
БАҚ  басылымдарының  68%-ы  толық  немесе  ішінара  қазақ  тілінде 
шығады»,-делінген  [1].  Сонымен  қатар,  қойылған  мақсатқа  қол 
жеткізудің  екінші  бағыты  –  мемлекеттік  тілді  қолданудың  аясын 
кеңейту, қоғамдық өмірдің барлық саласына кіріктіру болып табылады. 
Осы  бағытта  мемлекеттік  тілде  хабар  тарататын  теле-радиоарналарын 
құру  арқылы  тілдік  ортаны  қалыптастырудағы  БАҚ  рөлін  күшейтуге, 
балалар  мен  жастарға  арналған  қазақ  тілді  контентті  кеңейтуге, 
мемлекеттік  тілді  оқыту  үдерісін  ұйымдастыруда  медиалық  саланың 
әлеуетін  белсенді  пайдалануға  негізгі  және  шешуші  екпін  түсіріледі. 
Сондай-ақ,  онлайн  нұсқаларын  орналастыру  арқылы  қазақ  тілді  БАҚ-
тарға жүйелі қолдау көрсету және қазақ тіліндегі интернет-ресурстарды 

315 
 
мемлекеттік  қолдау  жүйесін  құруда  маңызды  аспектілер  қатарына 
жатады. Қоғамдағы тіл мәдениетінің қалыптасуына тікелей ықпал ететін 
адамдар  ретінде,  БАҚ  қызметкерлеріне  ана  тілінің  бүкіл  талаптарын 
білуге ерекше мән беріледі.  
Қазақстанда 8248 тіркелген бұқаралық ақпарат құралдары (соның 
ішінде  белсенділері  2513)  жұмыс  істеуде,  олардың  212-сі  электронды 
БАҚ. Мерзімдік басылымдардың 453-і қазақ тілінде, 2303-і орыс тілінде 
шығады. Бұған Ресейден келетін 5248 газет-журналды  қосыңыз. Сонда 
ел аумағына  таралатын баспасөз  құралдарының  7551-і орыс тілінде де, 
тек  453-і  ғана  қазақ  тілінде.  Қарап  отырсақ,  Қазақстандағы  жалпы 
ақпарат  құралдарының  ішіндегі  қазақ  газет-журналдарының  үлесі  6 
пайызға да жетпейді екен [2]. 
Журналист    Д.  Асау  «Билік  қазақ  баспасөзінің  бағын  байлап 
отыр»  атты  мақаласында  былай  дейді:  «Шыны  сол,  Қазақстанда 
орыстілді БАҚ-тың дәурені жүріп тұр. «Ақ дегені – алғыс, қара дегені – 
қарғыс».  Оны,  ең  алдымен,  төбесіне  шығарып  алған  биліктің  өзі. 
Мәселен,  «Тілдерді  дамытудың  2000-2010  жылдарға  арналған 
бағдарламасы»  бойынша  қазіргі  күні  мемлекеттік  басқарудың  барлық 
саласы  қазақ  тілінде  сайрап  отыруы  керек  еді.  Оған  сенсек,  барлық 
облыстарда  іс  жүргізу  қазақ  тіліне  көшіп  бітуге  тиіс  болатын. 
Бағдарламада  солай  жазылған.  Бірақ,  оның  орындалуы  былай  тұрсын, 
былтыр  қазақ  тілінің  мемлекеттік  мәртебе  алғанына  25  жыл  толуы 
«құрметіне  орай»  іс  қағаздарды  мемлекеттік  тілге  көшіру  үлесін  70 
пайыздан  60  пайызға  түсіріп  тастады.  Яғни,  биліктің  өзі  мемлекеттік 
заңдарды орындамайды.  
Масс-медиада,  яғни,  баспасөз  беттері  мен  телеарналарда  да 
мемлекеттік  тіл  мәселелері  көтеріліп  жүр.  Баспасөз  беттерінде  ондай 
мақалалар  көбінесе  мемлекеттік  газеттерде,  соның  ішінде  «Егемен 
Қазақстанда»,  «Ана  тілі»,  «Алматы  ақшамы»,  «Жас  қазақ»,  «Дала  мен 
қала»,  т.б.,  телеарналарда  да,  мысалы,  «Қазақстан»,  «Балапан», 
«Мәдениет»,  «Еларна»,  т.б.  арналарда  арнайы  бағдарлама  жасап, 
тақырып  етіп  айтылып  жүр  (мыс,  «Сөзмерген»,  «Тіл»,  т.б. 
бағдарламалар).  
Баспасөз  –  төртінші  билік  деген  бар.  Шынайылығында  оның 
халықтың  санасын  толық  билеп  алу  мүмкіндігі  күшті.  Бағдарламада: 
«мемлекеттік  бұқаралық  ақпарат  құралдарындағы  қазақ  тіліндегі 
контенттің  үлесі  2014  жылға  қарай  –  53  %,  2017  жылға  қарай  –  60  %, 
2020 жылға қарай – 70 %» болуы керек деген болатын. 
Негізінде,  БАҚ-тың  қоғамға  қажетті  көпжақты  идеологиялық 
міндетін  атқарудағы  және  рухы  жоғары  идеяны  уағыздаудағы  рөлі 
көптеп  жетілуде.  Әлеуметтік-психологиялық  сипаты  күннен-күнге 

316 
 
еселеніп  барады.  Оның  қоғамдық  қарым-қатынаста  атқаратын  саяси-
әлеуметтік рөлі де алуан түрлі. Бүгінде БАҚ ағартушылық, насихаттық, 
ұйымдастырушылық,  топтастыру  жұмыстарын  атқарып  келеді.  Осыған 
байланысты  С.  Шаймағанбетов:  «Ежелден  БАҚ,  оның  ішінде  баспасөз 
құралдары,  қазақ  тілінің  жазылу  емлелерін  сақтап,  синтаксистік, 
грамматикалық  барлық  ережелерін  бұзбай  жазуға  қатты  мән  береді. 
Керісінше  радио мен теледидарлар оның айтылу, оқылу ережелері мен 
сөз  сөйлеу  ырғағына  дейін  көрші  елдерге  үлгі  (эталон  деуге  болады) 
болып келгені, сонау кеңестік дәуірден жазылмаған қағида сияқты. Сол 
үрдісті  ешкім  осы  күнге  дейін  ешқандай  қаулы-қарармен  жоққа 
шығармағаны  хақ.  Шындығында  да,  құжаттар  дайындағанда  қандай  да 
бір  сөйлем,  сөз  тіркесінің  жазылу  дұрыстығына  көз  жеткізу  үшін 
апталық баспа беттеріне жүгінетінбіз»,-дейді [3]. 
Тағы бір ойлантатын мәселе, қазақ тілінің елдегі экономикалық-
саяси  «ойыннан»  шеттетіліп  қалуы  себепті  қазақ  басылымдарына 
жарнама  берушілер  де  аз.  Ал  жарнама  БАҚ-тардың  басты  қаржылық 
тіреуі. Сондықтан қазақ басылымдарына жарнама беру ісін мемлекеттік 
тұрғыдан  заңдастыру  керек.  Егер  билік  қазақ  тілінің  қазіргі  мүшкіл 
халіне ең бірінші өзі кінәлі екенін мойындап және қазақтілді баспасөзге 
басымдылықтар  беретін  қадамдар  жасаса,  онда  жағдай  да  жақсара 
түсетіні  анық.  Ондай  қадамның  бірі  жарнамаға  арналған  заң  болуы 
керек.  
Енді  оқырмандар  жайында:  еліміздегі  қазақ  ұлтының  саны  67 
пайыздан  асты.  Бірақ  қазақ  баспасөзінің  оқырманы  көбеймей  отыр. 
Неге? Әлгі 67 пайыздың жарым-жартысы орыс мектептерінің түлектері, 
сондықтан  оларды  орыс  газетінің  оқырмандары  деу  керек.  Ал  қазақша 
мектеп  бітірген  қазақтың  90  пайызының  өзі  екі  тілдегі  газетті  оқи 
береді. Сондай-ақ,  қазақ емес ұлт өкілдерінің бәрі де орыс газеттерінің 
оқырманы. 
Осындай 
жағдайда 
тұрып 
орыс 
газеттерінің 
оқырмандарының  көп  болуы  өзі-өздігінен  түсінікті  емес  пе.  Өйткені 
біздің  қоғам  орыстілді.  Ал  оны,  қазақ  халқының  сан  жағынан  көп 
екеніне  қарамай,  орыстілді  жасап  отырған  бүгінгі  билік.  Алла  жазып, 
алдағы  күндері  мына  қоғам  қазақтанып  жатса,  онда  барша  республика 
жұртшылығы  қазақша  сөйлеп,  дәл  бүгінгі  қазақ  баспасөзінің  күйі 
орыстілділердің басына келетініне еш күмәнім жоқ» [4] –деп қазақ тілді 
медиа кеңістіктің тарлығына өз қынжылысын білдіреді. 
Масс-медиа  негізінен  ірі  қалаларда  –  Астанада,  Алматыда  және 
облыс  орталықтарында  шоғырланған.  Әрі  бұрынғысынша  аудандық  аз 
тиражды  газеттерді  шығару  ісі  де  жалғасып  келеді.  Бір  өкініштісі, 
еліміздегі басылымдардың негізгі бөлігі (85 %) мемлекеттік емес болып 
табылады.  Ал  мемлекеттік  басылымдар  жергілікті  әкімшіліктердің 

317 
 
қолдауымен (билік органдарының өкілдері) елдің барлық аймақтарында 
жұмыс  істеуде.  Астана  мен  Алматыда  бірнеше  республикалық  газет-
журналдар  шығарылады.  Республиканың  барлық  аймақтарына 
мемлекеттік  телевизия  мен  радиостанциялар  хабар  таратады.  Еліміздің 
түкпір-түкпіріне мемлекеттік және жекеменшік тарату жүйелері арқылы 
жетіп  отырады.  Ал  электронды  БАҚ-тар  мемлекеттік  эфир  жүйелерін 
пайдаланады.  Сонымен  қатар  хабарды  кабелдік  жүйе  немесе  спутник 
арқылы  тарату  жүйесі  де  жақсы  жолға  қойылған.  Қазақстан 
телеарналарының  бірқатары  республика  тұрғындарының  жартысынан 
астамын  қамтып,  хабар  таратады.  Атап  айтар  болсақ,  «Хабар», 
«Қазақстан»,  «Ел арна»  -  мемлекеттік  телеарналар, жекеменшік  -  КТК, 
НТК,  «Рахат»,  «Жетінші  арна»,  «Астана»,  «31  арна»  және  т.б. 
телеарналар.  Ал  аймақтық  масс-медиаға  келер  болсақ,  Қазақстанның 
барлық  жерінде  мемлекеттік  және  жекеменшік  бұқаралық  ақпарат 
құралдары  жұмыс  істейді.  Кейбір  облыстардағы  мерзімді  және 
электронды  БАҚ-тың  саны  басқа  бір  облыстардан  едәуір  артық. 
Аймақтардағы  БАҚ  саны  тұрғындардың  санына  және  сол  аймақтағы 
ықпалды топтарға байланысты (ірі қаржылық топтар, өндіріс орындары, 
бизнес).  БАҚ-тың  санына  қарай  көшбасшы  аймақтар  қатарына  
Қарағанды,  Павлодар,    Ақтөбе,  Оңтүстік  Қазақстан,  Шығыс  Қазақстан 
және Атырау облыстары жатады. Бұл облыстарда өзінің кәсібилігі және 
оқырмандарының  көптігіне  байланысты    басылымдарының  саны  да 
артық.  БАҚ-тың  саны  жағынан  Қызылорда  және  Солтүстік  Қазақстан 
облыстары  артта  қалып  келеді.  Басқа  жерлерге  қарағанда  бұл 
облыстарда  тұрғындар  санының  азырақ  болуына  байланысты  масс-
медиа саны да едәуір аз.  
Соңғы  жылдары  республикада  аймақтарды  және  онда  басылып 
шығатын  БАҚ-ты  тілдік  ұстаным  бойынша  бөлу  байқалады.  Оңтүстік 
және  батыс  аймақтарда  қазақ  тілінде  шығатын  газеттер  едәуір  көбірек 
болса,  солтүстік,  орталық  және  шығыс  аймақтарда  орыс  тілінде 
шығатын  басылымдар  қаптап  кеткен.  Кейбір  аймақтарда  (Қызылорда, 
ОҚО,  Жамбыл  облысы)  телехабарлар  тұрғындар  (негізінен  этникалық 
қазақтар)  қажеттілігіне  сәйкес  көбінесе  қазақ  тілінде  таратылады. 
Республикалық  деңгейде  мерзімді  басылымдар  арасында  орыс  тілді 
басылымдар  алдыңғы  орында  тұр,  саны  жағынан  да  қазақ  тілінде 
шығатын  газет-журналдар  санынан  асып  түсіп  отырғанын  жоғарыда 
айтқан  болатынбыз.  Әйтсе  де  2000-шы  жылдар  ортасынан  бастап 
мемлекеттік тілде сөйлейтін азаматтардың көбеюіне байланысты, қазақ 
тіліндегі  басылымдар  санының  өсіп,  орыс  тіліндегі  басылымдардың 
қысқара басталғандығы байқалады. 
Қазір  елімізде  “Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  2011  –  2020 

318 
 
жылдарға арналған бағдарламасының” жобасын талқылау жүріп жатыр. 
Соған орай, әсіресе, мемлекеттік тіл – қазақ тіліне жанашыр қауымның 
тарапынан айтылатын ұсыныстар мен пікірлердің көп болары түсінікті. 
Қазақ өзінің ұлт ретінде ұлықталуы мен өмір сүруінің басты шартының 
бірі – ана тілін Ата Заңмен (7, 93-баптар) айқындалған мәртебелі төрден 
көргенше асығулы. 
Бағдарлама,  өзінің  аты  айтып  тұрғандай,  бір  ғана  қазақ  тіліне 
арналмаған.  Алайда  онда  қарастырылған  барлық  шаралардың 
мемлекеттік тілдің басымдығын басшылыққа ала отырып атқарылатыны 
атап  көрсетілген.  Сондықтан  бағдарламаның  басты  мақсаты  –  ұлт 
бірлігін нығайтудың алғышарты ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымда 
қолданылуын  қамтамасыз  етуде  тіл  саясатын  үйлесімді  жүзеге  асыру 
болып табылады. Көздеген мақсатқа қолымыз жеткенде, яғни таяудағы 
он  жылда,  мәселен,  мектеп  бітірушілер  толықтай,  ал  халықтың  ересек 
бөлігінің 85 пайызы қазақ тілін меңгереді деген сенім бар. 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1. Молдабеков Ж. Ақпараттық ресурс ұлттық құндылық. // www. 
Kazgazeta.kz 
2.  Cлямбеков  Қ.  Қазақстанның  тілдік  жағдайы  (Э.Д. 
Сүлейменованың зерттеуіне сүйеніп жазылды) // 
www.mtdi.kz

3. Средства массовой информации // 
www.akorda.kz
 
4.  Асау  Д.  Билік  қазақ  баспасөзінің  бағын  байлап  отыр  // 
www.abai.kz 
 
ШОЛПАННЫҢ КҮНӘСІ НЕДЕ? 
 
СӘДІР АЙГЕРІМ 
Алматы университеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 
курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: РАХМАНОВА Н.М. 
Алматы университетінің профессор м.а., ф.ғ.к. 
 
Мағжан  Жұмабаев  өлеңмен  қоса,  қара  сөзге    ден    қойып, 
барынша  еңбек  ете  бастағаны  –  1922-1925  жылдар  аралығы.  Сол 
уақытта оның әйгілі «Шолпанның күнәсі» атты еңбегі жарық көрді. 
Мағжан  Жұмабаев  өзінің  жазушылық,  суреткерлік    шеберлігін 
осы    әңгімесінен-ақ  айқын  көрсете  білді.  Әйел    тағдыры  –    қазақ  
әдебиетіндегі  ең  бір  тамырлы,бұрыннан  мол  жырланып  келе  жатқан 
тақырып.  Ескі  ауылдың  моральдік-әлеуметтік  бейнесін,  салт-сана 
ерекшелігін  айқындаушы  күрделі  құбылыстың  бәрі  де  осы  әйелге 
көзқарас, әйел тағдыры арқылы өрбиді. 

319 
 
Шолпанның  күнәсі  неде?  Оның  күнәсі  бар  ма,  алде  жоқ  па? 
Кейбір зерттеушілер оның күнәсі жоқ, болған жағдайдын бәріне күйеуі 
Сәрсенбай  себепкер  деген  пікір  қалдыруда.  Мен,  талдай  келе, 
Шолпанның күнәсі бар деген пікірге тоқтадым. 
Біріншіден,  оның    жаратушыға  қарсы  келіп,  бала  бермеуді 
сұрауы.  Ақымақ  әйел,  егер  араларында  бала  болса,  әдемі  өмірі 
аяқталып,  күйеуі өзінен гөрі баланы  жақсы  көріп, аралары  суып кетеді 
деп  ойлайды.  Бала  араларындағы  махаббатың  оты  екендігін  кеш, 
Сәрсенбай айтқаннан кейін  түсініп, құдайдан бала сұрауы.  
Екіншіден, бақсы-балгерге барып, намаз оқып, ораза ұстап қайғы 
келгенде ғана, Алланы есіне алады. Қуаныш келсе, қанағатшыл болып, 
қайғы келсе сабырлы болу нағыз иманды адамның белгісі.  
Үшіншіден,  Алланы  қарғауы.  «Қанша  намаз  оқысамда,  ораза 
ұстап, таза жүрсем де дұға-тілегімді қабыл алмаған қандай қатыгезсің» - 
деп құдайды қарғауы.  
Төртіншіден, Сәрсенбайдың көзіне шөп салуы. 
Бесіншіден,  Әзімбайға  тек  тәнімді  арнаймын  деген  -  Шолпан, 
бала  көтергеннен  кейін  де,  ары  қарай  жан  мен  тәннің  ләззатына  
шомылып,  күнәсін  жалғастыра  берген.  Міне,  махаббаттың  уына  мас 
болған,  оқымаған,  алды  артын  ойламаған  әйелдің  өмірі    өліммен 
аяқталды. 
Ендігі  кезеңде,  Шолпанды  басқа  шығарма    кейіпкерлері  және  
қазіргі    заманның  Шолпандарымен  салыстырдым.  «Қамар  сұлу» 
романындағы  Қамар  сұлуды  алсақ,  ақылына  көркі  сай,  текті  жерден 
шыққан, сол кезеңдегі барлық ауыл жігіттерінің  арманы. Ахметтің бір 
жазған  өлең  хатында,  -  Ең  болмаса  он  күндей  ойнап  қайтайық  –  деген 
сөзіне,  он  күндік  ойын  үшін,  абыройымнан  айырылсам,  намыс  кайда? 
Ағама,  әулетіме  сөз  тиеді  ғой-  деп,  Ахметтің  бетін  қайтарады. 
Ал,Шолпан алды - артын ойлады ма? Сәрсенбай бақытты болса, мен де 
бақытты боламын деп, өз бақытын ғана ойлады. 
«Қалың мал» романында, бір-бірін ойлаған қос ғашықтар соңына 
дейін үлкендерді тыңдап, білетін жақын кісілерінен ақыл сұрап, соңына 
дейін бірге болды. Қожаш пен Ғайша бір-бірімен сырласты, Ахмет пен 
Қамар да қорықпай хат жазысты. Ойларын толық жеткізбей, бірі -біріне 
ашылып  сырласпаған  жас  жұбайлар,  бірін-  бірі  түсінбегендіктен 
махаббатары берік болмады. 
Қазіргі  күннің  Шолпандары  қандай?  Бар  ма?  Алысқа  бармай, 
айналамдағы таныс әйелдерді зерттедім, олардан сұхбат алдым. 
Ашық  –  шашық  киінетін  бір жас әйелден,  неге  бұлай   киінесіз  - 
деп сұрадым. Ол кісі былай жауап берді:  « Менің  күйеуім көзіме шөп 
сала  бастады»  -  деді.  Мен  де  халат  кидім,  орамал  тағып,  ешқайда 

320 
 
шықпай  күйеуімді  үйде  күтіп  отыратынмын,  күйеуім  сыртта  көп 
қалатын  болды.  Ал,  қазір  күйеуім  жанымнан  шықпайды,  осылай  мен 
күйеуімді  өзіме  қайтардым-деді.  Сонда  маған  бір  ой  келді,  «Қыздың 
сырт  келбеті  маңызды  емес,  жан  дүниесі  әдемі  болса  болды»  -  деп 
айтушы еді ғой  жігіттер. Ол сөздері жалған болғаны ма? 
Менің  бір  туысқан  апкем  бар  еді,  ол    баласын  емізбейтін. 
Сұрасам, сырт келбетім бұзылады, сосын күйеуім тастап кетеді – дейді. 
Бізді анамыз емізді, аялады, мәпеледі, әкеміз тастаса тастап кетпеді ме?- 
деп едім, үндемей қалды. Сонда ол нәрестені неге дүниеге алып келді? 
Оның күнәсі неде? Егер күйеуін, баласымен ұстап қалам деген ой болса, 
онда  қателеседі  деп  ойлаймын.  Тіпті,  қазіргі  заманың  кейбір  әйелдері 
күйеулері  үшін  балалы  болмаймыз,  бала  болса  да,  1-2  баладан  көп 
болмауы тиіс деген қағиданы ұстануда. 
 «Ақыр  заман    жастары»  -  деп,  бекер  айтпаған-ау  бабаларымыз. 
Қаншама  ақымақ-аңқау,  алды-  артын  ойламайтын,  махаббаттың  уына 
мас  болып  жүрген    Шолпан  сияқты  қыздарымыз,  Әзімбай  сияқты 
жеңілтек, қыз құмар тентек  жігіттерге алданып жүр. «Махаббат» деген 
осы  екен  деген  аңқау  қыз,  жігіттің  судыр  сөзіне  сеніп,  қақпандарына 
жем  болып  түсіп  қалған,  қайран  қазақ  қыздары-  ай.  Нәпсісін  тия 
алмаған  тентек  жігіттердің  кесірінен  алданған  жас  қыздар  жастайынан  
бақытсыздыққа ұшырайды, періште сәбилер дәретханада шырылдайды. 
Жүректерінде  иманның  нұры  жоқ,  көбісі  оқымаған  қараңғы  қазақ 
баласы ғана осындай  жағдайға ұшырайды деп ойлаймын.  
Құранда  Құдай    әйелді  ер  азаматтың  қабырғасынан  жаратқан 
дейді.  Ер  азаматтың  басынан  жаратпағаны  төбесіне  шығып  кетпеуі, 
аяғынан  жаратпағаны,  аяғының  астына  тапталмас  үшін.  Жүрегінің 
астынан, бауырының жанынан жаратқандығы, көп нәрсені айтады. Әйел 
-  ер  азаматтың  сырласы,  мұңдасы,  бақыты  мен  үйінің  берекесін 
келтіретін көмекшісі.  
Қазақтың бұрыннан келе жатқан бір жауы– ол ойын айта алмауы. 
Егер,  Шолпан  мен  Сәрсенбай  бір  -  біріне  сырын  айтып,  ашық 
әңгімелессе  жағдай  мұндай  болмас  еді.  Ішіне  жинап,  өз  ойымен  өзі 
күресе  берсе  ешқандай  мәселе  шешілмейді.  Шолпан  ішінде  сақтады, 
мәселе  шешілді  ме?  Бала  мәселесі  болсын,  екеуінің  ара  –  қатынасы 
болсын,  әңгімелесіп бірге шешулері керек еді.  
Шолпан  Құдайды  ойыншық  қылып,  ер  азаматының  абыройын 
төгіп, ар-намыстан жұрдай болды. Қазіргі кезде де, қазақта осы мәселе 
бар.  Бір-бірін  түсінбеуден,  көздеріне  шөп  салудан  қаншама  қазақ 
отбасының шаңырағы ортасына түсіп жатыр. 
Автордың бұл әңгімесінің астарында қаншама философиялық ой 
жатыр.  Болашақ  ұрпаққа  деген  жолдауы,  бағыт-бағдар  беруі.  Осы 

321 
 
кейіпкер  арқылы  бізге  ой  тастап  отыр.  Өкінішке  орай,  бұл  мәселе  осы 
күнге дейін қайталанып жүр.  
Автор  «Шолпанның  күнәсі»  әңгімесінде  шығармашылық 
еркіндікке  жекелеген  әйел  образы,  оның  мінез-құлқын,  табиғатын 
зерттеу, танып-білу арқылы әйелдің адами-пенделік сезім арпалыстарын 
кеңінен  қамти  жазу  арқылы  барды.  Әңгімеде  бір  Шолпанның  болмыс-
бітімін ашу арқылы жалпы әйел затының жан сезіміне терең шолу бар, 
сонымен  бірге  адамның  тіршілік  иесі  ретіндегі  жан  сырын  ашып,  сол 
арқылы барша әйелдің басында кездесетін мінезді, табиғатты зерттеуге 
ұмтылу бар. 
Жанры  жағынан  қарастырғанда  бұл  шығарма  –  психологиялық 
әңгіме.  Автор  адам  жанының  құпия  сырларын  шұқшия  зерделеп, 
саралайды.  Мағжан  Жұмабаевтың  көркем  мінез  жасау  жуйесінде 
күрделі  психологизм  алдыңғы  сапқа  шығып,  көркем  зерттеу  нысанына 
айналған. 
М.Жұмабаевтың  қай  шығармасынан  болсын  жаңашылдық  пен 
өзгешелік  көрініп  тұрады.  Шолпанның  өзгеден  оқшаулығы  өзінің 
сүйгеніне, жүрегі қалаған адамға тұрмысқа шыққандығында. Ол кезенде 
сүйгеніне тұрмысқа шығу–қазақ қыздарының арасында сирек кездесетін 
жайт. 
Бұл әңгімедегі бар оқиға, сыртқы әлем Шолпанның санасындағы 
құбылыстар  арқылы  өрбиді.  Шолпанның  өмірі  де  ойлау  логикасы  да 
өзгеше, ешкімге ұқсамайды. 
Балалы  болу  Шолпан  үшін  жатса  да,  тұрса  да  арманға  айналды. 
Бала  Шолпанға  жаңа  ой,  жаңа  арман,  жан  толғаныстары  мен  азан 
арпалыстарға  алып  келді.  "Өмірдің  әрбір  минуты  сайын  Шолпан 
ойының,  Шолпан  жанының  әрбір  ұшқыны  өліп  жатты."  Бірақ  бала 
болмады.  Қазақтың  "  Ұрлық  қыл  да  мал  тап.  Ойнас  қыл  да  бала  тап" 
деген  мақалына  сүйінген  Шолпан  шын  шатасты.  Осы  бұзық  ой  келген 
сәттен бастап "баланы кімнен табу керек" деген сауал мазалайды. Адам 
психологиясы, 
толқу-тебірену, 
өмір 
жолындағы 
бұралаң-
бұлтарыстарының логикалық құбылыстары, сананың үздіксіз күресі т.б.  
мұнда үлкен шеберлікпен суреттелген. Бір ғажабы біз Шолпанның түр-
түсін  де  жөндеп  танымаймыз,  ол  сұлу  ма,  жоқ  әлде  көріксіз  бе,  түр-
тұлғасы қандай? Кейіпкер бізге Шолпан емес, оның ойы, санасы секілді. 
Өйткені, әңгімеде сана кейіпкердің рөлін толығымен атқарып тұр. 
 «Шолпанның  күнәсі»  әңгімесіндегі  терең  психологизм,  ішкі 
монологтың  барлық  мүмкіндігін  пайдаланып,  жалпы  көркем 
шығарманың сипатын сай баяндаудың драмалық тоқайласуын оқиға мен 
кейіпкердің ситуациясына сай мәнерлеу, бұл тұста адам жанының, оның 
бүкіл  іс-әрекеттің  психологиясы  мен  ой-арманын,толғанысын  болмыс 

322 
 
пен  қүбылысқа  тән  бүкіл  қилы-қилы  сезім  қалтарыстарын  иіріп 
отыратын М.Жұмабаевтың өзіне тән және осы тектес бүкіл классикалық 
шығармаларға тән үрдіс. 
             
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

323 
 
ТАРИХТЫ ЗЕРДЕЛЕУ МЕН ЗЕРТТЕУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ 
ЖАҢАШЫЛ ӘДІСТЕРІ 
ИННОВАЦИОННЫЕ МЕТОДЫ ИССЛЕДОВАНИЯ В ИЗУЧЕНИИ 
ИСТОРИИ 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  КОНСТИТУЦИЯСЫНА  
20 ЖЫЛ 
                 
АЗАМАТОВА АЯНА 
Алматы университеті, «Тарих» мамандығының  1 курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: СЕЛКЕБАЕВА А. Т. 
Алматы университетінің доценті, тарих ғылымдарының 
кандидаты 
     
 «Конституцияны қатаң ұстану  –  бұл мемлекеттіліктің  табысты 
дамуының  және  қоғамдағы  азаматтық  келісімнің  негізі.  Ол  бойынша 
өмір  сүру  –  бұл  демократияның  ең  жоғарғы  мектебі.  Бұл  мектептен 
барлығымыз өтуге тиіспіз.  
Қазіргі дүниедегі кез келген мемлекет өзінің алғашқы қадамын 
тәуелсіздігімен қатар, Конституциясын қабылдаудан бастайды. Бұл сол 
мемлекетті  құраушы  ұлттың  ғасырлардан  жинақталған  өзіне  тән 
ұстанымының,  заңдарының,  жүрген  жолдарының  өзегінен  шығып, 
келешегіне бағдар жасайтын басты белгі. Ұлы даланы мекендеген алты 
алаштың да өз дала заңдары, өзіндік конституциясы болғаны анық. Орта 
ғасырдағы  түркі  бабаларымыздың  бітік  жазуына  бармағанның  өзінде, 
қазақ  даласындағы  бізге  мейлінше  мәліметті  болып  жеткен  «Қасым 
ханның  қасқа  жолы»,  «Есім  ханның  ескі  жолы»,  Тәуке  ханның  «Жеті 
жарғысы»  секілді  заң  жүйелері  қазақ  елі  Конституциясының  ертеректе 
қаланған  іргетасы  іспеттес.  Қазақ  хандары  жолға  қойған  осы 
жарғыларды  дала  конституциясы  санасақ,  оның  «баптарының»  сөз 
бастаған шешендер арқылы қалай өрбігеніне, абыз ақсақалдардың қалай 
таратып, жөнге салғанына тарихтан көп мысал тартуға болады.  
Қасым ханның қасқа жолы - қазақ халқының хандық дәуіріндегі 
әдет-ғұрыптық заң ережелерінің жиынтығы.Қасым хан өзі билік құрған 
кезеңде  қазақ  халқының  этникалық  аумағын  кеңейту  барысында  әдет-
ғұрыптық  заңдарға  арқа  сүйеді.  Қасым  хан  өз  заңында  Құран 
талаптарына  қайшы  келмейтін  қазақи  ғұрып  ерекшеліктерін  сақтады. 
Мысалы, жеті атаға дейін үйленбеу, әмеңгерлік, құдалық жол-жоралар, 
қазылық  билік,  т.б.  Ол  халықтың  көкейінен  шыққан  әрі  ежелден  келе 
жатқан  билік  дәстүрді,  әдет-ғұрыптық  «жарғыны»  жаңғыртып, 
күшейтті.  [1]  .  «Қасқа  жолдың»  қағидалары  өзгерусіз  XVII  ғасырға 

324 
 
жетіп,  Есім  хандық  құрған  тұста  «Есім  ханның  ескі  жолы» деген  жаңа 
атқа ие болды. 
"Есім  ханның  ескі  жолы"  -  дәстүрлі  қазақ  қоғамындағы 
заңдардың  жиынтығы.. Есім   хан  өзіне  дейін  көп  өзгеріске  ұшырай 
қоймаған Қасымның  заңдарын   іс  жүзінде  қолдануды  өзі  билік 
жүргізгенде  қатаң  талап  етті.  Қасымның  заңы  Есімнің  арқасында  сол 
дәуірдің  әскери-саяси  және  әлеуметтік  қажеттіліктеріне,  халықтың 
тұрмысы мен дәстүріне сәйкес жетілдірілді, соның нәтижесінде бұл заң 
халық  арасында  кеңінен  тарады.  Бұл  заң  ережелері  жермен,  малмен 
байланысты материалдық тарап-арыз, қылмыстық іс туралы (ұрлық, кісі 
өлтіру  және  т.б.),  әйелдердің  жағдайы,  әскери  міндеттілік,  дәстүрлі 
шаралар,  кедейлерге  көмектесу  және  т.б.  туралы  мәселелерді  қарады. 
Халық  бұқарасы  Қасым  хан  заңының  ережелерін  ұстауды  қалады.  Бұл 
заң  жиынтығы  Есім  ханның  құрметіне  "Есім  ханның  ескі  жолы"  деп 
аталды.Тәуке  ханның тұсында  бұл  заң  әлі  де  шариғат  қағидасымен 
боялмай, ежелгі билер жасаған қалпын жақсы сақтады. [2] 
"Тәуке 
ханның 
жеті 
жарғысы" – Тәуке 
хан 
тұсында 
қабылданған  қазақ  халқының  дәстүрлі  әдеп-ғұрып  заңдарының 
жинағы.17-ғасырда  қазақ  хандығының  ыдырау  қаупінің  тууына 
байланысты  Тәуке  хан  елдің  ауызбірлігін  арттыратын  шаралар 
қарастырып,  хандық  билікті  нығайтуға  күш  салды.  Қазақ  қоғамының 
дамуы  мықты  билік  пен  бірлікті  қамтамасыз  ете  алатын  жаңа  заңдар 
жүйесін  қажет  етті.  Осы  ретте  Тәуке  хан  бұрыннан  қалыптасқан 
дәстүрлі  әдеп-ғұрып  заңдары  мен  өзінен  бұрынғы  хандардың  тұсында 
қабылданған  “Қасым  ханның  қасқа  жолы”  мен  “Есім  ханның  ескі 
жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. 
Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле 
би, Қазыбек би, Әйтеке билер Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті 
жарғысы”  деген  атауға  ие  болған  заңдар  жиынтығын  қабылдады.Жаңа 
заң  жүйесі  қазақ  халқының  өмірлік  мәселелерін  барлық  жағынан 
қамтыды.  Жеті  жарғыдан  кейін  арнайы  атаулы  заң  жүйесі 
жасалмағандықтан  және  Жеті  жарғының  өзі  талап,  тілекті 
қанағаттандырарлық  деңгейде  болғандықтан,  оның  көптеген  жол-
жобалары  мен  қағидалары  20-ғасырдың  басына  дейін  қолданылып 
келді.   
Ал  кейінгі  ХХ  ғасыр  басында  ұлттық  тәуелсіздікті  ту  етіп 
ұстаған Алаш қайраткерлері дербес Конституция әзірлегені де тарихтан 
белгілі.  
        Алаш  тарихын  зерттеушілер  алғашқы  Ата  заң  туралы  әңгіме 
болғанда  екі  мәселені  алға  тартады.  Оның  бірі  Әлихан  Бөкейханның 
тапсыруымен  заңгер  Барлыбек  Сырттановтың  жазып  шыққан  «Қазақ 

325 
 
елінің  уставы»  деген  құжат.  Екіншісі  –  партияның  бағдарламалық 
құжаты.  Барлыбек  Сырттановтың  «Қазақ  елінің  уставы»  жаңа  заманға 
лайықтандырылып жазылған, кіріспе мен төрт бөлімнен тұрады. «Қазақ 
елінің  уставы»  мемлекет  құрылымын,  адам  құқығын,  қазақ  жерін,  сот 
тәртібін  қамтыған  төрт  бөлімнен  құралған  еңбектен  тұрады.  
         Ал  екінші  «Алаш  конституциясы»  атанған  құжатты  қалың 
жұртшылық «Алаш» партиясының бағдарламасы ретінде таниды. Мұны 
кейбір  сарапшылар  «Конституция»  дегеннен  гөрі  «конституциялық 
бағдарлама»  дегенге  келтіреді.  Шындығында,  алаш  қайраткерлері 
тәуелсіздіктің мүмкіндігі ұшқындаған тұстан-ақ ұлттық-демократиялық 
сипаттағы  мемлекет  құруды  мақсат  еткен.  Міне,  осы  мақсат  жолында 
Алаш  партиясы  алғаш  рет  заманның  даму  үдерісінен  шығатын, 
мемлекеттің  талаптарына  сай  келетін  конституциялық  сипаттағы 
бағдарламасын 
жасағаны 
белгілі. 
Алаш 
партиясының 
саяси 
бағдарламасының  жобасын  жасауға  ұлт  қайраткерлері  Ә.Бөкейхан, 
А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Е.Ғұмар, Е.Тұрмұхамедов, Ғ.Жүндібаев, 
Ғ.Бірімжановтар  бастаған  қазақтың  сол  кездегі  алдыңғы  қатарлы,  озық 
ойлы  азаматтары  атсалысты.  10  бөлімнен  тұратын  бағдарламада 
мемлекеттің формасы, жергілікті билік пен оны басқару жүйесі жөнінде, 
құқық  негіздері,  дін  бостандығы,  сот  билігі,  елді  қорғау,  салық  салу, 
еңбекшілердің  құқығы  және  жер  мәселелері  тұтастай  қамтылды.  Басты 
ерекшелігі  –  бағдарлама  Қазақ  автономиясын  өзге  халықтармен  бірге 
демократиялық 
сипаттағы 
Ресей 
федеративтік 
мемлекетінің 
құрамындағы ел ретінде тани келіп, жеке мемлекет болу мүмкіндігін де 
жоққа шығарған жоқ.             
Тарихқа  жүгінсек,  Алаш  ұмтылысынан  кейін  республикамызда 
бірнеше  Конституциялар  өмірге  келген.  Соның  алғашқысы  1926  жылы 
18  ақпанда  Қазақ  АССР-і  Орталық  атқару  комитетімен  тұңғыш 
Конституция жазылып, РСФСР Орталық атқару комитеті бекітпегеннен 
кейін  күшіне  енбеген.  Сосын  1937  жылы  26  наурызда  Жалпықазақ 
кеңестерінің  X  төтенше  съезі  қабылдап,  бекіткен  Конституция  бар. 
Қырық  жылдық  ғұмыры  болған  осы  құжаттың  орнын  1978  жылы  20 
сәуірдегі  «кемелденген  социализм»  аталған  заманның  Конституциясы 
басқан  болатын.  Міне,  осы  құжат  Тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдарында 
жазылып  қабылданған,  1993  жылғы  28  қаңтардағы  Қазақстанның  төл 
Ата  Заңы  қолданысқа  енгенге  дейін  өмір  сүрді.  Елдің  егемендігін 
танытатын  1993  жылғы  тұңғыш  Конституция  мемлекетіміздің 
тәуелсіздігін ең жоғарғы заң тұрғысында саяси-құқықтық сипатта алғаш 
бекіткен құжат еді.  
Бұл тұңғыш  Коституцияның мемлекет тарихында алатын орны 
туралы  Елбасы  «Қазақстан  жолы»  атты  кітабында  былай  деп  жазады: 

326 
 
«Тәуелсіздігімізді  алғаннан  кейін  бізге  бүгінгі  өмір  шындығымен  және 
алдағы  уақытпен  бірге  қадам  басып,  өткен  ұрпақтың  іс-тәжірибесі  мен 
жарқын  болашаққа  деген  сенімді  жинақтаған  Негізгі  Заң  қажет  болды. 
Тәуелсіз  Қазақстанның  Конституциясы  ашық  және  демократиялық 
қоғам  орнатудың  негізгі  принциптерін  баянды  етуге  тиіс  болатын».  [3] 
Осылайша,  1993  жылы  қабылданған  Қазақстан  Республикасының 
алғашқы  Конституциясы  егемендік  тарихындағы  ең  демократияшыл 
құжат  болып  табылған  еді.  Алғашқы  Конституцияның  мәні  мен 
маңызына  келетін  болсақ,  бұл  құжат  Президенттің  көрсеткен  мақсаты 
бойынша  төрт  басты  мәселеге  жауап  беруі  және  соған  жағдай  жасауы 
тиіс болатын. Оның біріншісі – мемлекеттік билікті басқарудың барлық 
жүйесін  нығайту,  екіншіден  –  экономикалық  реформаны  жүргізе 
отырып,  елді  сол  кездегі  терең  дағдарыстан  шығару,  үшіншіден  –  жас 
мемлекеттің  сыртқы  саясатын  қалыптастыру,  төртіншіден  –  ішкі  саяси 
тұрақтылықты  қамтамасыз  ететін  заңдық  негіздерді  Ата  заңда  көрсету. 
Алайда,  жоғарыда  қамтылған  төрт  мақсатты  шешіп  беретін  баптар 
әуелгі  тұңғыш  Конституцияның  жобасында  барынша  қамтылмады. 
Президент  Н.Назарбаев  та  бұл  ретте  тұңғыш  Конституция  жобасы 
әуелден-ақ  еліміздегі  саяси,  әлеуметтік-экономикалық  үдерістен  алшақ 
қалғанын  алға  тартады.  [4]    Сөйтіп,  уақыт  өте  келе,  заман  ағымы  мен 
сұранысына  қарай,  Бас  заңымыздың  кейбір  тұстары  нарықтық 
қоғамдағы  өзгерістерге  сәйкес  болмай  шыққаны  байқалды. Сондықтан 
да арада екі жыл өткенде 1995 жылы қазіргі Негізгі заң – Конституция 
қабылданды.  
Елдегі  саяси  өзгерістерге  орай,  сол  жылы  Президент  Н. 
Назарбаевтың  бастамасымен  сарапшылар  тобы  құрылып,  олар  әлемнің 
көптеген  елдерінің  Конституцияларын,  әсіресе  ХХ  ғасырдың  екінші 
жартысында  қабылданған  Негізгі  Құжаттарды  мұқият  сараптаудан 
өткізді.  Сарапшылар  тобының  ғалымдары,  саясаткерлер  ғана  емес,  бұл 
іске  Елбасы  да  етене  араласты.  Тіпті,  осы  істің  тізгіні  Мемлекет 
басшысының  қолында  болды,  Президент  те  бұған  барынша  жан-жақты 
дайындықпен 
келді 
десек 
жаңылмаспыз.  
        «Біз  үшін  дамудың  әртүрлі  сатыларында  тұрған,  сан  алуан 
әлеуметтік-мәдени,  ұлттық  және  басқа  да  ерекшеліктері,  әртүрлі 
құқықтық  жүйесі  бар  елдердің  Конституциясы  басты  мәселені  – 
тұрақтылықты  нығайтудағы,  халықтың  әл-ауқатын  жақсартудағы  және 
демократияны  дамытудағы  қол  жеткен  табыстарын  ұғыну  маңызды 
болды.[5]    
1995  жылғы  Конституцияны  талқылау  кезеңінде  еліміздегі 
беделді  заңгерлерден  бөлек,  Францияның  Конституциялық  кеңесінің 
өкілдері,  осы  елдің  Мемлекеттік  Кеңесінің  мүшелері,  Ресей  зерттеу 

327 
 
орталығының  ең  беделді  заңгерлері  жобалық  жұмыстың  жоғары 
талқылау  шараларына  атсалысты.  Айта  кетейік,  тәуелсіздік  тарихында 
тұңғыш  рет  бүкілхалықтық  талқылауға  салынған  да,  елдің  көптеген 
пікірі  ескерілген  Негізгі  Заң  да  осы  –  1995  жылы  қабылданған 
Конституция.  Қазір  келтіріліп  жүрген  ресми  мәліметтерге  қарасақ, 
құжатты  талқылауға  3  млн.  345  мың  адам  қатысыпты.  Жұртшылық 
тарапынан  сарапталған  31  мың  886  ұсыныс  түссе,  соның  1  мың  100-і 
конституция  жобасына  енгізілген.  Бұл  жөнінде  Елбасы:  «1995  жылғы 
Конституция  тақыр  жерде  пайда  болған  жоқ.  Ол  егемен  Қазақстанда 
конституциялық  құрылыс  орнату  үшін  бұрыннан  жинақталған 
тәжірибелерді,  сондай-ақ  біздің  жағдайымызға  сәйкес  келетін  ең 
прогресшіл  шетелдік  тәжірибелерді  барынша  толық  пайдаланған  еді. 
Сондықтан  да,  кімде-кім  еліміздің  Негізгі  заңының  рухы  мен  маңызын 
терең түсінгісі келсе, оны жасаудың, қалыптастырудың тарихын жақсы 
білуі 
керек», 

деген 
болатын.  
Сөйтіп,  Тұңғыш  Президенттің  өзі  бастама  әрі  ынталылық  жасап,  сол 
кездері  Еуропа  мен  Азияның,  Солтүстік  және  Латын  Америкасының 
барлығы 
20-дан 
астам 
дамыған 
және 
дамушы 
елдерінің 
конституцияларын  зерттеп,  саралап,  зерделеп  шықты.  Сосын  1994 
жылы өз қолымен Әділет министрлігіне жаңа конституцияның жобасын 
тапсырған болатын. Нақ осы үлгі-жоба бүгінгі Ата заңымыздың негізін 
қалаған еді.  
Ендеше,  1995  жылы  қабылданған  Конституцияның  да  басты 
авторы  –  Қазақстан  халқы  мен  оның  Тұңғыш  Президенті  –  Елбасы 
Н.Назарбаев деп толық сеніммен айтуға болады.1995 жылы 30 тамызда 
елдің  жаңа  Конституциясын  қабылдау  жөнінде  бүкілхалықтық 
референдум  өтіп,  оған  сайлаушылардың  90,58  пайызы  қатысты. 
Олардың  89,14  пайызы  жаңа  Конституцияның  қабылдануын  қолдады. 
Конституция барлық қазақстандықтардың ой-пікірін есепке ала отырып 
жасалған  құқықтық-саяси  құжат  болды.  Өйткені,  Конституцияны 
қалыптастыруға  қалың  қазақстандық  жұртшылық  тікелей  қатыса 
отырып, 
республикалық 
референдумда 
қабылданды.  
Осылайша,  дүниеге  келген  Конституция  тәуелсіз  мемлекет  ретінде 
дамуымызға  даңғыл  болып,  елдің  бетке  алған  бағдарының  тұтастай 
бөлігін  қамтып  отыр  десе  де  болады.  Алайда,  заман  ағымына  қарай 
Негізгі  заңымыздың  өзгеріске  ұшырауын  да  ешкім  жоққа  шығара 
алмасы  анық.  Дегенмен,  қазіргі  һәм  өмір  бойғы  басты  міндетіміз  – 
Қазақстан  Тәуелсіздігінің  тірегіне  айналған  Конституцияны  қатаң 
ұстану.  Яғни,  басты  талап  –  Ата  Заңымыз,  Конституцияны  құрметтеп 
қорғау,  ал  оның  маңыздылығын  жоғалтпай  сақтау  республикамыздың 
әрбір 
азаматының 
міндеті 
мен 
парызы 
болуы 
тиіс. 

328 
 
         Екіншіден,  қолданыстағы  Конституция  республика  өмірінде 
экономикалық қана емес, саяси өзгерістерге де жол ашты. Қос палаталы 
кәсіби  Парламенттің  жасақталуы  да  соның  жарқын  айғағы.  Түйіндей 
айтсақ,  1995  жылы  қабылданған  Ата  Заң  мемлекеттің  шұғыл 
бетбұрысын 
қамтамасыз 
етіп, 
Қазақстанның 
қазіргі 
жеткен 
жетістіктерінің бірден-бір кепілі бола алды. Оны дәлелдеп жатудың өзі 
де 
артығырақ. 
         Сосын  бұл  Конституция  мемлекеттік  биліктің  біртұтастығын 
бекіте  отырып,  оны  шашыраңқы  күйден,  біртұтас,  жұмылған 
жұдырықтай  жүйеге  айналдырды.  Мемлекеттік  билік  органдарының 
халық алдындағы жауапкершілігін күшейтті.  
Халық  пен  мемлекеттің  арасындағы  коммуникативтік  күшке 
айналды.  
Әлбетте,  Конституцияның  қоғам  өміріндегі,  еліміздің  тарихындағы 
орны бөлек. Биыл ел болып жиырма жылдығын атап өтіп отырған біздің 
Ата  Заңымыз  өз  өміршеңдігін  көрсетті.  Конституция  қағидаттарына 
сәйкес, еліміздің демократиялық жолмен даму бағыты айқындалды.  
Құқықтық  мемлекет  қалыптастыру  қағидалары  қоғамда  және 
азаматтардың  санасында  түпкілікті  бекітіліп,  өз  жемісін  беруде.  Ең 
бастысы,  Қазақ  елінде  кейбір  көршілеріміздегідей,  «ертеңіміз  қалай 
болады»  деген  үрей  жоқ,  араб  елдеріндегідей  тығырыққа  тірелтетін 
дағдарыстардан  да  аулақпыз.  Ал  ондай  дағдарыстар  туындауының  бір 
негізі  конституциялық  қайшылықтардан,  даму  бағытын  айқындаудың 
олқылығынан  туындап  жатқаны  да  белгілі  болып  жатыр.  Керісінше, 
қазақ  даласында  орта  қол  шаруасын  айналдырған  халықтың  ақжарқын 
жүзі мен ертеңге деген сенімін байқаймыз.[7]    
Осының бәрі қолданыстағы Ата Заңды арқау ете отырып, оның 
ережелерінен  еш  ауытқымай,  елге,  халыққа  қызмет  етіп  отырған 
Тұңғыш Президент – Елбасының сабырлы конституциялық саясатының 
арқасы.  Ең  бастысы,  Қазақстан  мемлекеттігінің  нығаюына,  еліміздің 
дамуына,  халқымыздың  өсіп-өркендеуіне  негіз  қалап  берген 
Конституция  Тәуелсіздігімізді  тұғырлы  етуге  де  әлеуетті  екенін 
танытып  отыр.  Ендеше,  әрбір  қазақстандық  Ата  Заңымызды  сыйлап, 
құрметтей білсе, сол игі!  
Каталог: docs
docs -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Гуманитарлық Ғылымдар кәсіби қҰзыреттіліктің негізінде студенттердің Өзіндік әрекет ету дайындығын қалыптастыру
docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
docs -> C m y k газет 2008 жылдың қазан айынан бастап шығады
docs -> Жылдық есебі кафедраның тәрбие жетекшілерінің жұмысы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет