Отдел науки и международных связей студенческое научное общество



жүктеу 2.81 Mb.
Pdf просмотр
бет31/31
Дата29.12.2016
өлшемі2.81 Mb.
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

Литература 
1.Журсимбаев С. К. Прокурорский надзор в Республике Казахстан
Учебник. Алматы, 2010. С. 109  
2.Черников В. В. Правоохранительные органы: Учебник. 2-е изд. М.: 
Проспект, 2012. С. 136 - 137. 
 
 

365 
 
САЯСИ РЕФОРМАЛАУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ 
СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ: БАҒЫТТАРЫ МЕН 
МАЗМҰНЫ 
 
ПІРЖАНОВ Б.Н. 
Алматы университеті,    «Құқықтану»  мамандығының студенті 
Ғылыми жетекшісі: МОЛДАБЕКОВА З.С. 
Алматы университеті з.ғ.м., аға оқытушысы 
 
Қазақстан  егеменді  мемлекет  болып  қалыптасуында  бірнеше 
саяси жүйені реформалау   кезеңдерінен өтті. Саяси жүйені реформалау 
нәтижесі  көп  жағдайда   мемлекеттің  стратегиялық  бағытының  
дұрыстығы  мен  көлеміне  тәуелді  болып  табылады.  Тәуелсіз 
Қазақстанның саяси  даму стратегиясын  даярлау мен жүзеге  асырудағы 
жауапты  да  қажырлы  еңбектің  арқасында  елімізде  демократиялық, 
зайырлы,  құқықтық  және  әлемге  ашық  мемлекет  құрылды.  Қоғамды 
пәрмендi  саяси  реформаның  арқасында  жаңа  саяси  институттар: 
парламент,  саяси  партиялар,  қоғамдық  қозғалыстар,  Ассамблеялар 
дүниеге 
келiп, 
1993 
және 
1995 
жылдары 
республиканың 
конституциялары  қабылданды,  көптеген  елдер  1992  жылдан  берi  БҰҰ 
деңгейiндегi  мемлекетiмiздi  мойындап,  өз  елшiлiктерiн  аша  бастады. 
Сол  сияқты  бiздiң  мемлекетiмiздiң  елшiлiктерi,  өкiлдiлiктерi  көптеген 
елдерде  ашылып,  нағыз  тәуелсiз  мемлекеттердiң  толық  атрибуттарын, 
қасиеттерiн иемденді. 
Белгілісі,  ұзақ  мерзімге  белгіленген  саяси  жаңғыртудағы 
стратегиялық  міндеттерді  шешуде  кедергілер  мен  қиыншылықтар  да 
кездесті.  Дегенмен,  Президент  Н.Ә.  Назарбаевтың  ұстанған  саяси 
стратегиялық  бағытының  тиімділігі  нәтижесінде  Қазақстанның  саяси 
жүйесі даму жолына түсіп, халықаралық қауымдастықтың оң бағасына 
ие болды. Бұл жөнінде Н.Ә. Назарбаев «Мемлекетіміз бен қоғамымызды 
құрудың дұрыс стратегиясын таңдап алудың өміршең мәні бар. Екшеле 
талданып жасалған стратегиялық жоспар назарды жинақтайды, тәртіпке 
жұмылдырады және жәрдемдеседі» [1], – деп атап көрсеткен болатын. 
Еліміздегі  саяси  даму  стратегиясының  негізгі  бағыттары 
«Қазақстанның  егемен  мемлекет  ретінде  қалыптасу  және  даму 
стратегиясы» (1992 ж.),  «Қазақстан-  2030. Барлық қазақстандықтардың 
өсіп-өркендеуі,  қауіпсіздігі  және  әл-ауқатының  артуы»  стратегиялық 
бағдарламасы  (1997  ж.),  «Қазақстан  Республикасының  2020  жылға 
дейінгі  стратегиялық  даму  жоспары»  (2010  ж.),  «Қазақстан-  2050. 
Стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»    (2012  ж.) 
сияқты  бағдарламаларда  айқындалған.  Сонымен  бірге,  еліміздің  саяси 

366 
 
даму  бағыттары  ҚР  Президентінің  жыл  сайынғы  Қазақстан  халқына 
арналған  жолдауларында  және  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының 
отырыстарында  сөйлеген  сөздерінде  жан-жақты  талданып,  одан  әрі 
дамыту  жолдары  ұсынылып  отырылады.  Президенттің  «Ғасырлар 
тоғысында»  (1996  ж.),  «Тарих  толқынында»  (1997  ж.),  «Сындарлы  он 
жыл»  (2002  ж.),  «Тәуелсіздік  белестері»  (2003  ж.),   «Қазақстан  жолы» 
(2007  ж.)  атты  кітаптары  еліміздегі  саяси  жаңғыртудың  ауқымы  мен 
бағытын  ұғынуға,  сондай-ақ  мемлекеттік  саясат  пен  еліміз  дамуының 
стратегиялық  жоспарындағы  негізгі  басымдылықтарды  анықтауға 
мүмкіндік береді. 
Қоғамдық-саяси  тұрақтылық  уақыт  бойынша  тұрақты  және 
өзгеріссіз болмайды. Бұл объективті және субъективті факторлар ықпал 
ететін  қолдан  жасалған  процесс.  Қазақстанның  20  жылдан  аса 
әлеуметтік күйзеліссіз және этноконфессиялық шиеленіссіз болуы – бұл 
сөзсіз  ел  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  пен  оның  командасының  зор 
еңбегінің,  өздерінің  саяси  шешімдерінде  саясатта  маңызы  зор  саяси 
көрегендік  қабілеттеріне   ғана  емес,   сондай-ақ  саяси  жаңғыртудың 
болжамдық  нұсқаларын  құрастыру  мен  жағымды  және  жағымсыз 
сәттерді  қатал  есептеуге  негізделген  салауатты  прагматизмге  де 
сүйенулері болып табылады. 
Н.Ә. Назарбаевтың:  «Айқын мақсатсыз адам да, билік жүргізуші 
құрылым  да,  қоғам  да  өмір  сүре  алмайды.  Саналы  мұратсыз,  асқақ 
армансыз  өмір  сүретін  адамдар  ұсақ,  тоғышарлық  мүдде,  жеке  бастың 
бір  сәттік  материалдық  пайдасын  ойлау  стихиясы  сөзсіз  арбап  алады. 
Сөйтіп, соның салдарынан қоғамдық азғындау басталады. Бүгінде біздің 
қоғамымыздың бағытын көруге, оқиғаны болжап білуге, түпкі мақсатқа 
қол  жеткізуге  әркімнің  сенімді  болуына  мүмкіндік  беретін  Қазақстан 
қоғамы дамуының айқын да нақты тұжырымдамасы, міне сондықтан да 
қажет» [2], –  деген сөзі бұл істің қаншалықты жауапты және аса күрделі 
екендігін көрсетеді. 
Н.Ә.  Назарбаев  елімізде  алдымен  экономика  содан  соң  саясат 
деген  принципті  ұстану  міндетін  ұсынды,  дегенмен,  қоғам  өмірінің 
барлық саласында жүргізілетін реформалар тиімділігі саяси тұрақтылық 
пен  демократиялық  қағидалардың  қоғам  өмірінің  барлық  саласы  мен 
саяси  санаға  саяси  құндылық  ретінде  енуіне  тәуелді.  Сонымен  бірге, 
экономикалық  табыстар,  қазақстандық  әрбір  отбасының  әл-ауқатының 
артуы, өмір сүру стандарттарының өсуі де саяси дамудың жаңа кезеңіне 
қадам  басуын  талап  етеді.   Қазақстанда  саяси  тұрақтылықтың 
сақталынуы, 
бұл 
мемлекеттіміздің 
даму 
кезеңдерінде 
саяси 
реформаларға  басымдық  мән  беруінің  нәтижесі  деп  санаймыз.  Бұл 
туралы  Н.Ә.  Назарбаев  саяси  жаңғыртудың  қазақстандық  жолы  мына 

367 
 
қағидатты ұстанды: «Халықтың көпшілігі қолдаған қазақстандық жол – 
сызбаны  көз  жұма  көшіре  салу  емес,  өзіндік  жолды  іздеуге  ұмтылу. 
Мұнда  біз  басшылыққа  алатын  басты  қағида  –  қан  мен  хаосқа  толы 
демократия  бізге  керек  емес.  Біздің  демократиямыздың  негізі  –  саяси, 
әлеуметтік және халықаралық тұрақтылық» [3]  – деп жазады. 
Егеменденудiң  қазақстандық  нұсқасының  негiзгi  ерекшелiгi  – 
бейбiтшiлiк  және  эволюциялық  жолды  таңдауы,  бұл  жалпыадамзаттық 
тұрғыдан 
алғанда 
үлкен 
жетiстiк 
болатын. 
Өйткенi 
адам 
құрбандылығын  арқалаған  тарихи  өзгерiстер  руханилық,  әдiлеттiлiк 
әлемiнен алыс жатқан iс-әрекеттер болып табылады. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың 
еліміз  егемендікке  ие  болған  бойда  «Қазақстанның  егеменді  мемлекет 
ретінде  қалыптасуы  мен  дамуының  стратегиясы»  атты  концептуалды 
еңбегі  жарық  көрді.  Саяси  жаңғыртудың  стратегиялық  жоспары  мен 
тактикалық  әрекеттері  белгіленген  осы,  алғашқы  стратегиялық 
бағдарламада  саяси  сала  бойынша  мынадай  басым  мақсаттарды  шешу 
міндеттері ұсынылды: 
жас  тәуелсіз  мемлекеттің  күшті  президенттік  республиканы 
қалыптастыру  бағыты  бойынша  дамуы,  президенттік  билікке  кезек 
күттірмейтін мәселелерді шешу үшін топтасуға және ырымшыл-жарты-
кештердің  ақыл-кеңестері  мен  ізденулеріне  көңіл  бөлмей,  қысқа 
мерзімде алғашқы кезектегі реформаларды жүргізуге мүмкіндік беру; 
демократиялық  қайта  құруды  тереңдететін  және  көпұлтты 
қоғамды  біріктіретін,  жаңа  саяси  жетекшілер  мен  қызметкерлерді 
ұсынатын көппартиялық жүйені құру; 
негізгі  саяси  мақсат  тиімді  экономикалық  реформалар  үшін 
қажетті тұрақтылықты қалыптастыру; 
Қазақстанның  егемендігі  мен  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ететін 
әскери-саяси  және  экономикалық  теңгерімнің  көп  жақтылығы  мен 
әртүрлілігін геосаяси өзін-өзі анықтау үшін сақтау; 
адам  құқығы  мен  демократиялық  бостандықты  сақтау  негізінде 
Қазақстанның  әлемдік  аренадағы  саяси  салмағын  арттыру.  Жаңа 
дүниеге  келген егемендi ел  үшiн тұрғындарды барынша  бiрiктiре  түсу, 
әрбiр  азаматының  құқығы  мен  еркiндiгiн  қорғауға  бет  бұру  –  маңызы 
үлкен саяси басымдылыққа айнала бастады; 
Қазақстанның қолайлы геосаяси жағдайын әлемдік шаруашылық 
байланыстарға кіру технологиясына пайдалану. 
Сонымен  бірге,  стратегия  негізінде  тәуелсіз  Қазақстан  тарихын-
дағы  тұңғыш  рет  қарулы  күштер,  дипломатиялық  және  кедендік 
қызметтер  секілді  мемлекеттік  институттар  қалыптастырылды. 

368 
 
Мемлекеттік  шекараны  айқындап,  нығайту  жөнінде  шаралар 
қабылданды. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  1996 
жылы  елдегі  реформа  туралы   «Қазақстан   тәуелсіз,  егемен  мемлекет 
ретінде орнықты, бейнелеп айтқанда,  дүниежүзінің саяси картасынан өз 
орнын тапты. Мемлекеттілікті нығайту мен күшейту мәселелерін шеше 
отырып,  ұлтаралық  келісімге,  саяси  тұрақтылыққа,  демократиялық 
үрдістердің дамуына, жаңа  саяси инстиуттардың қалыптасуына ерекше 
маңыз  бердік  және  береміз.  Елімізде  азаматтық  құқықтар  мен  адам 
бостандығына басымдылық берілген» [4]   – деп жазған болатын. 
«Қазақстан-2030»  Президенттік  стратегиясы   ұлттық  бірлік  пен 
әлеуметтік  әділеттілік  орнаған,   халқының  экономикалық  әл-ауқаты 
жетілген, тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін 
орнатудың теориялық-әдіснамалық базасын және оған жетудiң жолдары 
мен  әдiстерiн  айқындаған  құжат.  «Қазақстан-2030»  стратегиясының 
жеті  ұзақмерзімді  басымдылықтары:  ұлттық  қауіпсіздік;  ішкі  саяси 
тұрақтылық  пен  қоғамның  бірігуі;  экономикалық  даму;  денсаулық  пен 
білім  беру  және  барлық  қазақстандықтардың  әл-ауқатының  жақсаруы; 
экономикалық  ресурстар;  инфрақұрылымның  дамуы;  кәсіби  үкіметтің 
қалыптасуы жүзеге асырылды. 
«Қазақстан-2030»  стратегиясы  еліміздің  саяси  жүйесінің 
дамуына, саяси жүйенiң өзгерушi әлеуметтiк жағдайға икемдi бейiмделу 
қабiлетiнiң  жетілуіне  және  талап-қолдау  мен  саяси  шешiм-әрекет 
арасында  керi  байланыстың  тиiмдi  механизмiнiң  қалыптасуына  алып 
келді. Еліміздегі саяси дамудың мақсаты саяси институттар және ашық 
түрдегi  саяси  жүйе  арқылы  бiрте-бiрте  күрделенiп  келе  жатқан 
экономикалық және әлеуметтiк мәселелердi шешу болып табылады. 
2007  жылы  16-мамырда  Қазақстан  Республикасы  Парламенті 
палаталарының  «Қазақстанды  демократияландырудың  жаңа  кезеңі  – 
еркін  демократиялық  қоғамның  жеделдетілген  дамуы»  атты  бірлескен  
мәжілісінде  Президент  Н.Ә.  Назарбаев  мемлекеттік  басқару  органдары 
мен қоғамдық ұйымдар назарын қазақстандық қоғамды әрі қарай  саяси 
дамыту  мен  жаңғырту  міндеттеріне  аударды.  Стратегиялық  маңызды 
«Қазақстан  Республикасының  Конституциясына  өзгерістер  мен 
толықтырулар  енгізу  туралы»  заңы  негізінде  мемлекетіміздің  басқару 
жүйесін  президенттік-парламенттік  модельге   алып  келетін   жеті  бағыт 
айқындалды. Олар, төмендегілер: 
Билік  өкілеттіктері  мен  жауапкершіліктерін  қайта  бөлу. 
Президент  құзырында  болып  келген  Үкіметті,  Конституциялық  сотты, 
Орталық сайлау комиссиясын қалыптастыру Парламентке берілді. 

369 
 
Саяси  партиялардың  рөлін  нығайту.  Бұл  саяси  партиялардың 
негізгі қызметті билікті иеленуге, жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 
Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту. Мәслихаттардың өкілеттік 
мерзімін  бес  жыл  деп  белгілеу  жергілікті  органдардағы  биліктің 
тұрақтылығын  қалыптастырады.  Сонымен  бірге,  мәслихаттың  әкімге 
сенімсіздік білдіру рәсімін жеңілдетілді. 
Сот  жүйесін  жетілдіру,  мұнда  судья  қызметіне  үміткерлерді 
іріктеу міндеті Жоғары сот құзырына беріледі. Бұл соттардың біршама 
тәуелсіздігі мен дербестігін қамтамасыз етеді. 
Ұлтаралық  келісімді  қамтамасыз  ету  және  Қазақстан  халқы 
Ассамблеясын  нығайту  этносаралық  тұрақтылықтың  сақталуына, 
қазақстандық патриотизмнің тамыр жаюына, халықтың этникалық қайта 
түлеуіне алып келеді. Бұл басқа ұлт өкілдерінің билік жүйесіне сенімін 
күшейтеді,  астарлы  түрде  жүріп  отыратын  этникалық  бәсекелестік 
құбылысын жалпыұлттық бірлікке қарай жетелейді. 
Азаматтық  қоғам  институттарын  одан  әрі  дамыту.  Саяси  даму, 
демократияландыру  мен  азаматтық  қоғамды  дамытпайынша  жүзеге 
аспайды. 
Азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарын  қорғау  жүйесін 
нығайту.  Елімізде  азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарына 
кепілдіктерді  ұлғайту  туралы  ұсыныс  жасалды.  Халықтың  қоғамдық 
өміріндегі рөлін көтеру қажеттілігі де айтылды [5]. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев 
«Қазақстан-2050»  Стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси 
бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында  мемлекетіміздің 
экономикалық,  әлеуметтік-саяси  дамуының  жеті  жаңа  саяси  бағытын 
белгілеп  берді:   жаңа  бағыттың  экономикалық  саясаты;  кәсіпкерлікті 
жан-жақты қолдау;  әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері;  білім мен 
кәсіби  машық;   мемлекеттілікті  одан  әрі  нығайту  және  қазақстандық 
демократияны  дамыту;  дәйекті  де  болжамды  сыртқы  саясат;  жаңа 
қазақстандық патриотизм. 
Бұл  жаңа  саяси  бағыттар  ішіндегі   мемлекеттілікті  одан  әрі 
нығайту және қазақстандық демократияны дамыту бағыты мемлекеттің 
қоғамға  қызмет  етуі  мен   саяси  қатынастарды  жетілдірудің  мына 
міндеттерін  белгіледі:  мемлекеттік  жоспарлау  және  болжау  жүйесін 
жетілдіру; басқаруды орталықсыздандыруды сауатты жүргізу; кәсіпқой 
мемлекеттік  аппарат   қалыптастыру;  мемлекеттік  аппарат  пен  бизнес-
қауымдастықтың  жаңа  өзара  іс-қимыл  жүйесін  құру;   мемлекеттің 
тәртіпсіздікке  мүлдем  төзбеушілік  принципін  ұстануы;   мемлекет  пен 
қоғамның жемқорлыққа  қарсы  күресетін бір күш  болуы;  құқық қорғау 
органдары  мен  арнайы  қызметтердің  реформасын  жалғастыру  [6].  Бұл 

370 
 
міндеттер  мемлекеттік  ұйымдардың  жауапкершілігін  арттыруға, 
мемлекеттің  қоғамға  қызмет  ету  жүйесін  жетілдіруге,  мемлекеттің 
кәсібилігін  нығайтуға  және  саяси  жүйенің  дамуына  мүмкіндік  жасауы 
тиіс.  Еліміздегі  дамудың  эволюциялық  жолына  бағытталынған 
мемлекеттік даму стратегиялары кешендік және жүйелілік сипатқа ие. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
Назарбаев 
Н.Ә. 
Қазақстан-2030. 
Барлық 
қазақстандықтардың  гүлденуі,  қауіпсіздігі  және  әл-ауқатының  артуы. 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Қазақстан  халқына  Жолдауы. 
Алматы: Білім, 1997. — 256 б. 
2.
 
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. Астана, 2007.- 372 б. 
3.
 
Назарбаев  Н.Ә.  Ғасырлар  тоғысында.  Алматы:  Өнер, 
1996. -178 б. 
4.
 
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. Астана, 2007.- 372 б. 
5.
 
«Қазақстан 
Республикасының 
Конституциясына 
өзгерістер 
мен 
толықтырулар 
енгізу 
туралы» 
Қазақстан 
Республикасының заңы // Егемен Қазақстан, 2007 жыл, 16-мамыр. 
6.
 
Назарбаев 
Н.Ә. 
«Қазақстан-2050» 
Стратегиясы 
қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты.  Ел  Президентінің 
Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2012 жыл. 
 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІН 
РЕФОРМАЛАУДЫҢ САЯСИ КЕЗЕҢДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ 
РЕФОРМАЛАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МАҢЫЗЫ 
 
СЫДЫКОВ А. 
Алматы университеті,    «Құқықтану»  мамандығының студенті 
Ғылыми жетекшісі: 

БОЛСАМБЕКОВ Н.А., 

МОЛДАБЕКОВА З.С. 
Алматы университеті, 

з.ғ.к., 

з.ғ.магистрі, аға оқытушысы  
 
Мемлекет  пен  оның  органдарының  қызметінде  басым 
бағыттардың  бірі  ретінде  адамның  және  азаматтың  құқықтары  мен 
бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін 
қамтамасыз  етуге,  Қазақстандық  қоғаммен  мемлекеттің  тұрақты  әрі 
дәйекті  дамуын,  халықаралық  аренада  Қазақстанның  қызметін 
құқықтық 
қамтамасыз 
етуге 
бағытталған 
ұлттық 
заңдарды 
қалыптастыру орын алатыны белгілі. 
Қазақстан 
Республикасы 
Конституциясының 
1-бабында 
“Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және 
әлеуметтік мемелекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы 

371 
 
-  адам  және  адамның  өмірі,  құқытары  мен  бостандықтары”  деп  айқын 
жазылған.  Бұл  мемлекеттің  мемелекеттік  және  өзге  де  органдары 
атынан өз қызметін құқықтық нормалар, Заңның үстемдігін қамтамасыз 
ету,  жеке адамның  құқықтары  мен заңды мүдделерін қорғау, мемлекет 
пен  азамат  арасында  өзара  заңды  жауапкершілігін  белгілеу  негізінде 
жүзеге асыратытын айғақтайды. 
Көптеген мемлекеттік органдары  үшін олардың  қызмет ауқымы, 
әрине,  аталғандарды,  аса  маңызды  болса  да,  бірақ  нақты  шектелген 
міндеттер-құқық  тәртібі,  адамның  құқықтары  мен  бостандықтарын 
қорғау,  қылмыстар  мен  өзге  құқық  бұзушылықтарға  қарсы  күрес 
міндеттерін  шешумен  бітпейді,  құқық  тәртібі  мен  заңдылықты  қорғау 
жөніндегі  кейбір  функцияларды  олар  өздерінің  негізге  міндеттерімен 
қатар  жол-жөнекей  орындайды.  Құқық  тәртібі  мен  заңдылықты 
қамтамасыз етумен арнаулы органдар тобы айналысады. Оларды құқық 
тәртібін 
қорғау 
органдары, 
яғни 
Қазақстан 
Республикасы 
Конституциясымен,  басқа  да  заңнамалық  және  құқықтық  ұйымдармен 
жалпы  мемлекеттің  өмір  мен  қызмет  тәртібін  күзетуге  арналған 
органдар деп атайды. 
Құқық  тәртібін  қорғау  органдары  ұғымына  құқық  қорағау 
органдары  ұғымы  өте  жақын  келеді.  Бұл  ұғымдар  өте  ұқсас,  бірақ 
бірдей  емес.  Олар  білдіретін  органдар  тобы  сай  келмейді.  Құқық 
тәртібін  қорғау  органдарының  барлығы  бірдей  құқық  қорғау  деп 
есептелмейді.  Дәл  осылайша  құқық  қорғау  қатарына  кейбір  тәртібін 
қорғау органдарын жатқызуға болмайды. 
Кез  келген  мемлекет  өмірдің  барлық  қоғамдық  салаларында, 
адамдар  арасындағы  өзара  қарым-қатынастарда  қатаң  тәртіп  пен 
сақтықты  орнатуға  мүдделі.  Онсыз  қоғамның  бірқалапты  дамуы, 
экономиканың,  мәдениеттің,  игіліктің  көтерілуі  және  халықтың 
қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес. 
Сондықтан  мемлекет  азаматтардың,  олардың  бірлестіктерінің, 
шаруашылық  ұйымдардының,  мемлекеттік  органдарының,  олардың 
лауазымды  адамдарының  құқықтары  мен  міндеттерін,  жауапкершілігін 
белгілейді.  Мемлекет  өзі  қабылдаған  заңдарды  барлық  адамдардың 
қатаң сақтауын, заңдардың талаптарын бұзушылардың заңмен жауапқа 
тартылуын әрдайым қадағалап отырады. 
Мемлекеттің  мұндай  қызметі,  яғни  заңдар  талаптарынан 
ауытқуларға  жол  бермеу  үшін  азаматтардың  құқықтары  мен 
бостандықтарын  қорғау  жөнінде,  шаруашылық  және  қоғамдық 
ұйымдардың,  мемлекеттік  органдардың  қызметіндегі  белгіленген 
тәртіпті сақтау – бақылау және қадағалау қызметі деп аталады. 
Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады: 

372 
 
а) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар 
жүргізу жолымен; 
ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен; 
б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен. 
Мемлекеттің  құқықтық  қорғау  қызметін  жүзеге  асыру  үшін 
құқықтары  мен  міндеттері  арнаулы  заңдармен  реттелініп  әр  түрлі 
органдар құрылады. 
Қазақстан  Республикасында  қандай  құқық  қорғау  органдары 
құрылған, оған мыналар жатады: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік 
органдары,  прокуратура,  әділет  министрлігі,  әр  алуан  мемлекеттік 
инспекциялар 
(өрт, 
санитарлық, 
қаржы 
және 
т.б., 
сот 
органдары,адвокатура,  нотариаттар,  кедендік  органдар,  ішкі  және 
шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі және т.б. 
Құқық  қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының 
Ішкі 
істер 
министрлігінің, 
Ұлттық 
қауіпсіздік 
комитетінің, 
Прокуратураның және Әділет органдарының құрамында әрекет етеді. 
Құқық  қорғау  қызметін  құқық  қатынастары  субъектілерінің 
санасы  мен  мінез-құлқына  заң  жүзінде  ықпал  ету  шараларының 
көмегімен  құқықтық  нормаларды  сақтау  және  дұрыс  қолдану 
жағдайларын  қамтамасыз  ету  жөнінде  заңға  және  белгіленген  рәсімге 
сәйкес жүзеге асырылатын қоғамдық – пайдалы қызмет деп сипаттауға 
болады. 
Яғни, құқық қорғау органы - адам мен азаматтың құқықтары мен 
бостандықтарының,  жеке  және  заңды  тұлғалардың,  мемлекеттің  заңды 
мүдделерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ететін, өз құзыретіне 
сәйкес  қылмыстылыққа  және  өзге  де  құқық  бұзушылықтарға  қарсы  іс-
қимыл  жөніндегі  мемлекеттің  саясатын  іске  асыратын,  заңдылықты 
қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті қолдау, құқық бұзушылықтарды 
анықтау, алдын алу, жолын кесу, тергеу, қылмыстық істер бойынша сот 
шешімдерін атқару жөнінде арнаулы өкілеттіктер берілген мемлекеттік 
орган. 
Жалпы  алғанда,  құқық  қорғау  органдары  ауқымының,  олардың 
құзіреті  мен  міндеттерінің  үнемі  өзгеріп  отыратынын  атап  өткен  жөн. 
Уақыт пен тәжірибе өз түзетулерін енгізіп отырады. 
Қазіргі  жағдайда  құқық  қорғау  органдарының  басым  міндеттері 
қоғамдағы  тұрақтылықты,  бірлікті  және  татулықты  нығайту, 
заңдылықтың  және  құқық  тәртібінің  жоғары  деңгейін  қамтамасыз  ету 
болып белгіленді. 
Құқық  тәртібін  қамтамасыз  ету  мемлекеттік  институттардың 
маңызды  функциялары  болып  табылады.  Қоғамдық  қауіпсіздік  пен 

373 
 
азаматтардың  әлеуметтік  әл-ауқаты  осы  функцияның  қаншалықты  іске 
асырылуына байланысты. 
Адам 
құқықтарын 
қорғау 
саласында 
халықаралық 
тұжырымдамалар  қатарына  қосыла  отырып,  Конституцияда  құқықтық 
және  әлеуметтік  мемлекетті  құру  принциптерін  бекіте  отырып, 
Қазақстан  құқық  қорғау  органдарының  қызметіндегі  принциптер  мен 
басымдықтарды анықтау бөлігінде өзінің бір мәнді шешімін тапты. 
Елбасы  өзінің  “Жаңа  онжылдық  –  жаңа  экономикалық  өрлеу  – 
Қазақстанның 
жаңа  мүмкіндіктері”  атты  Қазақстан  халқына 
Жолдауында  еліміздің  құқықтық  жүйесін  жетілдіру  міндеттерін 
белгіледі. 
Осы бағытта бірінші қадамдар жасалды. 
Мемлекет  басшысы  2009  жылғы  22  сәуірде  “Қазақстан 
Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті 
күшейту  және  құқық  қорғау  қызметін  одан  әрі  жетілдіру  жөніндегі 
қосымша шаралар туралы” Жарлыққа қол қойды. 
Мемлекеттік  органдар  мен  ұйымдардың  басшыларына  сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  жөніндегі  жұмыстардың  жай-күйі  үшін 
тікелей  және  дербес  жауапкершілік  жүктелді.  Сыбайлас  жемқорлыққа 
қарсы іс-қимылдың тиімді де халықаралық стандарттарға жауап беретін 
құқықтық  жүйесі  құрылып,  жеткілікті  түрде  нығайтылуда.  Сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы күрес жүйелі де кешенді сипат алып отыр. 
«Қаржы полициясы таратылып, оның жемқорлық қылмыстар мен 
құқық бұзушылықтардың алдын-алу, анықтау, жолын кесу, ашу, тергеу 
бойынша  функциялары  жаңа  құрылған  ҚР  Мемлекеттік  қызмет  істері 
және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне өтеді. Ал экономикалық 
және  қаржылық  құқық  бұзушылықтарға  қатысты  мәселелер  қаржы 
министрлігіне беріледі. 
Мемлекеттің  егемендігін,  оның  құқықтық  жүйесін  қылмысқа 
қарсы  іс-қимыл  тұрғысында нығайту  және дамыту  –  мемлекеттің және 
Қазақстан Республикасы Президентінің тұрақты қамқорлық нысанасы. 
Осыған  байланысты  Қазақстан  Республикасын  құқықтық 
мемлекет деп бекіту мемлекеттің, оның органдары мен арнайы уәкілетті 
тұлғаларының  заңдылық  пен  құқық  тәртібін,  адам  мен  азаматтың 
құқықтары  мен  бостандықтарын  қорғауды,  қылмысқа  және  өзге  де 
құқық  бұзушылықтарға  қарсы  күресті  тұрақты  әрі  дәйекті  қамтамасыз 
етуіне объективті түрде байланысты. 
Егемен  Қазақстанның  құқық  қорғау  жүйесінің  қалыптасуының 
бастапқы  кезеңінде  (1991-2001  жж.)  құқық  тәртібі  мен  сот  төрелігінің 
жаңа  жүйесіне  түбегейлі  көшу,  сол  уақыт  кезеңінде  қабылданған  ҚК, 
ҚІЖК,  ҚАК,  ӘҚБтК  шеңберінде  мемлекеттің  құқық  қорғау  органдары 

374 
 
қызметінің  ұйымдық  және  құқықтық  негіздерін  жетілдіру  жүзеге 
асырылды.  Жүргізіліп  отырған  жаңғыртумен  қатар  Қылмыстық, 
Қылмыстық  іс  жүргізу,  Қылмыстық-атқару  кодекстерінің,  Әкімшілік 
құқық  бұзушылық  туралы  кодекстің  жаңа  редакциясын  енгізу 
жоспарланып,  бүгінгі  күні  баспаға  беріліп,  жуық  арада  қолданысқа 
енгізілмекші. 
Қабылданған бағдарламалық құжаттар шеңберінде қоғамның заң 
саласын  реформалау  жүзеге  асырылды,  мемлекеттің  норма  түзушілік 
және құқық қорғау қызметін жетілдіру жалғастырылды. 
Елбасының  Жолдауында  белгіленген  басымдықтар  Қазақстан 
Республикасының 
2010-2020 
жылдардағы 
Құқықтық 
саясат 
тұжырымдамасымен  толық  үндеседі  және  еліміздің  халықаралық 
стандарттарды ұстануының ашық дәлелі болып табылады. 
Қазақстан  Республикасының  2010  жылдан  2020  жылға  дейінгі 
кезеңге  арналған  жаңа  құқықтық  саясат  тұжырымдамасын  қабылдау 
келесі  кезең  болып  табылады,  онда  құқық  қорғау  мен  сот  жүйелерін, 
сондай-ақ  құқық  қорғау  институттарын  дамытудың  негізгі  бағыттары 
айқындалды. 
Құқық  қорғау  жүйесін  қызметтің  сапалы  жаңа  деңгейіне 
шығаруға  мүмкіндік  берген  құқық  қорғау  қызметі  саласында  бірқатар 
аса  маңызды  заңнамалық  актілер,  нақты  практикалық  шаралар 
қабылданды. 
Мысалы, 2011 жылғы қаңтардың 6-сында «Құқық қорғау қызметі 
туралы» № 380-IV ҚР заңының қабылдануын айтып өтуіміз қажет. 
Қылмыстық  заңнаманы  ізгілендіру  Қазақстанның  құқық  қорғау 
жүйесін реформалауда бастапқы іс-шаралардың бірі болды. Қылмыстық 
істерді  тергеу  тәртібі  оңтайландырылды,  құқық  қорғаудың  бүкіл 
қызметін  үйлестіру  қамтамасыз  етілді,  құқық  қорғау  органдары 
құзыретінің  аражігін  нақты  ажырату  және  оларды  өздеріне  тән  емес 
функцияларды  орындаудан  арылту  жүргізілді,  құқық  қорғау 
органдарында  қызмет  өткерудің  бірыңғай  стандарттары  белгіленді. 
Мемлекет  басшысының  тапсырмасы  бойынша  құқық  қорғау 
органдарының  барлық  жеке  құрамын  кезектен  тыс  аттестаттау  жүзеге 
асырылды. 
Қол  жеткізілген  оң  нәтижелерге  қарамастан,  құқық  қорғау 
органдарының  азаматтық  қоғам  институттарымен  өзара  іс-қимыл 
деңгейі  қазіргі  заманғы  құқықтық  мемлекеттің  сапалық  сипаттамасы 
мен  міндеттеріне  жете  алмай  отыр,  бұл  тұтастай  алғанда  халықтың 
құқық қорғау жүйесіне сенімінің төмендеуіне алып келді. 
Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің 
«Қазақстан-2050» 
Стратегиясы:  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты 

375 
 
Қазақстан халқына Жолдауы құқықтық реформа процесіне айтарлықтай 
серпін  мен  нақтылық  берді,  онда  құқық  қорғау  жүйесін  жаңғыртудың 
арнаулы бағдарламасы негізінде құқық қорғау органдарын жүйелі түрде 
одан әрі реформалау міндеті қойылған. 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2012  жылғы  18 
желтоқсандағы  №  449  Жарлығымен  бекітілген  Мемлекет  басшысының 
2012  жылғы  14  желтоқсандағы  «Қазақстан-2050»  стратегиясы: 
қалыптасқан мемлекеттің жаңа  саяси  бағыты» атты  Қазақстан халқына 
Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарының 
80-тармағы  негізінде  Қазақстан  Республикасының  құқық  қорғау 
жүйесін  одан  әрі  жаңғыртудың  2014-2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік бағдарламасы  адам құқығының  бастау тұғырына айналып, 
негізгі орын алатын, әлемдік стандарттарға жауап беретін сенімді құқық 
қорғау жүйесінің құқықтық негізін қалады. 
Іске асыру мерзімі - 2014-2020 жылдар. 
бірінші кезең: 2014-2016 жылдар 
екінші кезең: 2017-2020 жылдар 
Бағдарлама  шеңберінде  құқық  қорғау  органдарының  қызметін 
бағалауды қайта қарау жоспарланады. Бұл ретте оның негізгі өлшемдері 
құқық  қорғау  органдарының  қызметіне  халықтың  сенімі  деңгейін 
айқындау болады. 
Құқық  қорғау  органдары  көрсететін  мемлекеттік  қызметтер 
стандартталатын  болады,  сондай-ақ  халықты  құқықтық  тәрбиелеу, 
құқықтық  мәдениеті  мен  құқықтық  санасын  арттыру  жөнінде  іс-
шаралар 
жүргізілетін 
болады. 
Халықтың, 
азаматтық 
қоғам 
институттарының  құқық  қорғау  органдарымен  өзара  іс-қимылының 
жаңа нысандары одан әрі дамытылады.  
Бағдарламаны  жүзеге  асыру  2020  жылға  қарай  азаматтардың 
құқықтары  мен  бостандықтарын,  қоғам  мен  мемлекеттің  мүдделерін 
қорғау,  сондай-ақ  елдегі  заңдылық  пен  құқықтық  тәртіпті  қамтамасыз 
ету  бойынша  құқық  қорғау  жүйесі  қызметінің  тиімділігін  арттыруға 
мүмкіндік  береді.  Бұл  ретте,  бүкіл  жүйенің  жұмыс  істеуі  халықтың 
сенімділігін  арттыру  мақсатында  ашықтық  пен  айқындылық  призмасы 
арқылы жүзеге асырылады. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.      Қазақстан  Республикасы  құқық  қорғау  органдарының  кадр 
саясаты тұжырымдамасы, Астана, 2013 жыл. 
2.      Қазақстан  Республикасының  құқық  қорғау  жүйесін  одан  әрі 
жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 
Астана, 2013 жыл. 

376 
 
3.      Құқық  қорғау  қызметі  туралы  Қазақстан  Республикасының 
2011  жылғы  6  қаңтардағы  №  380-IV  Заңы  (2012.27.04.  берілген 
өзгерістер мен толықтырулармен). 
 
 
ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫХ ОРГАНОВ 
ПО ОБЕСПЕЧЕНЬЮ ЗАКОННОСТИ И ПРАВОПОРЯДКА И 
БОРЬБЫ С ПРЕСТУПНОСТЬЮ В КАЗАХСТАНЕ 
 
ХАМАСКАЛИЕВ Г. 
cтудент 4 курса, специальность «Юриспруденция» Университет Алматы 
Научный руководитель: МАКСУТХАН Ш.М. 
м.ю.н., ст.преподаватель Университет Алматы 
 
В  соответствии  со  ст.  4  Закона  Республики  Казахстан  "О 
прокуратуре" в целях обеспечения верховенства Конституции и законов 
Республики, защиты прав и свобод человека и гражданина прокуратура 
от  имени  государства  координирует  деятельность  по  обеспечению 
законности,  правопорядка  и  борьбы  с  преступностью.  По  данному 
вопросу  2  мая  2011  г.  издан  важный  нормативно  правовой  акт  -  Указ 
Президента Республики Казахстан N 68 "Об утверждении Положения о 
Координационном  совете  Республики  Казахстан  по  обеспечению 
законности,  правопорядка  и  борьбы  с  преступностью".  Устойчивость 
профессиональных 
связей 
между 
отдельными 
элементами 
правоохранительной системы играет немаловажную роль в нахождении 
оптимальных  стабильных  организационных  форм  обеспечения  их 
согласованной деятельности. Распространение координационных связей 
только  на  систему  правоохранительных  органов  отнюдь  не  исключает 
деловых  контактов  органов  прокуратуры  с  другими  государственными 
органами и организациями. 
В  Республике  Казахстан  этот  вопрос  решен  вполне  удачно. 
Надзорные  полномочия  прокуратуры,  входящей  в  государственный 
механизм,  наделенной  согласно  Закону  о  прокуратуре  организующей 
ролью,  не  только  придают  ее  деятельности,  в  том  числе  и  в  области 
борьбы  с  преступностью,  властно  распорядительный  характер,  но  и 
обеспечивают прокуратуру постоянными и наиболее полными данными 
о  состоянии  преступности,  какими  не  обладает  ни  один 
правоохранительный орган.  
Основная  роль  в  организации  и  осуществлении  координации 
отводится  прокурорам  -  председателям  координационных  совещаний, 
от  квалификации  и  способностей  которых  в  деле  налаживания  ее 

377 
 
планирования 
и 
проведения, 
информационно 
аналитического 
обеспечения, 
контроля 
и 
проверки 
исполнения 
намеченных 
координационных  мероприятий,  а  также  обеспечения  эффективного 
взаимодействия  с  правоохранительными  органами  между  собой  во 
многом  зависит  конечный  результат  этой  деятельности.  При  этом,  как 
справедливо  отмечают  российские  коллеги,  исходным  моментом 
организации  всей  координационной  деятельности  сегодня  становится 
адекватность в оценке реального состояния законности и правопорядка 
в стране и конкретном регионе, которая не может быть дана на основе 
аналитического материала лишь отдельно взятого правоохранительного 
органа. 
Координационные  советы  осуществляют  свою  деятельность  в 
соответствии  с  Конституцией,  законами  Республики  Казахстан, 
Положением  о  Координационном  совете  Республики  Казахстан  по 
обеспечению  законности,  правопорядка  и  борьбы  с  преступностью. 
Положение  о  Координационном  совете  Республики  Казахстан  по 
обеспечению  законности,  правопорядка  и  борьбы  с  преступностью 
утверждается Президентом Республики Казахстан.[1] 
Координация  строится  на  основе  соблюдения  законности, 
равенства  всех  участников  деятельности  при  постановке  вопросов, 
внесении  предложений,  разработке  рекомендаций  и  мероприятий, 
самостоятельности  каждого  правоохранительного  органа  в  пределах 
предоставленных  ему  действующим  законодательством  полномочий 
при  выполнении  согласованных  решений,  рекомендаций  и  проведении 
мероприятий.  При  этом  координационная  деятельность  проводится 
гласно,  в  той  мере,  в  какой  она  не  противоречит  требованиям 
законодательства РК о защите прав и свобод человека и гражданина, о 
государственной  и  иной  охраняемой  тайне.  Ответственность  за 
выполнение  согласованных  решений  несет  руководитель  каждого 
правоохранительного органа. К числу других требований следует также 
отнести  требования  о  непрерывности  и  постоянности  подобной 
координационной  деятельности,  об  осуществлении  ее  по  наиболее 
важным  и  значимым  направлениям  борьбы  с  преступностью,  о 
гарантированной обеспечения конспирации при проведении совместных 
специальных  операций,  о  подчинении  частных  (ведомственных) 
интересов общим и другие. 
Положением 
также 
определено, 
что 
координационная 
деятельность  осуществляется  в  целях  повышения  эффективности 
борьбы  с  преступностью.  Достижение  указанных  целей  предполагает 
объединение  усилий  правоохранительных  органов,  устранение 
дублирования  и  параллелизма  в  работе,  разработку  и  согласованность 

378 
 
их  действий  по  своевременному  выявлению,  пресечению,  раскрытию, 
расследованию и предупреждению преступлений, устранению причин и 
условий,  способствующих  их  совершению,  при  строгом  соблюдении 
законности. 
Координационная  деятельность  правоохранительных  органов 
направлена  на  обеспечение  всестороннего  анализа  состояния 
преступности,  ее  структуры  и  динамики,  прогнозирование  тенденций 
развития,  изучение  практики  выявления,  расследования,  раскрытия, 
предупреждения  и  пресечения  преступлений.  Результатом  таких 
действий  становится  выполнение  федеральных  и  региональных 
программ  борьбы  с  преступностью,  разработка  совместно  с,  другими 
государственными органами, научными учреждениями мероприятий по 
предупреждению  преступлений  и  иных  правонарушений,  подготовка 
предложений  по  улучшению  правоохранительной  деятельности,  по 
совершенствованию правового регулирования деятельности по борьбе с 
преступными проявлениями. 
Правоохранительный 
орган 

государственный 
орган, 
обеспечивающий  соблюдение  и  защиту  прав  и  свобод  человека  и 
гражданина,  законных  интересов  физических  и  юридических  лиц, 
государства.  
Правоохранительный орган - реализует политику государства по 
противодействию  преступности  и  иным  правонарушениям  в 
соответствии со своей компетенцией.  
Правоохранительный 
орган 

наделен 
специальными 
полномочиями 
по 
обеспечению 
законности 
и 
поддержанию 
общественного  порядка,  выявлению,  предупреждению,  пресечению, 
расследованию  правонарушений,  исполнению  судебных  решений  по 
уголовным делам;  
            К  правоохранительным  органам  относятся  органы  прокуратуры, 
внутренних 
дел, 
государственной 
противопожарной 
службы, 
антикоррупционная  служба  и  служба  экономических  расследований, 
осуществляющие 
свою 
деятельность 
в 
соответствии 
с 
законодательными актами Республики Казахстан.[2]  
Правоохранительные  органы  составляют  определенным  образом 
обособленную 
по 
признаку 
профессиональной 
деятельности 
самостоятельную  группу  органов  государства,  имеющих  свои  четко 
определенные  задачи.  Эти  задачи  состоят  либо  в  восстановлении 
нарушенного права, например в области гражданских правоотношений, 
либо  в  наказании  правонарушителя,  когда  восстановить  нарушенное 
право невозможно (при совершении некоторых преступлений, например 
при  убийстве), либо в восстановлении нарушенного права  и наказании 

379 
 
одновременно,  когда  возможность  восстановить  нарушенное  право 
имеется,  но  правонарушитель  заслуживает еще  и  наказания.  Решением 
этих  задач,  правоохранительные  органы  защищают  жизнь,  здоровье, 
имущество  граждан,  их  собственность,  собственность  государства, 
государственных,  общественных  и  частных  организаций,  защищают 
государство и его институты, природу, животный мир и т.д. 
Литература 
 
1.Закон Республики Казахстан  «О  Прокуратуре» от 21 декабря 
1995  года  №  2709  (с  изменениями  и  дополнениями  по  состоянию  на 
10.07.2014 г.) Ст.8-1 
 
2.Закон  РК  от  6  января  2011  года  №380-IV  ЗРК  «О 
правоохранительной службе». Ст.1, п.7  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

380 
 
МАЗМҰНЫ 
СОДЕРЖАНИЕ 
 
АЛҒЫ СӨЗ 
ВСТУПИТЕЛЬНОЕ СЛОВО 
 
 

 
ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІСТІҢ БАЯНДАМАЛАРЫ 
ДОКЛАДЫ ПЛЕНАРНОГО ЗАСЕДАНИЯ 
 
 
Берікболқызы Ж. 
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ӘЛЕМ - ИНТЕРНЕТКЕ ТӘУЕЛДІЛІК  
 

Қабдырахманова А. 
ӨЗІНДІК ЖҰМЫС АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ 
ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ 
 
 

Қостанай А.А. 
ОРБҰЛАҚ ШАЙҚАСЫ 
 
13 
Маликрамова А.Р. 
СТУДЕНТ ТҰЛҒАСЫНЫҢ МОТИВАЦИЯЛЫҚ АЙМАҒЫ 
ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕСІ РЕТІНДЕ 
 
 
19 
Назарбек А.М. 
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУГЕ ПЕДАГОГ 
МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
 
25 
 
 
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ, МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ 
БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГИКАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ БІЛІМ ЖӘНЕ  
ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР 
ОБРАЗОВАНИЕ И НАУЧНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ В ОБЛАСТИ 
ДОШКОЛЬНОЙ ПЕДАГОГИКИ, ПЕДАГОГИКИ И 
ПСИХОЛОГИИ 
 
Абдраманова Г.М. 
НӘРЕСТЕЛІК СӘБИЛІК КЕЗЕҢДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
 
29 
Алемова А.Т. 
СТУДЕНТТІК ТОПТАҒЫ  ЛИДЕРЛІК 
 
33 
Амангелді А.Ғ. 
ҚЫЗДАР ТӘРБИЕСІНДЕ ЕСКЕРІЛЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР 
ТУРАЛЫ 
 
38 

381 
 
Аралбек І. 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 
ДЕҢСАУЛЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
 
44 
Асанханова Ж.Ж.  
ЕРТЕГІЛЕР АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ 
БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
 
51 
Ахметова А.А. 
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ 
САУАТТЫЛЫҒЫНЫҢ МӘНІ 
 
 
57 
Әділбекова А.Ә. 
АТА-АНАНЫҢ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ ЖҰМЫСТАРЫНА 
ПЕДАГОГТАРДЫҢ БАСШЫЛЫҒЫ 
 
 
63 
Баймұхан Ұ.Д. 
ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕДЕГІ ЭТНИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ 
ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА ТӘРБИЕЛЕУ 
 
 
66 
Баяхан Қ.С. 
ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА КӘСІБИ БАҒДАР 
БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
 
71 
Бексұлтанова Р. 
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ТҰЛҒАСЫНЫҢ СИПАТЫ 
 
74 
Даулетшина М. 
БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ  КӘСІБИ  ДАЯРЛЫҒЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
 
79 
Жақсылықова Ә.Р. 
МЕКТЕП  ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ 
МЕН ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ДАМЫТУШЫ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
 
 
84 
Жумабаева Д.Г  
К ВОПРОСУ О РАЗВИТИИ СВЯЗНОЙ РЕЧИ МЛАДШИХ 
ШКОЛЬНИКОВ 
 
 
88 
Зарықханова А.  
ӘЛ-ФАРАБИ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ БІЛІМ ЖӘНЕ 
ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
 
95 
Кабаш М.Е. 
ТЕРЕТИЧЕСКОЕ ОСМЫСЛЕНИЕ ПОНЯТИЙ 
«ПАТРИОТИЗМ», «ПАТРИОТИЧЕСКИЕ ЧУВСТВА» 
 
 
98 
Кабаш М.Е. 
ОСОБЕННОСТИ ВОСПИТАТЕЛЬНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ 
КЛАССНОГО РУКОВОДИТЕЛЯ В НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЕ 
 
 
103 

382 
 
Калиева Л.Ю. 
ОСНОВЫ ПСИХИЧЕСКИХ РАССТРОЙСТВ И 
ЗАВИСИМОСТЕЙ 
 
107 
Кудабаева С.А. 
ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ТИІМДІ 
ПАЙДАЛАНУ 
 
113 
Кумарова А.Д  
ПРАКТИК ПСИХОЛОГТЫҢ  ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН 
ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ЖҮЙЕСІ 
 
 
120 
Кудайбергенова Ж.А. 
КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ 
АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
 
127 
Масалимова Н.Е. 
РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР 
ОТБАСЫЛЫҚ 
ТӘРБИЕНІҢ ФАКТОРЫ 
 
 
130 
Мукушева Е.Ж. 
ОҚУҒА ДЕГЕН ЫНТАЛЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ 
ОҚУШЫ БОЙЫНДАҒЫ АУЫТҚУШЫЛЫҚТЫ 
БОЛДЫРМАУ ТӘСІЛДЕРІ 
 
 
133 
Мырзақұл А.Т. 
ОТБАСЫНЫҢ БАЛА ДАМУЫНА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 
ӘСЕРІ  
 
139 
Мырзаханова А. 
ТҰЛҒАНЫҢ ЖАН - ЖАҚТЫ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ 
ҚАЛЫПТАСУЫНА ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ӘСЕРІ 
 
 
144 
Назар М.Б. 
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ОТБАСЫНДА 
ӘЛЕУМЕТТЕНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
 
147 
Никуличева О.Н. 
РОЛЬ ПЕДАГОГА В СТАНОВЛЕНИИ ЛИЧНОСТИ 
ОБУЧАЮЩИХСЯ 
 
155 
Оразбай Ғ. 
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ -  ІЗГІЛІК 
ИДЕЯЛАРДЫҢ НЕГІЗІНДЕ 
 
 
159 
Оспанова К.Б. 
ТӘРТІБІ ҚИЫН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ҚАЗАҚ 
ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ ҚҰРАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ 
АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ 
 
 
 
162 
Рахметолла Г. 
БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ 
 
168 

383 
 
ТИІМДІЛІГІ 
Рымбеков Н.А. 
ЖЕТКІНШЕКТІК КЕЗЕҢДЕГІ АГРЕССИВТІЛІКТІҢ 
КӨРІНУ СПЕЦИФИКАСЫ ЖӘНЕ СЕБЕПТЕРІ 
 
 
173 
Самарова Р.С. 
СИНДРОМ ЭМОЦИОНАЛЬНОГО ВЫГОРАНИЯ 
 
177 
Саят С. 
ТЕМПЕРАМЕНТ ТЕОРИЯЛАРЫ 
 
185 
Секерова А. 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН 
АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ 
 
 
189 
Таласпаева М. 
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ АДАМДАР АРАСЫНДАҒЫ 
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
 
193 
Темірбекова Ж. 
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫН ТӘРБИЕ 
ЖҰМЫСЫНА ҚОЛДАНУ ЖҮЙЕСІ 
 
 
198 
Тлеубекова А. 
СТУДЕНТТЕР ОРТАСЫНДА СТРЕСТІҢ АЛДЫН-АЛУ 
ҮШІН ПСИХОПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАЛАР 
ҚОЛДАНУ 
 
 
203 
Утепбаева Ж.А. 
ЖАСТАР –БҰЛ БОЛАШАҚТЫҢ «МӘҢГІ ҚОЗҒАЛТҚЫШ 
КҮШІ» 
 
210 
Шакирова К.Р. 
СЕМЬЯ КАК МАЛЕНЬКИЙ СОЦИУМ 
 
214 
Юпитеров Р.Р. 
О КАЧЕСТВЕ СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
 
220 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

384 
 
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ ПО ЕСТЕСТВЕННЫМ НАУКАМ 
 
Алимбетова А.А. 
ТАНЫМДЫҚ ОЙЫН ТҮРЛЕРІ, ОЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУ 
ЖӘНЕ ШЕШУ ТӘСІЛДЕРІ 
 
 
222 
Алымбаев Б. 
ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ ТӨЗІМДІЛІГІН 
ТӘРБИЕЛЕУ 
 
228 
Ауельбекова С.Т. 
ГҮЛДІ  ӨСІМДІКТЕР ТҮРЛЕРІНІҢ АЛУАН ТҮРЛІЛІГІ, 
ОЛАРДЫҢ МЕКЕН ЕТУ ОРТАСЫНА ТОПСЕРУЕН ( 
ЭКСКУРСИЯ) 
 
 
233 
Бакеева А., Әлі А. 
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ДӘРІС 
САБАҚТАРЫНДА ЗАМАНАУИ АҚПАРАТТЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ 
 
 
238 
Ергеш А. 
ЖАҢА  АҚПАРАТТЫҚ  ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ  
ПАЙДАЛАНЫП,  БІЛІМ  БЕРУ  ҮРДІСІНДЕ  
ОҚУШЫНЫҢ  ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ  ҚАБІЛЕТІН  
ДАМЫТУ 
 
 
 
242 
Әлі А. 
АҚЫРЛЫ ЖИЫНДА ФУНКЦИЯНЫ ЭКСТРЕМУМГЕ 
ЗЕРТТЕУ 
 
246 
Исабаев А. 
ИНФОРМАТИКА САБАҚТАРЫНДА GROUP 
ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
 
249 
Исабек А. 
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР МЕКТЕПТЕГІ ОҚЫТУ БАРЫСЫН 
ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ 
 
 
253 
Коровникова Ю.И. 
ИЗУЧЕНИЕ ТРЕХМЕРНОЙ ГРАФИКИ В ШКОЛЕ 
 
259 
Оразгалиева С.Д. 
ПРИМЕНЕНИЕ НЕТРАДИЦИОННЫХ ФОРМ ОБУЧЕНИЯ 
НА УРОКАХ ИНФОРМАТИКИ 
 
262 
Сандыбай Ж.С. 
МАҢҒЫСТАУ ТҮБЕГІНДЕГІ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ СӘУЛЕТ 
ӨНЕРІНІҢ ТАРИХИ –ГЕОГРАФИЯЛЫҚ 
ЕСКЕРТКІШТЕРІ 
 
265 

385 
 
Сейтқазы Н.Е. 
Ө.ТІЛЕУҚАБЫЛҰЛЫНЫҢ  «ШИПАГЕРЛІК БАЯН» 
АТТЫ ЕҢБЕГІН БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА 
ПАЙДАЛАНУ 
 
 
270 
Сүйімбай Ш.Ғ. 
ЖАНУАРТАНУ САБАҒЫНДА ҚЫЗЫҚТЫ ҚОСЫМША 
МАТЕРИАЛДАР МЕН ТАНЫМДЫҚ ОЙЫНДАРДЫ 
ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ 
 
 
 
276 
Турарова А.Б. 
ХАЛЫҚТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІН 
ЖАНУАРТАНУ САБАҒЫНА ҚОЛДАНУ 
 
 
280 
 
 
ФИЛОЛОГИЯ: БҮГІН ЖӘНЕ ЕРТЕҢ 
ФИЛОЛОГИЯ: СЕГОДНЯ И ЗАВТРА 
 
Әбдішәріп Ш. 
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АНТРОПОНИМДЕРЛІҢ ӘЛЕМДІК 
БЕЙНЕСІ 
 
288 
Әліп Н.  
«ЕЛІМ-АЙДЫҢ» АВТОРЫ-ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ 
 
290 
Әшімова М.Ж. 
АБАЙ ӨЛЕҢІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 
 
295 
Байдосова Ж. 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ    ТІЛ    БАЙЛЫҒЫН      ДАМЫТУДА  
ЕРТЕГІЛЕРДІҢ РӨЛІ 
 
 
298 
Қартбаева Н. 
АЛАШТЫҢ –ІРІСІ, АБАЙДЫҢ- ІНІСІ 
 
304 
Мамырхан Д. 
ҚҰРАН ЖӘНЕ АБАЙ 
 
309 
Нұғман А. 
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ БАҚ КӨРІНІСІ 
 
314 
Сәдір А. 
ШОЛПАННЫҢ КҮНӘСІ НЕДЕ? 
 
318 
 
 
 
 
 

386 
 
ТАРИХТЫ ЗЕРДЕЛЕУ МЕН ЗЕРТТЕУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ 
ЖАҢАШЫЛ ӘДІСТЕРІ 
ИННОВАЦИОННЫЕ МЕТОДЫ ИССЛЕДОВАНИЯ В ИЗУЧЕНИИ 
ИСТОРИИ 
 
Азаматова А. 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  
КОНСТИТУЦИЯСЫНА 20 ЖЫЛ 
 
323 
Ауеспекова М.Г. 
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ 
ӨМІРДЕГІ ОРНЫ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ 
 
 
329 
Есим А. 
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ НӘУБЕТ ЖЫЛДАРЫ 
 
334 
Ескожаева М. 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨШІ – ҚОН ҮРДІСІН ЗЕРТТЕУДІҢ 
ӘДІСТЕРІ 
 
336 
Рахым М. 
МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИДІҢ "ТАРИХИ  
РАШИДИ" АТТЫ ЕҢБЕГІ  ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНАН 
ДЕРЕК  КӨЗІ 
 
 
341 
Сагдашев С. 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫМЕН ТҮРКИЯ 
АРАСЫНДАҒЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАРЫМ-
ҚАТЫНАСТЫҢ ОРНАУЫ 
 
347 
Таменов Ш. 
АЗАТТЫҚ ТАҢЫН АҢСАҒАН -АЛАШ АРЫСЫ ӘЛИХАН 
БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ТУЫЛҒАНЫНА 150 ЖЫЛ 
 
 
354 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

387 
 
ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУ – ҚОҒАМДЫҚ 
ҚАУІПСІЗДІКТІҢ КЕПІЛІ 
РЕФОРМЫ ПРАВОВОЙ СИСТЕМЫ – ЗАЛОГ 
ОБЩЕСТВЕННОГО БЛАГОПОЛУЧИЯ  
 
Бектурганова.А.Н. 
ПРОКУРАТУРА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАК 
ПРЕДСТАВИТЕЛЬ ИНТЕРЕСОВ ГОСУДАРСТВА 
 
 
358 
Идрисов Д. 
КОНЦЕПЦИИ ОСУЩЕСТВЛЕНИЯ ПРОКУРАТУРОЙ 
КООРДИНАЦИИ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ 
ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫХ ОРГАНОВ 
 
 
361 
Піржанов Б.Н. 
САЯСИ РЕФОРМАЛАУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ 
СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ: БАҒЫТТАРЫ 
МЕН МАЗМҰНЫ 
 
 
365 
Сыдыков А.  
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚҰҚЫҚ 
ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫҢ САЯСИ КЕЗЕҢДЕРІ 
ЖӘНЕ ОНЫ РЕФОРМАЛАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ 
МАҢЫЗЫ 
 
 
 
370 
Хамаскалиев Г. 
ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫХ ОРГАНОВ 
ПО ОБЕСПЕЧЕНЬЮ ЗАКОННОСТИ И ПРАВОПОРЯДКА 
И БОРЬБЫ С ПРЕСТУПНОСТЬЮ В КАЗАХСТАНЕ 
 
 
 
376 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

388 
 
 
 
 
 
«БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ 
МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ» 
атты  студенттер мен жас ғалымдардың  
ІІ-ші Республикалық ғылыми-практикалық  конференциясының 
М А Т Е Р И А Л Д А Р Ы 
 
 
 
 
 
М А Т Е Р И А Л Ы 
II- ой Республиканской научно-практической конференции  
студентов и молодых ученых 
«ФОРМИРОВАНИЕ НАУЧНО-ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКОЙ 
КУЛЬТУРЫ БУДУЩИХ СПЕЦИАЛИСТОВ»  
 
 
Жауапты редактор / Отвественный редактор: 
Кариев А.Д. 
 
 
 
Басуға 10.05.2016 ж. 
Әріп түрі Times 
Пішім 29,7 х 421/4  Офсеттік қағаз. 
Шартты баспа табағы 13,7 
Таралымы 500 дана 
 
 
 
 
Алматы қаласы, Ақсай – 4 ықшам ауданы, 73/4 үй. 
Тел: 8 701 429 12 82 
«ЖС Тантеев» баспаханасында басылды. 

Document Outline

  • page321
  • image11429310

Каталог: docs
docs -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Гуманитарлық Ғылымдар кәсіби қҰзыреттіліктің негізінде студенттердің Өзіндік әрекет ету дайындығын қалыптастыру
docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
docs -> C m y k газет 2008 жылдың қазан айынан бастап шығады
docs -> Жылдық есебі кафедраның тәрбие жетекшілерінің жұмысы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет