Отдел науки и международных связей студенческое научное общество



жүктеу 2.81 Mb.
Pdf просмотр
бет6/31
Дата29.12.2016
өлшемі2.81 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

Пайдаланылған әдебиеттер 
1.Н.Ә.Назарбаев.  «Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  Жолдауы.-
Астана, 2007 ж 28 ақпан. 
2. Ғабдуллин. М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті.-Алматы, 2011 
3.  Монахов  В.  М.  Концепция  создания  и  внедрения  новой 
информационной технологии обучения. -М., 1973.   
4. Әбілова З. Этнопедагогика.-Алматы, 1997 
 
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ 
САУАТТЫЛЫҒЫНЫҢ МӘНІ 
 
АХМЕТОВА А.А. 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, әлеуметтік 
педагогика және өзін-өзі тану мамандығының магистранты 
Ғылыми жетекшісі: СЛАМБЕКОВА Т.С. 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 
профессоры м.а., п.ғ.к. 
 

58 
 
Қазіргі  уақыт  білім  беру  жүйесіне  жаңа  талаптар  қоюда.  Осы 
уақытқа  сәйкес  талаптар  мемлекетіміздің  басты-басты  құжаттарында 
көрініс  ала  отырып  оларды  орындауға  өкілетті  органдарға  нұсқау 
берілген.  Осындай  өзекті  талаптың  бірі  білім  алушылардың 
функционалды  сауаттылығын  дамыту  мәселесі  мақсаты  -  «жеке 
тұлғаның қажеттілігін қанағаттандыратын және білім беру саласындағы 
үздік  әлемдік  тәжірибелерге  сай  келетін  жоғары  білім  сапасының 
жоғары  деңгейіне  қол  жеткізу,  ҚР  зияткерлік,  дене  бітімі  және  рухани 
дамыған  азаматын  қалыптастыру,  тез  өзгеретін  әлемде  оның  табысты 
болуын  қамтамасыз  ететін  білім  алудағы  қажеттілігін  қанағаттандыру, 
еліміздің  әл-ауқаты  үшін  бәсекеге  қабілетті  адами  қабілетті  дамыту, 
әлемдік білім беру кеңістігіне бірігу» болып табылатын ҚР 2011-2020 ж. 
арналған  білім  беруді  дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасында 
тұжырымдалған [1]. 
Елбасы  Н.Назарбаевтың  2012  ж.  27  қаңтарындағы  «Әлеуметтік-
экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты» 
жолдауында  тиімді  білім  беру  жүйесін  құру,  оқыту  үдерісіне  заманауи 
әдістемелер мен технологияларды енгізу және педагогикалық құрамның 
сапасын  арттыру  міндеттері  көзделген  [2].  Жолдауды  жүзеге  асыру 
мақсатында  өкіметтің  қаулысымен  (25  маусым,  2012  ж.  №832)  2012-
2016 
ж. 
аралығында 
мектеп 
оқушыларының 
функционалды 
сауаттылығын дамытудың ұлттық жоспары қабылданған [3].   
2012  жылғы  ҚР  БҒМ  мәлімдемесіне  қарағанда  Қазақстан 
сауаттылық  деңгейі  бойынша  әлемнің  177  елі  арасында  14  –  орында 
делінген.  2020  жылға  қарай  Қазақстанда  компьютерлік  сауаттылық 
деңгейін 80 пайызға жеткізу жоспарланған. Және аталған өте маңызды 
міндеттерді  шешу  барысында  мемлекет  үшін  жеке  тұлғаның 
функционалдық басты сапаларына белсенділік, стандартты емес шешім 
қабылдау,  шығармашылықпен  ойлау,  кәсіби  жолыңды  дұрыс  таңдау, 
өмір бойы оқуға дайындық жатады. Осы функционалды дағдылар білім 
беру жүйесінде қалыптаспақ. 
ХХ  ғасырдың  ортасынан  бастап  сауаттылық  мәселесі 
халықаралық  ұйымдар  назарына  іліге  бастады,  1990  жыл  ЮНЕСКО 
тарапынан  Халықаралық  сауаттылық  жылы  болып  жарияланса,  2002 
жылы  БҰҰ  2003-2012  жылдар  аралығын  сауаттылықтың  он  жылдығы 
деп жарияланған. 
Қазіргі ғылыми зерттеулерде «сауаттылық» ұғымы мазмұнына іс-
әрекеттік 
аспектінің 
кіріктірілуіне 
байланысты 
кеңейтіліп 
қарастырылғандықтан 
«функционалдық 
сауаттылық» 
түсінігі 
туындаған. 

59 
 
Сауаттылық  –  дәстүрлі  тұрғыда,  адамның  белгілі  мөлшерде  оқи 
алуы  мен  жаза  алуы.  Оқи  алу  мен  жаза  алудың  пайда  болуы  адамзат 
тарихын өзгертті. Бірақ алғашқы кезеңде адамдардың барлығы оқи алу, 
жаза  алу,  санай  алу  қабілетіне  ие  болмады.  Өркениет  дамыған  сайын 
жазуға,  оқуға,  санауға    деген  қажеттілік  арта  түсті,  білім  қоғам  ішінде 
кең  тарала  бастады.  Сауаттылық  күнделікті  іске  айналып,  жазу,  оқу, 
санау барлық адамға тән сапаға айналды. Бүгінде тұрғылықты халықтың 
сауаттылығы  –  олардың  әлеуметтік-мәдени  дамуының  базалық 
көрсеткішінің бірі болып табылады.  
Тегеранда 
1965 
жылы 
болған 
Халықаралық 
ағарту 
министрліктерінің  конгресінде  сауатсыздықты  жоюда  функционалды 
сауаттылық  түсінігін  енгізу  ұсынылды,  1978  жылы  түсінік  ЮНЕСКО 
тарапынан  қарастырылып  сауатты  деп  топтың  тиімді  қызмет  атқаруы 
үшін  барлық  іс-әрекет  түрлерін  атқара  алатындарды  атайтындығы 
айтылған [4]. 
Бүгінде  сауаттылыққа  (функционалды  сауаттылық)  берілген 
тұжырымдар да әр-алуан: 
Функционалды  сауаттылық  –  адамға  қоғамда  тиімді  әрекет  етуі 
үшін қажет дағдылар деңгейі. 
Сауаттылық  (функционалды  сауаттылық)  –  білім  әлеміне  ену, 
адамдардың ең алдымен өзіне емес өзгелерге қоятын талабы, білім алу 
жолы.  
Сауаттылық  (функционалды  сауаттылық)  –  ұлттың,  мемлекеттің 
немесе  адамдар  тобының  мәдени  немесе  гуманитарлық  дамуының 
өлшемі,  және  осында ғана  сауаттылық жекелей адамдардың дамуының 
өлшемі ретінде қолданылады.  
Сауаттылық  (функционалды  сауаттылық)  –  тұрақтап  қалған  
мәдениетке даму үстіндегі мәдениеттің қарсы тұруы.  
Функционалды  сауаттылық  –  тіршілікте  жинақталған  білімді, 
іскерлікті,  дағдыны  адами  іс-әрекеттің  әртүрлі  сферасында,  қарым-
қатынаста,  қоғамдық  қатынаста  кең  көлемдегі  маңызды  өмірлік 
міндеттерді шешу қабілеті.  
Функционалды  сауатты  тұлға  –  әлемдік  деңгейде  бағыт  алатын, 
қоғамдық құндылық, қызығушылыққа сәйкес әрекет ететін адам. 
Біз  сауаттылықтың  бар  екендігін  сауатсыздықты  көргенде  ғана 
байқаймыз.  Сауаттылық  мәселесі  сауатсыздықты  жоюда,  халық, 
мемлекет,  мәдениет  жоғалтып  алғандарын  қалпына  келтіруге 
талпынғанда  ғана  өзекті  болады.  Сондықтан  да  функционалды 
сауаттылықпен қоса қоғамды артқа тартатын факторлардың бірі болып 
саналатын функционалды сауатсыздық та бар.  

60 
 
Қазіргі  ақпараттық  уақытта  сауаттылық  қоғамның  барлық 
топтары  үшін  аса  қажет.  Уақыт  озған  сайын  сауаттылық  түрлері  де 
көптеп  анықталуда  (ақпараттық  сауаттылық,  техникалық  сауаттылық, 
музыкалық  сауаттылық,  медициналық  сауаттылық,  инженерлік 
сауаттылық, экономикалық  сауаттылық, экологиялық сауаттылық және 
т.б.) және де ол мәдениеттің атрибуты статусына айналуда.  
Функционалды сауаттылық түрлері: 
Жалпы  сауаттылық  (мазмұндама,  шығарма  немесе  баяндама, 
реферат  жазу,  калькуляторсыз  есептеу,  анкеталарды,  бланктерді 
толтыру және т.б.); 
Компьютерлік сауаттылық (Интернет жүйесінден ақпарат іздеу, 
электрондық  поштаны  қолдану,  мәтін  құрастыру,  оны  принтерден 
шығару).  Кейбір  деректерде  компьютерлік  сауаттылық  сандық 
сауаттылық  деп  те  аталып  жүр.  ХХІ  ғасырды  ақпараттың  көлмемінің 
ұлғаюына  сәйкес  ақпараттық  дәуір  дейміз.  Осы  ретте  пайда  болған 
сауаттылықтың  түрі  –  сандық  сауаттылық.  Ол  бірнеше  құрама 
бөлшектерден  тұрады.  Сандық  сауатты  адамды  сандық  азамат  деп 
атаған. Сандық азаматқа тән қасиеттер: ол – кибернетикалық кеңістікке 
кіруіне  мүмкіндігі  бар  адам;  ол  –  сандық  коммерцияны,  атап  айтқанда 
онлайн-дүкендерден  тауарлар  мен  қызметтер  ала  алатын,  интернет 
арқылы  интернет  картасын  пайдалана  алатын  т.б.  адам;  ол  –  интернет 
желісі  арқылы  басқалармен  байланыс  орната  алатын,  хаттарды 
тасымалдайтын қызметтерді дұрыс пайдалана алатын адам; ол – сандық 
заңдарды білетін; ол – сандық құқықтарды білетін; ол – сандық сауатты, 
демек  адам  ағзасына  инновациялық  технологиялардың  әсерін  білумен 
қатар,  интернет  арқылы  өз  денсаулығын  сақтай  алатын;  ол  –  сандық 
қауіпсіздікті  меңгерген,  демек  жеке  ақпараттарды  сақтай  және  оларды 
дұрыс пайдалана алуға қабілетті адам. 
Коммуникативтік сауаттылық (топта жұмыс жасау, басқаларды 
өзіне қарату,  
өз көңіл-күйінің жетегінде жүрмеу, мәдениетті сөйлеу және т.б.); 
Шет тілдерді меңгерудегі сауттылық (сөздікті қолдана отырып 
қиын емес  
мәтінді аудару, әр түрлі тауарлар этикеткасындағы кеңесті түсіну, 
шетелдік таныстармен тұрмыстық мәселелерді талқылау); 
Тұрмыстық сауаттылық (дүкеннен тағамдарды, қажет заттарды 
дұрыс таңдау,  
ақшалай  шығындарды  жоспарлау,  нұсқауды  қолдана  отырып  әр 
түрлі  тұрмыстық  тауарларды  қолдану,  анықтама,  карта  арқылы  таныс 
емес қалада жүру); 
Құқықтық және қоғамдық-саяси сауаттылық (өз құқығың мен  

61 
 
қызығушылығыңды  қорғау,  құқықтық,  әкімшілік  және  тәртіптік 
құқық 
бұзушылықтың 
арасындағы 
айырмашылықты 
ажырату, 
кандидаттар  мен  партиялардың  сайлау  алды  бағдарламаларымен 
танысу). 
Азаматтарының 
құқықтық 
және 
қоғамдық-саяси 
сауаттылығына  ең алдымен қоғам мүдделі.  Саяси сауаттылық  қоғамды 
адамгершілік 
құндылықтарға 
қарсы 
жүйеден 
сақтандырады. 
Мемлекетте  жастардың  саяси  сауттылығы  өздерінің  қандай  саяси 
құқықтары  мен  бостандықтары  бар  екендігін  білуге  және  оларды 
орынды  да  тиімді  пайдалана  білуге  үйретеді;  мемлекеттік  саяси 
маңызды мәселелерді шешуде (сайлау, референдум және т.б.) халықтың 
саяси  белсенділігінің  төмендемеуіне  көмектеседі;  мемлекетте  болып 
жатқан  саяси  реформаларды,  саяси  құбылыстарды  дұрыс  қабылдауға, 
түсінуге,  саяси  баға  беруге  көмектеседі;  жастардың  жаппай  саяси 
бассыздыққа,  теріс  әрекеттерге  бармауына,  олардың  бойында 
қазақстандық патриотизмді жетілдіруге, шыңдауға септігін тигізеді.  
Функционалды  сауаттылық  феноменінің  туындауы  сауаттылық 
компоненттерін  кеңейтті:  білім,  іскерлік,  дағды,  іс-әрекет  тәсілдері, 
мінез-құлықтық  пен  дүниеге  көзқарастық  сапалар.  Көптеген 
зерттеушілердің 
пікірі 
бойынша, 
функционалды 
сауаттылық 
компоненттерін  меңгеру  бүкіл  өмір  бойына  созылмақ.  Функционалды 
сауаттылық  тұрғылықты  халық  пен  мемлекеттің  жағдайымен  тікелей 
байланысты 
әлеуметтік-экономикалық 
құбылыс. 
В.В.Мацкевич, 
С.А.Крупник  шартты  түрде  функционалды  сауаттылық  деңгейін 
былайша  тұжырымдаған:  «Қазіргі  еуропалық  (азамат)  білуі  және  істей 
алуы  қажет  ...»  және  ол  әрбір  мемлекет  үшін  спецификалық  мәдениет 
пен аймақтың қалыптасуы ескеріле отырылып анықталады [5, 412]. 
Функционалды  сауаттылық  белгілі  бір  білім  беру  сатысынан 
өткен    адамдарға  берілген  мінездеме  (сипаттама).  Мұндағы  білім  беру 
белгілі  бір  сауаттылық  деңгейін  қамтамасыз  ететін  іс-әрекет  сферасы 
мен құрал ретінде қарастырылады. 1990 жылдардан  бергі зерттеулерде 
білім  беру  жүйелі  ойлау  іс-әрекеті  әдіснамасындағы  тұжырымдамаға 
сәйкес құрылымы төмендегідей 5 процестен тұрады: 
Сауаттылықты  меңгеру  процесі.  Адамның  тіршілігі  мен  іс-
әрекетіне  қатысты  ақпаратты  алу  мен  оларды  пайдалану  мүмкін  емес 
тілді, тілдік жүйені меңгеру. 
Оқыту процесі. Әр түрлі пәндер арқылы білімді, іскерлікті және 
дағдыны меңгеру. 
Дайындау  процесі.  Білімді,  іскерлікті,  дағдыны  нақты  жұмыста 
іске асыруға бейімдеу. 
Тәрбие  процесі.  Мәдени  ережелерді,  нормаларды,  ұлттық 
ерекшеліктер мен дәстүрлерді меңгеру.  

62 
 
Білім  беру  процесі,  тар  мағынада,  мақсаты  мәдениеттің  жалпы 
деңгейін  қамтамасыз  ететін  құндылықтармен,  жаңа  парадигмалармен 
таныстыру болып табылатын білім беру процесінің құрамдас бөлігі. 
Дайындау, білім беру, оқыту процестеріне қарағанда сауаттылық 
міндетті процесс және жаппай білім алу сипаты болып табылады 
Олай  болса,  бүгінгі  функционалдық  сауаттылықтың  мәні  білім 
алушыларда  мынадай  сапа-қасиеттердің  қалыптасуында:  азаматтық 
жауапкершілікке, отансүйгіштікке, толеранттылыққа, еңбексүйгіштікке, 
белсенді  өмірлік  көзқарас  қалыптастыруға  тәрбиелеу;  ұлттық 
құндылықтар 
негізінде 
оқушылардың 
тұлғалық 
қасиеттерін 
қалыптастару;  экологиялық  сауаттылықты  қалыптастыру,  табиғатқа 
ұқыптылық пен аяушылықпен қарауға дағдыландыру; денсаулық сақтау 
мен  салауатты  өмір  салтының  құндылық  пен  дүниетанымдылық 
тұрғысын қалыптастыру; жеке мүмкіншіліктері мен қабілеттерін, пәнге 
деген қызығушылығын, шығармашылық ойлауын дамыту, жаңашылдық 
іс-әрекетке  дайындығын  қалыптастыру;  ғылым  негіздерін  меңгеруде 
функционалдық  сауаттылықты  қалыптастыру;  қоғамдағы  қарым-
қатынас  мәдениетіне  тәрбиелеу,  мораль  нормаларына  дағдыландыру; 
өзін-өзі  жетілдіру  қабілеттерін  дамыту,  талдамалық  іс-әрекет 
дағдыларын  қалыптастыру;  өз  бетімен  білім  алуда  қазіргі  байланыс 
құралдарын, оның ішінде ерекше коммуникативтік-ақпараттық кеңістік 
ретіндегі  интернетті  қолдану  білігін  қалыптастыру;  мемлекеттік  және 
әлемдік тілдерді қолдануға қол жеткізу; ғылым негіздері мазмұнындағы 
қазіргі  кездегі  өзекті  мәселелерден  хабары  болуы  және  оны  шешу 
жолдарын іздеу дағдыларын қалыптастыру. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1.Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011  - 
2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасын  бекіту  туралы  7. 
12.2010. 
2.Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың 
Қазақстан  халқына  Жолдауы  «Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  – 
Қазақстан 27.01.2012ж.] 
3.2012-2016 
ж. 
аралығында 
мектеп 
оқушыларының 
функционалды сауаттылығын дамытудың ұлттық жоспары, 25 маусым, 
2012 ж.. 
4.Грамотность: жизненная необходимость. - Париж, 2005. - 505 с. 
5.Всемирная  энциклопедия:  Философия  /Главн.  научн.  ред.  и 
сост.А.А.Грицанов.-М.:  АСТ,  Мн.:  Харвест,  Современный  литератор, 
2001. - 1312с. 
 

63 
 
АТА-АНАНЫҢ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ ЖҰМЫСТАРЫНА 
ПЕДАГОГТАРДЫҢ БАСШЫЛЫҒЫ 
 
ӘДІЛБЕКОВА А.Ә. 
Қазақстан инновациялық университетінің «Психология» 
мамандығының 
1 курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: БАЗАРОВА Э.Н. 
Қазақстан инновациялық университетінің оқытушысы 
 
Қазіргі  қоғамға,  болашаққа  зерделі  де  білімді,  өз  іс-әрекетімен 
қызмет ете алатын азамат керек. Бұл ата-ана мен мектеп мұғалімдеріне 
аса  зор  міндет  жүктейді.  Ата-ана,  отбасы  ұрпақ  тәрбиесінің  бастауы 
болып келді және солай болып қала бермек. Қай заманда болмасын жас 
ұрпақтың  өнеге  тұтар  өзіндік  ұлттық  тәлім-тәрбиесі  болатыны  хақ. 
Егеменді  еліміздің  болашақ  ұрпақтарының  сана-сезімін,  ұлттық 
психологиясын,  ата-бабаларымыздың  салт-дәстүрімен  сабақтастыра 
отырып тәрбиелеу – қазіргі күннің ең өзекті мәселесі. 
Ұлттың  болашағы  –  ұрпағында  болса,  ұрпақтың  тәрбиесі  – 
отбасы  мен  ұстаз  қолында.  Белгілі  педагог  К.Д.  Ушинский:  «Баланы 
жан-жақты  етіп  тәрбиелеу  үшін  оны  жан-жақты  білу  керек»,  -  деген. 
Сондықтан  қазіргі  заманға  сай  ұрпақ  тәрбиелеу  -  ата-ана  мен  бүкіл 
қауымға парыз. 
Ұлы  жазушы  Мұхтар  Омарханұлы  Әуезовтың  «Ел  болам  десең, 
бесігіңді түзе» деген кемеңгерлік тұжырымдамасы да тәрбиенің негізі  - 
отбасында  қаланатындығын  көрсетеді.  Олай  болса  баланың  тұлға 
ретінде қалыптасуына ықпал ететін негізгі орта – отбасы. Қазіргі таңда 
отбасы  тәрбиесінің  маңызы  төмендеп  кетті.  Оның  басты  себебі:  ата-
аналардың  жұмыссыздығы,  әркімнің  бір  жұмысты  тұрақсыз  істеуі, 
әртүрлі  жат  қылықтарға  (ішімдікке,  есірткіге  құмарлығы  т.б.)  әуестігі, 
бала  тәрбиелеудегі  жауапкершіліктің  бәсеңдеуі.  Тәрбиенің  мәні  –  аға 
ұрпақтың  өз  тәжірибесін,  өз  құштарлығын,  өз  сенімін  жас  ұрпаққа 
аманат ету. 
Біздің  қоғам  үшін  әр  кезеңде,  әр  отбасында  өсіп  келе  жатқан 
өрімдей ұл-қыздардың дені сау, рухани әлемі бай, білімге құштар болып 
өсуі,  сонымен  қатар  туған  халқы  мен  Отанына  адал  болып  өсуі  ең 
жоғары  тілек,  биік  мақсат  болып  келген.  Оның  қуат  алар  қайнар 
бастауы – отбасы. 
Отбасындағы  негізгі  көзқарас  пен  тәрбие  үрдісі  қоғамның 
тәрбиелік  мақсатына,  идеялық,  адамгершілік  және  эстетикалық 
талаптарына  қаншалықты  сәйкес  келуіне  байланысты  жүзеге 
асырылады. 

64 
 
Ата-аналар отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастыру үшін оларға 
белгілі бір білімдер мен қабілеттіліктер қажет. Осы тұста Ресей ғалымы 
А.  Пинт  «Ата-аналар  балаға  жақсы  тәрбие  беру  үшін  оның  мінез-
құлқындағы  әрбір  ұсақ-түйек  өзгерістерді  байқап  білуге  қабілетті  болу 
керек.  Педагогтер  секілді  кез-келген  ата-анаға  да  педагогикалық  такт 
өте  қажет.  Олар  балаларын  суықтап  қалудан  немесе  әр  түрлі  ауруға 
шалдығудан қорғап, алдын алып жүреді де, өздерінің дөрекі сөздері мен 
әрекеттері арқылы олардың жүйке жүйелеріне кері әсер ететінін ескере 
бермейді»  дей  келіп,  бала  тәрбиесінде  ата-аналардың  бойында 
педагогикалық  байқағыштық,  педагогикалық  елестету,  педагогикалық 
такт және ұйымдастырушылық қабілеттердің болуын ұсынады. 
Бүгінгі  қоғам  алдындағы  мақсат  -  өмірдің  барлық  саласында 
белсенді  шығармашылық  іс-әрекетке  қабілетті,  еркін  тұлға  тәрбиелеу. 
Ол  үшін  бала  тәрбиесімен  айналысатын  отбасы,  балабақша,  мектеп, 
қоғам  және  жұртшылықтың  тәрбие  ісі  кіріктіріліп  жүзеге  асуы  тиіс. 
Өйткені,  отбасына  мектеп  тарапынан  білікті  көмек  қажет.  Педагогтар 
мен  ата-аналардың  өзара  әрекетінің  арқасында  ғана  оқушы  тұлғасын 
дамыту мәселелерін табысты шешуге болады. 
Отбасы мен мектептің өзара әрекетінің басты қызметтері: 
• ақпараттық; 
• тәрбиелік-дамытушылық; 
• қалыптастырушылық; 
• қорғау-сауықтырушылық; 
• бақылаушылық; 
• тұрмыстық. 
Аталған өзара әрекеттің міндеттері: 
• 
ата-аналардың 
белсенді 
педагогикалық 
ұстанымын 
қалыптастыру; 
•  ата-аналарды  педагогикалық  –  психологиялық  білім, 
біліктермен қаруландыру; 
• бала тәрбиесіне ата-аналарды белсенді қатыстыру. 
Отбасы мен мектептің өзара әрекетін ұйымдастыру жолдары: 
•  отбасының  тәрбиелік  мүмкіндігі  мен  күш  қуатын  айқындау 
мақсатында зерттеу; 
•  отбасының  адамгершілік  бағыттылығына  қарай  оларды 
топтастыру; 
•  олардың  бірлескен  әрекеттерінің  ағымдық  және  соңғы 
нәтижелерін талдау. 
Отбасы  тәрбиесі  –  көзделген  нәтижеге  жету  мақсатында  ата-
аналар  мен  жанұя  мүшелерінің  тарапына  жасалатын  ықпал 
процестерінің  жалпы  атамасы.  Зерттеу  деректеріне  сүйенсек,  отбасы  – 
бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, 

65 
 
дос-жарандары да. Отбасы  – бұл әдеп пен өнер кілті де. Жанұя қандай 
болса, онда өсіп ер жеткен адам да сондай. 
Тәрбие  отбасынан  бастау  алады.  Халық  тіршілігінде  өзінің 
өміршеңдігін  танытқан  тәлім-тәрбие  қағидалары  нәрестеге  ана  сүтінен 
дариды.  Халық  ұлттық  педагогикасының  негізгі  мақсаты  –  болашақ 
ұрпақты  адамгершілігі  мол,  инабатты,  мейірімді,  ізгілік  қасиеттерді 
бойына  сіңірген,  өз  ұлтын,  халқын  сүйетін  азамат  етіп  тәрбиелеу. 
Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрып қанат қағар ұясы, алтын 
бесігі. 
Қазіргі  отбасылар әрі сапалы, жаңа, әрі қарама-қайшы  қоғамдық 
жағдайда  дамып  келеді.  Бір  жағынан,  қоғамның  отбасының  келелі 
мәселелері  мен  қажеттіліктеріне  бетбұрысы  байқалады.  Бала 
тәрбиесіндегі отбасы маңыздылығын бекіту мен жоғарылату бағытында 
жаңа кешенді бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Екінші жағынан, 
қоғамда  отбасындағы  келеңсіз  жағдайлардың  күшеюіне  әкеліп 
соқтыратын  құбылыстар  да  байқалады.  Отбасылардың  көпшілігінің 
әртүрлі  себептен  тұрмыс-жағдайларының  төмендеуі,  ата-аналардың 
айырылысуы,  толық  емес,  яғни,  әкесі  не  шешесі  жоқ  отбасыларының 
көбеюі, отбасында балаға қамқорлық пен мейірімнің жетіспеушілігі т.б. 
Адам баласы - өмір бойы психологиялық-педагогикалық көмекке 
зәру  болмақ.  Адам  баласы  өзінің  тіршілік  ғұмыры  ұзақ  па,  әлде  қысқа 
ма  бәрібір,  оның  биологиялық  және  психикалық  қуат  күшінің  аса  мол 
қоры, сонау нәресте кезінен бастап жинақталуға тиісті. Ондай мол қуат 
бала  болмысында,  тек  еркін  де  жасқанбай  жігерлі  өскенде  ғана 
жетілмек.  Ата-ананың  қайырымы  да,  төзімді  тәрбиенің  арқасында, 
баланың  көңіл-күйі  мен  түйсік-сезімдерінің  қанағаттануы  ғана  емес, 
сонымен  қоса  оның  интеллектісінің  де  еркін  дамуына  мүмкіндіктер 
алады. 
Қорыта айтқанда, қазіргі заманғы жастарды әдепті де саналы етіп 
тәрибелеу  үшін,  тәрбие  ережелеріне  сүйене  отырып,  ұлттық 
дәстүрімізді,  дінімізді,  ата-бабамыздан  қалған  насихат  мұраларын 
балалардың санасына сіңіре білу – ата-ана міндеті деп білемін. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1.  Гриценко  Л.И.  Теория  и  методика  воспитания:  личностно-
социальный    подход:  Учеб.  Пособие  для  студ.высш.учеб.  заведений.  – 
М.: Издательский центр «Академия», 2005. С. 212-230. 
2. Иманбекова Б.И. Тәрбиеге жетекші: - Алматы, 2004. 224 б. 
3.  Курин  О.С.    «Балалар  өмірімнің  жалғасы».  Алматы,  Мектеп, 
1975. 127 б. 
 
 
 

66 
 
ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕДЕГІ ЭТНИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ 
ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА ТӘРБИЕЛЕУ 
 
БАЙМҰХАН Ұ.Д. 
Қазақстан инновациялық университеті, «Психология» мамандығының  
1 курс студенті 
Ғылыми жетекші: БАЗАРОВА Э.Н. 
Қазақстан инновациялық университетінің оқытушысы 
 
Отбасы  –  адам  үшін  ең  жақын  әлеуметтік  орта.  Отбасы  белгілі 
дәстүрлердің,  жағымды    өнегелердің    мұралар  мен  салт-дәстүрлердің 
сақтаушысы.  Отбасында  бала  алғаш  рет  өмірмен,  қоршаған  ортамен 
танысып,  мінез-құлық  нормаларын  игереді.  Отбасы  баланың  азамат 
болып өсуінің негізі болып табылады.  
Отбасының басты қызметі  баланы  тәрбиелеу. Отбасы  тәрбиесі  – 
бұл  жалпы  тәрбиенің  ең  басты  бөлігі.  Ата-ана  және  отбасы  мүшелері 
жас  нәресте  дүниеге  келген  күннен  бастап,  оның  өміріне  қамқорлық 
жасап,  болашағын  жоспарлайды  және  саналы  азамат  болып  өсуі  үшін 
қажет 
жағдай 
жасайды. 
Бұған 
баланың 
қажеттігін 
толық 
қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне  үйрету, күн тәртібін дұрыс 
реттеуге,  салауатты  өмір  сүруге,  адал  болуға  тәрбиелеу,  жақсылықты 
үйретуге, жамандықтан  жиренуге  үйрету, бойында жастайынан мәдени 
құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. 
Баланың дамуының қандай қырын алмай  ық,  қай  жас  кезеңінде 
болмасын оның тиімді болуында отбасының ролі ерекше. 
Қазіргі  отбасының  басты  қызметтері  мен  міндеттеріне 
тоқталайық: 

 
Тәрбиелік; 

 
Сауықтыру; 

 
Рухани-адамгершілік; 

 
Танымдық-білімдік; 

 
Тұрмыстық; 

 
Еңбек; 

 
Мәдени-ағаратушылық; 

 
Демалыс-шығармашылық; 

 
Тұлғаның өзіндік тәжірибесін ынталандырушы; 
Сонымен  қатар  отбасының  тәрбиесінің  мәңгілік  басты 
құрауыштары бар. Олар:  

 
Отбасы тәрбиесінің ахуалы(дәстүрі, қатынасы, жайлылығы); 

 
Отбасы өмірінің күн тәртібі; 

67 
 

 
Әрекеттер  мазмұны  (әкенің,  шешенің,  әженің,  атаның, 
балалардың). 
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. 
Қалиев, М.Смайылова, М.Оразаев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова, Р. М. 
Қоянбаев, Ж.Б. Қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жақты сөз болған. 
Ж.Б. Қоянбаев «Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі» 
атты  еңбегінде  отбасының  өзіне  тән  ерекше  қызметтері  деп:  халықтың 
өсуін,  адамзат  ұрпағын  әрі  қарай  жалғастыруын,  қажеттік  - 
шаруашылық  функциясын,    отбасының  тәрбиелік  функциясын,  отбасы 
мүшелерінің  өзара  және  туған-  туысқандарымен  қарым-қатынас  жасау 
функциясын есептейді. 
Аталған  еңбекте  отбасы  тәрбиесінің  бір  қалыпты  жағдайда  іске 
асырылмайтындығы  және  отбасы  тәрбиесінің  сәтсіз  болуының  басты 
себебі- 
ересек 
адамдардың 
педагогикалық 
көзқарастарының 
қауарсыздығынан  дей  келе,  отбасындағы  бала  тәрбиесіне  игі  ықпал 
етуде мәні бар төмендегі белгілерді атап көрсетеді. 
1.
 
Отбасының  этикалық  құрамы  және  құрылымы  толық  емес 
отбасы:бір балалы, көпбалалы отбасы бірұлттық , көпұлттық отбасы;  
2.
 
тіршілік  әрекетінің  және  ортаның  жағдайлары:  отбасы 
мүшелерінің  білім  дәрежесі,  еңбектену,  кәсіптік  құрамы,  бюджеті, 
жалпы матириалдық  әл-ауқаты, ауылдық және қалалық отбасы; 
3.
 
Отбасының  мәдени  потенциалы:күнделікті  тұрмыстың  жалпы 
мәдениеті,  күн  тәртібі,  демалыс,  оның  формалары,  кітапхананы, 
теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналысуы, 
үйелмендік дәстүрлік мерекелер. 
4.
 
Ішкі 
отбасылық 
қатынастар,отбасы 
микроклиматының 
сипаттамасы,  отбасында  көзқарастың  бірлігі  және  айырмашылығы, 
отбасы мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы; 
5.
 
Қоғамға  көзқарасы:  еңбек  және  қоғамдық    міндеттерге, 
қоғамдық тәрбие инстуттатарына қатыса; 
6.
 
Отбасының  тәрбиелік  потенциалы:  отбасылық  тәрбие, 
қолданылатын  әдістер,  ата-аналарының  және  басқа  мүшелердін 
педагогикалық мәдени дәрежесі. 
Әр  халықтың  өзіндік  ерекшелігіне  қарай  отбасы  тәрбиесінде  де 
өзгешеліктер болады.  
Белгілі  ғалым  Я.И.Ханбиков:  «Халықтық  эмпирикалық  білімдер 
саласы, оларда тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері, еңбекшілердің кең 
бұқарасы  қолданылатын  тәрбие  мен  оқытудың  халықтық  құралдары, 
іскерліктері мен дағдылары көрініс табады»,- деп бекер айтпаса керек. 
Ал,  Г.Н.Филоновтың:  «Белгілі  бір  халық  белгілі  бір  жерде 
қолданылатын  тәрбие  тәсілдері    мен  әдістерінің  жиынтығы  болады. 

68 
 
Олар  бір  ұрпақтан  екінші  ұрпаққа  беріліп  отырады  және  олар  ең 
алдымен адамдардың тіршілік процесіне ие болған белгілі бір дағды мен 
білім    ретінде  меңгеріледі.  Адамзат  баласының  пайда  болған  кезінен 
өмір  сүре  отырып,  ол  өз  бойына  бала  тәрбиесіне  деген    ғасырлық 
ғұрыптары мен талаптарын сіңірген”,-  деген пікірі де әр халықтың бала 
тәрбиесінде    өзіндік  ерекшеліктері    болуының  заңды  құбылыс  екенін 
дәлелдей түседі. 
Әр  халықтың  бала  тәрбиесіндегі  өзіндік  ерекшеліктері  арқылы  
сол халық отбасы тәрбиесінің де  өзіне ғана тән мәдени құндылықтары 
қалыптасады. 
Каталог: docs
docs -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Гуманитарлық Ғылымдар кәсіби қҰзыреттіліктің негізінде студенттердің Өзіндік әрекет ету дайындығын қалыптастыру
docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
docs -> C m y k газет 2008 жылдың қазан айынан бастап шығады
docs -> Жылдық есебі кафедраның тәрбие жетекшілерінің жұмысы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет