Отдел науки и международных связей студенческое научное общество



жүктеу 2.81 Mb.
Pdf просмотр
бет7/31
Дата29.12.2016
өлшемі2.81 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31

Мәдени  құндылық  деген  ұғым  философиядағы,  қоғамтанудағы 
және  педагогикадағы  негізгі    құбылыстардаң  бірі  болып  табылады. 
Мәселен,  философияда  құндылық  қоршаған    дүниедегі  объектілдердің 
әлеуметтік  ерекшеліктерін,  олардың  адам  мен  қоғам  үшін,  қоғамдық 
өмір  мен    табиғаттағы  құбылыстардың  дұрыс  немесе  бұрыс  мәнін 
көрсету,  түсіндіру  үшін  қолданылады.  Сондай-ақ,  мәдени  құндылықты 
қоғамдық  сана  түрінде  сипаттап  қана  қоймайды,  сонымен  бірге  оларға 
баға  береді,  оларды  мақұлдайды  немесе  айыптайды  және  олардың 
жүзеге асуын талап етеді, немесе кемшілікті жоюдың есебі деп санайды. 
Мәдени құндылықтардың арасында философтар, прогресшіл ойшылдар 
мен  педагогтар  әрқашан  бірінші  орынға  адамның  құқығын,  оның 
бостандығы    және  оған  сәйкес  келетін  тәрбие  мен  білімді  бөліп 
қарастырған.  Кез-келген  халықтың  өмірінде  мәдени  құндылықтардың 
орнығуы    қоғамның  тарихи  дамуының  заңды  нәтижелері  болып 
табылады.  Адам  құқығының  адамгершілік  мүмкіндігі  басқа  мәдени 
құндылықтар  сияқты  мыңдаған  жылдар  бойы  жинақталады  және  жаңа 
үлгінің  негізі  адамның  мінез-құлқын  реттеуші  ретінде  қызмет  етеді. 
Мамандар дәлелдегендей, оқушылардың рухани-адамгершілік тұлғасын 
қалыптастыру  ісі  оларға  адамзат  баласының  қолы  жеткен  қоғамдық-
тарихи  тәжірибесін  игерту  және  тұтастай  алғанда  әлеуметтік-этикалық 
нормалар  мен  жалпыадамзаттық  ізгіліктерді  қатар  игеруге  болатынын 
дәлелдеп  берді.  Бұл  өлшемдер  халықтық  дәстүрлерде,  адамгершілік 
уағыздарда,  діни  мәдениетте  жазылып  қойған  және  әлеуметтік  ойдың 
тәуір 
белгілері, 
тұлғаның 
қасиеттері, 
адамгершілік 
үлгілері 
шоғырландырылған  күйде  әдептіліктің  қоғамда  қабылданған  үлгісі 
ретінде  көрінеді. 
Қазақ  отбасы  тәрбиесінің  өзіне  тән  ерекшеліктері    оның  
халықтық  педагогика    мұраларының  мазмұны  мен  түрлерінде 
бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында  жазбаша педагогикалық 
еңбек  жазып  қалдырмаса  да  білгір  педагогтар,  тәрбиешілер,  ұстаздар 
болған.  Олар  өз  көзқарастары  мен    әрекеттерінде    белгілі  бір  дәстүрлі 

69 
 
дүниетанымды  ұстанып,  халықтың  мұраттары  мен  арман  тілектеріне 
сүйеніп отырған. 
Қазақ 
отбасында 
дене, 
еңбек, 
ақыл-ой, 
адамгершілік, 
экономикалық, 
экологиялық, 
құқықтық, 
сұлулық 
тәрбиелері 
жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың 
мақсаты  жан-жақты  жетілген  азамат  тәрбиелеу  болды.Отбасындағы 
дене тәрбиесінің мақсаты  бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, 
ағзасын  шынықтыру  және  күн    тәртібін  дұрыс  ұйымдастыруға, 
салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды.  
Тәрбиенің  басқа  да  салаларымен  тығыз  байланысты  тәрбиенің 
түрі экономикалық тәрбиеге де қазақ халқы  ерекше мән  берген. Қазақ 
халқы  бала  тәрбиелеуде    экономикалық  тәрбие  деген  ұғ,ымды 
пайдалабағанымен,  тәрбиенің  бұл  түрі  отбасында  мақал,  өсиет  айту, 
өнеге көрсету арқылы жүзеге асқан. Мысалы, «Еңбегі қаттының ембегі 
тәтті»,  «Еңбек-  өмірдің  тұтқасы,  тіршіліктің  көзі»,  «  Еңбек  –  түбі 
береке»,  «Үнемшілдік-сараңдық  емес»,  «Ескі  киімді  баптағаның,  жаңа 
киімді сақтағаның», «Сараң дүниенің малын жыйса да  тоймайды» деген 
мақалдары  дәлел  бола  алады.  Бұл  ата-бабамыздың  экономикалық 
тәрбиенің  негіздері    еңбек  тәрбиесінде    екенін  жақсы  түсінгенін 
байқатады.  Қазақ  отбасында  экономикалық  тәрбие  арқылы  айырбас, 
бөлісу  және  табыс  табу  сияқты  негізгі  экономикалық  қатынастарды 
тәжірибеде меңгеру жүзеге асты. 
Қазақ  халқы  ежелден  ұл  бала  мен  қыз  баланың  тәрбиесін  бөліп 
қараған.  Ұлды  мал  бағуға,  отын  шабуға,  қолөнер  шеберлігіне,  мал 
табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек 
тоқу  сияқты    үй  ішінің  ішкі  жұмыстарына    үйрету  арқылы 
экономикалық  тәрбиенің  көзі  болып  табылатын  үнемшілдікке, 
тәуекелшілдікке  үндеп,  сараңдыққа  салынып  кетуден  жирендіріп 
отырған. 
Қазақ  халқы  экономиканың  жана  –табыс  табу  мәнін  балаға 
түсіндіре  отырып,  оның  таза  жолмен    келгені  дұрыс  екендігін  де 
ескертіп  отырған.  Табысқа  қабілеттілер,  еңбекқорлар  ғана  жететінін, 
табыс  табу,  пайда  табудан    да  үлкен  өнер  екенін  жақсы  түсінген. 
Мәселен,  «Артық  олжа-  басқа  еңбек»,  «Оңай  олжа  –тұрмас  қолға», 
«Шығын шықпай , кіріс кірмейді», -дейді халық.  
Қорыта келгенде, қазақ отбасында экономикалық тәрбие берудің 
мәні баланы жасынан еңбекті бағалауға, уақытты, ұтымды пайдалануға, 
үнемшілікке,  сараңдыққа  салынбауға,  ұқыптылыққа,  ақша,  қаражатқа 
дұрыс көзқарас қалыптастыру, олардың қалай келетінін немесе табысты 
да таза еңбекпен жасауға үйрету, тәрбиелеу деуге толық негіз бар. 

70 
 
Ал,  ата-бабаларымыздың  қоршаған  ортаны  аялауы  мен  оған 
деген,ізгі,  мейірбан  қарым-қатынасын  мақтанышпен  айтуға  тұрады. 
Себебі  олар  көшпенді  өмір  сүргендіктен  әркез  өздерін  табиғаттың  бір 
бөлігіміз  деп  есептеген.  Жер  Анаға  деген  құрмет  пен  ізет  олардың 
санасында ғасырлар бойы қалыптасқан. 
Сондықтан, экологиялық нормалардың, ережелердің қажеттілігін 
жастардың  мінез-құлқында  тәрбиелеу  және  экологиялық  мәдениет 
дағдысын  қалыптастыру  әрекеттері  қазақ  отбасында  бала  аяғы  шығып, 
апыл- тапыл жүре бастаған кезден-ақ қолға алынған. Мысалы, баланың 
тұсауын  көк  шөппен  кесудің  терең  тәрбиелік  мәнімен  бірге  тірі 
табиғатқа  деген  көзқарасын  білдірген.  Қазақ  отбасындағы  тәрбие 
құралдарының  бірі  болып  есептелетін  тыйым  сөздердің  мазмұны  ата-
бабаларымыздың  экологиялық  тәрбиеге  зор  мән  бергенінің  дәлелі 
болып табылады. Мәселен «суға дәрет сындырма», «көк шөпті жұлма», 
«отқа түкірме» және т.с.с. 
Қазақ  халқы  адамның  сұлулық  сезімдерінің  тұлға  өмірінде  зор 
рөл  атқаратынын  жете  түсінген.Әсемдікті  көре,  түсіне,  жасай  білу 
адамның  рухани  өмірін  байытады  және  өнер  деп  білген.Қазақ 
отбасындағы  сұлулық  тәрбиесінің  мақсаты  баланы  көркемдік  пен 
сұлулықты  тануға, оған  баға  беруге, күнделікті өмірдегі адамның жеке 
басының,  қатынас,  үй-жағдай  және  киім-кешек  мәдениетін,сыртқы 
мәдениеті  мен  ішкі  дүниесінің  ұштасуының  қалыптастыру  және 
талғампаздыққа тәрбиелеуді көздеді. 
Қазақ  отбасы  тәрбиесінің  құралдары  дегенде  халық  ауыз 
әдебиетін,  ұлттық  ойындар,  айтыс,  және  шешендік  сөздерді,  ойын-
сауықтарды т.б. айтамыз. 
Қазақ  отбасында  жоғарыда  аталған  тәрбие  түрлерін  жүзеге 
асырудағы  ежелден  қолданып  келе  жатқан  өзіндік  әдіс-тәсілдері  бар. 
Олар:  балаларға  қайрымды,  ізгі  қатынас  жасау,  сыйлау  адамгершілік 
сезімдеріне әсер ету, жанама ықпал жасау, құлықтық қолдау, өзіне деген 
сенімін  нығайту,  сенім  арту,  реңіш,  наразылық  білдіру,  тыю,  айыптау, 
бұйыру,  еркелікте  кінәсін  мойындату,  түсіндіру,  мысал  келтіру,  үлгі-
өнеге, ғибрат айтуды есептейміз. 
Қазақ  отбасында  баланың  ерте  есеюіне  көп  көңіл  бөлген  .  Оны 
жүзеге асыруда олар үлгі-өнеге көрсету, жауапкершілікке арту әдістерін 
шебер пайдаланған. Баланы ерте жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып 
отырған.  Мысалы,  бес  жасында  атқа  мінгізіп,  бәйгеге  қосу,  қозы 
баққызу,  үлкендердің  арасындағы  дауды  шешу,  келіссөз  жүргізу  т.с.с. 
істерге бірге ертіп жүрген. 
Қазақ  отбасы  тәрбиесіндегі  өзіндік  ерекшеліктер  қатарына 
жататын  әдіс-тәсілдердің  бірі  бұл-тұспалдап  айту  арқылы  шешендікке 

71 
 
баулу.Сонымен  қатар  тұспалдап  сөйлеуді  –сыйластықтың  керемет  бір 
үлгісі  деуге  болады,  өйткені  ол  белгілі  біреуге    қадап,  айыбын  бетіне 
басып айтылмайды . 
Қазақ  отбасының  осындай    өнегелері  жеке  бастың  мінез-құлқы 
мен  рухани  мәдени  құндылықтарын  қалыптастырудың  баспалдақтары 
болады. 
Халықтық педагогиканың негізгі міндеті- тәрбиелеу. Осы орайда 
біздің мектебімізде жас ұрпақтың бойында ата-бабамыдың салт дстүрін 
дәріптеуге,  құрметтеуге  негізделген  ұлттық  орталықтар  жұмыс 
жасайды.  Қазақ  мектебі  болғандықтан  және  ұлт  болашағының  жас 
ұрпақтарын  тәрбиелеп  отырғандықтан  ата-ана  мен  мектеп  бірлесіп 
этникалық  мәдениет  құндылықтарын  жас  жеткіншектің  бойына 
сіңіртуде  бірлесіп  атқарып  жатқан  жұмыстарымыз  баршылық.  Атап 
айтсақ,  қыз  балаларға  дәстүрлі  тәрбие  беретін  “Бойжеткен”  орталығы, 
ал ұл балаларға дәстүрлі тәрбие беретін “Бозбала” орталықтары жұмыс 
жасайды. Бұл орталықтарда айына 1 рет имандылық сағаттары, ұлттық  
салт-дәстүрімізді дәріптейтін сайыстар өткізіліп тұрады. Мысалы, “Ару 
–2006”,  “Жігіт  сұлтаны”,  “Алтын  сақа”,  “Ана  көрген  тон  пішер”, 
“Серілер  шықты  сайысқа”  атты    т.б.  тәрбиелік  шаралар  өткізіледі.  Бұл 
шаралар міндетті түрде салт-дәстүрімізді дәріптеуге бағытталған.  
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
О. Табылдиев. Қазақ этнопедагогикасы А-2001ж 
2.
 
З.Ә Әбілова,К.М.Қалиева. Этнопедагогика.А-1999ж 
3.
 
«Қазақстан  Республикасында  этникалық-мәдени  білім 
берудің 
арнаулы 
тұжырымдамасы» 
Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің 1996 жылы 15 шілдедегі №3058 өкімімен мақұлданған 
4.
 
«Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі 
тәрбие тұжырымдамасы», 2009 жылғы 16 қараша.  
 
ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА КӘСІБИ БАҒДАР 
БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
БАЯХАН Қ.С. 
Семей қаласының Қазақстан инновациялық университеті, 
Педагогика және психология мамандығының  4 курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: АБИЛЬМАЖИНОВА О.С. 
Семей қаласының Қазақстан инновациялық университетінің аға 
оқытушы 
 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру 
жүйесінің басты міндеті ұлттық және  жалпы адамзаттық құндылықтар, 

72 
 
ғылым 
мен 
практика 
жетістіктері 
негізінде 
жеке 
адамды  
қалыптастыруға  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін 
қажетті  жағдайлар  жасау….  Оқытудың  жаңа  техналогиясын  еңгізу, 
білім 
беруді 
ақпараттандыру, 
халықаралық, 
ғаламдық 
коммуникациялық  желілерге  шығу»  деп  атап  көрсетіледі,  білім  беру 
жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді [1]. Бұл міндеттерді шешу 
үшін  мектеп  ұжымдарының,  әр  мұғалімнің  күнделікті  ізденісі  арқылы 
барлық  жаңалықтар  мен  қайта  құру,  өзгерістерге  батыл  жол  ашарлық 
жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. 
Болашақта  ел  тұтқасын  ұстайтын  азаматтардың  болашақ 
мамандығын  анықтауға  бағыт-бағдар  беру  —  бүгінгі  күн  тәртібінде 
тұрған маңызды мәселердің бірі.  
Кәсіптік 
бағдар 

бұл 
мамандық 
таңдаудағы 
жеке 
икемділіктерінің,  қызығушылығының,  кәсіптік  ынтасына  және 
қоғамның әр-түрлі деңгейдегі квалификациялы және әр-түрлі мамандық 
кадрларына  сұранысымен  жастарды  дайындаудағы  бағытталған  іс-
әрекет. 
«Кәсіп»  (лат.  pofessio-белгілі  бір  іс-әрекеттің  көрсеткіші, 
мамандық,  profiteer-өзімнің  ісім  деп  қарастырамын)  -  белгілі  бір  еңбек 
іс-әрекеті. 
Атақты  ғалым  академик  С.Г.  Струмилинаның  ойы  бойынша  бір 
біріне  жақын  мамандықтар  топтарға  біріктірілуі  мүмкін,  мысалы, 
металл өңдеушілер, ағаш өңдеушілер, музыканттар және т.б. 
Кәсіптік  бағдар  мемлекеттің  кадрларға  деген  сұранысын  және 
адамның  өзіндік  икемділігіне  қарай  мамандық  таңдауының  өлшемдер 
жүйесі (психологиялық-педагогикалық, экономикалық және т.б.). 
Оқушылардың  кәсіптік  бағдар  жүйесі  -  бұл  жалпы  қоғамдағы 
тұлға  қызығушылығындағы  оқушылардың  өмірге  бейімделуінің  (өзін 
тануы)  әлеуметтік  және  кәсіптік  процесін  дамытуға  бағытталған, 
әртүрлі  мемлекеттің  және  қоғамдық  бірлестіктердің,  мекемелердің, 
мектептердің, сонымен қатар жанұяның ұйымдасқан, басқару іс-әрекеті. 
Кәсіптік бағдар жұмысы жүйесінің жалпы мақсаты - оқушыларды 
өзінің 
жеке 
қызығушылығын 
және 
қоғамдық 
қажеттілікті 
қанағаттандыратын  мамандықты  таңдауға  даярлау.  Бұл  мақсат 
оқушылардың еңбек даярлығына сай келеді және осы дайындық процесі 
арқылы  таралады.  Мектептегі,  оқу-өндірістік  комбинатындағы  кәсіптік 
бағдар жұмысы жүйесіне төмендегі негізгі компоненттер кіреді; мақсат, 
тапсырмалар,  негізгі  бағыттар  сонымен  қатар  оқушылармен 
жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмысының формасы мен әдістері. 
Мектеп  оқушыларының  мамандық  таңдауда  дұрыс  бағыт  алу 
мәселесі  мектептің  психологиялық  қызмет  аясында  жүргізілетін  аса 

73 
 
жауапты  да  маңызды  жұмыстарының  бірі  болып  отыр.  Бала  үшін 
болашақ мамандықты  таңдау  өмірлік  жолын дұрыс таңдаумен  бірдей. 
Әрбір  оқушының  жеке  қабілеттері  мен  ерекшеліктерін, 
мүмкіндіктерін,  шеберлігін,  қызығушылығын  ескеріп  бағыт-бағдар, 
жекелеген  мамандықтар  туралы  терең  білім  беру  –  біздің  басты 
міндетіміз. Ал, мектебінде қанша оқушы болса сонша оқушының жеке-
жеке  қабілетін,  бейімділігін  анықтап,  бағыт  беріп  отыру,  мамандықты 
дұрыс таңдауға жол сілтеу – үлкен мәселе. 
Мамандық таңдаудың жетістігі оқушының тұлғалық (жеке) және 
кәсіптік  жоспарының  еңбек  сферасында  қоғамдық  талаптардың  сай 
болуы.  Сондықтанда  кәсіптік  таңдау  қазіргі  қоғамдағы  кадр  сұранысы 
құрылымынасай  болса,  соғұрлым  кәсіптік  бағдар  жұмыстары  жақсы 
жүзеге асады 
Елімізде  қандай  мамандықтар  таңдаған  жағдайда  ғылыммен 
айналысуға  мүмкіндіктің  көп  болатындығы,  елімізде  қандай  ғылыми 
орталықтар  бар  екендігі  туралы  мәліметтер  келтірілуі  тиіс. 
Мамандықтар  классфикаторындағы  ғылыми  мамандықтар  жөнінде 
мәліметтер  берілуі  керек.  Дұрыс  ұйымдастарылған  сабақ  оқушыларды 
мамандықтарға,  оның  ішінде  ғылыми  мамандықтарға,  бағыттауымен 
бағалы. 
Сонымен,  көтерілген  мәселелер  бойынша  келесі  ұсыныстар 
жасалады: 
Мамандар  даярлау  ісіне  министрлікте  отырған  жауапты 
мамандар сараптамалар жасап, қажетті іс-шаралар жүргізуі тиіс, себебі 
мамандықты  дұрыс  таңдамаған  маман  ел  экономикасына  орасан  зор 
залал тигізеді. 
Өз  мамандығын  сүймеген  маман  иесі  —  ол  жарамжан  маман. 
Сондықтан  мамандық  таңдауда  оқушыларға  ата-ана,  пән  мұғалімдері 
болып  кеңестер  беруі  керек.  Мектепте  осы  тақырып  бойынша  жоғары 
сынып  оқушыларының  арасында  семинарлар  өткізуді  де  қолға  алу 
қажет. 
Пән  мұғалімдері  жоғары  сыныптарда  сабақ  өтерде  әр  сабақтың 
мазмұнына  қарай  оқушыларға  кәсіби  бағдар  беріп  отыруы  тиіс.  Ол  өз 
кезегінде сабақтың тиімділігін арттыруға да септігін тигізері сөзсіз. 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1.ҚР «Білім туралы» заңы. Астана, 2004 жыл. 
2.Қазақстан 
Республикасының 
Президенті 
Н.Ә.Назарбаев 
Инновациялар  мен  оқу  –  білімді  жетілдіру  арқылы  білім 
экономикасына», 27 мамыр, 2006ж. 
3.Крутецкий  В.  А.  Проблемы  способностей  в  психологии.  М. 
Знание. 1971г. 

74 
 
4.Б.Қ.Рахашев,  А.Н.Смағұлова  7-сынып  «Физика-астрономия» 
оқулығының  мазмұндық  ерекшелігін  ескеретін  жұмыстық  дәптер. 
«Математика – физика» ғылыми әдістемелік журналы №2, 2005ж. 
 
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ТҰЛҒАСЫНЫҢ СИПАТЫ 
 
БЕКСҰЛТАНОВА Р. 
Семей қ. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің 
«Психология» мамандығының 2 курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: ЕДІГЕНОВА А.Ж. 
Семей қ. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің 
психология кафедрасының доценті, п.ғ.к. 
 
Студент жастар дегеніміз - өзіндік мақсаттары, өмір сүру ортасы, 
ерекше  еңбек  реті,  әлеуметтік  ғадеті  және  психологиясы,  бағдарлар 
жүйесі болатын  жастар деген үлкен әлеуметтік-демографиялық топтың 
ірі  әлеуметтік  категориясы.  Бұл  әлеуметтік  категория  алғашқы 
университеттер  пайда  болғаннан  бері  тарихи  қалыптасқан.  Студенттік 
шақ  әлеуметтік  топ  ретінде  кәсіби  бағыттылығымен,    болашақ 
мамандыққа  тұрақты  қатынастың  қалыптасуымен  сипатталады,  жалпы 
тұлғаның  қалыптасуының,  сан  алуан  қызығушылықтарының    айқын 
байқалатын кезі. 
Студенттік  жас  (18-25  жас  психологиялық-педагогикалық 
әдебиеттерде  берілген)  адам  өміріндегі  ерекше  кезең  болып  табылады. 
Студенттік  шақ  мәселесі  әлеуметтік-психологиялық  және  жас 
ерекшелігі  жағынан  бірқатар  ғалымдардың  еңбектерінде  зерттелген: 
Б.Г.Ананьев,  Н.В.Кузьмина,  А.А.  Реан,  Е.И.Степанова,  В.А.Сластенин, 
В.А.Якунин  және  т.б.  Жеке  тұлға  (Л.С.Выготский,  А.Н.Леонтьев, 
К.К.Платонов  және  т.б.)  және  тұлғаның  өзін-өзі  бағалауы  да  бірқатар 
психологиялық-педагогикалық 
әдебиеттерде 
 
қарастырылған 
(Б.Г.Ананьев,  Л.И.Божович,  И.И.Чеснокова,  Л.И.Божович,  И.С.Кон, 
Д.В.Демина, З.В.Кузьмина, М.И.Лисина, А.Е.Соловьева және т.б.).  
Бұл 
зерттеулердің 
мәліметтері 
студентті 
 
әлеуметтік-
психологиялық,  психологиялық-педагогикалық  тұрғыдан  оқу  іс-
әрекетінің  ерекше  субъектісі  ретінде  сипаттауға  мүмкіндік  береді. 
Әлеуметтік-психологиялық  аспектіде  студенттік кезең  басқа  топтармен 
салыстырғанда,  білімділіктің  неғұрлым  жоғарғы  деңгейімен  және 
танымдық  мотивацияның  жоғары  деңгейімен  ерекшеленеді,  сонымен 
қатар  ол  аса  жоғары  әлеуметтік  белсенділік,  интелектуалдық  және 
әлеуметтік  кемелділіктің  үйлесімділігімен  сипатталады.  Тұлғалық,  іс-
әрекеттік  тұрғыдан  студент  белсенді,  өз  іс-әрекетін  өз  бетінше 

75 
 
ұйымдастыратын педагогикалық өзара әрекеттесу субъектісі ретінде де 
қарастырылады. 
Сонымен, студенттік шақ адам өміріндегі көптеген өзгерістермен 
анықталады.  Өмірдің  бұл  кезеңдегі  физиологиялық  жетілу  процесі 
аяқталады.      Студент    қоғамдағы  белгілі  бір  әлеуметтік    мәртебені 
игереді.  Бұл  кезеңдегі  жастардың  негізгі  мәселелері  -  өзін-өзі 
бағалауы,өзіндік сана сезімі,өзін-өзі реттеуі, өзін-өзі бақылауы және т.б. 
Сондай-ақ  құндылық  бағдарлауы,  мамандық  иесі  болуды  мақсат  ету 
және ересектер өміріне қадам басуы мен жеке өмір сүруі қалыптасады.  
Жеке  тұлғаның  қалыптасуы  –  рухани  толығуды,  даралықты, 
интеллектілікті,  ішкі  және  сыртқы,  жалпы  және  кәсіби  мәдениетті 
меңгеру  дегенді  білдіреді.  Тек  осы  қасиеттер  болған  жағдайда  адам 
басқа  адамдардың  іс-әрекетін,  тәрбиесін,  оқуын  басқаруға  қабілетті 
болып келеді. 
Әлеуметтік  шығу  тегіне,  яғни,  материалдық  мүмкіндіктерінің  әр 
түрлілігіне  қарамастан,  студенттер  ортақ  әрекет  түрімен  байланысты 
және  белгілі  бір  әлеуметтік-кәсіби  топты  құрайды.  Ортақ  әрекет  пен 
белгілі  бір  аймақта  шоғырлану  студенттерге  мүдделердің  ортақтығын, 
топтық сана, өзгеше субмәдениет пен өмір сүру салтын тудырады және 
бұл  жас  шамасының  гомогендігімен  қуатталады,  себебі  басқа 
әлеуметтік-кәсіби  топтарда  мұндай  ерекшелік  жоқ.  Бұл  әлеуметтік-
психологиялық  ерекшеліктері  бар  қауым  бірқатар  саяси,  мәдени-
ағартушылық,  спорттық  және  тұрмыстық  студенттік  ұйымдардың 
аясында өзіндік әрекетерімен ерекшелінеді. 
Студенттік шақ балалық шақтан жеке өмір сүруге, жауапкершілік 
жасына  өту  этапын  білдіреді.  Бұл  жаста  өзі  туралы  қатынастары 
орнығады.  Психологиялық  зерттеулер  көрсеткендей  тұлғаның  өзі 
туралы пікірі, оның өз іс-әрекетін реттеудің маңызды тірегі болады.  
Өзіндік  бағалау  -  өзіндік  сана  сезімдердің  бірлігі,  тұлғаның 
қасиеттеріне,  сапасына  деген  қатынасы.  Өзіндік  бағалауға  икемділік, 
орнықтылық, адекваттылық (жағымды,  теріс) сияқты сипаттамалар  тән 
болады.  Өмірлік  тәжірибелерде  қалыптасқан  «Мен»  бейнесі  әлемді, 
басқа  адамдарды  қабылдауға,  оларды  бағалауға  әсер  етіп,  соның 
негізінде  адам  өзінің  мінез-құлқын  өзіндік  бағалайды.  «Мен» 
концепциясы  оң,  амбивалентті  және  теріс  болуы  мүмкін.  «Мен» 
концепциясы  оң  болатын  индивид  басқаларына  қарағанда  әлемді, 
адамдарды бағалауы өзгеше болады. Оған келісімге  келмейтіндер адам 
санасынан ығыстырылады [1].  
Студенттік  шақтың  өмірлік  көзқарастың  қалыптасуы  үшін  өте 
маңызды,  осы  уақыттқа  дейінгі  адами  алғы  шарттары  жетіледі. 
Болашаққа  деген  өз  әрекетінің  бағдарламасын  құруда  болашақ 

76 
 
мамандықты  таңдау  және  т.б.  кіреді.  Студенттік  кезеңді  құрайтын  4-5 
жылдың  ішінде  жеке  адамда  күрделі  өзгерістер  болады.  Жеке  адам 
дамуының  бас  кезінде  адамның  физикалық  тұрғыда  жетілуі  ғана  емес, 
сонымен  қатар  тұлғалық  белсенділігі  мен  интеллектуалдылық  және 
моральдық көрсеткіштерінің де жан-жақты дамуымен сипатталынады.  
Студент  тұлғасының  қалыптасуына,  өз  ортасы,  оқу  орны, 
оқытушылар мен ата-аналар қарым-қатынасынан туындайтын ішкі және 
сыртқы  жағдайларда  үлкен  әсерін  тигізеді.  Студенттің  танымдық 
сферасының  кеңейіп, 
жеке  адамдық  концепциясының,  яғни, 
кемелденуінің  басталуы  да  –  осы  кезеңдегі  түрлі  жағдайларға 
байланысты қалыптасады. Студенттердің психологиялық  мүмкіндіктері 
деректерде былай деп сипатталады: 

 
ақыл-ойының, адами  қарым-қатынасының жетілуі; 

 
көзі  ашық, дүниетанымы қалыптасқан; 

 
жаңаны  сезіну – батылдық,шешімділік; 

 
дербестілік,тік  мінезділік; 

 
сыншылдық, өз-өзіне  сын көзбен қарау; 

 
таным  мен  интеллектуалды мүмкіндіктердің  шыңырау  шегі; 

 
мақсаттылық, шешімділік, табандылық, бастамашылдық;   

 
жауапты    шешімдерді    қабылдау:  мамандықты    таңдау    және  
меңгеру; 

 
өмір  сүру  стилі  мен  орнын  таңдау

 
өмірлік    жарын    таңдау,  өз    жанұясын    құру,  сексуалды  
белсенділік; 

 
сәйкестік  кризисі: әлеуметтік    және   индивидуалды  тұлғалық  
таңдаулар  мен  өзіндік анықтаудың пайда  болуы; 

 
профессионалды 
 
ойлау 
мен 
профессионалды  
компетенттіліктің  қалыптасуының ең  тиімді  кезеңі; 

 
мінез-құлық, интеллект, бағалы  бағдарлардың  қалыптасуының  
ортаңғы  кезеңі [2].  
Әрбір  адамда  «Мен»  деген  біреу  болғанымен,  осылардың  тиісті 
жағдайларға  байланысты  неше  түрлері  кездеседі:  1.  «Мен  шынында 
кіммін?»  (шындықты  көздейтін  мен);  2.  «Мен»-өзімді  өзгелер  қалай 
бағаласын  деп  ойлар  едім?  (эмпатикалық  мен);  3.  «Мен»-тілегім 
бойынша  қандай  болғым  келеді?  (тілек,  яғни  фантастикалық  мен);  4. 
«Мен» келешекте кім болғым келеді? (болашақ мен).  
Осы  баяндалғандарға  қарасаңыз,  өзіндік  бағалауда  студенттер  
өзіне сындарлы көзқараспен қарап, өз мүмкіндігін өмір талабына сәйкес 
бағдарлай білуі, өз мақсатын нақтылау, ойын түйіндеу қабілеттілігіне ие 

77 
 
болады. Өзіндік бағалау адамның өзіне деген сенімін арттырып, рухани 
үйлесімдігін дамытады.    
 «Мен  тұжырымдамасы»  «өзін-өзі  тану»  деген    мағынасынаға 
жақынырақ.  Бірақ  «мен-тұжырымдамасы»  түсінігі  бейтараптылықты 
білдіреді,  ол  тек  өзін-өзі  танудың  бағалау  аспектісін  білідіреді.  Бұл 
адамның өзі жайлы, физикалық, интеллектуалды және басқа қасиеттері 
мен өзіндік бағалау, сондай-ақ ішкі факторларды тұлғаның субъективті 
қабылдауының динамикалық жүйесі.  
Жеке  тұлғаны  қарастырғанда  «Мен»  концепциясы  кеңінен 
қарастырылады:  У.Джеймс,  К.Роджерс,  Р.Бернс  және  т.б.  Р.Бернс 
«Мен»  концепциясының  құрылымын  «Шынайы  мен»  (мен  қандай 
адаммын:  өзінің  сезімдері,  ойлары,  қажеттері,  құндылықтары  жүйесі), 
«Айнадағы  мен»  (басқалар  мені  қалай  қабылдайды),  «Идеалды  мен» 
(мен  қандай  болғым  келеді:  оның  тереңде  жатқан  сезімдері)  деп  үш 
жақта  қарастырады.  Тәрбиенің  негізгі  мақсатының  өзі  жан-жақты 
дамыған  жеке  тұлғаны  қалыптастыру.  Жеке  тұлға  -  бұл  белгілі  бір  іс-
әрекет түрімен айналысатын, алдына қойған нақты мақсаты бар, өзіндік 
ой-пікірі,  психологиялық  ерекшеліктері  бар  қоғамның  бір  мүшесі. 
Студенттердің  күнделікті  өміріне  талдау  жасау  олардың  неге 
талпынатынын,  ол  оған  неге  керек  екенін,  сонымен  қатар  оның 
бағыттылығын 
айқындауға 
көмектеседі: 
қажеттіліктері, 
қызығушылықтары,  бейімділігі,  сенімі,  дүниетанымы,  ұмтылысы.  Біз 
бұл  арада  адамдағы  бұрынғы  «Мен»  және  жаңа  «Мен»  арасындағы 
күресті айтып отырмыз.  Өйткені, біздің ойымызша әр студент өзіндегі 
ерекшеліктерді  сезеді.  Мектеп  қабырғасындай  емес  өзінің    есейгенін, 
балалық кез кетіп, оның орнына жаңа қасиеттер пайда болғанын әркім-
ақ пайымдайды. 
Студент  тұлғасының  қалыптасуында  «Мен»  жүйесінің  орны 
ерекше. Практика көрсетіп отырғандай, әр студент күнделікті нақты бір 
ортада  өзін-өзі  тәрбиелеу  арқылы  «Мен»  жүйесін  дамытып,  жетілдіріп 
отырады.  Тұлғаның  кей  жағдайда  өзі  туралы  түсінігі  ереже  бойынша 
сенімдірек болуы мүмкін, ол объективтік білім мен субъективтік пікірге 
негізделуіне  байланысты  емес.  Кей  кезде  адамның  қабылдау  пәні  -  өз 
денесі,  өз  қабілеті,  оның  әлеуметтік  қатынасы  және  тағы  басқа  ерекше 
құбылыстар  болады.  Мен-бейнесін  қалыптастыруға  жетелейтін  өзіндік 
қабылдаудың  нақты  амалдары  әр  алуан  болады.  Адам  өз  өзін 
сипаттайды. Бұл орайдағы өзіндік сипаттау  – бұл өзіне мінездеме  беру 
әдісі,  әр тұлғаның қайталанбас  ерекше  қасиеттерін  көрсету. Бірақ адам 
өзін  толық  сипаттай  ала  ма?  деген  сұрақ  туындайды.  Сондықтан 
адамның  өзі  жайлы  білімі  ерікті,  қарама-қайшылықты  болуы  мүмкін 
емес. Бұл Мен-концепциясының екінші құрамдас бөлігін көрсетеді.  

78 
 
Адам тұлға ретінде өз-өзін бағалайтын болмыс. Өзіндік бағалау – 
адамның  өзіне  сындарлы  көзқараспен  қарап,  өз  мүмкіндігін  өмір 
талабына сәйкес бағдарлай білуі, өз мақсатын нақтылау, ойын түйіндеу 
қабілеттілігі.  Өзін  бағалау  адамның  өзіне  деген  сенімін  арттырып, 
рухани 
үйлесімділігін 
дамытады. 
Өзін 
бағалау 
адамның 
айналасындағылармен  қарым-қатынасын,  өзіне  сын  көзбен  қарауын 
және  талап  қоя  білуін,  жетістікке  және  сәтсіздікке  қалай  қарайтынын 
көрсетеді.  Сонымен  қатар,  өзін  бағалау  адамның  іс-әрекетінің 
тиімділігіне және оның тұлға ретінде дамуына әсер етеді. Өзін бағалау 
ең  алдымен,  адамға  басқалардың  беретін  бағасына  қарай  қалыптасады. 
Адам  өзін  айналасындағылар  қалай  бағалайтынына  қарай  өзін-өзі 
бағалауға  бейім  келеді.  Өзіндік  бағалау  тұлғаның  өзіне  ғана  тән  жеке 
құндылығы. Яғни өзіндік бағалау дегеніміз адамның өзін-өзі құрметтеу 
сезімінің  дамуы,  жеке  құндылығын  сезу  және  «Мен»  сферасына 
қатыстының бәріне деген жағымды көзқарасы. Тұлға қалыптасуындағы 
өзіндік  бағалаудың  бірнеше  себептерін  көрсетуге  болады:  өзге 
адамдардың  бағасы;  өзгелермен  өзін  салыстыру;    өзін  және  идеалды 
«Менін» салыстыру;  өз әрекетінің нәтижесін өлшеу. Өзіндік бағалау өз 
әрекетін  бағалауда  маңызды  рөл  атқарады,  онсыз  өмірде  өзін  анықтау 
мүмкін  емес.  Нақты  бағалау  адамға  рухани  қанағат  пен  адамгершілік 
қасиеттеріне қолдау көрсетеді[3].  
Сонымен,  студентттердің өмірлік жоспарының жүзеге асуы үшін 
оларда  өзіндік  бағалаудың  сапалы  болуы  аса  маңызды.  Студенттің 
«Мен»  жүйесінің  қалыптасуы,  әр  студенттің  өзін  осы  ортаның  бір 
белсенді мүшесі ретінде сезініп, өзінің орнын, мақсат, міндеттерін жете 
түсініп, өз бойында  бұл үшін тиісті қасиеттерді қалыптастырып, қандай 
жағымсыз қасиеттерден арылғысы келетінін нақты анықтап, күнделікті 
іс-әрекетін ұйымдастыра білсе,  жоғары жетістіктерге ие бола алады.  
Каталог: docs
docs -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Гуманитарлық Ғылымдар кәсіби қҰзыреттіліктің негізінде студенттердің Өзіндік әрекет ету дайындығын қалыптастыру
docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
docs -> C m y k газет 2008 жылдың қазан айынан бастап шығады
docs -> Жылдық есебі кафедраның тәрбие жетекшілерінің жұмысы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет