Өткен дәстүрлі Президент шыршасына батысқазақстандық 180 жеткіншек



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата15.02.2017
өлшемі2,65 Mb.
#4145
  1   2   3   4   5

Қазақ 

драма 

театрында 

өткен 

дәстүрлі 

Президент 

шыршасына 

батысқазақстандық  180  жеткіншек 

қатысты. Мерекелік көңіл күйге бөленген 

балғындарды  облыс  әкімі  Нұрлан 

Ноғаев арнайы құттықтады.

«Біз 


Мәңгілік 

ел 


боламыз» 

атты 


Елбасы 

шыршасының  қонағы  болған 

балаларды 

ел 


Президенті 

көгілдір 

экран 

арқылы 


құттықтап,  олардың  зерек  те 

зерделі, білімді де білікті болып 

өсулеріне шынайы тілектестігін білдірді.

Жасыл шырша жанына жиналған 

балғындарды  құттықтаған  облыс  әкімі 

Нұрлан  Асқарұлы:  –  Сіздер  оқудағы, 

өнердегі,  спорттағы  жетістіктеріңізбен 

ерекшеленіп 

келесіздер. 

Елбасы 


шыршасына  облысымыздағы  барлық 

мектептердің  ең  үздіктері  жиналды. 

Әрдайым осындай биіктерден көрініңіздер, 

– дей келе, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан 

Назарбаевтың құттықтау жеделхатын оқып 

берді.


Жасыл  шыршаның  шамын  өңір 

басшысымен  бірге  жаққан  балалар 

шыршаны айнала би билеп, көңілді думанға 

бөленді. Облыстық халық шығармашылығы 

орталығының  ұжымы  балдырғандарға 

қызықты 


бағдарламаларын 

тарту 


етті.  Балалар  жыл  бойы  асыға  күтетін 

мерекелерін  Аяз  ата  және  Ақшақармен, 

ертегі кейіпкерлерімен бірге өткізіп, өнерлі 

достарының  ән-күйін  тамашалады.  – 

Президент  шыршасына  аз  қамтылған 

көпбалалалы  отбасылардың  ұл-қыздары, 

жетім  және  ата-ана  қамқорлығынсыз 

қалған  жеткіншектер,  мүмкіндігі  шектеулі 

балалар  қамтылды.  Елбасының  атынан 

әр балаға сыйлық ретінде тұтастай қысқы 

киім жиынтығы, спорттық костюм мен аяқ 

киім, ұялы телефон, тәттілер мен кітаптар 

берілді.

 

Әсел ЕРКІН



№ 1 (209)

13  қаңтар

2015 жыл

Ел ер


«Балдә

Елбасы шыршасы ерекше қуанышқа бөледі

Жасампаз жылды тойласа,

Күтетін бізді жақсы адам.

Жананың бәрін ойласақ.

Жана жылдан басталған.

 Айтпаса  сөзді аты өлсін,

Ұрандап жүрсін ұлдарын.

Бақыт пен бірлік әкелсін,

Басталған жаңа  жылдарың.

АЙАСЫЛ ТІЛЕС

Совхоз орта мектебінің 2-сынып оқушысы, Тасқала ауданы



Қой жылы

 

қуаныш сыйласын 

Мен жаңа жыл алдында аяз атаға хат жазып, 2015 жылы маған анам 

кішкене бөпе сыйлауын өтінгем. Кім білген көп хаттардың ішінен аяз ата 

байқамай  қалдыма  екен,  әйтеуір  хабар  келмеді.  Бірақ  мен  жыл  бойы 

күтемін, қуанышты хабар келетініне сенем. 26 желтоқсан күні мектепшілік 

шырша  болды.  Мен  шыршаға  Санта  клаус  болып  киіндім.  Шырша  өте 

қызық  өтті.  Аяз  ата  балаларға  сыйлық  берді.  Мен  аяз  атаға  жаңа  жыл 

деген өлең айтып бердім.



  Суретте:  Аяз  ата,  Ақшақар  және  менің  сүйікті  ұстазым  Рита 

Сағынғалиқызы.  

Дильназ АХМАДИЕВА

3 «б» сынып оқушысы

Шыңғырлау ауданы, Лубен ауылы

№ 34 мектеп-гимназиясының 

оқушылары Жаңа Жылдық Шыршада

М.Ықсанов атындағы №36 ЖОББМ-нің оқушылары жаңа жылды осылай қарсы алды

Орал қаласы, №46 мектебінің оқушылары мектеп шыршасында

Шырша жыры


№1 (209)    13.01.2015 ж.

2

Әсем безендірілген сахна. Зал халыққа 

лық  толы.  Әсем  әуен  кіргеннен  көңілді 

көтеріп, бүгінгі кештің думанына қызықтыра 

түскендей.  Үлкендер  бір-біріне:  «Бүгінгі 

концертті әділ қазылар емес, телефонмен 

бағалайды дейді», -деп жаңалықты айтып 

жатыр. Бұл біздің мектебіміздің ата-аналар 

комитеті  мен  музыка  пәнінің  мұғалімі 

М.Жардемовтың  бірігіп  ұйымдастырған 

«Жарасымды  жұп»  байқауы.  Алдын  ала 

тиянақты дайындықтың 

ж ү р г і з і л г е н і 

ұ й ы м д а с т ы р у -

шылардың 

да, 


қ а т ы с у ш ы л а р д ы ң 

да  тарапынан  анық 

көрініп  тұр.  Жиналған 

халықты 


олар 

көп 


күттірмеді. 

Көңіл 


толқытар әсем фанфар 

ойнап, 


жарасымды 

жүргізушілер  жарқырап 

шыға 

келгенде, 



көрермендер бір демде 

тынышталып,  өнер  сүйер  халық  осындай 

бір  әдемі  кешке  шөліркеп  жүргендей 

тындарман 

мен 

сахна 


арасында 

жарасымды байланыс орнады.

Бағдарлама  мақсатымен  таныстырып 

болғаннан кейін байқауға қатысушы он үш 

жұп шағын көріністі мәліметтермен сахнаға 

шақырылды.  Байқаудың  ұйымдастыру 

кезеңінде  ерікті  оқушылар  таңдалып, 

олар  өз  жұптарын  жеребе  суыру  арқылы 

таңдап  алған  болатын.  Міне,  бүгін  олар 

сахна  төрінде  өз  жарасымдылықтарын 

сынға  салмақшы.  Байқау  «Халық  әні» 

және «Таңдаулы ән» кезеңдерінен тұрды. 

Әуелеген  ән,  әсем  қойылым,  мәнді 

көріністер  бәрі  де  ел  көңілінен  шықты. 

Әр  айтылған  әннің  әсерімен  шабытты 

көрермен  ду  қол  соғып,  марапат  сөздер 

айтып,  думанды  қыздыра  түсті.  Бөлімдер 

арасында  өнерпаз  өрендер  «Қазақ  биі», 

«Қуыршақтар»  билерімен,    «Туған  жер», 

«Алтын  бесік»  әндерімен  де  тамсандыра 

білді.  Бұл  бір  «Мектеп-ата-ана-оқушы» 

үштігінің  ынтымағын  жарастырған  әдемі 

әрі тәрбиелі кеш болды.

Сахнаға  шыққан  әрбір  жұп  өзіндік 

ерекшіліктерімен  көзайым  болып,  «СМС» 

хабарламалар  легі  де  «тоқталды»  деп  

хабарланғанша толастамады.

Тарих  пәнінің  мұғалімі  Гаухар  мен 

9-сынып оқушысы Ақботаның салған «Әй-

әй,  бөпем»,  «Мерекем»  әндерінің  әуезді 

үйлесімділігі  мен  мәнді  қойылымдары 

көпшілікті қуантса, мектеп кітапханашысы 

Анар мен 9-сынып оқушысы  Альбинаның 

салған «Ақжайнақ», «Атамекен» әндері өте 

әсерлі, сырлы сөздермен тартымды болды. 

Ал, ата-ана Гүлзина мен 10-сынып оқушысы 

Бердібек үлгілі киімі мен сахнадағы әртістік 

қабілеттері  айшықталып, өздерімен бірге 

«Көк айдай», «Гүлдейсіңімен» көрерменді 

де билетіп ала жөнелді.

Сонымен,  байқау  қорытындысында, 

«СМС» хабарлама жинағының нәтижесімен 

жеңімпаз  жұп,  яғни  ,  «Жарасымды  жұп» 

атағын  физика  пәнінің  мұғалімі  Аякөз 

Кенжегалиева  Ермекқызы  мен  7-сынып 

оқушысы Өмірбек иеленді. Қалған  он екі 

жұп  та  аталымдар  мен  сыйлықтарға  ие 

болды. Әдемі думанның әсерімен халық та 

орындарынан тұрып біразға дейін қошемет 

көрсетті.



Нұргүл АЛМАНБЕТОВА              

 Қабыршақты ауылы             

 Бітік орта жалпы білім беретін мектеп-

балабақшасының 

 ата-аналары атынан: Бимаганбетова 

Әсемгүл


Біз «Самалға» жазылдық

Биылғы жыл біз үшін қуанышты болды. Себебі, біз «Самал» газетіне 2015 жылға сынып болып жазылдық. Бұрын- 

соңды болмаған бұл қуанышымызды айтып жеткізе алмаймыз. Алғаш рет ұстазымыз 

Гүлсім апайымыз «Самал» газетімен таныстырғанда, «Самалға» мақала беріп жүрген 

құрбыларымызды көріп қатты қызықтық. Газетімізге жазылуды армандап жүрген біздерге 

ата-аналарымыз түсіністікпен қарап, жаздырып берді. Қазір бізде шығармашылықпен 

жұмыс істеуге қатты қызығушылық бар. Себебі «Самал» газеті әр баланың ойын ашық 

айтуға және тілін дамытуға бағыт беретін газет. Өзіміздей балалардың жазғандарын 

оқып, қарап қалғымыз келмейді. Сол үшін өз ұстазымыз Гүлсім Жұмашева апайымызға 

«Самал» газетін шығарушы ұжымға көп-көп алғыс айтамыз.



 Ақмоншақ АЙТҚАЛИЕВА,

Аяжан МОЛДАШЕВА,

Айнұр РАХМЕТУЛЛА 

ЖББ Ақырап негізгі мектебінің 5-сынып оқушылары

Сырым ауданы, Ақырап ауылы

«Елбасы жолы ертеңге өнеге» 

Мектебімізде    «Елбасы  жолы  ертеңге 

өнеге»  атты  конференция  өз  дәрежесінде 

оздырылды.  Жас  ұрпаққа  Елбасымыздың 

кісілік  келбетін  меңгерту,елін  сүйген,елі  сүйген 

Елбасынан  үлгі  алуға  тәрбиелеу  мақсатындағы 

конференцияда  оқушылар  Елбасының  балалық 

шағы,  жасөспірім  шағы,  кемел  кезеңдері, 

отбасы  туралы  мағлұматтармен  ой  бөлісті. 

        Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 

туралы «Балалық шағымның аспаны», «Отты өзен» 

және «Темір тау» фильмдерінен үзінді көрсетіліп, талқыланды. Оқушыларға Елбасымыздың 

нақыл  сөздері  жазылған  парақшалар  үлестірілді,  сол  бойынша  өз  ойларын  ортаға  салды. 

Елбасымыз  бірнеше  танымал  әндердің  сөзін  жазған,  «Бәйтерек»  тобы  орындайтын  «Сары 

арқа»,  Музарт  тобы  орындайтын  «Үш  қоңыр»,  Бекболат  Тілеухан  орындаған  «Елім  менің». 

Аталмыш әндерді  өз кезегінде оқушыларда   нақышына келтіре шырқады. 

Конференция соңын мектеп – гимназияның әлеуметтік педагогының ұйымдастырған 

«Шын жүректен» тренингімен қорытындыланды.

Гүлжанат БАТЫРОВА

Тайпақ мектеп – гимназиясының әлеуметтік педагогы 

Ақжайық ауданы

“Баладан  балаға”

Мичурин 

 

ЖОББ 



 

мектеп  


балабақшасында    8-11-    сынып    қыз  

балаларының  ұйымдастыруымен  әлеуметтік  

топтағы    отбасы    балалары    үшін  “Баладан  

балаға”атты    қайырымдылық    акциясы  

ұйымдастырылды.

Мақсаты    бала    көңіліне    жылылық  

сыйлау және  оларға  әрқашан  көңіл  бөлу, 

оқушы    бойына    мейірімділік,  қайырымдылық    сынды    қасиеттер    ұялату.



  Бұл  

акцияның  ерекшелігі оқушы  қыз  балалар  технология  пәнінен  үйренген дәмді  

тағамдарын  өз  қолдарынан  пісіріп әкелді. Акция  мектеп  дәлізіне  ұйымдастырылып, 

қыз балалар тәтті  тағамдарын көпшілікке  ұсынды. Балалар тағамдардан  дәм  

татып,  өздеріне    бөлінген    көңілге    балалық    қуанышпен    алғыстарын    білдірді. 

Кешті  ұйымдастыруға  атсалысқан  тәлімгер  және  әлеуметтік  педагог, психолог  

апайларда  осындай  игілікті  шараларды  жиі  өткізуге  уәде  беріп, балаларды бір-

біріне  мейірімді  болуға, әрқашанда  көмектерін  аямауға  шақырды.



                                        Мичурин  ЖОББМБ-ның баспасөз орталығы

Зеленов ауданы

«Жарасымды жұп» ән байқауы

Бала – бақытымыз

Мұхит    атындағы  орта  жалпы    білім 

беретін мектебінде  мүмкіндігі шектеулі балалар 

арасында   «Бала - бақытымыз» тақырыбында 

интеллектуалдық сайыс өтті. 

Бұл 


сайыста 

оқушылар 

 

ойлау 


қабілеттерін,  тапқырлығын,  жылдамдығын,  таным 

белсенділіктерін арттыру, қарым-қатынасты дамыту 

мақсатында  түрлі сайстарға қатысып өз өнерлерін 

ортаға салды. Үш бағытта өткен танымдық сайыста 

оқушылар,  өзін-өзі  таныстыр  мен  өз  өнерлерін 

көрсетіп, жанұя жылуы жайында шығарма жазып, 

ермексаздан  мүсіндер  жасап,  өздері  салған 

суретке  сипаттама  берді.  Кім  шапшаң  ойынында 

шар жару арқылы жануарлардың дыбыстары мен 

қимылдарын  салып,    мақал-мәтелдерден  өзара 

сайысқа түсіп білім бәсекелігін қыздырды. 

Сайыс  соңында  әр  оқушы  марапатталып, 

сыйлықтарға ие болды. 

Т.КЫДЫРНИЯЗОВА

Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін 

мектебінің мұғалімі

Қаратөбе ауданы

Алақай, Жаңа спорт 

алаңы!


      Қазіргі  таңда,  салауатты  өмір  салтын  насихаттауға,  көпшілік 

спортты дамытуға басты назар аударылып келеді. Елбасының «Қазақстан 

-  2050  стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  

Қазақстан  халқына  жолдауында  көрсетілгендей  «Дене  шынықтыру  мен 

спорт»  мемлекеттің  айырықша  назарында  болуы  тиіс.Осы  мақсатта 

ауылымызда  бой  көтерген    жаңа  спорт  алаңының  ашылу  салтанаты 

өтілді. Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Ж.Каналин, Қарағанды селолық 

округінің әкімі Д.Акмамбетов құттықтау сөз алып, спорт алаңы ел игілігіне 

жаратылуын тіледі. Спорт ардагері «Ақсай Строй Сервис» ЖШС басшысы 

Ж.Тулеугалиев мерекелік лебізін білдіріп,спорт киімдері мен доптар табыс 

етті.  Салтанатқа  аудан  маслихатының  депутаты  Н.Аязбеков,  «Альянс  Металло  Групп»  ЖШС  басшысы  М.Мергалиев, 

ауыл тұрғындары қатысты. Аудандық дене шынықтыру және спорты бөлімінің «Сарыарқа» спорт клубының директоры 

И.Қарабаев бұл спорт алаңы жазғы және қысқы маусымға арналғанын айтты. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» 

дегендей осындай елімізді көркейтуде атсалысып  жатқан ағаларымызға алғысымыз шексіз.



      

Арайлым ДЕМЕСИНОВА

Киров мектебінің -  ДТІЖО, Бөрлі ауданы 



№1 (209)    13.01.2015 ж.

3

                                           «Еңбек адамын ардақтайық!»

   Гимназиядағы жыр кеші



Менің елім - мәңгілік менің мекенім

Өткен  тарихымызды  танып  білмей,  болашағымызға  бағдар  жолды  айқындау 

мүмкін емес. Ал, өткен тарихымызды бірден-бір баян ететін орын - мұражай.

Мұражайдың  қорында  жиналған  жәдігерлердің  тарихын  өз    иелерінен  естіген 

әрине  қызықты.  Сондықтан  «Бабалар  мұрасы  -  халықтың  қазынасы»  атты  мұражай 

үйірмесінің  мүшелері  «Мұражай  жәдігері  тарихтан  сыр  шертеді»  деген  тақырыпта 

ауылдың  ата-әжелерімен  және  мұражайға  өз  жәдігерлерін  тапсырған  тұлғалармен 

кездесу  ұйымдастырды.  Кездесу  кешінің  қадірлі  қонақтары  Жасқайын  Қажғалиев, 

Нұрсапа  Жайтуғанов,  Чапай  Дильмуханов,  Ілияс  Тоққалиев,  Айғанша  Алғазиева, 

Қабдығали Рысқалиев, Злиха Құрманова және Даулет Мунайтпашевтар болды.  

Шараның  ашылу  салтанатын  мектеп  директоры  Куаныш  Айдынғалиұлы  өз  

сөзімен  өрнектеп,  шақыруды  қабыл  алып,  келген  қонақтарға  ризашылығын  білдірді. 

Оқушылар көкейлерінде шешімін таппай жүрген біраз қызықты сауалдарын жаудырды. 

Олар  әсіресе  ауылдың  тарихнамасына  қатысты  және  мұражайға  тапсырылған 

жәдігерлердің   тарихына байланысты сұрақтарды қойды. Жасқайын атадан өз немересі 

Жансұлу Жардемова Қабыршақты ауылының тарихын сұраса, Сабыр Мағжан Нұрсапа 

атадан  өзі  тапсырған  жастық  ағашының  тарихын  сұрады.  Ал,  Ботагөз  Серікқалиева 

патифон жайында сөз қозғауын өтінді. Злиха әжейден шоқ үтіктің қашан пайдаланылғанын 

немересі Аяулым сұрап қызығушылық танытты. Лаура Губашева Қабдығали атадан сынық 

сипау өнерінің кімнен дарығанын және қонақ кәде ретінде қазақтың домбырасымен бір 

ән орындауын сұрады. Ата-әжелердің әңгімесі оқушылар үшін қызық болғаны соншалық, 

тіпті уақыттың қалай өтіп кеткені байқалмай қалды. Соңында оқушылар өздері әзірлеген 

концерттік  бағдарламасын  ұсынды.  Бұл  кездесу  ата-әжелердің  өз  немерелерімен 

сұхбаттасу  кеші  іспеттес  көрінді.  Ұлттық  мәдени  ескерткіштерді    сақтау,  тарихын  білу, 

баға жетпес мұра екендігін ұғындыру біздің міндетіміз. 

Г. МҰХАНҒАЛИЕВА

Бітік ОЖББМБ-нің

 «Бабалар мұрасы-халық қазынасы»атты 

мұражай үйірмесінің жетекшісі 

Ақжайық ауданы                        

Ақжайық  топырағы  -  небір  жыр 

дүлділдері, әншілер, қайраткерлер шыққан 

өлке.  Сол  өлке  қаламгерлерінен  поэзия 

әлемінде өз қолтаңбасымен қалған ақын – 

Қадыр Мырза-Әли. 

  Тайпақ  мектеп-гимназиясында 

қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні  мұғалімі 

Саркенова 

Гүлшарат 

Мұратқызының 

ұйымдасты 

руымен «Қазақ жырының 

Қадыры» атты поэзия кеші өтті. Бұл кештің 

өткізілу  мақсаты  –  жыр  саңлағының  өмірі 

мен  шығармашылығы  туралы  тереңірек 

мағлұмат  беру,  оқушыларды  мәнерлеп 

оқуға  баулу  арқылы  поэзияға  деген 

сүйіспеншілігін арттыру. Кешті Г.Мұратқызы 

Қадыр  ақын  туралы  ақын-жазушылардың  

естеліктерінен  мысал  келтіре  отырып 

ашты. Ұстаздарынан шабыт алған Шынар 

Қадырова,  Аяулым  Бердібекова,  Әселхан 

Байтимова 

Бақдәулет 

Бақтығалиев, 

Дәуренбек Жұмабековтер  ақын өлеңдерін 

мәнерлеп жатқа оқыды. 

Қаламгердің  қаламынан  туған 

ертегілер,  балладалар,  мысалдар  мен 

мазақтамалар, 

жаңылтпаштар 

мен 

жұмбақтар,  санамақтар  –  балалар 



әдебиетіне қосылған қомақты үлес болса, 

5,6,7-сыныптың  бір  топ  оқушылары 

осы  шығармаларды  образға  ене  оқып, 

тыңдармандарға  ерекше  әсер  қалдырды. 

10-сынып  оқушысы  Ақтоты  Төлеуғалиева 

«Тілдің  туы»,  Қайырбек  Қазбеков  «Бір 

жақсы  мен  бір  жаман»,  Аят  Зейнешов 

«Біздің  тарих»,  Нұрсейіт  Мәдениет 

«Мектеп»  шығармаларын  жатқа  оқыса, 

алаш  арысының  қанатты  нақыл  сөздерін 

Қайрат  Гинуллин  пен  Әсел  Нәсіпова 

тебірене жеткізді. 

Асылы,  адам  әдебиетке  екі  түрлі 

мақсатпен  келеді.  Бірі  –  өзінен  бұрын 

айтпағанды  айту,  екіншісі  –  ешкімге 

ұқсамай  тек  өзінше  айту.  З.Қабдоловтың 

сөзімен  айтсақ:  «Қазіргі  қазақ  поэзиясы 

көп  дауысты  қуатты  оркестр  десек, 

Қадыр  поэзиясының  қайталанбас  өз 

үні,  айшығы  мен  өрнегі  бар,  сыңғыры 

бөлек,  сыры  басқа.  Қадыр  ағамыздың 

200-дей  әннің  сөзін  жазғанын  білеміз. 

Атақты  «Қыз  Жібек»  кинофильмінің 

саундтрегіне  кірген  әнін  Н.Тлендиев 

жазған «Ақ Жайықты», әнші Т.Серіковтің 

орындауындағы  «Сыған  серенадасын» 

бейне  фильмнен  тамашаласақ,  елге 

танымал  боп  кеткен  «Асыл  әжем», 

«Тамаша» 

туындыларын 

мектеп 

оқушылар,  ұстаздар  шырқап  берді.  Бұл 



шарада Қадырдың «Бес бақыт», «1937», 

«Бар  елдің  басшылары,  айтарым  бар», 

«Жер»  өлеңдерін  ұстаздар  Е.Умирзаков, 

Н.Жұмағалиев, Л.Бисеновалар ықыласпен 

оқыды.  Бұл  жыр  кеші  көрермендер 

мен  сахна,  оқушы  мен  мұғалім  арасын 

жақындатқан,  қазақ  өлеңінің  қадірін 

тағы  бір  мойындатқан,  Қадыр  ақынның 

құдіреттілігін кеңінен танытқан әсерлі шара 

болды.


Кеш  соңында  екінші  әнұранға 

айналған  әнін  Е.Хасанғалиев  жазған 

«Атамекенді»  шырқаған  оқушылар  мен 

ұстаздар ризашылық сезіммен тарқасты. 



Л.БИСЕНОВА

Тайпақ мектеп гимназиясының 

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Тайпақ ауылы, Ақжайық ауданы

 Ұстазы бейімдінің - шәкірті зейінді 

Мектепалды  даярлық  тобында  тіл  дамыту  пәнінен  «Үй  жануарлары  мен  үй 

құстары»  тақырыбында  ашық  сабақ  өткізілді.  Ашық    сабақ  тосын  сыймен  басталып, 

оқушылардың  назарын  сабақ  тақырыбына  аударта  білді.  Балаларды  екі  топқа  бөліп 

отырғызып, бірінші топқа жылқыны, ал екінші топқа әтештің суретін пазлдардан құрастыру 

арқылы екі топқа бөлді. Тақырыпқа сәйкес әртүрлі тапсырмалар орындатып, сабақтың  

мазмұнын  балаларға  меңгерте  алды.Сабақ  барысында  жаңа  технологиялардың 

бірнеше  элементтерін  тиімді  пайдалана  білді.  Сабақта  балалар  өздерін  еркін  ұстап, 

тапсырмаларды  тиянақты  орындап,  сөздік  қорларының  мол  екенін  көрсете  білді. 

Суретке  қарап  сөйлем  құрап,  үй  жануарлары  мен  үй  құстарының  пайдасы  жөнінде 

өмірмен  байланыстырып,олардың  дыбысталуы  мен  ерекшеліктері  жөнінде,  үш  тілде 

жануарлардың  аттарын  атады.    Мендігазиев  Мансур,  Жарылғасын  Мирас,  Бахтығали 

Медет  сияқты  балалар  ерекше  көзге  түсті.  Жас  бүлдіршіндерге  тәрбие  мен    білімді 

бойларына сіңіртіп, аянбай еңбек етіп жүрген мектебіміздің жас маманы Ахметова Самал 

аз  уақыттың  ішінде  өзінің  еңбекқорлығы  мен  ұстаздық  шеберлігін  жан-жақты  көрсете 

білді. Осындай жас мамандар мектебіміздің мәртебесін биіктетері сөзсіз. 



Динара УТЕБАЕВА

Қуағаш ОЖББМ-нің

бастауыш сынып мұғалімі, Шыңғырлау ауданы

  

 Тәуелсіздік-тұғырым!



      Осыдан  жиырма  үш  жыл  бұрын  егемендігімізді  жариялап,  Тәуеліздікке 

қол  жеткіздік.  Бұл  ғасырлар  бойы  біздің  яғни,  қазақ  халқының  аңсаған  арманы  еді. 

Тәуелсіздігімізді  алғаннан  соң  халықтың  басын  біріктіріп,  Н.Ә.  Назарбаев  тұңғыш 

елбасы болды. Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Еліміз елдігін 

көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол  жеткізгенде 

өз алдымызға ел бола алатындығымызға сендік. Ар-намысты ту еткен, Елбасымыз бен 

үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі. Осы нұрлы 

күндерге  жеткізді.  Осындай  нұрлы  күндерге  қол  жеткізгеніміз  Желтоқсан  оқиғасының 

нәтижесі. 

    Қазақстан бүгінде егеменді ел болып, дүние жүзіне танылуда. Біздің Отанымыз егеменді 

ел Қазақстан Республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз-

ұлттық  рәміздерді  қастерлеу,  тәуелсіз  мемлекетімізді  өркениетті  елдер  қатарына  қосу, 

мәдениеттің биік шыңына көтерілу. Он бесінші желтоқсан күні Тәуелсіздік күніне арналған 

мәдениет үйінде Аққозы жалпы білім беретін мектеп-балабақшасының оқушылары  мен 

және ұстаздар қауымының ұйымдастырылуымен  «Тәуелсіздік-тұғырым!»  атты мерекелік 

кеш өтті.                          

   Мерекелік   кеште Қоржын оркуг әкімі аппаратының бас маманы  Б.Хамбетов, мектеп 

директоры  А. Айтқалиева сөз сөйледі. Аққозы ауылының азаматы  Мұқанов Құсайын 

Ізімұлының қолдауымен «Аққозы» әнінің тұсау кесері болды. Мерекелік кеш желтоқсан 

оқиғасына  байланысты  бейне  көрініспен  басталып,  оқушылармен  ұстаздардың  және 

мәдениет үйінің қызметкерлерінің  тамаша өлеңдер мен әндеріне ұласты.

  Қиыншылықпен келген Тәуелсіздік халықтың көңілінен ешқашан өшпесі анық. Тәуелсіздік 

халқымыздың қажыр-қайратының  арқасында келсе, енді сол тәуелсіздікті сақтап қалуға 

соншалықты күш жігер керек. Еліміздің егемендігі асқақтай берсін! 



Айнұр АЙТҚАЛИЕВА

Аққозы жалпы білім беретін мектеп-балабақшасының кітапханашысы.

Қаратөбе ауданы

Мен 


жақсылыққа 

жаны  құштар  анама 

еліктеп  келемін.  Анам 

-  Сартова  Алтынай 

менің өмірдегі ұстазым. 

Анам  сияқты  дәрігер 

болу  басты  арманым. 

Дәрігер  болу  үлкен 

мәртебе  деп  білем. 

«Балапан ұяда не көрсе, 

ұшқанда  соны  іледі»-

дейді  дана  халқымыз.  Анашым  бар  өмірін 

осы мамандыққа арнап келеді. Оған қызыға 

қараймын. Ауыл адамдары әрдайым алғысын 

білдіріп, үлкендер ақ батасын беріп жатады. 

«Дәрігерлер  күніне»  орай  үкімет  жақсы 

дәрігерлерді  алғыс  хатпен  марапаттады.  

Ішінде менің де анамда бар.  Бұл анам үшін, 

біздің  отбасы  үшін  үлкен  қуаныш  болды. 

Менің  анам  адамдарға  жанашаркөзбен 

қарайды.  Қашанда  ақ  адал  көңілмен,  шын 

ниетімен  науқас  жандарға  көмектескісі  кеп 

тұрады.  Дәрігер  өзіне  ешқандай  туыстығы 

жоқ  адамның  өміріне  жауапкершілікпен 

қарайды.  Ол  кісінің  бойындағы  мейірімділік, 

адамгершілігік, елгезектік қасиетін ұнатамын. 

Ол ешқашан шаршаған емес. Анам әрқашан 

дәрігер  адам  кең  жүректі  болуы  тиіс  деп 

отырады.  Тек  иненің  күші  ғана  емес  тілдің 

құдіретімен  алдына  келген  науқас  адамды 

емдеу  керек.  Бойында  дерті  бар  жанның 

көңілінде  пәс  болатынын  естен  шығармауы 

керек.    Ал  менің  анамның  бойынан  осы 

қасиеттерің бәрі табылады.  Мен анашыммен 

мақтанамын.  Анам  нағыз  еңбек  адамы. 

Ол  күндіз-  түні  адамдардың  денсаулығын 

қадағалайды.  Мен  анамды  құрметтеймін, 

ардақтаймын!




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет