Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы



бет1/6
Дата22.10.2022
өлшемі231,97 Kb.
#44970
  1   2   3   4   5   6

Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазығұрт ауданы
«Шарбұлақ» жалпы орта мектебі



Мұғалім: Тұрсынбаев Ғ.Т.
ШАРБҰЛАҚ – 2016
Жоспар:

І. Түзу бойындағы бірқалыпты қозғалыс.


ІІ. Өзендегі қозғалыс.
ІІІ. Шеңбер бойындағы қозғалыс.
ІV.Жұмыс пен еңбек өнімділігін анықтауға берілген мәтіндік есептер.

Қозғалысқа берілген мәтіндік есептер.
Мұндай мәтіндік есептердің негізгі компоненттері: S – жүрілген жол, V-жылдамдық, t-уақыт.

Есепті шешудің жоспары:

  1. Әдетте белгісіздер үшін арақашықтықты (егер ол берілмеген болса) алады немесе қозғалатын объектілердің жылдамдықтарын алады.

  2. Бұл жағдайларда теңдеу құру үшін, ереже бойынша, мынадай пайымдауларды қолданады:

а) егер, екі объекті бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы бағытта қозғалатын болса, онда олар кездескенге дейін -ға тең уақыт жүреді.
б) Егер объектілер әртүрлі уақытта қозғалатын болса, онда олар кездескенге дейін бұрын шыққаны көп уақыт жүреді;
в) егер объектілер бірдей ара қашықтық жүрген болса, онда бұл ара қашықтықты бұл есептегі ортақ белгісіз шама деп қарастырған тиімді;
г) объектілер бір бағытта қозғалатын болса, біріншісінің екіншісін қуып жететін уақыты -ге тең болады.
Қозғалысқа берілген мәтіндік есептерді шығарған кезде мынадай ұйғарымдарды қабылдайды:

  1. Қозғалысты бірқалыпты деп есептейді;

  2. Жылдамдықты оң шама деп қарастырады;

  3. Қозғалыстағы денелердің бұрылуы және жаңа қозғалыс режиміне ауысуы лездік деп қарастырады.



І. Түзу бойындағы бірқалыпты қозғалыс.
1-мысал. Ара қашықтығы 900 км екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы екі пойыз шығып, олар жол ортасында кездескен. Бірінші пойыз екіншіден 1 сағ кеш шығып, екінші пойыз жылдамдығынан 5 км/сағ артық жылдамдықпен жүрген. Әр пойыздың жылдамдығын табыңдар.
Шешуі: 1) Екінші пойыздың жылдамдығын х км/сағ деп белгілейік. Есептің шартын мынадай кесте түрінде жазған тиімді.

Шамалар

Қозғалыс

Жалпы

1 пойыз

2 пойыз

S (км)

450

450

900

V (км/сағ)

х+5

х




t= (сағ)











  1. сағат аз




2) Теңдеу құрып, оны шешеміз:
3) бұдан бұл түбір есептің шарты бойынша жарамсыз.
4)Демек, екінші пойыздың жылдамдығы 45 км/сағ, ал бірінші пойыздың жылдамдығы 50 км/сағ болған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет