Оқу жылындағы «Жоламан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» кмм 9 «А» сынып оқушыларының ата-аналарымен қашықтықтан өткен жиналысының хаттамасы №1



бет1/3
Дата29.05.2022
өлшемі431,24 Kb.
#35909
  1   2   3

2021-2022 оқу жылындағы «Жоламан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ 9 «А» сынып оқушыларының ата-аналарымен қашықтықтан өткен жиналысының
ХАТТАМАСЫ №1
28 тамыз 2021 жыл
Өткізілген уақыты: 14:00
Сынып жетекшісі: Ж.Омарбекова
Қатысқан ата-ана: 15
Қатыспағаны:
Күн тәртібінде:


  1. 2020-2021 оқу жылының қорытындысы

  2. Нұсқау хатпен таныстыру

  3. Ата-аналар комитетін сайлау

  4. Әртүрлі мәселелер

Тыңдалды:
1.Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Ж.Омарбекова 9 сынып оқушыларының ата-аналарымен сәлемдесіп келіп жеткен 1 қыркүйек білім күнімен құттықтады. Көпбалалы отбасыларының балаларының әлеуметтік жағдайын, қандай әлеуметтік көмек керек екендігін анықтады. Биылғы оқу жылындағы атқарылатын істер туралы, оқушылардың жалпы қозғалысы туралы айтып өтті.
Ол сөзінде биылғы оқу жылында ата- аналардың басты міндеті балалардың сабаққа толық қатысуын, сырт бейнелерінің талапқа сай болуын қамтамасыз ету, қалам- дәптерлерін үнемі түгендеп отыру, күнделіктің жүргізілуі, оқушылардың қосымша сабақтармен қамтылуын ( үйірме, факультатив), ең негізгісі сабаққа белсене қатысып отырулары екенін айтты. Сынып жетекшісі ата- аналарына балаларына көп көңіл бөлу керектігін өйткені биылғы бағдарламаның күрделірек екенін ескертті.
2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша 8 «А» сынып оқушыларының білім сапасы 60% көрсетті. Сыныпта 3 оқу озаты және 6 оқу екпінділері бар, ал орташа оқитын 6 оқушы.
2.Екінші мәселе бойынша сынып жетекші Ж.Омарбекова сөз сөйлеп, ата-аналарға нұсқау хаттағы өзгерістерді жеткізді.Сабақ дәстүрлі форматта санитарлық талаптарды орындай отырып мектепте өтеді. Балалар сабақты аптасына 6 күн оқиды.
3. Үшінші мәселе бойынша ата- аналар өзара келісіп ата-ана комитетінің төрайымын және мүшелерін сайлады. Сайланған ата- аналар комитеті сыныптан тыс шараларға қатысып,ұйымдастыруға көмек көрсетіп отыратынына келісті. Екінші мәселе бойынша ата- аналар бірауыздан ата-аналар комитетін сайлады. Ата-аналар комитетінің төрайымы Тұйғынбекова Зағипа ал Алимжанова Құралай мүшесі болып сайланды. Ата-аналар ата-аналар комитетімен сыныптан тыс және мектепшілік шараларға қатысып, ұйымдастыруға өзара келісті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет