Оқу жұмыс бағдарламасы математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі (пән, модуль атауы) Мамандық



бет1/4
Дата07.11.2022
өлшемі39,98 Kb.
#47960
  1   2   3   4


М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі




Келісілді
№5 И.В.Панфилов атындағы
мектеп-лицей директоры:
___________ Р.Ж.Мұқашова
20___ж. "____"_____




Бекітемін
Директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары м.а:
____________ Р.Ж.Шермаханова
20___ж. "____"_____


ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі
(пән, модуль атауы)


Мамандық 0111000-«Негізгі орта білім беру»
(коды және атауы)


Біліктілік 0111113-«Ағылшынша білімі бар математика пәнінің мұғалімі»
(коды және атауы)


Оқыту нысаны күндізгі негізгі орта білім базасында


Жалпы сағат саны

Әзірлеуші: Сауяева Нұргүл Сақтапбергенқызы


«Физика-математика» ПЦК-сы отырысында қаралды және мақұлданды
2021 ж. "1" қыркүйек № 1 хаттама

ПЦК жетекшісі: Ермекбайқызы Зарина

Түсіндірме жазба

Пән/модуль сипаттамасы
0111113-«Ағылшынша білімі бар математика пәнінің мұғалімі» біліктілігі бойынша дайындалған оқу жұмыс бағдарламасы колледждің педагогикалық кеңес шешімі бойынша (хаттамасы №2 02.09.2019) Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі пәнінен үлгілік оқу бағдарамасына сәйкес әзірленген.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 217 «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасалған.
Мақсаты: қазіргі замандағы қоғамда өзін еркін сезінуге адамға қажетті ойлау қасиеттерін қалыптастыру арқылы білім алушылардың зияткерлік деңгейін дамыту; практикалық іс-әрекеттерде қолдануда, басқа пәндерді үйренуде, білім алуды жалғастыруда қажетті математикалық білімді меңгеру.
Міндеттері:
1) жеке тұлғаның зияткерлік қасиеттерін дамытуға бағытталған математика негіздерін сапалы меңгеруге, математикалық білім, білік және дағдыларын әрі қарай қалыптастыру мен дамытуға жағдай жасау;
2) әртүрлі мәнмәтіндегі есептерді шешуде математикалық тілді және негізгі математикалық заңдарды қолдануға, сандық қатынастар мен кеңістіктік формаларды оқып білуге ықпал ету;
3) есептерді шешу мақсатында білім алушылардың білімдерін математикалық модельдерді құруға және керісінше, шынайы процестерді сипаттайтын математикалық модельдерді суреттеп беруге бағыттау;
4) практикалық есептерді шешуде, алынған нәтижелерді бағалау мен олардың нақтылығын айқындауда лайықты математикалық әдістерді таңдап алу үшін логикалық және сыни тұрғыдан ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
5) коммуникативтік дағдыларын, оның ішінде, ақпаратты дұрыс және сауатты түрде беру, сонымен қатар түрлі ақпарат көздерінен, басылымдар мен электрондық құралдардан алынған ақпаратты қолдану қабілетін дамыту;
6) өздігінен және топта жұмыс істеуде қажетті тәуелсіздік, жауапкершілік, белсенділік, табандылық пен толеранттылық сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту;
7) математиканы оқыту процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларын дамыту.
Математика пәнінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік бағдарламасына жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Алгебра және анализ бастамалары» және «Геометрия» пәндері енгізілген. Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі пәнінің оқу жұмыс бағдарламасында 12 бөлім қарастырылған. Олар: «Функция, оның қасиеттері және графигі», «Тригонометриялық функциялар», «Математикалық статистика және ықтималдықтар теориясы», «Дәреже мен түбір. Дәрежелік функция», «Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар», «Туынды және оның қолданылуы», «Алғашқы функция және интеграл», «Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі параллельдік және перпендикулярлық», «Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар», «Көпжақтар», «Айналу денелері және олардың элементтері», «Денелер көлемдері».



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет