Оқу нәтижесін бағалаудың заманауи әдісі



Pdf көрінісі
Дата06.01.2022
өлшемі113,02 Kb.
#13076


ОҚУ НӘТИЖЕСІН БАҒАЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСІ 

 

Сулейменова З.Е., Воронова Р.М. 



Көкшетау қ.,  Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті    

Акимкулова А.А. 

Шымкент қ., М.Өтебаев атындағы Жоғары жаңа технологиялар колледжі 

zaure_suleimenova@mail.ru 

                                 

Бағалау жүйесі – мектеп  оқушыларының қызметінің нәтижелерін ағымдағы 

және  қорытынды  бағалауды,  педагогтар  мен  мектептің  қызметін  бағалауды, 

білім  беру  жүйесі  қызметінің  нәтижелерін  бағалауды  қамтитын  күрделі  және 

көпфункционалды жүйе. Осыған сәйкес бағалау жүйесі атқаруы керек: 

1. Бағалау қызметінің мақсаттарын белгілеу: 

а) нәтижеге жетуге бағыттау; 

б) білім берудің барлық аталған нәтижелерін (пәндік, метапәндік және жеке 

тұлғалық) бағалауға кешенді көзқарасты қамтамасыз ету

в)  жоспарланған  нәтижелерге  қол  жеткізу  туралы  алынған  ақпараттың 

негізінде білім беру жүйесін реттеу мүмкіндігін, басқаша айтқанда, әр сыныпта, 

мектепте білім беру процестерін жақсарту және жетілдіру үшін педагогикалық 

шаралар қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ету. 

2. Критерийлерді, рәсімдерді, бағалау құралдарын және оның нәтижелерін 

ұсыну нысандарын белгілеу. 

3. Бағалау жүйесін қолдану шарттары мен шекараларын белгілеу. 

Бағалауға критериалды-бағдарланған тәсілдер негізінде білім алушылардың 

білім  беру  нәтижелерін  бақылау  жүйесі  мен  сапасын  бағалау  өзекті  болып 

табылады.   

Критериалды-бағдарланған  тәсілдерді  қолдану  білім  алушылардың  оқу 

жетістігін  бағалаудың  обьективтілігі  мен  қолжетімділігі  деңгейін  едәуір 

көтереді. Заманауи мектепте білім алушылардың білім беру қызметін бағалауға 

критериалды тәсілдер қажет, осындай тәсілдер кері байланысты жүзеге асыруға 

көмектеседі,  білім  беру  процесінің  барлық  қатысушыларына  өлшенетін 

критерилер және оқыту нәтижесін көруге мүмкіндік береді.   

Бағалау жүйесінің маңызды сипаты, ол тек ғана бағалауды қою кезінде ғана 

қолданылмайды,  толығымен  мұғалімдер,  білім  алушылар  және  ата-аналар 

арасындағы  білім  беру  процесінің  жетістігі  себептері  бойынша  бақылау 

диагностикалық байланысты жүзеге асырады.   

Білім  беру  жетістігін бағалау  кезінде  бағалау  жүйесі  осындай балалардың 

оқу жетістігін обьективті көрсетіп ғана қоймау керек және білім алушылардың 

білім беру процесін одан әрі қолдау үшін негіз болу керек.   

Бағалау  жүйесі  оқыту  жетістігін  өлшеу  мен  оқыту  мәселелері 

диагностикасы болып табылады, оқытудың стратегиясы мен тактикасы бойынша 

түбегейлі  шешім  қабылдау,  күтілетін  нәтижелерді  бағалау  түрі  мен  білім 

мазмұнын  жетілдіру  ретінде  білім  беру  процесі  сапасын  анықтауға  мүмкіндік 

береді. Білім беру жетістіктерін бағалау кезінде алынған нәтижелер арақатысы 

мен  оқыту  кезіндегі  жоспарланған  мақсаттарға  жетудің  маңызы  зор.  Бағалау 




жүйесін  жетілдіру  қажеттігі  критериалды  бағалау  жүйесіне  қатысты 

көпфункционалды жүйені құруға ықпал етеді.   

Бағалау жүйесінің бірнеше қызметін бөліп көрсетуге болады:   

Нормативтік  қызмет  бекітілген  мемлекеттік  стандартқа  қатысты  білім 

алушылардың  жетістігін  тіркейді  және  жекелеген  оқушылардың  үлгерімін, 

мектеп  сыныптарының,  олардың  дайындық  деңгейі  мен  мұғалім  жұмысының 

сапасын қадағалайды.   

Ақпараттық-диагностикалық  қызмет  білім  алушылардың  мазмұнды  және 

эмоциялық  рефлексиясын,  соның  ішінде  ерекше  қажеттіліктерін,  барлық  білім 

беру процесі қатысушыларының арасындағы мазмұнды байланысты қамтамасыз 

етеді.  Бағалау  жүйесі  білім  беру  процесінде  нақты  сыныпта,  нақты  бала  үшін 

барлығы дұрыс екендігін көруге мүмкіндік береді.   

Бағалау жүйесі сол немесе басқа да материалдың қаншалықты жетістікпен 

игерілетіндігін,  білім  алушыларда  сол  немесе  басқа  да  практикалық  дағдының 

қалыптасқандығын анықтауға мүмкіндік береді.   

Осындай  мүмкіндік  білім  алушылардың  жеткен  деңгейін  салыстыруда 

бақылау  өлшемдері белгілі бір  минимумымен, оқыту  нәтижелеріне қойылатын 

талаптармен әрбір білім алушылар үшін маңызды.   

Білім  алушылардың  оқу  жетістігін  бағалау  жүйесі  білім  алушылардың 

жалпы  дайындық  деңгейінің  өзгерістері  ретінде  тіркеу  керек,  сондай  ақ 

танымдық  қызметтің  түрлі  салаларындағы  оның  жетістіктері  динамикасы 

(ақпаратты  игеру,  ақпаратты  өңдеу,  шығармашылық  және  жобалық  қызмет, 

ойды  жеткізе  білу  және  т.б.)  білім  беру  процесіндегі  бар  мәселелер  мен  оқу 

жетістігіне шынайы сипаттама алуға мүмкіндік береді.   

Бағалау  жүйесі  мұғалімдер,  оқушылар,  ата-аналар,  сынып  жетекшілері, 

сонымен  қатар  білім  беру  ұйымдарының  әкімшілігі  мен  педагогикалық 

ұжымдары арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз ету керек, ол білім беру 

процесін  қалыптастыруда  жүйелі  тәсілді  қамтамасыз  ете  алады,  яғни  оның 

тұтастығын қамтамасыз ету.   

Сонымен  қатар  білім  алушылардың  оқу  жетістігін  бағалау  кезінде  білім 

алушылардың психикасына байқап қарау, оған нұсқан келтіретін жағдаяттардан 

қашып, баланың психологиялық даму ерекшеліктерін ескеру керек.   

Жоғарыда  көрсетілген  бағалау  жүйесінің  тәсілдері  білім  беру  процесінің 

барлық  қатысушылары  бағалау  жүйесіне  құрал  ретінде  қарауды,  жетістікпен 

білім  алу  үшін,  кері  байланысты  жүзеге  асыру  үшін  қажет  екендігін  түсінуді 

қамтамасыз ету керек.   

Аталған  ережелер  бағалау  жүйесінің  негіздерін  қалыптастыру  керек  және 

оның қызмет ету жалпы аясына бағыт береді, бір уақытта жетістік критерилеріне 

және әрбір нақты білім жүйесін толыққандылығына қызмет етеді.   

Критериалды бағалау жүйесінің әдіснамалық негіздері В.П. Беспальконың 

критериалды-бағдарланған технологиясы болып табылады.   

Оның критериалды бағалау теориясының негізгі ережелері оқыту шарттары 

параметрлері  әр  қашанда  дәстүрлі  білім  беру  процесіне  тіркеліп  негізделеді 

(барлық  уақыт  үшін  бірдей,  ақпаратты  беру  әдістері  және  т.б.),  тіркелмегені 

оқыту нәтижесі болып қалады.   



Американдық  психолгтар  Дж.  Керолл  мен  Б.Блум  әзірлеген  ережелерді 

негізге  алып,  тұрақты,  тіркелген  параметрлер  есебінде  оқыту  нәтижесін  алып 

қарауға  болады,  В.П.Беспалько  бағалау  жүйесін  әзірлеуге  тәсілдерді  өзгертуге 

тырысты. Бұл жағдайда американдық психологтар теориясына сәйкес, оқытудың 

басқа шарттарының параметрлері барлық білім алушылардың берілген критери-

нәтижесіне  жету  үшін  басқа  оқу  шарттарының  параметрлері  өзгеріп  тұрады. 

Осындай  тәсіл  негізінде  критериалды  бағдарланған  оқытудың  технологиясы 

әзірленді, сондай ақ толық игеру технологиясы деп атайды, білім алушылардың 

барлығы қажетті оқу материалын игеруге қабілетті оның шығу сәті бекіту болып 

табылады.   

Бұл үшін білім беру стандарттарына сәйкес, белгіленген игеру критерилерін 

әзірлеу қажет. Барлық мектеп пәндері бойынша ұсынылған стандарттар, нақты 

игеру критерилерін әзірлеу үшін негіз болып табылады.   

Оқытудың  критериалды-бағдарланған  технологиясының  тиімділігі  білім 

алушыларға  көмектесудің  алуан  түрі,  бақылау  түрі,  тапсырмалардың  түрленуі 

әрбір  оқушыға  оны игерусіз  одан  әрі  тұлғаның  толық оқуы мен дамуы  мүмкін 

емес белгіленген міндетті критерилер деңгейіне жетуге мүмкіндік береді.   

Критериалды бағалау жүйесі келесідей элементерді қосады:   

1. 

Тақырыптарды игерудің критерилері толық анықталады (сабақтар), 



оқытудың нақты нәтижелері тізбесінде көрсетіледі (білім беру бағдарламалары 

аясында игерудің белгілі деңгейімен оқыту мақсаттары);   

2. 

Тексеру  жұмыстары  әзірленуде  –  тест,  негізгі  мақсаты  түзету  оқу 



тәртібінің қажеттілігін анықтаудан тұрады;   

3. 


Оқу  материалдары  жекелеген  фрагменттерге  бөлінеді  (оқу 

бірліктері),  нәтижелері  анықталады  (критерилер),  сондай  ақ  оларды  оқу 

барысында  жету  керек  және  ағымдағы  тексеру  жұмыстары  құрастырылады, 

әрбір оқу бірлігі оқу мақсатына жетуге көз жеткізуге мүмкіндік береді;   

4. 

Оқыту  тапсырмалары  құрастырылады,  оқытудың  сәйкес  әдістері 



таңдалады;   

5. 


Әрбір  тест  тапсырмаларынан  балама  түзету  материалдары 

әзірленеді.    Критериалды  бағалау  критерилерге  негізделген,  яғни  бағалауды 

құрайды (критерилерден), олардың  оқу-танымдық  құзыреттілігін  түрлі дамыту 

бағыттары бойынша жетістіктері көрініс табады.   

Критериалды  бағалау  -  бұл  тәсіл  оның  аясында  бағалау  мен  өзіндік 

бағалаудың алуан әдістері мен түрлері қолданылады.   

Критериалды бағалау кезінде:   

• оқушы өз оқуының нәтижесінде нағыз субьектіге айналады;   

• оқушының мектептегі мазасыздығы төмендейді;   

• мұғалім рөлінен «соңғы инстанциядағы сот» кеңес беруші, маман, тьютор 

рөліне көшеді.   

Осындай сипатта критериалды бағалау өзіне оқушылар мен мұғалімдердің 

денсаулығын сақтау әлеуетін алады.   

Критериалды  бағалау  мұғалімдер  үшін  бірқатар  қағидалы  нұсқауларды 

ұсынады:   

1. 


Баға көмегімен оқушының тұлғасы емес жұмысы ғана бағаланады;   


2. 

Оқушының  жұмысы  басқа  оқушының  жұмысымен  емес  үлгісімен 

тікелей салыстырылады (өте жақсы орындалған жұмыс бейнесімен);   

3. 


Нақты  тапсырмалардың  әр  түрлері  қолданылады  және  дұрыс 

орындалған тапсырмалардың түрлері нақты және анық сипатталады;   

4. 

Үлгі оқушыларға алдын - ала беріледі;   



5. 

Баға қоюдың нақты алгоритмі әзірлену керек, ол бойынша оқушы өзі 

өзінің  жеткен  деңгейі  мен  өз  бағасын  анықтай  алады.  Өзіндік  бағалау  оқушы 

рефлексиясы оның жұмысын тұспалдайды.   

6. 

Бағалау  үрдісіне  оқушыларды  енгізу,  өзіндік  бағалауға  өтуге 



ұмтылу;   

7. 


Нені  оқығаныңды  бағалауға  болады,  сондықтан  да  бағалау 

критерилері – нақты оқу мақсаттарына жету;   

8. 

Пән  бойынша  жалпы  оқу  мақсаттары  оқу  пәні  бойынша  оқу 



жетістігін бағалау критерилері болып табылады және оқушылардың жекелеген 

жұмыстарын анықтау, нәтижелерін қортындылауға мүмкіндік береді.   

Критериалды 

бағалау 


оқушылардың 

оқу-танымдық 

құзыреттілігін 

қалыптастыруға ықпал ететін, білім беру мазмұны мен мақсаттарына сәйкес оқу 

процесіне  қатысушыларға  танымал,  ұжыммен  жасалған  нақты  белгіленген 

оқушылардың  оқу  жетістігін  салыстыруға  негізделген  процесс  ретінде 

түсіндіріледі.   

Бүгінгі күні білім алушылардың жетістіктерін критерийлермен бағалауға екі 

басым  көзқарас  белгіленді.  Критерийлік  көзқарасқа  бірінші  көзқарас  оқу 

процесінің типологиясына және бағалардың сәйкес шкаласының арақатынасына 

негізделген.  Осылайша,  жағдай  түрлерінің  әрбіреуінің  ішінде  оқушы  «1»-ден 

бастап  «5»-ке  дейінгі  бағаларды  алуы  мүмкін.  Бұл  жағдайда  тапсырмалардың 

күрделілігі  бойынша  кезектестігі  қамтамасыз  етіледі.  Онымен  бір  уақытта  бұл 

көзқарас білімдерді сынып-сабақ жүйесінің жағдайларында қолданып отырғаны 

кезеңінде  шектеледі,  «білімнің  өмірге  шығуы»  жүйелігін  қамтамасыз  етпейді, 

бұл функционалдық сауаттылығының толық көлемінде қалыптаспайды.   

Критерийлік  бағалауға  екінші  көзқарас  білімді  өңдеу  –  ұғынуды 

қолданысты-жүйелендіру  мен  жинақтау  деңгейлеріне  және  оларға  сәйкес 

бағалау  шкаласына  негізделген.  Ең  алдымен  білім  алушылардың  икемдерін 

қадағалайтын  осындай  бағалаудың  нәтижелері  олардың  функционалдық 

сауаттылығына қол жеткізу қырынан толықтыруды талап етеді. Нақты көзқарас 

білімдегі 

күтілетін 

нәтижелерге 

жетудегі 

және 


оларды 

бағалаудағы 

қажеттіліктерді толық қамтымайды.   

Критерийлік 

бағалау 

білім 


алушылардың 

жеке 


психологиялық-

педагогикалық ерекшеліктеріне сәйкестікте іске асырылады.   

Критерийлік 

бағалау 


жүйесі 

білім 


алушылардың 

оқу-танымдық 

белсенділігін,  олардың  шығармашылық  және  зерттеушілік  аясын,  оқудағы 

дербестігін  және  ақпарат  ағынында  бағдарлануын  қалыптастыру  және  дамыту 

үшін жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасау мақсаттарын анықтайды.   

Білім  беру  жүйесінің  дамуында  критериалды  бағалаудың  орны  ерекше. 

Себебі  ол  мектептегі  білім  беру  кеңістігінің  біріктірілген  факторы,  оқытудың 



мәселелерін диагностикалаудың негізгі құралы болып табылады, сонымен қатар 

оқыту процесінің негізінде жатқан принциптерді қамтиды.   

Критериалды бағалау деп тек бағалау барысы мен баға қойылуы тиіс сәттер 

деп  түсінбеу  керек,  ол  жалпы  мұғалімнің,  оқушының  және  ата-ананың 

арасындағы, 

болмаса 


оқушының 

өзі 


анықтайтын, 

оқыту 


процесінің 

табыстылығын  анықтау  бойынша  бақылау-өлшем  байланысын  орнататын 

механизм.   

Жалпы алғанда, бағалау және өзін-өзі бағалау жүйесі - білім беру процесінің 

өз-өзін қадағалап отыратын, ерекше маңызға ие нақты механизмі.   

Критериалды бағалау сабақ беру, бағалау және  оқытудың өзара байланыс 

принциптері  негізінде  дайындалған.  Оның  негізгі  принциптеріне  төмендегілер 

жатады:    

• Бағалау білім жүйесінің міндеттеріне негізделген. Бағалау өзіндік мақсат 

болып  саналмайды.  Бұл  жалпы  білім  беруді  жетілдірудің  механизмі болуымен 

қатар,  әр  оқушының  оқу  жетістігін  жақсартудағы  тиімді  практика  түрі  болып 

табылады.  Білім  беру  жүйесі  міндеттері    бағалауды  және  оны  өткізудің 

жолдарын анықтайды.   

• Бағалау    процесі  әділ,  нақты,  сенімді  және  айқын  болып  табылады.    Бұл 

бағалау  барысында  қолданылатын  ақпараттардың  сенімділігі  мен  айқындығын 

қамтамасыз етіп, тапсырмалар  мен оларға сәйкес критерийлердің оқушылардың 

оқу жетістіктеріне жеткендігін бағалайтынын анықтайды.     

• Бағалау  білім  беру  мазмұнының  құрамдас  бөлігі  болып  табылады,  

бағдарлама мақсаттары мен күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты болып 

келеді. Ол мақсаттардың айқындығын қамтамасыз ете отыра, бағалау түрлерінің 

(қалыптастырушы және жиынтық) және  бағалау  рәсімінің  оқу  бағдарламасына 

сәйкестігін  анықтайды.   

• Бағалау қолжетімді, анық және ашық түрде болады. Ол қажетті ақпаратты 

уақытында  беріп  отыруға  мүмкіндік  тудырады, оқушылардың  өзін  - өзі реттеу 

тәртібін дамытып, процеске қатысушылардың жауапкершілігін арттырады.  

• Бағалау  үздіксіз  өткізіледі  және  оқушының  оқу  жетістіктерін  анықтауға, 

жеке даму траекториясын жасауға мүмкіндіктер тудырады.  

• Бағалау мектептің, мектеп ұжымының және оқушылардың даму бағытын 

айқындау  жолындағы  басты  фактор  болып  табылады.  Осы  процеске 

қатысушылардың өз міндеттерін атқарудағы құзіреттілігін арттыруға мүмкіндік 

тудырады.   

 

Әдебиеттер тізімі 



1. 

Система 


критериального 

оценивания 

учебных 

достижений 

учащихся.  Методическое  пособие.  –  Астана:  Национальная    академия 

образования им. Ы.Алтынсарина, 2013. – 80 с. 

2. 

Кохаева 


Е.Н. 

Формативное 

(формирующее) 

оценивание: 

методическое  пособие  /Е.Н.Кохаева.  –  Астана:  АОО  «Назарбаевские 

Интеллектуальные школы» Центр педагогического мастерства, 2014. – 66 с. 



3. 

Беспалько  В.П.  Слагаемые  педагогической  технологии.  –  М.: 



Педагогика, 1989. – 192 с. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет