Оқу құралы жоғары оқу орындарының қазақ тілін үйренуші студенттеріне арналған. Тілдік материалдарды беруде тіл үйренушілердің жалпы білім беретін мектептен қазақ тілін үйреніп келгені ескерілген



бет13/244
Дата27.04.2022
өлшемі30.06 Mb.
#32567
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   244



Бет-бейнеде көп сыр бар


Сөз бен сөз тіркестерінің түсінігі

түсі игіден түңілме –

шапағат тигізу –

бұғып жатқан –

қара торы –

жирен шашты –

адамның тектілігі –

үйіріп жүреді –

қоңқақ мұрын –

епті –

сүйір –

салбыраңқы –

дәрменсіз –

Түрік ерінді –

жабырқау –


2. Ой шақыру сұрақтары

а) Адамның ішкі жан дүниесі мен сыртқы келбеті сәйкес келе ме?

ә) “Көз – адам жанының айнасы” дегенді қалай түсінуге болады?

б) Досыңыздың, құрбы-құрдасыңыздың сыртқы келбеті қандай?

в) Бет-бейнесіне қарап адамды тануға бола ма?

г) “Досыңызды көрсет, сенің кім екеніңді айтып берейін” деген қағидамен келісуге бола ма?

д) “Абай жолы” эпопеясын оқығанда адамды жазушы қалай суреттейді? Еске түсініңіздер.
Мәтінді оқыңыз
Қазақ “түсі игіден түңілме” дейді. Шынында да адамның бет-бейнесі мен мінез-құлқы өзара тығыз байланысты. Бір сәт әйеліңіз, досыңыз, қызметтес жора-жолдас, бастығыңыздың бет әлпетіне назар салыңызшы. Олардың жүзіндегі әжім, қас-қабақ, тіпті құлақтағы сырғасына дейін іште бұғып жатқан әлдебір жұмбақ сыр, ақталмаған үміт, құпия арман-тілектерінен қандай да бір мағлұмат беретінін сезіну қиын емес.

Шашы құлпырып тұратын адамдар басқаға шапағат тигізу үшін энергияны бойына үнемдеп жинап, кенжелеу өсіп жетіледі. Керісінше, қараторы адамдар өзгелердің энергиясын көбірек сіңіру үшін той-жиын, ойын-сауыққа құмар келеді. Жирен шаштылар қолпаштап, мақтағанды жақсы көреді.

Ерік-жігері мол, өз-өзіне сенімді адамдар шаштарын қысқа қидырады.

Сопақтау бет-әлпет адамның текті, жан-дүниесі бай, парасатты екенін танытады. Беті трапеция формалас әйелдер айналасына нұр сеуіп, жұртты үйіріп жүреді. Беті ірі сүйекті, квадрат формалы жандар барынша тәуекелшіл, табыстан табысқа жете бергенді қалайды. Сондай-ақ олардың қатыгез, дөрекі болуы да ықтимал.Дөңгелек жүзділер сәнді тұрмыс құрып, көңілді жүргенді ұнатады.

Қастың түзу болуы – жұмсақ мінез белгісі. Мұрынға қарай дөңгеленіп біткен қас-қатыгездік нышаны. Қастардың ортасы бірігіп тұрса, ол пақыр мейліше қызғаншық деген сөз. Ұзын әрі қалың қас – ақыл-ой, мінез-құлық, эмоциялық сезімнің жарастық табу белгісі. Егер қалың қастың үш жағы күрт жоғары көтеріліп тұрса, ол адамды қашанда табысты болу үшін жаралған деуге болады. Ал қастың ұш жағының төмен қарай бітуі – жан жұмсақтығы, сыпайылық пен қарапайымдылық көрінісі.

Орақ мұрындылар ескі көзқарастан оңай қайтпайды, тәкәппар, сезімге берілгіш. Қоңқақ мұрын иелері өркөкірек, менмен, тәкәппар, паң, өзгенің пікіріне құлақ аспайды. Алмұрт тәріздес етжеңді мұрын иелері – жолы болғыш, қолдарынан бәрі келетін, епті, қай салада да биік мансапқа жетуге бейім. Сүйір мұрындылар күдікшіл, қатыгез жараланғыш, ұстамсыз, тұрақсыз. Бүркіт мұрындылар – тұрақсыз, сараң, кекшіл, т.б.

Адам ерні де үлкен мәнге ие. Үстіңгі ерні үлкен адамдардың мінезі тұрақсыз, өз-өзіне шамадан тыс сенімді. Төменгі ерні салбыраңқы адамдар – өзімшіл, кінәмшіл.

Түрік ерінділер – көргенінен жазбайтын, ойы тайыз, болмашы қиындықтарға төтеп бере алмайтын дәрменсіз. Томпақ ерінділер қызу қанды, қиялы жүйрік, тың идеялары мол, жұмыс орнында да, отбасында да кез келген шаруаны тез бітіреді, сезімтал, тез еліккіш, бірақ онша адал емес.

Жұқа, қаймақ ерінділерге тән қасиеттер: кінәмшілдік, тұйықтық, бірбеттік, күдікшілдік. Төменгі жақ сүйегі шығыңқы жандар – қашанда өзімшіл, менмен.

Көздері кішкентай адам – тұйық, түнеріңкі, жабырқау, бірақ қашанда тұрақты, табандылығымен ерекшеленеді.Әдемі үлкен көзді адамдарға ақыл-ой, ерік-жігер, қызу қандылық басым. Қара, қызыл, қоңыр, жасыл көз – бойда қуат көзінің көптігі, көгілдір көз – сезімталдық, сұр көз – адалдықтың белгісі болып саналады.


Жаттығулар

1. Сөз тіркестеріне пайдаланып, әр түрлі сөйлемдер құраңыз.

Бұғып жатқан сыр, ақталмаған үміт, құпия арман-тілек, шашы құлпыру, мақтағанды жақсы көреді, ерік-жігері мол, айналасына нұр сеуіп тұру, жұмсақ мінез, өр көкірек, жолы болғыш.
2. Мәтіннен алынған мәліметтермен жұмыс

а) жаңа мәліметтер

ә) белгілі мәліметтер

б) қай мәліметтерменкеліспейміз

в) толығырақ немесе дәлелдей түссек

г) қызықты мәлімет


3. Мәтіндегі мәліметке не қосасыз, жазыңыз

а) адам шашына

ә) адам көзіне

б) адам мұрнына

в) адам ерніне
4. Адам бейнесін сипаттайтын сөздерді жазыңызр

а) тура мағынасында

ә) ауыспалы мағынасында

б) тұрақты тіркес болғанда




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   244




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет