Оқу құралы жоғары оқу орындарының қазақ тілін үйренуші студенттеріне арналған. Тілдік материалдарды беруде тіл үйренушілердің жалпы білім беретін мектептен қазақ тілін үйреніп келгені ескерілген


Ибн Сина төмендегі сөзді неліктен айтқан екен? Ойланып көріңізші



бет17/244
Дата27.04.2022
өлшемі30,06 Mb.
#32567
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   244
5. Ибн Сина төмендегі сөзді неліктен айтқан екен? Ойланып көріңізші...

Атақты Ибн Сина: « Дәрігердің қолында үш түрлі құрал бар. Біріншісі – сөз. Екіншісі – дәрі. Соңғысы – пышақ» - депті.


6. 1. Мәтіндегі ауыспалы осы-келер шақтағы етістіктерді теріп жазып,өткен шаққа түрлендіріңіз. 2 . Ауру, белсенді, анықтама сөздерінің синонимдік баламасын жазыңыз.

Денсаулық – бұл күрделі ұғым. Көптеген ғалымдар оған әртүрлі анықтама береді, бірақ олардың бәріндегі негізгі көзқарас шамамен бірдей. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну. Профессор В.П.Казначеевтің айтуы бойынша « денсаулық деп, біз адамның белсенді өмірінің ұзақтығы жағдайындағы биологиялық және физиологиялық функциясын, еңбек қабілеті мен әлеуметтік белсенділігін сақтау және дамыту процесін түсінеміз».

Денсаулық күйіне қоршаған орта жағдайларының да ықпалы бар. Адам денсаулығына температура, жарық, ылғал, ауаның, судың құрамы және көптеген басқа заттар әсер етеді. Денсаулықтың негізгі қызметі адамның дамуы мен тіршілігін қамтамасыз ету болып табылады.

Қазіргі кезде денсаулық сақтау жөніндегі дүниежүзілік ұйымның тұжырымдауы бойынша денсаулықтың мынадай анықтамасы қабылданған: « Денсаулық – бұл аурудың және дене кемістігінің болмауы ғана емес, ол толық тәндік, психикалық және әлеуметтік саулығы ».

7. Мәтіндегі ұлы ғұламалардың тағы қандай салада еңбек сіңіргені туралы материалдар қараңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет