Оқу құралы жоғары оқу орындарының қазақ тілін үйренуші студенттеріне арналған. Тілдік материалдарды беруде тіл үйренушілердің жалпы білім беретін мектептен қазақ тілін үйреніп келгені ескерілген


а) Мәтіннен тірек сөздер мен сөз тіркестерін тауып жазыңыз



бет231/244
Дата27.04.2022
өлшемі30,06 Mb.
#32567
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   244
2. а) Мәтіннен тірек сөздер мен сөз тіркестерін тауып жазыңыз.

ә) Мәтін мазмұны бойынша жоспар құрыңыз.

б) Сол жоспарыңыз бойынша мәтінді әңгімелеңіз.


ХVІІ Ғылым мен техника

1– сабақ

1. Ойталқы сұрақтары

а) Бәсекеге қабілетті болу үшін не қажет?

ә) Ақпарат дегенді қалай түсінесіздер?

б) Алматы қаласының бәсекеге қабілеттілігі қаншалықты дәрежеде?

в) Арнайы экономикалық аймақ өндірістің қандай салаларын қамтиды?
2. Сөздердің мағынасына мән беріңіз

а) басымдық

ә) әлемдік бәсекелестік

б) қолданбалы ғылым



в) даңғыл жол


3. Мәтінді оқыңыз

Ақпараттық технологиялар паркі – жарқын болашақ қарлығашы
“Қазақстанның бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу мақсатын орындау жолындағы басымдылықтың бірі – осы заманғы білім, ғылым мен иновацияны дамыту қажет”. Сондықтан да Алматыны инновациялар мен жоғарғы технологиялар орталығына айналдыру басты басымдылықтардың бірі ретінде жоспарға кірген. Өйткені минералды шикізаттар өңдеуге негізделген өндіріс орындары жоқ Алматыда инновациялық технологияларды дамыту – қазіргі замандағы әлемдік бәсекелестіктен қалып қоймауға негіз болады.

Осы орайда 2003 жылы 18-тамыздағы Қазақстан Президентінің “Ақпараттық технологиялар паркі” арнайы экономикалық аймағын құру туралы” Жарлығына сәйкес Алматы қаласы Медеу ауданының аумағына кіретін Алатау кентінде Ақпараттық технологиялар паркі құрылды. Бүгінде Alatay Ht City деп аталып жүрген бұл арнайы экономикалық аймақ Алматыдан 25-шақырым және әуежайдан 7 шақырым жерде орын тепті.

Жалпы Ақпараттық технологиялар паркінің 340 г-лық аумағындағы 87,2 г. жер – өндірістік мақсаттарға, 11,8 г. – коммерциялық мақсаттарға 7,9 гектары институтционалдық аймаққа, 28,4 гектары – тұрғын үйлерге айналмақ. Бүгінге дейін бұл паркте жұмыс істеуге 25 компания ниет танытып, олардың 11-і таңдалып алынды. Олардың ішінде әлемге кең танымал “Microsoft”, “HP”, “Siemens”, “Gilat”, “Thales”, “Orafle”, “Eg Electronics” т.б. компаниялары бар. Сонымен қатар Ақпараттық технологиялар паркі алдында 47 жобаны жүзеге асыру міндеті тұр. Бірінші кезекте – Интернет желісіне жылдам қосылу, Ip – телефония, Wi-Fi, бейнекөрсетілім, цeb – хостинг, компаниялар туралы мәліметтер базасын сақтау секілді қызметтер жүзеге асырылуда және қазір мұнда сұйық кристалл өндіретін зауыт салыну үстінде. Ал алдағы уақытта жасанды иммундық және нейрондық жүйелер негізінде жаңа ақпарат жүйесі құрылады.

Алматы қаласы енді компьютер және ионатехнологиялар бойынша тереңдей дами береді. Бұл ретте қолданбалы ғылымды өндіріс пен бизнеске жақындату мақсаты жүзеге асырылады. Сөйтіп біздің қаламыз республикадағы IT – бағыттың әрмен қарай дамуына да даңғыл жол ашпақ.


4. Тапсырмалар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет