Оқу құралы жоғары оқу орындарының қазақ тілін үйренуші студенттеріне арналған. Тілдік материалдарды беруде тіл үйренушілердің жалпы білім беретін мектептен қазақ тілін үйреніп келгені ескерілген


Мәтін бойынша түсінігіңді тексеріңіз



бет244/244
Дата27.04.2022
өлшемі30.06 Mb.
#32567
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   244
9. Мәтін бойынша түсінігіңді тексеріңіз.






Дұрыс

Дұрыс емес

1.

С.Садуақасов ХІХ ғасырдың басында өмір сүрген.







2.

Ол көрнекті мемлекет қайраткері.







3.

С.Садуақасов Ф.И.Голощекиннің ой-пікірлерімен келісіп отырған.







4.

Қазақстан шикізаттарын өзіне жақын жерде өндіріп, дайындауды ұсынды.







5.

Ол "Еңбекші қазақ" газетінің бас редакторы болды.







6.

Смағұл Садуақасов 1900 жылы Омбы облысында туған.








10. Төмендегі деректерді пайдалана отырып, С. Садуақасовтың туған жылы мен қайтыс болғаны туралы баяндап беріңіз.

Смағұл заманындағы әкімшілік бөлініске сәйкес, Ақмола облысы, Шарлақ үйезі, Қарой болысындағы Жарқын ауылында дүниеге келген (бүгінгі Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Ұялы елді мекенінің қасындағы сол баяғы Жарқын ауылы). Әкесі Садуақас қазірет 1872 жылы туған. Марқұм Жақия қажының айтуына қарағанда, ол кісі Уфадағы “Медресе Ғалияны” тәмамдаған. Елде молдалық құрып, арабша балалардың тілін сындырған. Өзі еңселі, қарулы кісі болыпты. Дүние қумапты. Ел арасында ол кісінің иманды әңгімелері әлі күнге айтылады. 1937 жылы Садуақас Тұрабайұлы нақақтан кеңестік саясаттың құрбаны боп кете барды. Бар жазығы – Орталық пен Голощекиннің солақай саясатына қарсы тұрған Смағұлдың әкесі болғандығы еді. Смағұлдың анасының аты – Мәжікен. Ол кісі баласының жазған дерегі бойынша, 1879 жылы туған. Перзентінің ауыр қазасынан соң және күйеуі Садуақастың жазықсыздан-жазықсыз айдалғанынан кейін Мәжікен ана көп кешікпей құсадан қайтыс болыпты.



Сонымен, 1933 жылы қақаған қыста С.Садуақасұлы шет жұртта шейіт болды. Аруақты ер арманда кетті. Артында қалың елі мен жеті жасар тұяғы Ескендір, жары Елизавета қалды. Ұлт үшін өкініштісі, батыл қайраткер, елшіл азамат, дана қаламгер ретінде қалыптасу барысында жиған-тергенін, оқыған-тоқығанын іс жүзіне асыруға ғұмыры жетпеді. Бірақ оның еңбегі ізсіз қалмады. Бүгін бізге бұйырып отырған тәуелсіздік – Алаш қайраткерлерінің, соның ішінде Смағұлдың табанды күресінің нәтижесі деп білеміз. Мағжан ақынның Смағұлды жоқтап: “Байтақ елге асқар таудай пана екен” деген сөзі қайраткерге ағалары, тұстастары атынан берілген баға. Асқар таудай Смағұл тұлғасы мен мұрасы бізді әр кез жігерлендіріп, баянды істерге жетелей бермек.

11. Тыңдайық! Шағын мәтіннен С. Садуақасовтың Ф.И.Голощекинмен келіспеу себебін түсіндіріңіз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   244




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет