Оқу құралы жоғары оқу орындарының қазақ тілін үйренуші студенттеріне арналған. Тілдік материалдарды беруде тіл үйренушілердің жалпы білім беретін мектептен қазақ тілін үйреніп келгені ескерілген



бет8/244
Дата27.04.2022
өлшемі30,06 Mb.
#32567
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   244
3 - САБАҚ
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫ


1. Мына сөздермен сөйлем құрастырыңыз.

дүние, дүниетаным, әдет-ғұрып, тәрбие, мән, рухани, көшпелі, мәдениет


2. Берілген сөз тіркестерінің қазақша баламасын беріңіз.

по народному обычаю, мировозрение народа, хозяйство кочевого народа, казахская юрта, пословица, поговорка, красноречивые слова, духовная культура, социальные группы, кочевой народ, уровень развития


3. Өз еліңіздің салт-дәстүрі туралы қысқаша әңгіме құрастырыңыз.
4. Мәтінді оқып, мағынасын түсініңіз.
Қазақ халқының дүниетанымы
Қазақ халқының тарихы мыңдаған жылдарды қамтиды. Оған дәлел-қазақ халқының тілі, әдет-ғұрыптары, салт-санасы, өмір сүруі, шаруашылығы. Мәселен, қазақ халқының киіз үйі өте ертеден қалыптасқан, соңғы мыңжылдықта ешбір өзгеріске ұшырамаған.

Қазақ халқы мақал-мәтелдерге өте бай. Әрбір мақал-мәтелден өмір тұжырымдарын, философиялық ойларды көруге болады. Мақал-мәтелдерден қауымдасып өмір сүрудің тиімді екенін, қоғам дамуы үшін әртүрлі әлеуметтік топтар мен шаруашылық түрлерінің қажет екенін халықтың ерте түсінгендігін байқаймыз. Сонымен қатар мақал-мәтелдердің дидактикалық, тәрбиелік мәні зор. Тек мақал-мәтел ғана емес шешендік сөздер мен айтыстардан да қазақ тілінің байлығын көруге болады. Тіл байлығы ой байлығын көрсетеді. Тіл арқылы адам ой тереңдігін, рухани мәдениетінің деңгейін көрсетеді.

Біздің заманымыздан бұрынғы ІІ-І ғасырлар арасында көшпелі скифтер аралынан грек еліне келіп, олармен араласып, көп жылдар бойы олардың арасында тұрған Токсарис (Тоқсары), Иданфирис (Ыдарбарыс), Анахарсис (Анарыс) өздерінің ой толғамдары, пайымдары арқылы гректерді көшпелі елдің дүниетанымдарымен, әдет-ғұрыптарымен таныстырған. Платон, Аристотель, Геродот, Лукиан, Страбон шығармаларында олар жоғары бағаланып, есімдері құрметпен аталған.
5. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыз.

6. Төмендегі мақал-мәтелдерде қандай философиялық мән бар?

Мақал-мәтелдерді жаттап алыңыздар.

Атаңның баласы болма,

Адамның баласы бол.


Халық – дана

Туған жердің қадірін

Шетте жүрсең білерсің.
Отан оттан да ыстық.
7. Төмендегі сөздердің мәнін қалай түсінесіз? Мысал келтіріңіз.

айтыс, шешендік сөз, жыр, аңыз, рухани мәдениет, мақал-мәтел.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет