Оқу үрдісінде алған мамандыққа сай білімдер мен дағдыларын бекіту.
Теорияда алған білімді кеңейту және жүйелеу
Субъективті және объективті зерттеу жүргізу.
Коммуникативтілік қабілеттерді жетілдіру.
Медициналық этика және деонтология принциптерін бекіту.
Жұқпалы ауруларда шұғыл жағдайларда жедел көмек көрсету дағдыларын нығайту.
Инфекциялық бақылауды ұйымдастыруда білімдері мен дағдыларын бекіту.
Жұқпалы аурулардың алдын алу, кеңінен санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізуге дағдылар қалыптастыру
ӨТ міндеттері: Білімгерге төмендегі дағдыларды, біліктіліктерді, қатынастарды /мінез-құлық/ қалыптастыру:
Пациентке тексеруді жүргізу;
Жұқпалы аурулар бойынша аурулар симптомдарын ажырата білу;
Субъективті және объективті зерттеуді жүргізу;
Науқастарды зертханалық және аспапты зертеу тәсілдеріне дайындау;
Шұғыл жағдайларда көмек көрсету іс-дағдыларын нығайту;
Парентеральды процедулардың барлық түрлерінің техникасын үйрену
Жұқпалы аурулардың алдын алуға науастарға, туысына кеңес беруге үйрену;
Медициналық іс-құжаттарды және жұмыс есептерін тиімді технологияларды қолдана отырып ұқыпты және толық толтыру;
Денсаулықты сақтау және нығайту сұрақтары бойынша пациентті және оның жанұясын оқытуға қажеттілігін анықтау
Пациент науқасына байланысты жағдайын баяндау және қолайсыз нәтиженің алдын алу іс-әрекетін жүргізу;
пациент жағдайының қолайлы болуы үшін коммуникативтілік тәсілдерінің кең диапазонын қолдану (кеңес беру дағдыларын қолдану, мінез-құлық өзгерістерін анықтау және басқара білу, алаңдаушылықты, стрессті, депрессияны анықтау және басқару, эмоционалдық қолдау көрсету, өз кемшіліктерін сезініп, мамандардан көмек сұрау);
пациентке науқасына байланысты ауру нәтижесін баяндау және қолайсыздықтың алдын алу іс-әрекетін жүргізу.
Оқу – өндірістік тәжірибе базасы ретінде бекітілген емдеу-алдын алу мекемелерде жүргізіледі.