Оқу сауаттылығы Мәтіндерді мұқият оқыңыз. Мәтін мазмұны бойынша берілген төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Бір дұрыс жауапты таңдаңыз



бет1/59
Дата25.04.2022
өлшемі136,15 Kb.
#32234
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59

Оқу сауаттылығы
Мәтіндерді мұқият оқыңыз. Мәтін мазмұны бойынша берілген төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.

1-мәтін

Қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша азаматтың үш жұрты болады. Олар өз жұрты, нағашы және қайын жұрты. Бұл үшеуі де жанашыр, сүйеніш болып саналады. Осы үш жұртқа қатысты айтылатын туыстық қатынас «ағайын», «туыс», «жамағайын», «жекжат», «жұрағат», «құдандалы» деп аталады. Қазақтар үш жүзге, тайпаларға, руларға бөлінгенімен, бірін-бірі бөтен санамайды. «Қарға тамырлы қазақпыз», - деп, аты-жөнін сұрастырып отыру дәстүрге айналған.

Ата – әкенің әкесі, оны ел-жұрт «ақсақал» деп құрметтейді. Мұндай кісілер төрден орын алады, оларға әрқашан құрмет көрсетіледі. Оның жолын кесіп өтуге болмайды. «Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» дегендей, ата – ел ұйытқысы, батагөйі, ақылшысы болып есептеледі. Жастар атадан бата алуға тиіс. «Аталы ел – баталы» деген мақал бар. Атаның айтқаны кейінгілерге заң.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет