Оқу сауаттылығы Мәтіндерді мұқият оқыңыз. Мәтін мазмұны бойынша берілген төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Бір дұрыс жауапты таңдаңыз


Айғанымның жергілікті халықтың арасында зор беделге ие болуының себебі



бет34/59
Дата25.04.2022
өлшемі136.15 Kb.
#32234
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   59
79. Айғанымның жергілікті халықтың арасында зор беделге ие болуының себебі

А) Өте білімді, ақылды болғандықтан

В) Хандық дәрежесіне көтерілген әйел болғандықтан

С) Аға сұлтан қызметін мінсіз атқарғандықтан

Д) Жергілікті халықтың жағдайын жасағандықтан

Е) Бірнеше тіл біліп, хат жаза алғандықтан



80. Айғанымның хандық дәуірінің ұзаққа созылмауының себебі

А) Қазақ жерінде хандық дәуір жойылған соң В) Хандықты баласына беруіне байланысты

С) Аға сұлтан қызметіне тағайындалған соң Д) Көкшетауда хандық билік жойылған соң

Е) Орта жүзде хандық жойылған соң

.

7.1-МӘТІН

Етікшілер етікті, кебісті, мәсіні, сондай-ақ былғарыдан жасалатын басқа да заттарды тарамыспен тігеді. Тарамыс дегеніміз – ірі қараның жіліңшік сіңірінен ширатылып алынған жіп. Сойылып жатқан ірі қараның сирағындағы көк етпен аралас тұрған сіңірлерді алып кептіреді. Әбден кепкен сіңірді ағаш тоқпақпен ұрып жаныштайды. Сіңір тарамданып, шашақталады, оны тарамыс есуші тарамдап, талшықтарын бір-бірімен жалғастыра екі тін етіп ширатады. Тарамыстың жуан-жіңішкелігіне қарай қою тарамыс, бүрме тарамыс, тігіс тарамыс деген үш түрі бар. Тарамыс біздің ізімен өткермелеп немесе жуалдызға сабақтап тігуге ыңғайлы. Тарамыс жіп өзге жіптерден берік, ол шірімейді де, езілмейді де.

Былғары – мал терілерін химиялық және механикалық әдістермен өңдеу арқылы алынатын материал. Одан аяқ киім, сырт киім, айыл-тұрман, галантерея, техникалық бұйымдар т.б. жасалады. Мал терісі үш қабаттан – шелден, өзеңнен, қыртыстан тұрады. Былғары жасау үшін терінің жүні жидітіледі, шелі сылынып, қыртысы жазылады. Терінің өзеңін (ортаңғы қабатын) өңдей отырып былғары алынады. Өзең айқыш-ұйқыштанып тығыз байланысқан коллогенді талшықтардан құралады. Теріні жүннен арылту үшін сілті (күл мен әк ерітіндісі) және фермент жағылады, күкіртті натрий, әк ерітіндісі бүркіледі. Бірнеше сағаттан кейін қылшық пен босаң қыртыс арнаулы машина арқылы оңай ажыратылады. Мұнан соң шелдеу машинасымен терінің шелі сылынады. Осыдан шыққан шикізат көн деп аталады. Көндегі сілті және басқа қосылыстар кетіріліп, әк сумен жуылып шайылады. Шикізат талқымен жұмсартылады.

Арнаулы машинамен ылғалдан арылтылған соң, қалыңдығы бір тегіс болу үшін былғары сүріледі де, қандай мақсатқа пайдаланатындығына және жағылатын бояу түсіне қарай сұрыпталады. Тікелей бояу, қышқылды бояу, т.б. тәсілдермен боялған былғарының қатпарлары жазылып, керу машинасына жіберіледі. Керіліп кептірілген былғарының пұшпақтары кесіледі, сығылады және оған жылтыр өң беріледі. Пайдалану мақсатына қарай былғары 4 топқа бөлінеді: аяқкиімдік былғары, қайыс немесе айыл-тұрмандық былғары, сырт киімдік және галантереялық былғары, техникалық былғары. Аяқкиімдік былғары қасаң және жұмсақ былғары түрінде болады. Аяқкиімнің үстіңгі бөлігіне жұмсақ былғары, ал табан бөлігіне (ұлтан, өкше, сірі өкше, т.б.) қасаң былғары жұмсалады. Қасаң былғары ірі мал терісінен жасалады, өңделмеген терінің орташа салмағы 23-26 кг-нан кем болмайды. Қайыс немесе айыл-тұрмандық былғарыдан белдік т.б. бұйымдар, сондай-ақ айыл-тұрмандар жасалады. Сырт киімдік және галантереялық былғары ұсақ мал терісінен жасалады, қалыңдығы00,5-1,2 мм-ден аспайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   59




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет