Оқу сауаттылығы Мәтіндерді мұқият оқыңыз. Мәтін мазмұны бойынша берілген төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Бір дұрыс жауапты таңдаңыз


Түркістаннан Самарқанға дейінгі жерді Қазақ хандығының құрамына қосқан хандар



бет39/59
Дата25.04.2022
өлшемі136.15 Kb.
#32234
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   59
94. Түркістаннан Самарқанға дейінгі жерді Қазақ хандығының құрамына қосқан хандар

А) Жәңгір мен Нұралы хан В) Тәуекел мен Есім хан С) Жәнібек пен Керей хан

Д) Абылай мен Әбілқайыр хан --Е) Тәуке мен Кенесары хан
7.3-мәтін

1. Баяғыда тасы өрге домалап тұрған бір хан жанына нөкерлерін ертіп, аң аулауға шығады. Орман кезіп, қыр асып келе жатса, алдынан екі көзі ботадай мөлдіреген, сауыры жез құмандай жылт-жылт еткен сұлу киік қаша жөнеліпті. Хан садақтан оқ атып, киіктің артқы аяғын жаралайды. Бір жағы құлама жар, екінші жағынан хан нөкерлері қиқу салып, қыспаққа алғанда, жаны қысылған бейшара киік жан далбасамен сондайдан көз тартқан ақбоз үйдің ашық тұрған есігінен ішке қойып кетіпті. Үй иелері жайылған дастарқаннан түскі тамақ ішіп отыр екен. Есіктен енген киік жаюлы дастарқаннан бір-ақ ырғып, төрдегі керегеге тұмсығын тіреп, солығын баса алмай, тұрып қалыпты.

2. –Шығар киікті! Тау тағысын түстік жерден қуалап келіп, сенің үйіңде қолға түсіргелі тұрмын. Бұл киіктің менің олжам екеніне ешкімнің дауы жоқ шығар?! – деп дауыстайды хан ат үстінде тұрып, төрде тамақ ішіп отырған қарияға. Сонда қария: - Сөзің орынды, хан ием. Киік сенің олжаң екені рас. Бұл сорлы жаны қысылған сәтте менің төріме шығып кетті. Ортада дастарқан жаюлы жатқанын өзің көріп тұрсың. Ата-салтымыз бойынша, дастарқанды аттап өте алмайсың. Көздеріне қан толып, бір-біріне өлердей жауыққан екі адамды татуластырарда дастарқан басына алып келмеуші ме еді? Тіпті хан болсаң да, дәстүрден үлкен емессің. Ал дәстүрлі, қалыптасқан ата салтын бұзсаң, қалың елдің табасына қаласың, жолың болмайды, - депті. Хан аталы сөзден жеңіліп, ат басын кері бұрыпты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   59




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет