Оқу сауаттылығы Мәтіндерді мұқият оқыңыз. Мәтін мазмұны бойынша берілген төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Бір дұрыс жауапты таңдаңыз


Мәтін бойынша жаңа шекер көзін тапқан ғалым



бет43/59
Дата25.04.2022
өлшемі136.15 Kb.
#32234
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   59
106. Мәтін бойынша жаңа шекер көзін тапқан ғалым

А) Христофор Колумб В) Марграф С) Наполеон Д) Ачард

Е) Васко да Гама
7.8-мәтін

1. Гүл патшасы қызғалдақ біздің жерімізде Тянь-Шань тауларының етегі мен шөлейт даланың түйісер тұсында пайда болған. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым, сондай-ақ ерекше гүлдер өз әдемілігімен көптеген халықтың жүретін жаулап, біртіндеп бүкіл әлемге тарады. Шу-Іле таулары, Талас Алатауы мен Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы аумағының орталық, батыс және солтүстік беткейлерінде грейг қызғалдағы өседі.

2. Қызғалдақ – далагүлдер тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда отыз екі түрі кездеседі. Биіктігі 30-50 см. Саабғы жұмыр, тік өседі. Тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы болады. Қызғалдақтың өте сирек кездесетін Альберт қызғалдағы, Борщов қызғалдағы, Кауфман қызғалдағы, Грейг қызғалдағы, Шренк қызғалдағы сияқты он үш түрі қорғауға алынған. Олар Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

3. Ерекше әсем көркімен дараланатын қызғалдақтың Отаны Қазақстан болып саналады. Бүгінде жер жүзінде үш мыңнан астам түрі бар. Олар – біздің дала қызғалдағының ұрпағы.

4. Қазақ жерінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде Жетісу жеріндегі «теңдік» қорғанынан біздің заманымызға дейінгі ІІІ-ІІ ғасырлардағы сақ патшалары мен көсемдерінің киімдерінен қызғалдақ тәрізді оюмен әшекейленген жалпақ алтын тіліктер табылды. Орта Азия аймағынан табылған Х-ХІІІ ғасырлық қыш бұйымдарда да қызғалдақ суреттері салынған. Орта ғасырларда мемориалдық архитектурада өсімдік тектес оюлардың пайдаланылғаны мәлім. Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі жұқа кірпіштерде, Отырардағы ортағасырлық қыштарда гүлдердің әшекейлеу үшін қолданылғаны – соның нақты айғағы. Құлпытастарда да қызғалдақ суреттері салынған.

5. Қазақ қолөнерінде де қызғалдақ бейнесі көп бұйымдарда бедерленген. Олар: ер-тұрман жабдықтары, тері белдік тоғалары, сақина, білезік, қамзол қапсырмалары, ағаштан жасалған жиһаздар. Өсімдік пен гүл пішіндері кестелерде де, сырмақ, текемет, кілем, алашалары да бар. Шеберлер алтын жіппен ұлттық киімдерге, киіз үй жабдықтарына, қоржын-дорбаларға да қызғалдақтың бейнесін салып әшекейлеп, кестеленген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   59




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет