Оқу сауаттылығы нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата19.01.2023
өлшемі185.93 Kb.
#61895
1   2   3   4
мəтін
«K
өбейтұз» көлі жайлы не білесіз? 
1. Әлемде қызғылт түске боялатын көлдер көп емес, саусақпен санарлық 
қана. Солардың бірі – қазақ жеріндегі «Көбейтұз» көлі. Бірегей әрі ерекше 
табиғи көл жылына бірнеше рет қызғылт түске боялып отырады. Мұның сыры 
неде? 
2. Судың қызғылт реңге боялуына негізінен тұзды теңіздерді мекендейтін 
біржасушалы дуналиелла сортаңды су балдыры әсер етеді деп саналады. Демек, 
бұл балдырлар көлдің тұзды болуына байланысты пайда болған. 
3. Көл Ақмола облысы Ерейментау ауданының Өлеңті ауылдық округінің 
аумағында орналасқан. Теңіз деңгейінен 253 м биіктікте. Көлдің ауданы – 690 
га, тереңдігі – 1,5 м. 
4. Соңғы уақытта қазақстандықтардың «Көбейтұз» көліне жаппай 
демалуға баруына байланысты көл жағалауының тұрмыстық қоқыстарға толуы, 
ондағы табиғи тұзды рұқсатсыз алып кетуі, келушілердің жерошақ жағуы және 
аймақта уақытша құрылыстардың көбеюі жиілеген. Бұған байланысты 
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар 
министрлігі көлге келушілерге заңға сәйкес тиісті әкімшілік жаза бар екенін 
ескертуде. Көлге шомылудың белгіленген тәртібін, санитарлық норманы және 
экологиялық заңнаманы бұзушылар жазаға тартылып, тәртіпті бұзушыларға 
айыппұл салынады. Табиғаттың ерекше құбылысына залал келтіру мен кейбір 
адамдардың жауапсыз әрекеті көлдің суалуына, тіпті кейіннен жойылуына да 
әкелуі мүмкін. Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын табиғи аймаққа айналуы 
керек. 
5. Жалпы алғанда, ең алдымен, азаматтар мұндай жерлерде жүріп-тұру 
ережелерін біліп және экомәдениетін көтерулері қажет. «Көбейтұз» сияқты 
табиғатта сирек кездесетін көлдер туристердің осындай әрекеттерінен жойылып 
кетуі мүмкін екенін түсінулері қажет.
 
3. 
Мәтінде «Kөбейтұз» көлі туралы айтылмаған ақпарат 
A) 
Көл әлемдегі ерекше көлдер қатарына жатады. 
B) 
Көл жылына бірнеше рет қызғылт түске боялады. 
C) 
Көл Ақмола облысында орналасқан. 
D) 
Көл теңіз деңгейінен 253 м биіктікте орналасқан.
E) 
Көлдің фаунасы мен флорасы өте бай.
 
4. 
Көлде демалушылардың іс-әрекетіне қатысты ой 
A) 
Ерекше жерлерге деген қамқорлығы. 
B) 
Табиғатта демала білу мәдениетінің төмендігі. 
C) 
Экологиялық заңнамаларды сақтауы.
D) 
Табиғатқа жанашырлық танытуы. 
E) 
Санитарлық нормаларды сақтауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет