Оқу сауаттылығы нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата19.01.2023
өлшемі185.93 Kb.
#61895
1   2   3   4
 
 
 
 


 
5. 
Kөлді қорғаудың заңды шаралары туралы айтылатын азатжол 
A) 3-
азатжол 
B) 1-
азатжол 
C) 2-
азатжол 
D) 5-
азатжол 
E) 4-
азатжол
 
6. 
Mәтін мазмұны бойынша ақпараттардың дұрысы 
1) Әлемде «Көбейтұз» сияқты қызғылт көлдер өте сирек. 
2) Адамдардың жауапсыз іс-әрекеті көлдің суалуына әкелуі мүмкін. 
3) Адамдар табиғаттың ерекше құбылысына залал келтіруде. 
A) 
Барлығы 
B) 
Тек 1 мен 2 
C) 
Тек 2 мен 3 
D) 
Тек 2 
E) 
Тек 1
 
 
 


3-
мəтін
Oтқа май құю 
Oт – халық зердесінде қасиетті ұғым. «Отпен аластау», «от-ана», «отың 
өшпесін», «ошақтан от кетпесін» деген тілек пен ырым сабақтастығы ертеден 
келе жатқан ғұрып. Ежелгі түркілердің мифологиялық түсінігі бойынша, 
жақсылық жаршысы – отбасының қамқоршысы Ұмай Ана болған. 
Oтқа май құю – келін түскенде, келіншек босанғанда, жас отау 
шаңырағы көтерілгенде жасалатын жақсы ырымдардың бірі. Әулетке жаңа 
қосылған жаңа түскен келінді ауылға шымылдықпен алып келіп, шашу 
шашады, бет-жүзін үлкендерге көрсетпей, үйге кіргізеді. Келін үлкен 
шаңырақтың босағасын оң аяғымен аттай кіріп, тізе бүгіп сәлем береді. Үш рет 
иіліп сәлем берген келінге атасы: «Көп жаса, қарағым, бақытты бол!» деп бата 
береді. Келіннің қолына әйелдердің біреуі ішінде май құйылған ыдысты 
ұсынып, отқа май құйғызады. Отқа тамызған май жанып жатқанда, жас келіннің 
енесі немесе әйелдердің бірі алақанын отқа қыздырып, келіннің бетін сипайды. 
Жас келінді: «Иін қандырып илеген терідей, мінезің жұмсақ болсын, қарағым», 
– 
деп бата беріп, тулаққа, қой терісіне отырғызады. Тулаққа отырғызу – жаңа 
түскен жас келіннің мінезі иленген тулақтай жұмсақ, биязы болсын деген 
ырым. 
Қазақтар отты әулие деп санап, аса жоғары құрметтеудiң белгiсi ретiнде 
оны «от-ана» деп атаған. Отта тазартушы қасиет бар деп түсiніп, көшкенде 
көшті екi оттың арасынан өткiзген. Оны "аластау" дейдi.
 
7. 
Жас келіннің құрметінің белгісі 
A) 
Үйге оң аяқпен кіру 
B) 
Үш рет сәлем салу 
C) 
Отпен аластау 
D) 
Үлкендерге жүзін көрсетпеу
E) 
Отқа май құю
 
8. 
Жас келінді тулаққа отырғызудың мәнісі 
A) 
Шебер, шешен болсын 
B) 
Өткір, оқымысты болсын 
C) 
Ашық, пысық болсын 
D) 
Дана, ақылды болсын 
E) 
Кішіпейіл, жұмсақ болсын
 
9. 
Kелін отқа май құйғаннан кейін жасалатын рәсім 
A) 
Табалдырықты оң аяғымен аттайды.
B) 
Келіннің аяғының астына иленген тулақ төсейді.
C) 
Енесі отқа алақанын қыздырып, келіннің бетін сипайды.
D) 
Екі оттың арасынан өтеді.
E) 
Ешкімге көрсетпей, шымылдықтың ішіне отырғызады.


10. 
Қазақтардың отпен аластау себебі 
A) 
Оттан жаңа күш алады деп түсінгендіктен 
B) 
Отта қасиет бар деп түсінгендіктен 
C) 
Дәулетті, бай болсын деп ырымдағандықтан 
D) 
Оттай жансын деп тілегендіктен 
E) 
Үлкендерді құрметтеу деп түсінгендіктен
11. 
«Тулаққа отырғызу» ырымының мәніне сәйкес келетін мақал-мәтел 
A) 
Қыз – келіннен, ұл елінен ғибрат алсын. 
B) 
Қызым саған айтам, келінім, сен тыңда.
C) 
Келін қыз болмас, күйеу ұл болмас. 
D) 
Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық. 
E) 
Ибалы болса, келінің жақсы.
12. 
Мәтін мазмұныныдағы «от» ұғымнан тыс нұсқа 
A) 
Малдың аузы отқа тию 
B) 
От-Ана 
C) 
Отпен аластау 
D) 
Отың өшпесін 
E) 
Ошақтан от кетпесін


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет