Оқу сауаттылығы нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата19.01.2023
өлшемі185.93 Kb.
#61895
1   2   3   4
 
 
 


4-
мəтін
Қазақтың жауынгерлік өнері 
1. Қазақтың бай тілінде «мерген» дейтін сөз, яғни атау бар. Ерте кезде 
садақ ату мен мергендік өнер бір сөзбен айтқанда, ұлыстың бекемдігі үшін баға 
жетпес құндылық саналған. Сондықтан да көшпенді халқымыз ер баланы 
жастайынан садақ атуға баулып, елін қорғауға тәрбиелеген. Өйткені садақ ату – 
жауынгерлік өнер. 
2. Оның пайда болу мерзімін көптеген тарихшы-ғалымдар б.з.б. ІV-ІІІ 
ғасырлар үлесіне жатқызып жүр. Зерттеушілердің пікірінше: көшпенді Ғұн 
ұлысы алғаш рет садақшылар (мергендер) қосынын дүниеге келтірген. Қытай 
жазбаларында ғұндар көсемі (тәңірқұты) Мөденің үш мың мерген садақшылары 
болғаны жайлы дерек айтылады. Жазушы һәм зерттеуші Қойшығара 
Салғараұлы өз еңбектерінде ғұндар аса қуатты ысқырғыш жебесі бар садақ 
қолданып, жауының үрейін ұшырғаны жайлы жазады. Сондай-ақ орта ғасырда 
жазылған моңғол дереккөздерінде ертеде көшпенділер садақшылардың 
мергендігі мен ептілігін саралау үшін малдың керген терісін нысана ретінде 
пайдаланған делініпті. Яғни, бір мерген нысананы (ағашқа керілген тері) 40 оқ 
(бір оқ шамамен 90-100 см) қашықтықтан 20 оқ жұмсап ататын болған. Осы 
әдіс арқылы мергендердің шамасын межелеп, алыс және орта қашықтыққа 
садақ тартатын топтарды жасақтайтын болған екен. 
3. 1225 жылы Шыңғыс қаған Хорезмді толық бағындырған соң «Бұғылы-
Шашақ» дейтін жерде ұлан-асыр той жасап, ат жетер жердегі мергендерді 
шақырып, сайыс өткізгені туралы тарихи жазбаларда айтылады. Осы сайыста 
Есей мерген 335 құлаш жердегі нысанаға садақ оғын дәл тигізіп, бас мерген 
атаныпты. Бір құлашты шамамен 1,5 метр деп есептесек, Есей мерген 502,5 
метр, яғни, жарты шақырым жерден атқан оғын дәл тигізген. Енді мынаған 
назар аударыңыз: түрік сұлтаны ІV Мұрад Газис 210 құлаш, ертедегі грек 
мергені 282 құлаш жерден нысана атып дәл тигізгені жайлы деректер бар. Бұл 
деректерге назар аударсаңыз, дала көшпенділерінің басқа жұрттан қаншалықты 
жоғары деңгейде жауынгер болғанын аңғарасыз. Яғни, садақ байырғы 
көшпенділер мұрасы екені сөзсіз. 
4. Ата-бабамыз адырнасын аңыратып тойда жамбы атқан. Мысалы, 
«Қобыланды батыр» жырында, Көктім Аймақ дейтін хан биік бақан орнатып, 
оған алтын жамбы іліп, осыны атып түсірген адамға қызымды берем деп жар 
салады. Oсы хабар Қобыландының құлағына жетіп, жас батыр тобылғы торы 
атымен шауып барып, ай астындағы теңгені атып түсіріп, Құртқа сұлуды алып 
қайтады. 
5. Жырдан ерте дәуірде мерген садақшыға ханның өзі қызын беруге 
қарсы болмағанын аңғару қиын емес. Көшпенділер тұрмысында мергендердің 
қаншалықты құрметті болғанын осыдан-ақ ұғына беруге болады.


13. 
Бірінші азатжолға қатысты ой 
A) 
Садақ ату – жауынгерлік өнер. 
B) 
Мөденің үш мың садақшысы болған. 
C) 
Садақшылар тобы жасақталған.
D) 
Садақшылар сайысы өтіп тұрған. 
E) 
Адырнасын аңыратып, тойда жамбы атқан.
14. 
Садақтың, садақшылардың шығу тарихына қатысты зерттеушілердің пікірі 
берілген азатжол 
A) 3 
B) 2 
C) 5 
D) 1 
E) 4
15. T
өртінші азатжолға сәйкес ой 
A) 
Ғұндардың мергендігі туралы бар мәлімет зерттелді. 
B) 
Көктім Аймақ ханның қойған шартын бірнеше батыр орындады.
C) 
Көктім Аймақ хан күйеу баласының мерген болғанын қалаған. 
D) 
Көктім Аймақ хан Құртқаны күйеуге беруден бас тартты. 
E) 
Садақ ату – алдымен көшпенділерде пайда болған өнер.
16. 
Yшінші азатжолға сәйкес келмейтін тұжырым 
A) 
Қ.Салғараұлы ғұндар туралы жазды.
B) 
Бұғылы-Шашақ жеріндегі той. 
C) 
ІV Мұрад Газис 210 құлаш жерден атқан. 
D) 
Есей – бас мерген. 
E) 
Садақ – көшпенділер мұрасы.
17. 
Ғұн ұлысы бірінші болып құрған қосын 
A) 
Ептілер қосыны 
B) 
Тәңірқұтылар қосыны 
C) 
Найзашылар қосыны 
D) 
Мергендер қосыны 
E) 
Көшпенділер қосыны
18. 
«Бұғылы-Шашақ» жеріндегі сайыста мергендігі асқан садақшы 
A) 
Түрік сұлтаны 
B) 
Грек мергені 
C) 
Қобыланды батыр 
D) 
Ғұн көсемі 
E) 
Есей мерген
19. 
Ғұндар нысана ретінде пайдаланған зат 
A) 
Малдың терісі 
B) 
Ағаш нысана 
C) 
Керілген мата 
D) 
Жұмсақ ағаш 
E) 
Темір қақпа


20. 
Жаудың зәресін қашырған әрекет 
A) 
Шыңғыс ханның Хорезмге жорығы 
B) 
Садақшылардың асқан мергендігі 
C) 
Ысқырғыш жебелерді қолдану 
D) 
Мөденің 3000 мергенді жинауы 
E) 
Мергендерді саралау әдісі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет