Оқу туралы оқушы үні Оқыту туралы оқушы үні Мектепті жақсарту туралы оқушы үні



Дата17.11.2022
өлшемі113,98 Kb.
#50787

Оқушы үні
Оқу туралы оқушы үні
Оқыту туралы оқушы үні
Мектепті жақсарту туралы оқушы үні
Жастарды дамыту туралы оқушы үні
Оқушы үні мектеп мәдениетіне әсер етеді
«Маңызды мәселелер» туралы оқушы үні
Тұтастық туралы оқушы үні
Азаматтық белсенділік туралы оқушы үні
Оқушы пікірі мектепте оқушылардың білім алуын жақсартудың ең қолжетімді, ең күшті тетігі бола алады.Себебі, серіктес ретінде тартылғанда олар жақсырақ оқиды, өзі сияқты оқушылар оқытқанда, олар тиімді оқиды,өзін-өзі бағалаудан ж/е өзара бағалаудың арқасында көбірек біледі.Оқушылар өткізетін зерттеулер пайдалы сұрақтарды көтеруге түрткі болып, нәтижеге қол жеткізе алады.
Оқушылар негізгі баға беруші және деректерді сараптаушы болғанда ,оқыту үдерісі мен мұғалімнің бағалары шындыққа сәйкес ж/е құнды болмақ.
Оқушылар серіктес ретінде тартылғанда , оқыту үдерісіне енгізілген өзгерістер оқушылардың қажеттіліктеріне көбірек сәйкес келетін болады.
Оқушылардың эмоционалдық, рухани, зияткерлік және қоғамдық қажеттіліктері қанағаттандырылған жағдайда, олар өте жзақсы оқиды.
Оқушылар оқыту үдерістеріне серіктес ретінде тартылған жағдайда білім берудегі қарым-қатынастар, стратегиялар мен құрылымдар өзгеруі мүмкін
Оқушы үнін ескеру мемелекеттік біллім беру жүйесінің алдында тұрған қатаң сұранысты қанағаттандыра отырып, мектептерге қаржыны үнемдеуге көмектесе алады.Оқушыларды шешім қабылдауға тарту оқыту барысында уақытты,энергияны және ақшаны үнемдейді.
Педагогтерге оқушы үнін ескеру жөніндегі этикалық жауапкершілік жүктелген. Оқушылар оқытудағы тиімсіз, демократияға қарсы әдістерге қарсы шығатын, сын тұрғысынан ойлайтын әріптес бола алады.
Оқыту барысында оқушылар мұғалімдерге серіктес болса, олар өз мектебінде және өмірде белсенді азаматтық ұстанымда болу керек екенін біледі, мектептің оларға немқұрайлы қарамайтынын және мектептің мақсаты оқушыға бағытталғанын сезінуге мүмкіндік береді.Көптеген қоғамдастықтардың белсенді мүшесі болуға мүмкіндік береді, өмірлік дағдылары мен қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет