Оуэн Роберт (1771-1858) – ағылшындардан шыққан әлеуметтік реформатор және утопиялық социализм мен кооперативтік қозғалыс негізін қалаушылардың бірі болды



Дата14.03.2022
өлшемі14,4 Kb.
#27834
түріУтопия

Оуэн Роберт (1771-1858) – ағылшындардан шыққан әлеуметтік  реформатор және утопиялық социализм мен кооперативтік қозғалыс негізін қалаушылардың бірі болды.

Роберт Оуэн 1771 жылы Орталық Уэльстегі Монтгомеришир мекеніне қарасты Ньютоун  шағын қалашығында дүниеге келген. Ол жеті баланың алтыншысы болды. Сонымен қатар, оған Роберт Оуэн есімі әкесінің құрметіне қойылған болатын. Ол ер-тұрман мен темірден бұйым дайындайтын шағын кәсіппен айналысқан. Оуэннің анасы Уильямстар аталатын гүлденген шаруашылығы бар отбасының қызы болған. Оуэн он жасында мектептегі оқуын аяқтап, бірнеше жыл бойы тігіншінің қол астында қызмет еткен соң, 1787 жылы Лондонға көшуге бел буады.

Кейін ол Манчестерге көшіп, St Ann алаңындағы Satterfield's Drapery (қазіргі таңда ескерткіш тақта орналасқан) аталатын маталар дүкеніне жұмысқа қабылданды. Ағасынан қарызға алған қаражатпен  ол мата иіру машинасын сатумен айналыса жүріп, кейін оны 6 мата иіру машинасына айырбастап, жалға алынған жерде қызмет ұсына бастайды. 1792 жылы ол 21 жасында диірмен-иесі Питермен бірге Bank Top-тағы Piccadilly Mill-дің менеджері болды, бірақ екі жылдан кейін ол өз еркімен келісім-шарттан қол үзіп, басқа да кәсіпкерлермен біріге отырып Chorlton-on-Medlock-та Chorlton Twist Mills компаниясын құруға бел буады.

Оның кәсіпкерлік рухы, басқару шеберлігі және прогрессивті көзқарастары негізінде Оуэннің өмірінде 1790 жылдан бастап алға басулар орын алды. 1793 жылы, ол ағарту реформатор және философтардың идеялары талқыланатын “Манчестер әдеби және философиялық қоғамының” мүшесі болып сайланды. Ол сондай-ақ Манчестер денсаулық сақтау кеңесі комитетінің мүшесі болған шағында зауыт қызметкерлерінің денсаулығын сақтау және еңбек жағдайларын жақсарту мен жәрдемдесу мәселелерін қозғаған.



Кейін Оуэн Нью-Ланаркта (Шотландия) фабрика ашып, онда өзінің қоғамдық реформаларын жүзеге асыра бастады. Ол жұмыс күнін айтарлықтай қысқартып, жалақыны арттырды, тазалық бөлмелерін салдырып, басқа да жағдайлар жасаған. Бұл шаралар қызметкерлердің жұмыс өнімділігін бірден арттырды. Өзінің жеткен жетістігі негізінде Оуэн ағылшын буржуаларына үгіт-насихат жүргізіп қана қоймай, Франция, Германия және т.б. елдерге барады. Билік басындағылармен өз ойын бөлісіп, еңбек мәселесін шешу жолдарын ұсынғанымен ол еш нәтижеге қол жеткізе алмады. Сол себепті, Оуэн Америкаға қоныс аударып, онда өз жоспарын жасауды қолға алды.

"Адам мінезінің пайда болуы туралы""Жаңа өнегелі дүние кітабы" Оуэннің негізгі жұмыстарының бірқатары ғана. Ол әлемнің сапалы жаңа жағдайы адамдардың тиісті тәрбиесінен басталады деп есептеген. Замандастардың қиындықтарына әлеуметтік орта, капитализм кінәлі, оны социализмге ауыстыру адам мінезінің өзгеруіне себепші болады деп сенген. Оқытуды балалардың өндірістік еңбегімен байланыстыру мұратын дамытқан. Коммунистік қоғамдағы  тәрбие ғана жан-жақты дамыған адамдардың қалыптасуына себепші болады деп жазған. Дінге қарсы білім жақтаушы сөз сөйлеген. Жан-жақты даму мен оқытуды өндірістік еңбекпен байланыстыру принципін АҚШ «Жаңа гармония», Орбистондағы  Гармон-холл тәжірибелі коммунистік партияларын жасауда ұстанған болатын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет