Оқулары–10: Мемлекеттің индустриалды–инновациялық саясатын құрудағы бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау келешегі мен ғылымның рөлі



жүктеу 36.17 Kb.
Pdf просмотр
Дата15.03.2017
өлшемі36.17 Kb.

С.Сейфуллиннің 

120


жылдығына 

арналған


«Сейфуллин 

оқулары–10:

Мемлекеттің

индустриалды–инновациялық саясатын құрудағы  бәсекеге қабілетті  кадрларды  дайындау

келешегі  мен ғылымның рөлі»  атты Халықаралық  ғылыми-теориялық конференциясының

материалдары

=

Материалы



Международной

научно-теоретической 

конференции

«Сейфуллинские чтения–10: Новые перспективы подготовки конкурентоспособных кадров и

роль науки в формировании индустриально-инновационной политики страны», посвященная

120-летию со дня рождения С.Сейфуллина– 2014. – Т.І, ч.3. – Б.84-85



КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ ЖҰМЫСЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ

ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ АЛҒАШҚЫ ШАРТЫ

Жазықбаева Ж. М.

Кез келген адамның алдында болашақ кәсібін таңдау кезінде «қайда оқуға

түсемін  және қандай  мамандық таңдаймын?» - деген  сұрақтар туындайды.

Әрқайсысы  мақсатына қол  жеткізіп, өз  ісінің білікті  маманы  болуын

армандайды, бәсекеге қабілетті маман болуға мүмкіндік беретін сапалы білім

алуға  тырысады,  жоғары  білімді  және қоғамның беделді  азаматы  болғысы

келеді.

Еліміздің даму қарқыны – кәсіптік  білім  беру  жүйесінің алдына  жаңа



талаптар

қойып  отыр. 

Ең

бастысы


-

өз 


жұмыс  орнына 

және


ғылыми-техникалық  үрдістегі

үздіксіз


өзгерістеріне  бейімделе  алатын

қызметкер тұлғасын қалыптастыру міндеті. Біліміне, біліктілігіне, парасатына

пайымы  сай ұстаз бүгінгі  таңда  жас ұрпаққа  білім  беру  жүйесінде  болып

жатқан  оң  өзгерістерге  байыппен

қарап,  оның

заман  талабына  сай

мән-маңызын  түсінеді. Әлемдегі  озық, бәсекелестікке қабілетті  елдердің

қатарына  еніп, өркениетті  және  дамыған  елдермен қатар  тұру  міндеті,

еліміздің қазіргі жастарының қолында.

Сондықтан ұстаздарды  серпілістер  мен  жаңарулардың  қарсаңындағы

басты тұлға дей аламыз. Ендеше жүктеліп отырған аса жауапты міндет, білім

саласындағы  реформалар,  педагогикалық  әдіс – тәсілдердің тың, мәнді, әрі

сапалы  болуын  талап  етіп  отырған  осы  бір  айтулы  кезеңде,  мұғалімдер

жылдар  бойы  жинақтаған  іс-тәжірибесін  жаңа  технологияларға ұштастыруы

қажеттігі туындайды.

Қазіргі


педагогика

ғылымында  негізгі  базалық

ілімдердің

бірі


«құзыреттілік» болып отыр. Құзыреттілік дегеніміз - тұлғаның бойында білім,

дағды, 


іскерлік, 

ерік 


күш-жігердің

болуы.


Құзыреттілік 

жаңа


әлеуметтік-экономикалық жағдайда аман қалуды қамтамасыз етеді және олар

бәсекеге қабілетті  маманмен қамтамасыздандырады.  Көптеген  елдерде

құзыреттілікке  жаңаша  мән беру  білімді  жоғары  дәрежеге  көтергені  мәлім.

Құзыреттілік  еңбек  нарығында  тұрақты өсіп  отырған  талаптармен,  шапшаң

технологиялық  өзгертулермен,  соның ішінде  академиялық және  еңбектегі

мобильдік өсуімен негізделген.

Еліміздің саяси, экономикалық, мәдени, қоғамдық өміріндегі өзгерістерге

сай білім беру ұйымдарының үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің

шебері,  бәсекеге қабілетті,  кең ауқымды,  жан-жақты  дамыған  маман

дайындауға ұмтылуы, өзінің бүкіл қызметін  осы  бағытта құруы  заңды

құбылыс,  себебі

қоғам


өзінің  әлеуметтік-экономикалық

және  рухани

дамуының мазмұны мен сипатының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың


жоғарылауына  байланысты

өз  ісін  жетік  білетін,  кәсіби  білімі  мол

мамандарды қажет етеді.

Соңғы  жылдары  болашақ мамандардың  құзыреттілігі туралы  пікірлер

кәсіби  маман  даярлау  мәселелері  жайлы  көптеген  пікірлер  талқыланып  жүр.

Соларға  сүйене  отырып,  мұның  өзі  болашақ мамандарды қоршаған  ортаны,

табиғатты, қоғамдық  өмірдің  құбылыстарын  тану, әлеуметтік-экономикалық

даму  мәселелерін  талдау,  маңыздысын

ажырата  білуге,  адамдармен

қарым-қатынастағы жоғары мәдениеттілікке үйренуге мүмкіндік береді.

Еліміздің

болашақта

өркендеп, 

бәсекеге 

барынша

қабілетті



мемлекеттердің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақтың қандай білім мен тәрбие

алатынына  тікелей  байланысты,  сондықтан  еліміздің оқытушыларының

алдында  жан-жақты  дамыған,  саяси  сауатты,  терең теориялық біліммен

қаруланған, адамдармен қарым-қатынас мәдениетін меңгерген маман, кәсіптік

құзыреттілігі қалыптасқан маманды дайындау міндеті тұр. Ал құзыреттілікті

қалыптастырудағы  алғашқы  шарттардың бірі  кәсіптік  бағдарлау  жұмысы

болып табылады.

Кәсіптік бағдар  беру  дегеніміз - педагогтардың, психологтардың,

дәрігерлердің және  басқа  да қызметкерлердің  қоғамның  қажеттілігіне қарай

әрбір  оқушының  қабілеттілігі  мен  бейімділігін  ескере  отырып,  кәсіптік

қызығуы  мен қабілеттілігін қалыптастыруға  және  мамандық таңдауға

көмектесуде, мақсатты түрде орындалатын жұмыс.

Мамандық туралы жеткіліксіз білу - мамандық таңдауда кездейсоқтыққа

әкеліп  соқтырады.  Мамандық таңдауда қателесу  сайып  келгенде,  таңдаған

мамандығын жек көріп, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады.

Кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей:

- оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру;

- кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және

дамыту мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу;

- мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу;

- оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.

Кәсіптік  бағдар  беру  жүйесінің  құрамды  бөліктеріне  (компоненттерге),

кәсіптік  ақпарат,  кәсіптік  ағарту  жұмысы,  кәсіптік  ақыл-кеңес  және  кәсіптік

іріктеу  (профотбор),  кәсіптік  бейімделу  жатады.  Кәсіптік  ақпарат - орта

мектептегі  кәсіптік  бағдар  берудің ең негізгі  нысандарының бірі.  Кәсіптік

ақпарат арқылы оқушылар әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы

түсініктер  алады.  Мамандық бойынша  адамға қойылатын  талаптармен

таныстырылады.  Мамандықтың ерекшелігі,  оның  қоғамда  алатын  орны

туралы түсініктер беріледі.

Кәсіптік  бағдар  беру

өте

қиын,  жан-жақты  жұмыс.  Ол



әрбір

экономикалық ауданның мамандарға қажеттілігі  мен  оның даму  келешегі

ескеріле отырып жүргізіледі. Кәсіптік ақпараттың өте көп тараған түрлерінің

бірі - өндіріске  саяхат  жасау, әр  түрлі  мамандық иелерімен  кездесу  және

кештер өткізу,  жоғары  сынып  оқушылары  мен өндіріс ұжымдары  және

кәсіптік-техникалық мектептердің оқушыларымен  біріккен  конференциялар,

кәсіптік бағдар беру университеттерін ұйымдастыру, т.б. болып табылады.

Қазіргі таңда  жан-жақты  маман  даярлау  олардың  әлеуметтік,  кәсіптік,

өздік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді. Себебі әлеуметтік


сала  экономикасын  дамыту  осы  болашақ

мамандардан  төмендегідей

шарттардың орындалуын талап етеді: жүйелі ойлау, экологиялық, құқықтық,

ақпараттық мәдениет, кәсіпкерлік мәдениет, өзін-өзі тану және басқаларға өз

кәсіпкерлігін ұсыну, өз қызметін білімді талдау, кейбір өндірістік жағдайларда

өз  бетімен дұрыс  шешім қабылдай  алу,  жаңа  білімді  меңгеру,  жаңа

дағдыларды игері, әр іске жауапкершілікпен қарау.

Құзыреттілігі жоғары  деңгейде қалыптасқан  маман – ел  экономикасы

дамуының негізгі көзі. Сондықтанда құзыреттілікті қалыптастыруда кәсіптік

бағдар беру ісін сәтті ұйымдастыра білу – үлкен жауапкершілікті талап ететін

жұмыс.  Осындай  мақсатты  істі  жүзеге  асыруда  бар  жауапкершілікті  сезініп,

ұлттық және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар  негізінде  жеке  тұлғаны

қалыптастырып,  дамыту  және  оған  жан-жақты  терең білім  беру  ісінде

оқытушылар ұжымы аянбай еңбектенуі тиіс. Ендеше келешектің иесі бүгінгі

ұрпаққа  білім  беріп қана қоймай,  келешектің көкжиегіне қол  жеткізетін

мамандықтарға бастай білген олардың еңбектеріне сүйсінгеніміз абзал.



Каталог: science
science -> Материалдары // Материалы Республиканской конференции «Сейфуллинские чтения – 8»
science -> Сейфуллин оқулары – 9
science -> Сейфуллин оқулары–12
science -> Сейфуллин оқулары – 9
science -> «Сейфуллин оқулары 11: Жастар және ғылым»
science -> Мамық ЖҮнді аң терілерінің географиялық ЖӘне мезгілдік өзгергіштігі
science -> Қазіргі мектеп – современная школа журнал ай сайын шығады Құрылтайшысы: «Қазіргі мектеп»
science -> Лекция №4 квантово полевая и современная научные картины мира квантово-полевая нкм
science -> Сейфуллин оқулары – 9


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет